Батыс Қазастан
облысы
Тасқала
ауданы
Оян МББ кешенінің
директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Хойрашева Айгул Шамаховна
Үштұғырлы тіл – заман
талабы
Тіл қай ұлтта,қай елде болса
да қастерлі, қасиеті шексіз.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен
бірге еніп, дариды.Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Атадан
балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы. Демек, әр адам ана
тілін көзінің нұрындай қорғауы тиіс.
Қазіргі жаһанданған, ақпаратық
дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістермен жаңашылдықтар
еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың
ізденістерді енгізіп отыр. Елбасының салиқалы саясатының арқасында
еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың
өлкесі болып, көп ұлтты мемлекетке айналды. Осы орайда Елбасымыз
атап өткендей: «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық
ұлттар мен ұлыстардың тілімен мәдениетін және салт- дәстүрін
дамытуға барынша жағдай жасауда алдыңғы уақытта да жалғастыра
беретін боламыз»,-деген болатын.
Қазіргі таңда «Келешекке кемел
біліммен» деп Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке кемел
біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына
үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты
дамыған, бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру
басты мақсаттардың бірі болып отыр. Үш тілді оқыту - заман талабы.
Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты
баспалдақтардың бірі. Осы «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет
басшысы іске асыруды балабақшадан басталуы тиіс. Бұл – заман
талабы. Осы орайда тәрбиеші мен мұғалімдер бәсекеге қаблетті
тұлғаны даярлауды зор деп танылуда. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл,
орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық
экономикаға ойдағыдай кіру тілі екендігін үндеуінде атап
көрсетті.
Бұл үдерістен бізде тыс
қалмауымыз керек. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның
болашақтағы өмір белесінен, білім кеңістігінде алары да, берері де
мол.
Осы қағиданы ескере отырып
мектебімізде балабақша тәрбиеленушілерінен бастап орыс тілі мен
ағылшын тілі оқытылып, түрлі тәрбиелік шараларда оқушылар өз
білгендерін ортаға салуда.
Мектеп бағдарламасын жаңарту
мақсатында білім жүйесіне жаңалық енгізілуде. Осы орайда
мектебімізде физика пәнінен 7-сыныпқа «Физика пәнін ағылшын тілінде
оқып үйрену» тақырыбында физика пәні мұғалімі А.Нурманова
факультатив сабағын оқытуда. Мақсаты: 7-сыныптың кейбір маңызды
тараулары мен тақырыптары бойынша жалпы түсінік ағылшын тілінде
баяндалып, түрлі суреттер қосымша материалдар арқылы заңдылықтардың
ашылу тарихын күнделікті тұрмыста қолданылуы; физиканың түрлі
салалармен байланысын бақылай отырып, пән бойынша тілдік
құзыреттілік деңгейін көтеріп, пәнаралық жүзеге асыра отырып,
оқушылардың өзге тілде сөйлеу, шығармашылық ойлау қабілетін
дамыту.
Ал, биология пәні мұғалімі
М.Батырғалиев 8-сынып оқушыларына «Биология сабағындағы ағылшын
тіліндегі терминология» тақырыбында факультативтік сабақ өткізуде.
Бұл курс биологиялық терминдерді ағылшын тілінде таныту, биология
пәніне қызығушылығын арттыруға негізделген. Мақсаты: Оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту, ағылшын тілінде биологиялық
терминдерді жан-жақты меңгерту.
Осындай факультативтік
сабақтар шәкірттердің, жаңалыққа жаны құмар ұстаздардың бәсекеге
қабілетті тұлға тәрбиелеуде орасан зор еңбектері көрініс тапты.
Балабақшадан бастау алған осы саясаттың түрлі тақырыптарда
лингвистикалық, экономикалық тарихи, танымдық сайыстар оқушылар
арасында үштұғырлы тіл барысында белең алуда. Алдағы уақытта
үштұғырлы тілді меңгеру - еркіндіктің, бостандықтың, тәуелсіз ел
ұландарының бәсекеге қабілетті дара тұлға болатындықтарының
кепілі.
Қорыта айтар болсам, үш
тілділік - ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас
үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді адамның өз
мүмкіндіктерінше қолдану құбылысы. Біз үштілікті тәуелсіз еліміз
үшін мәні ерекше құбылыс деп бағалаймыз.Үштілділік –бәсекеге
қабілетті табысты елдердің санатына апарар жол екендігі сізбен
бізге ақиқат. Тіл-қай ұлтта , қай елде болса да қастерлі,
құдыретті. Үш тілді меңгеру –жарқын болашақтың кепілі. Мен
Қазақстан Республикасының азаматшасымын, сондықтан да менің ана
тілім-қазақ тілі. Мен үшін қазақ тілі-ұлттық қазына мен мәдениеттің
бір бөлігі. Ал, үштілік менің өмірімде өте маңызды орын алады.
Сондықтан да келер ұрпаққаайтарым, өз тіліңді құрметтей отырып,
өзге тілді біле жүрсек, қазақ елінің бәсекеге қабілетті, ұлы ел
болары сөзсіз.