400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үштілділік –заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үштілділік –заман талабы

( 9-сынып)

Ермұханова Зауреш Ашимовна

«Тұран» мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Алматы қаласы



Сабақтың тақырыбы: Үштілділік –заман талабы

Сабақтың мақсаттары:

білімділік: оқушылардың «Үштілділік –заман талабы» тақырыбы бойынша сөйлеуі жұмыстарын жетілдіру;

дамытушылық: қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру, коммуникативтік құзыреттерін: жүйелі сөйлеу, негізгі ойды анықтау, сұрақ қою және оған дәлелді жауап беру дағдыларын жетілдіру;

тәрбиелік: тілді құрметтеуге, аялауға, өз елін, тілін мақтан тұтуға тәрбиелеу; топта жұмыс істеуді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі

1. Үштілде сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3. Жағымды жағдай жасау- Психологиялық ахуал:

- Жігер (воля) деген- Мен. Күш (сила) деген- Мен. Махаббат (любовь) деген- Мен. Кешірім (прощение) деген- Мен. Құдірет (величие)деген –Мен.

Хормен: Бәрі маған байланысты.

- Жастық шақ (молодость) деген –Мен. Денсаулық (здоровье) деген –Мен.Адалдық (честность) деген –Мен.

Ғажайып (удивительный-диво)деген –Мен. Жарықтық (яркость, свет)деген –Мен.

Хормен: Бәрі менің қолымда.

- Иә. Сендер ақылдысыңдардар. Вы умные. Ю а клэвэ. (ағылшынша)

   Қайырлы күн достарым,

Күн  қайырлы болсын.

Қасиетті Жұма күн

   Сәттілікке толсын. 

  Бүгін алар бағамыз,

   Кілең «бестік» болсын.   

II. Сабақтың тақырыбын анықтау.

Мұғалімнің сөзі: Біз полиглоттар туралы тақырыбымызды аяқтадық.

Ал, сен білесің бе...

- полиглот деген кім?

- дүниежүзінде бірінші полиглот адамды? Митридат 6-понто патшасы

- ең тұңғыш полиглот әйел?

- 70 тіл білген кім?

- қандай полиглоттар бар?

Балалар, мына суретке қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбын болжап айтуға бола ма? Суретті көрсету.

III Сабақтың мақсаты: «Үштілділік –заман талабы» тақырыбы бойынша оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін жетілдіру, тіл үйренудің маңыздылығын түсіну , негізгі ойды анықтау, сұрақ қою және оған дәлелді жауап беру дағдыларын жетілдіру.

1.Сабақтың тақырыбына сұрақ қойыңдаршы? Осы сұрақтарға жауап –бұл сабақта алға қойған мақсаттарын. Оқушылар өз алдына мақсат қою керек.

IY.Миға шабуыл

  1. Бүгінгі сабақтың тірек сөзі қандай?

  2. Тіл деген сөзбен баыланысатын сын есім жасамыз

Тіл деген сөзбен байланысатын етістік жасамыз

Y. Үй тапсырмасын тексеру. «Мемлекеттік тілді білу –әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы» Н.Назарбаев

1). Жоба жұмысын қорғау- «Бұл- керек, бұл- қызық »

YI. Эвристикалық тапсырма: Интервью -«Сендер тілшісіңдер» Тілге сұрақ қойыңдар? 1-2 мин

  1. Үштілділік деген не?

  2. Қандай тілдер жатады?

  3. Сен қандай тіл білесің?

  4. Тіл білу маңызды ма?Неге?

  5. Тілді жетік білу дегенді қалай түсінесің?

  6. Тіл үйрену қиын ба?

1-Кесте толтыру



қазақша

орысша

ағылшынша

1

Жеті жұрттың ... біл

тіл

язык


2


Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі- ...

сөз

слово


3

Өзге тілдің бәрін ..., өз тіліңді құрметте.

біл

знай


4

Тіл- халықтың ...

жан

душа


5

... тіл- өмірдің тағы бір көрінісі

басқа

шет

другой

иностранный


6

Қанша тіл білесіз, сонша рет ...

адам

человек




2. Метатапсырма: «Қанша тіл білесіз, сонша рет адамсыз». Үштілділік керек пе? Неге?

3. «Құнды пікір» стратегиясын пайдаланып, бүгінгі сабақты қорытындылау керек.

YI. Үлгімен салыстыру:

Видео-материал көрсету

YII. Қорытынды:

1. Мұғалімнің сөзі: Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
YIII Рефлексия. Сабаққа қойған мақсатарына жеттіңдер ме?

Бүгінгі сабақтағы менің тек жетістіктерім ...

IX. Оқушыларды бағалау: бағалау парағын толтыру

X. Үйге тапсырма

Қазақта «Жеті жұрттың тілін біл» деген мақал бар: 1- мақалды қалай түсінесің, 2- эссе жазу













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі