400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үштілділік - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Көптілді болу – уақыт талабы. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үштілділік – заман талабы

Умирзаков Аманжол amanjol687@gmail.com

5В011900 “Шетел тілі:екі шетел тілі” мамандығының 2 курс студенті,Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе,Қазақстан



Қайсыбір ұлтты немесе елді алып қарасақ та тілдің мәртебесін көтеріп қойған. Ол жайында қазақ халқы да «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» деп айтып кеткен. Өзге елдермен бәсекеге түсе алатын, тереземіз тең , дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін бізге өзге халықтардың тілін меңгеруіміз қажет. Қайсыбір елдің болмасын тілін меңгеру арқылы біз оның мәдениетін, тарихын да қоса меңгереміз. Себебі тіл – қастерлі ұғым. Тіл жоғалса оынмен қоса ұлтта жойылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдымызға үштілді меңгеруді алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында мақсат етіп қойған болатын. Яғни біздер,жастар, қазақ ,орыс, және ағылшын тілін жетік меңгерген білімді де озық ойлы тұлға болып қалыптасуымыз қажет. Мұндағы тілдерге жеке - жеке тоқтала кетейін.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақ тілінің тарихы сонау түркілерден бастау алады. КСРО кезінде қырғыз тілі деп атаған. 1991 жылы тәуелсіздігімзді алған соң қазақ тілі мемлекеттік тіліміз болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қазақ тілін жетік меңгеріп, қастерлеуі қажет. Қазақ тілі - ана сүтімен берілген туған тіліміз.Қазақ тілінің қасиеттілігін ақындар өз өлең – жырларына арқау еткен. Соның бірі Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңінде қазақ тілін бақытына балаған.

Ал екінші бақытым тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім

Кейде кейде дүниеден түңілсемде

Қасиетті тілімнен түңілмедім

Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі. Бұл тіл әлем деңгейінде қолданысқа ие.  Орыс тілінің қолданыс аясы кең. Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Әр тілдегі ұлт өкілдері өзара қатынас жасауда орыс тілдің орны ерекше. Себебі славян, украин, белорусь және т.б басқа ұлттар орыс тіліне ұқсас болып келеді.

Ағылшын тілі – жаһандық экономикаға жол ашатын, қазіргі таңда сұранысқа ие, мыңдаған , миллиондаған адамдар жұмыс пен оқуда қолданатын тіл болып табылады.Ағылшын тілін үйрену жыл сайын жеңілдеп келеді. Ғаламда баршасы да табиғи сұрыптаудан өтетін сияқты дүниежүзілік қатынас құралына айналып отырған қазіргі ағылшын тілі де осындай экономикалық, саяси сұрыптау кезеңінен өтті деуге болады. Әрине, адам тіршілігінің барлығы дерлік қажеттілік пен сұранысқа тәуелді. Жаңалықты қажеттілік жасайды, сұраныс қай құбылыстың болсын ауқымын анықтайды. Оны, әлбетте, негізінен келгенде, адамзат тіршілігінің өмір сүру қайнары – материалдық сана айқындамақ. Осыларды жіктей келгенде, бірі тарихтағы, екіншісі қазіргі кезеңдегі ең ірі қос империяның тілі – ағылшын тілі алдыңғы қатарға шықты.Бұл ағылшын тілін үйренушліердің көбеюімен байланысты.Ағылшын тілін терең меңгеретін елімізде гимназиялар көптеп ашылуда. Соның бірі де бірегейі Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі. Соынмен қатар орта мектептерде , жоғарғы оқу орындарында да сабақтар ағылшын тілінде өтілдеі.Мұның басты себебі білім министрі үштілді меңгеруде еш кедергі болмауы тиіс деген болатын. Үщтілділікті қолдау мақсатында менің таңдауым шет тілі пәнінің мұғалімі мамандығына түсті. Болашақта үштілділікті даымту үшін аянбай еңбек етуге әзірмін. «Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға» деген ұстанымды ұстана отыра ,елімнің өркендеуінде өз үлесімді қосамын.

Қазақ баласы өзге жұрттар сияқты осынау қазыналы атамекенінде әлемдік сыбағадан тыс қалмауы тиіс.  Нұрсұлтан Әбішұлының: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игіліктерді сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекеттігімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге қөтерілу міндеті тұр» деген сөзі Қазақстанның дамуындағы дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынысын жақсы аңғартады. Яғни, еліміз өзінің төл қасиеттерін сақтаумен бірге адамзаттың жаңа заманғы жасампаздық мұраттарында негізге алмағы жөн болмақ. Зымыран уақыт пен дамудың қарқыны осыны тілейді. Егер егемен еліміз көштен қалмасын, өз үлесінен қағылмасын десек, осы бағыттағы жұмыстарға жұмылғанымыз абзал, қадірменді ағайын. Бағзы бабаларымыз: «Жеті жұрттың тілін біл» дегенде араласуды, көп қатарлы болуды айтқан. Сол аталар ақылы дәл қазіргі уақытта айрықша көкейкесті. Әлемнің жаңалығының мол қоры ағылшын тілінде болғандықтан біз де осы тілді білуге, ұрпағымызға үйретуге күш салғанымыз жөн. Ол өзіңді ұмытып өзгелердің шалғайына жармасу емес, жаһандық үрдістің жайы мен жапсары осылай етуді тілейді. Мәселе, өрелі ой, өрісті бастаманың дабыра науқаншылдыққа айналмауында, кәсіби тұлғалардың мемлекеттік жұмысты сәтімен атқаруында.

Қорыта айтқанда,біздер үштілді жетік меңгеруіміз қажет. Оның еліміздің болашағына тигізер пайдасы мол. Қазіргі таңда , елімізге білімді мамандар ауадай қажет. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман болғандықтан жастардың білім алуға деген құштарлығы жетерлік. Ол көп еңбекті талап етеді. Уақытты әлеуметтік желілерде өлтірмей , білімімізді күн сайын толықтырып отыру жарқын болашаққа жасаған үлкен қадам болып табылады. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Көптілді болу – уақыт талабы. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруға болады. Көптілділік қазіргі әлемнің басты мәселесі – адамдар арасындағы келісім мен өзара түсінушілікті шешуге көмектеседі. Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту мақсаты мемлекеттік тілге қоса еліміздегі басқа да тілдерді оқып-үйренуді міндеттейді. Бұл мақсаттың аясында қазақ жұртын мекендейтін халықтардың тілдерін дамыту міндеттелген. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген Қадыр Мырза Әлидің әйгілі өлеңінде лингвистикалық капиталдың негіздемесі жатыр. Өзге тілді білсең — өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Хасенов Ә. Ті л білімі.- Алматы: Ер-дәулет, 2003.

Нұртазин Т. Сөз құдіреті.- Астана: Ер-дәулет, 2007.

Әлімбек Г. Қазақ тілі.- Астана: Ер-дәулет, 2007.

Құрманбайқлы Ш. Терминтанушы құралы(Сөздік-оқулық) .- Астана: Ер-дәулет, 2007.

Тіл туралы толғам.Құраст./ Д.Дүйсебай.- Астана:Ер дәулет, 2007.

Қапасова Б.Қ. т.б. Қазақ тілін жедел оқыту.- Астана: «Арман-ПВ»,2009.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі