жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үштілділік-заман талабы
Айтбек Сандуғаш Кенжебайқызы Байғазы ОМ Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Тақырыбы:
«Үштілділік — заман талабы»
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
«Үштұғырлы тіл» туралы..
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Мектепке дейінгі мекемелерде үш тілді білім берудің тиімділігі. .
ІІІ. Қорытынды бөлім
3.1Үштілділік бұл заман талабы.
ІV. Пайланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тіліне берілгенімен, орыс тілі тең дәрежеде деп есептелді. Соңғы жылдарға дейін қолданыстағы тілдерге келгенде оның басымдылығы байқалуда. Мемлекеттік мекемелерде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында да іс-қағаздар орыс тілінде жүргізілгені белгілі. Қазір де орыс тілінде іс жүргізіп жүрген мемлекеттік мекемелер бар.
Орыс тілі көптеген жылдар бойы мемлекеттік тілмен салыстырғанда басым қолданыста жүріп келді. Халықтың 90% орыс тілін жетік меңгерген. Қазақ тілінің жайы өзгеше. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі – «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті әрі оң нәтиже беріп келе жатыр.
Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі.
«Үштұғырлы тіл» туралы идеясын мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынған-ды. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленленетінін айтты. Идеяның негізі мынадай болатын: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлт-аралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
2.1 Мектепке дейінгі мекемелерде үштілді білім берудің тиімділігі.
Үштілді меңгертудің басты мақсаты тіл үйренушілердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру болып табылады.
Тіл – қандай тілде сөйлемесін адам үшін құдірет,байлық,халық мәдениеті, тарихы. Тіл үйрену арқылы адам өзге ұлттың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танып біледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемесі үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан да Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мақсаты баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен талантын ашуға және жан-жақты дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешімді бірлесе отырып қабылдауға тиіспіз, баланың орыс ағылшын тілдерін, интернет тілін жетік меңгеруі — ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады »-деп атап көрсеткен бағыты негізінде мектепке дейінгі ұйымда үш тілді қатар оқыту қолға алынды.
Мектепке дейінгі балалар жасында шет тілін үйрену қатынас құзыреттілігіне негіз қалау болып табылады. Дәл осы жаста, яғни 3 – 6 жас аралығында баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы болады, сонымен қатар олардың қабілеттіліктері дамып, айқындала түседі. Мұғалімнің ағылшын және орыс тілі оқу іс — әрекеттерінде, тәрбиешілерде тілдің қарым – қатынас тәжірибесінде болуға құптарлық түрткінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бала тілдерді неғұрлым ерте бастан меңгере бастаса, соғұрлым өзінің ана тілімен тең түрде қабылдаулары жеңіл болады, себебі әрдайым шет тілдеріндегі сөздерді өз ана тілімен салыстыра отырып жүргізеді.
Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйренумен қатар шет тілдерін үйренулеріне барлық жағдай жасалынып отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде үштілділікті үйрету кіші топтан басталады. Тілді дамыту жүйесі кешенді жүргізіледі, сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандығы туралы түсінікті және оларға деген құрмет сезімін дұрыс қалыптастыру керек.
Мектепке дейінгі білім беруге үштілділікті енгізу, мұның арқасында, тілдерді меңгерудің логикалық жүйесін жасай аламыз. Яғни, балабақшада шет тілмен танысса, мектептерде оның негізін меңгеріп, жоғарғы оқу орындарында мамандықтарына сәйкес кәсіптік тілді оқитын болады.
ІІІ.Қорытынды:
Қорыта келгенде, Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі.
Еліміз Егемендік алып еңсесін көтере бастағанында қазақ, орыс, ағылшын тіліне деген сұраныс пайда болды. Демек біз өз мемлекетіміздің дүниежізілік деңгейдегі беделінің өсіп, 50 елдің қатарында олармен иық тіресе сөйлесе алуымыз үшін қазақ орыс тілдерімен қатар ағылшын тілінде де сөйлеп тұрсақ, деңгейімізді танытқандығымыз емес пе.
Қысқасы мемлекеттігіміздің негізі – қазақ тілін пән ретінде оқыту мен бірге орыс ағылшын тілдерін бүгінгі таңдағы инновациялық технологиялардың озық тәжірибелерімен меңгертуіміз қажет. Ол бүгінгі — заман талабы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2. Ақиқат. 2011жыл, №5. «Қазақ тілін білу — әншейін бір ұран емес», Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессиясында сөйлеген сөзі
3. Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технология А,2005

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген