400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұяда не көрсең" ата- аналармен жұмыс әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
класс жетекшілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: ата- аналарға бала тәрбиесіндегі түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын табуға көмектесу; педагогика мен психологияның түрлі проблемаларына қызығушылығын арттыруға ықпал жасау.

Түрі: ата- аналар жиналысы

Көрнекілігі: бал тәрбиесі , отбасы , ұстаздық туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Өту барысы:

І. Тоқсан қорытындысы.

ІІ. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»

Сынып жетекшісі:

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Себебі адамға нағыз бақытты тек тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата- ана алдында нәзік те, қиын, қыр- сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол- бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз- ол ата- ана. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез- құлқындағы ерекшелліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелесккенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл- қыздарымен үй шаруасында жүріп- ақ әңгімелесіп , ой бөлісуге негеү болмасқа? Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келгенін айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бақытсыз қыз бен бұзақы ұл да осыдан шығады. Сондықтан бүгінгі «Бала- әр ата- ананың болашағы, өмірінің жалғасы» атты ата- аналар жиналысы барысында да осы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы сөз қозғағалы отырмыз.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» суреттер берілген.( слайд)

Ата- аналар осы нақыл сөз төңірегінде ой бөліседі.

ІІ. Топтық жұмыс.

1-топ тапсырмасы : «Өнегелі отбасы» тақырыбында өз ойларын плакатқа түсіріп, оны қорғау.

2- топ тапсырмасы: «Білім сапасын көтеруде ата- ана өз тарапынан не істей алады?» (қорғау)

3- топ тапсырмасы: «Бала кім?» (ойларын плакатқа түсіріп, қорғау)

ІІІ. Психологиялық тренинг «қоштасу»

Әр ата- анаға кеспе қағаздар таратылады. Балаңыздың қандай жағымсыз, жаман қылықтардан аулақ болғанын қалар едіңіз? ( Ата- аналар қағазға жазып, оны бүктеп лақтырып тастайды)

ІV. Суретпен жұмыс

«Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ»

Бұл нақыл сөзді қалай түсінесіздер және бүгінгі жиналыс тақырыбына қандай байланысы бар?

(ата- аналар ойлары тыңдалады)

V. Қорытынды.

Жүргізуші:

«Тек қана ата- аналармен бірге жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» деген екен В.А. Сухомлинский . Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.

Міндетімізді орындаудан қашпайықІ Қатысқандарыңызға рахмет.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қазан
523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі