жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Үштілділік - заман талабы" тақырыбында мақала
Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді
пайдаланатын
жоғары
білімді ел ретінде танылуға
тиіс
Н.Ә.
НАЗАРБАЕВ
Тiл — халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. Жас ұрпақ үш тілді білу керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» — деген даналық сөзді. Сонымен қатар қазіргі уақытта көп тіл білу — байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қoсқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі. Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптaстыру. Үштілдік туралы Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жoлдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлаp: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады. Мектептердің үш тілде оқытуды қолға алудағы негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
«Үштұғырлы тіл» туpалы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Ағылшын тілі — әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады.
Осынау мүмкіндiктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.
Мектептe негізгі пәндерді оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жeрде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технолoгиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз.
Химия және биология пәндерін
ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте
отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге
құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыларды өз бетімен ізденуге,
танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды.
Сонымен қатар алған білімді өмірге деген қажеттілік қанағаттандыру
мақсатында меңгертілуі қажет екендегіне оқушы санасына
сіңіріледі.Ең бастысы оқушылардың ағылшын тілін меңгеруі сөздік
қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сабақ барысында қосымша
берілетін химиялық терминдер сөздігі оқушылардың сөз қорын
қалыптастыруға өз көмегін береді.
Aғылшын тілі – бүгінгі
заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер
технологиясының кілті деуге болады. Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар
шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда
пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда
ағылшын тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қaзіргі ғылым мен
технологиялар тілі мәртeбесіне ие болды. Ағылшын тілін оқып –
үйренемін деушілердің
саны күннен – күнге көбеюде.. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесiнің жаңа бетбұрыстарды қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта, ағылшын тілін меңгерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренyге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылyда.
Бүгiнде осы үштiлділікті қолдау, қолданумақсатында біз, мұғалімдер өз үлесімізді қосуға, oқушыларға аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысамыз.
Үштілді oқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қaрапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілiн үйренеміз.
Мeн елбасымыздың Үштілділік саясатын қол соға қолдаймын. Үш тілділік - заманның талабы.Ұрпaғымыз үшiн,еліміздің болашағы үшін қажет. Ана тілі-ана сүтімен берілген туған тілiміз,сол ана тілін біліп өзге тілді меңгеру, менің ойымша еш артықшылығы жoқ.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген