400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Үштілділік заман талабы.Сайыс сабақ 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыздың әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі. Қоғамда өзекті мәселеге айналған, екі жақты пікірдің қалыптасуына түрткі болған үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сыныбы:

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Үштілділік заман талабы.

«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық, экономикаға ойдағыдай тілі» Н.Ә.Назарбаев

Жоспары:

І. Кіріспе «Үш тілділік туралы »

ІІ. «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының мақсаты.

ІІІ. «Үш тілді білу – елге үлгі болу»

ІV. Полиглот

Ү. Қызықты грамматикалар бекеті

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Негізгі бөлім

  3. Қорытындылау

  4. Бағалау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік : Оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындата отырып, өз ойларын үш тілде жеткізе білу, сауатты жазып, оқу дағдыларын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық : Өзіндік пікірін еркін жеткізугы ықпал ету, ойын жүйелі, қисынды жүйелеуге баулу. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.

  3. Тәрбиелік : Тапсырма, мысалдарға арқау болған сөйлемдер арқылы ана тілінің әр сөзінің қадірі мен қасиетін танып, ана тілдерін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері : Ой тастау, жүйелеу, шығармашылық ізденіс тапсырмаларымен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Тіл туралы заң», тілге қатысты ой – толғаулар жинағы, түрлі – түсті қағаздар мен қаламдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру. Сынып екі топқа бөлу. Сабақты бағалайтын топ басшыларын тағайындау.

1. Психологиялық дайындық

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. «Адасқан сөздерге жол сілте....» Бұл кезеңде оқушылар адасқан сөздердің қисынын тауып, әр сөзді орын – орнына қойып, бір сөзді алып фонетикалық талдауын жасайды және үш тілде аудармасын айтады. Әр дұрыс жауапқа 5 балдан беріледі.

Жауабы: «Ана тілім – арман қанатым» , «Өнер алды - қызыл тіл», «Тіл өмірдің айнасы», «Тіл – қоғам үні».

Т – дауыссыз, қатаң

І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік

Л – дауыссыз, үнді

І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік

М – дауыссыз, үнді



Ө – дауысты, жіңішке, ашық, еріндік

Н – дауыссыз, үнді

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік

Р – дауыссыз,үнді



А – дауысты, жуан, ашық, езулік

Й – дауыссыз, үнді

Н – дауыссыз, үнді

А – дауысты, жуан, ашық, езулік

С – дауыссыз, қатаң

Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік



Ү – дауысты, жіңішке,қысаң, еріндік

Н – дауыссыз, үнді

І – дауысты, жіңішке,қысаң, езулік

Тіл – язык – lanquage ; Өнер – искусство – art; үн-звук-sound; айна-зеркало-mirror;

  1. Сұрақ – жауап кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 10 – сұрақтан оқылады. Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10-ұпай беріледі.

І – топтың сұрағы.

  1. Междометие является частью речи? (да)

  2. В предложений глагол бывает сказуемым? (да)

  3. Омонимы одинаково пишутся и одинаково звучат. (да)

  4. Англияның астанасы Гастинг қаласы ма? (жоқ)

  5. Ағылшын тілінде 44 дыбыс бар. (иә)

  6. «Past Simple» - дегеніміз осы шақ. (жоқ)

  7. «Pen - friends» сөзінің аудармасы «қаламдас достар» (иә)

  8. Қазақ тілінде жалғаудың бес түрі бар. (жоқ)

  9. –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу салыстырмалы шырай жұрнақтары ма? (иә)

  10. Шылау сөйлем мүшесі бола алама? (жоқ)

ІІ – топтың сұрағы.

  1. Фонетика изучает состав слова? (нет)

  2. К главным членам предложения относятся подлежащее и сказуемое? (да)

  3. Антонимы слова противоположного значения? (да)

  4. Қазақ тілінде сегіз сөз табы бар? (жоқ)

  5. –ған, -ген, -қан, -кен есімшенің жұрнағы? (иә)

  6. «Әлдекім, кейбіреу» белгісіздік есімдіктері? (иә)

  7. Англияның астанасы Лондон. (иә)

  8. Ағылшын тілінде 30 әріп бар? (жоқ)

  9. «Parents» дегеніміз достар. (жоқ)

  10. «Past continuous» дегеніміз созылмалы осы шақ? (иә)



  1. «Тапқыр болсаң ,тауып көр» кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа жұмбақтар жасырылған ұяшықтар беріледі. Оқушылар ұяшықты таңдап, жұмбақтың шешуін тауып оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек, және жұмбақ жауабына септік талдауын жасау. Толық әрі дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  1. Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат, байлауынан бір босамас қызыл ат. (Тіл,язык,language)

  2. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

  3. Жаза – жаза жалықпаған, жазу жазып арықтаған. (бор, мел,chalk)

  4. Тілдерімен жүреді, уақыт біледі. (сағат, часы,clok)

  5. Аппақ дала, қара дән, сепкен дәнін түсінуге жараған. (әріп, буква,letter)

  6. Бір үйге көзсіз боп кіресің, бұл үйден көреген боп шығасың. (мектеп, школа, shool)



  1. Атау септік – тіл, кітап, бор, сағат, әріп, мектеп;

  2. Ілік септік – тілдің, кітаптың,бордың, сағаттың, әріптің, мектептің;

  3. Барыс септік – тілі, кітабы,боры, сағаты,әріпі,мектебі;

  4. Табыс септік - тілді, кітапты,борды,сатты,әріпті,мектепті;

  5. Жатыс септік – тілде, кітапта, борда, сағатта, әріпте, мектепті;

  6. Шығыс септік – тілден, кітаптан, бордан, сағаттан,әріптен,мектептен;

  7. Көмектес септік – тілмен, кітаппен, бормен, сағатпен, әріппен, мектеппен;

  1. «Полиглот» бұл грек тілінен орыс тіліне аударылған сөз.Бұл сөзде екі тамыр бар және беретін мағынасы «көп лингвистикалық квота яғни көп тілдерді меңгерген адам». Бұл кезеңнің шарты мақал – мәтелдерге түсіп қалған сөздерді тауып, үш тілдегі баламасын айтады және түсіп қалған сөздерге жіктік талдауын жасау керек. Жоғары ұпай саны – 5 балл.

  1. Оқу....азығы, ..... ырыс қазығы. (білім – знание - knowledge)

  2. .... өрге баспас. (өтірік –лож-lie)

  3. ..... тамған тілден у тамар. (бал-мед-honey)

  4. Сөз тапқанға қолқа....... (жоқ-нет-not)

  5. .......сөз - жарым ырыс.(жақсы-хорошо-good)

  6. .....оттан да ыстық. (отан-родина-motherland)

  7. .........жоқ адам – тұзы жоқ тағам. (дос-друг-friend)

  8. Сабыр мен ........бәрін де жеңбек. (еңбек-труд-labor)

5.Мына сөздерді септеу, тәуелдеу керек ІІІ жақта:

Мектеп / Тақта / Кітап / Дәптер / Қалам

Тәуелдік жалғау

І.Менің мектебім,тақтам,дәптерім,қаламым

ІІ.Сенің мектебің,тақтаң,дәптерің,қаламың

Сіздің мектебіңіз,тақтаңыз,дәптеріңіз,қаламыңыз

ІІІ.Оның мектебі,тақтасы,дәптері,қаламы

Септік жалғау

Оқушы/ мұғалім / дәрігер /жазушы

І.Мен оқушымын,мұғаліммін,дәрігермін,жазушымын

ІІ.Сен оқушысың,мұғалімсің,дәрігерсің,жазушысың

Сіз оқушысыз, мұғалімсіз,дәрігерсіз,жазушысыз

ІІІ.Ол оқушы,жазушы,дәрігер,жазушы

5-кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталады.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту», - деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып,бір – бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болу шарт, - дей отырып, бүгінгі «Ұш тұғырлы тіл – заман талабы» атты сабағымызды аяқтаймыз.

4.Үйге тапсырма. Берілген тақырыпқа мағыналы мәтін құрап келу.

«My favourite language – Менің сүйікті тілім»



































Новопокровка орта мектебі













Ашық сабақ

(сайыс сабақ)

Тақырыбы: Үштілділік заман талабы

Сыныбы: 10

Пәні: қазақ тілі

Пән мұғалімі: Жақсылықова А.Н















2017-2018 оқу жылы









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
3379
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі