жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдары
АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
Қ.СМАҒҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Ұялшық және тұйық балалардың
белсенділігін арттыру жолдары»
(оқушыларға арналған түзету-дамыту жаттығулары)
Атырау 2020
«Ұялшық және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдары»
Сарбасова Ақкүміс
Қожекенқызы
Қ. Смағұлов атындағы ортамектебінің
педагог – психологы.
Мақсаты: “Ұялшақ және тұйық балалардың
психологиялық зерттеулер арқылы
белсенділігін арттыру”
Міндеттері:
1.Тез бейімделеуге қажет әлеуметтік адамгершілік жағымды мінез -құлық қалыптастыру.
2.Жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту.
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1.1. Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдары
1.2. Ұялшақ және тұйық балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жаттығулары.
3. Практикалық бөлім.
Ұялшақ және тұйық балалармен жұмыс жүргізу іс-тәжірибемнен
4. Қорытынды
1.Кіріспе
Қазіргі уақыт талабы-білімді, саналы-білімді, мәдиенетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру.
Жеке тұлға дегеніміз-адамның психикалық рухани мәдиенеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі-болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Мұғалімнің жүріс-тұрысы, ақыл-ой өрісі, іс-әрекеті тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді. Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады.
Дүниедегі ең тамаша туынды-тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Баланы бастан демекші, мектепке алғаш келген балаға дұрыс тәрбие беру, ауытқушылықтан сақтап қалу мұғалімнің, мектеп психологының басты міндеті. Жақсы тәрбиемен есейген бала, ол қашанда біздің қуанышымыз. Психология ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де баланың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.
Олар өте сезімтал, нәзік мұғалімнің жылы жүзін,күлімсіреген көз жанарын көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған мұғалімнің оқушысы ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.
«Бала-адамның бауыр еті», «Бар жақсылық-балаларға десек, бүгінгі қоғамның мүшесі әрі ертеңі осы кішкене балалар. Еліміздің бүгіні мен ертеңі осы жас ұрпақ қолында. Олай болса, болашақтың тізгінін ұстайтын олардың оқу әрекеті мен тәрбиесінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.
Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін артыру жолдары
Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі-ұлшақтық,ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады.Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді.Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып тұйықталуға , іштен тынуға ұласады да әркез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп күресуден бас тартады.
Ұялшақ және тұйық балаларды қалай айқындауға болады?
Табиғаттан үндемейтін балалар.
Көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңгіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқан бетіңе тура қарамайтын балалар.
Бір нәрсені жүректеріне өте жақын алады, өкпешіл болып келеді.
Өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді.
Өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай тұйықталып жүреді.
Ұялшақ балаларға тән қасиеттер:
Олар не нәрсе болсын жүректеріне жақын алады, өкпешіл болып келеді.
Олар қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды, ешкімнің өзіне жақындамауын, тиіспеуін қалап тұрады.
Мұндай жағдайда баланы өз іс әрекеттеріне сенімді етіп, күшіне сеніп үйрету керек. Баланы өз көзқарасын дәлелдеп шығуға дағдыландыру қажет.
Ұялшақ, тұйық балаларда түр тұлғасына байланысты туындайтын қиыншылықтар:
Неге ұзынмын/қысқамын? секілді сұрақтар туындайды, өзін ұнатпау байқалады.
-Айнаға қарай береді, шашын ретке келтірмей, далаға шықпайды.
-Безеуден құтылу үшін барлық шараға дайын келеді, әдемі көріну өте маңызды келеді
-Спортпен айналысып, күшті көрінгісі келеді, салмағын уайымдайды.
-Денесіндегі қатынас сәйкессіздігі туралы көп ойланып, үрейленеді.
-Өзін қоғамдағы дене бітімі мінсіз тұлғалармен салыстырып, қапаланады.
-Тіпті әке-шешесінің дене бітімін қомсынып, олар үшін ұялуы немесе қайғыруы мүмкін.
Жыныстық дамужағынан да проблема болуыықтимал:
(денедегіөзгерістер: дауыстыңөзгеруі, безеушығуы, мұрт, сақалдыңшығуы, кеуденіңөсуіт.б.)
Ұялшақ, түйық балалардың психологиялық белсенділігін қалай арттыруға болады:
Мадақтау. Ұялшақтықты женудің бірден-бір жолы
Кеңпейілділік, жомарттық, ақылдылық қасиеттерін
дамыту
Үйірме,тәрбие шараларға қатыстыру
арқылы
Оқушының физиологиялық белсенділігін дамыту мақсатында психологиялық жаттығуларды өткізу
Практикалық бөлім:
Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс оқшау тұрған нәрсе емес. Ол қоғамның заманның бағыт бағдарымен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Ендеше, тәрбиеленушілердің таным-түсінігін, іс-әрекетін қалыптастыруда бір қатар жұмыс жүргізуді қажет етеді. Осы орайда, мен ұялшақ және ұяң оқушылармен жүргізілген іс-тәжірибеммен бөліскім келеді.
Біз жалпы 5-ші сыныптарға орта буынға бейімдеу мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргіземіз.Сынып ұжымының қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау барысында әлеуметтік психолог Я. Мореноның социометрия әдісін жүргіздім. Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша, өздері қалаған оқушылардың атын жазады. 1) Кіммен бір партада отырғың келеді? 2) Кіммен бірге ойнағың келеді? 3) Кімді туған күніңе шақырғың келеді?сұрақтары бойынша сыныптағы лидер оқушыны, бір-біріне деген қарым-
қатынасты біліп,енді керісінше 1.Кіммен бір партада отырғың келмейді? 2. Кіммен бірге ойнағың келмейді? 3. Кімді туған күніңе шақырғың келмейді? Осы қарама-қарсы сұрақтар арқылы жауап алып, сыныптағы лидер оқушыны, шағын топтарды, сондай-ақ сыныптағы басқаларымен көп қарым-қатынас жасамайтын оқушыны анықтадым. Сыныпқа қарым-қатынасты жақсарту, оқшау қалған оқушыны сыныппен араластыру мақсатында, қарым-қатынасқа арналған «Атомдар мен молекулалар», Поезд, тренингтер өткізу барысында, шынымен оқушының оқшау қалғандығын байқадым.Н. есімді оқушы өте ұялшақ, өзіне сенімсіз, жасқаншақтығы басым болып келді.
Графикалық тест» баланың өзін-өзі бағалауын анықтау мақсатында тест өткіздім.
Мақсаты: белгілі уақытта жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау.
Жүргізілу бағыты:
Мына төмендегі 8 шеңбердің біреуін таңдап, ішін бояңыз немесе белгі қойыңыз.
Интерпретациясы: алғашқы екі шеңбердің біреуін таңдаған бала өзін жоғары бағалайды. Ең соңғы екі шеңбердің біреуін таңдаған бала өзін төмен бағалайды. Ортасындағы төртеуінің біреуін таңдаған бала өзін адекватты немесе дәл бағалайды. Нәтижесінде, 24 оқушы қатысты, оның 8 оқушы өзін жоғары бағалады. 15 оқушы өздерін ортасына дәл, адекватты бағалады. 1 оқушы төмен бағалады. Ол жаңағы Н. есімді бала болды.
Мен оқушымен жеке жұмыс жүргізе бастадым. Оқушымен әңгімелесе отырып, кіммен дос болғысы келеді? Кім ұнайды? Бос уақытыңда немен шұғылданасың? Кім болғың келеді? Сынып жетекшің ұнай ма? Қай пәнді ұнатасың?
Т.б сұрақтар арқылы оқушының ішкі жан дүниесін білдім. Әңгімелесе отырып, оқушының бетіңе тура қарамайтындығын, дауысының өте баяу екендігін, көзін төмен салып отыратындығын,бір нәрсе айтсаң қалтырап кететінін байқадым.Оқушының отбасы жағдайын білдім. Қалыпты отбасынан шыққандығын, ата-анасының балаға деген қамқорлығы, мейірімі тұрақты екендігін анықтадым.
Одан кейін,
«Қорқыныш сезімі және одан арылу жолдары» жатығуларын жүргіздім.
Мақсаты: ауызша сабақтар кезінде балаларда көбінесе қорқыныш пайда болады. Ұялшақ балаларда қорқыныш басым болады. Қорқынышы басым болса, баланың өз өзіне сенімсіздігі жоғарлай түседі. Үрей мен сенімсіздікті сезінуі мүмкін екендігін елестетіңіз және оларға көмектесуге тырысыңыз.
1. «Неден қорқасың?»жаттығуы
Суретін сал және оны жең. Сен неден қорқасың? Деген сұрағы төңірегіндеН есімді әңгімелесе отырып, балаға қағаз беріп, қорқатын затының суретін салуды ұсындым.Оқушы ойланып отырып, шеңбер салды да, қатты басып бояп тастады. Салып болғаннан кейін қайта бір анықтап алып, баланың қолына қайшы беріп, оны ұсақ бөлшектерге бөліп, қиып таста деп өтіндім. Қиылған суреттерді қайта құрастырып көрсету, олардың қайта құрастырылмайтынына көңіл бөлгіздім. Қиылған суреттерді қоқысқа тастап, арқылы енді қорқыныштың кеткенін, қайта оралмайтынын айттым.
Оқушымен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстарын жолға қойып жүргізе бастадым.
2. «Дұрыс бағыттағы қадам»
Осы оқушының сыныбына барып жүргіздім. «Сендер менің 30 сұрағыма жауап беруге тиіссіңдер, егер сендер дұрыс жауап берсеңдер, онда мен бір қадам алға жасаймын, ал егер қате жауап берсеңдер онда бір қадам артқа шегінемін. Мен есік маңынан бастаймын. Бүкіл бөлмені өтіп, қайта орныма оралуға тиіспін. Мен сендердің қолдарыңдағы пешка ретінде боламын. Соңында көрейік қай жерге келеді екенмін.» Сұрақтар пәндерге немесе арақатынастыққа байланысты алуға болады (не ұнайды, не ұнамайды, қандай қиялын бар т.б.)
3. «Қандай кейіп?».
Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.
Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы(ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, үрейғмейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.
Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында үнемі болуы керек. Әр баланың дұрыс дамып, жетілуі біздің қолымызда.
5. Енді оқушының өзіндік «Менін» қалыптасуын байқау мақсатында Р.Хиндерсон,Б.Лонгтың өзін-өзі бағалау әдістемесін өткіздім.
Нұсқау: Адамдарды шеңбер кейпінде бейнелеген тапсырма ұсынылды. Осы шеңбердің ішіне өзіңді бейнеле деген нұсқау берілді.
Н. деген оқушы өзін 6 шеңберге бейнелеген. Бұл жұмыс нәтижесі бойынша оқушының өзін-өзі бағалауы орта деңгейді көрсетті.
Физиологиялық жағынан дамытуда сабақ үстінде бірнеше
жаттығуларды жасауға болады
І. Жаттығу:
Көз алдыңызға жарқырап «жанып тұрған шарды» елестетіңіз.
Оны өзіңіздің «денеңізге ойша сыйдырыңыз».
«Жанып тұрған шардың» денеңізге кірудегі ретін, жолын «ойыңызбен» қалай ауысатының, қозғалатынын, тыныс алу барысында қалай қозғалатынын, әрі тыныс алғанда ол жоғары көтеріліп және төменге түсіп қандай орынға ие болғанынын қарастырыңыз.
Неғұрлым тыныс алуыңыз терең болса, соғұрлым шардың қозғалысы көбірек болады.Неғұрлым көп тыныс алсаңыз, соғұрлым шардың қозғалысы тез болады.
Тыныс алуыңыздың жиілігін өзгертіп отырыңыз, не жиілетіңіз, немесе сәл баяулатыңыз. Бірақ ойдағы елес «шардың» қалай қозғалатынында бақылауды ұмытпаңыз.
Тапсырманы орындап біткеннен кейін әр қатысушы өзінің ой- пікірімен бөліседі.
ІІ. Жаттығу:
Атылмыш тапсырмада өз зейініңізді қол бұлшықеттеріне шоғырландыруға тырысыңыз: 2- 3 рет терең тыныс алыңыз. Көзіңізді жұмып, толық дем алуға тырысыңыз. Тағы терең тыныс алыңыз....
Өзіңіздің дем алуңызға қарай қолдарыңызды көз алдыңызға елестетеп келесідей сөздерді айтыңыз: «Мен тыныштық күйдемін, менің денем толық дем алуда..., Менің қолдарым өте жылы және ауыр... Сол жылылық менің шынтағымнан бастап қол саусақтарыма келуде... жылылық шынтағымнан бастап иығыма дейін баруда.. Менің қолдарым өте жылы және ауыр...». Қолдарыңызды есіңізден шығармай аталмыш тапсырманы 5 минут орындаңыз. Тапсырма уақыты біткенне кейін көзіңізді ашыңыз. Қолыңызды жұмып- ашыңыз, соның негізінде мойныңыз, дене қуысыңыз, энергияға толып, өзіңізді- өзіңіз жақсы сезінетін боласыз.
Тапсырманы орындап біткеннен кейін әр қатысушы өзінің ой- пікірімен бөліседі.
ІІІ. Жаттығу:
Өзіңіздің зейініңізді белгілі бір затқа немесе кеңістікке шоғырландырыңыз. Бұл белгілі бір затты қарастыру немесе сол затты зерттеу емес, бұл сырт қарағандағы сіздің ойыңыздың бағытталуы болып табылады. Зейініңізді шоғырландырып болғанан кейін, барлық ойыңызды және денедегі түйсігіңізді шоғырландырып, сезіне біліңіз.
Барлық сырттағы қоршаған заттарды ұмытып зейініңізді тек сол затқа немесе кеңістікке ойыңызыды шоғырландыруға тырысыңыз. Тапсырманы орындау ретіне қарай аталмыш зат немесе кеңістік сіздің барлық санаңызды жаулап алады.
Тапсырманы орындап біткеннен кейін көзіңізді жұмып, терең тыныс алып, оны баяу сыртқа қайта шығарыңыз.
Бұл тапсырма жаттығуды күніне бірнеше рет қайталаңыз.
Тапсырманы орындап біткеннен кейін әр қатысушы өзінің ой- пікірімен бөліседі.
Ата-аналарға балалардың сенімділігімен ұялшақтығын жену үшін психологиялық кеңес беріледі
-Ешқашанда баланың ұялшақтық мінезін сызып тастамаңыз.
-Бөтен адамдарға қыр көрсетуге жол бермеңіз.
-Есіңізге сақтаңыз, педагогтар оқушылардың ұялшақтық жақтарын оқу үлгеріміне енгізеді.
-Балаңыздың өзінен жас балалармен бірге ойнағанын мақтан тұтыңыз. Бұл өзіне деген сенімді күш туғызады.
-Егер балаңыз өзіне жас ортаны таңдаса, онда кедергі келтірмеңіз.
-Баланы екі ортада қалдырмаңыз, әсіресе кісі көп жерде.
-Баланы өз күшіне сендіруге тырысыңыз.
Бірге «Мен сен үшін қатты қорқамын», орнына мына сөз естілсін «Мен саған сенемін».
-Балаңыздызды мүмкіндігінше аз қорлаңыз.Мүмкіндігінше жақсы жаттарын көрсетуге тырысыңыз.
-Балаңызды басқа балалармен қарым –қатынас жасауға үйретіңіз, өз үйіңізге шақырыңыз.
-Үйіңізде болатын балаңыздың мінезін балалардың мінезімен салыстырмаңыз.
-Өз балаңыздың ынтасын көрсете білуге рұқсат етіңіз, өз уақытында бағалаңыз
- Балаңыз ұнататын спорт түрлеріне көңіл бөліп, тұрақты айналысуын қадағалаңыз. Бұл балаңыздың ағзасын дамыту мен бірге назарының басқа жаққа аумауына мүмкіндік жасайды.
- Әртүрлі үйірмелерге қатыссын, бірақ үйірмеге де шек қою қажет. Себебі, үйірмеге көп баратын бала стресске тез түседі.
Қорытынды:
Қорыта айтқанда, ұялшақ, тұйық балалармен жұмыс жасау барысында мен мынадай нәтижелерге қол жеткіздім. Ұялшақ, тұйық балалардың өз-өзіне деген сенімділігі нығайды, қорқыныш сезімі басылды, қоршаған ортадағы әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа түсуде ашыла бастады. Ортаға бейімделе бастады. Жағымсыз мінезден арылып келеді, ұялшақтық мінезі төмендеді. Өзін өзі жоғары бағалауға бейімделіп келеді.
Ұялшақ, тұйық балалардың жанұясында барлық жағдай жасалғанымен, өзі сияқты балалардан, айнласындағы кейбір адамдардан қарым-қатынас: жылы жүрек пен аялы алақан жетіспей жатады. «Бүгінгі бала – ертеңгі болашағымыз» десек, бала тәрбиесіне мән беріп, жауапкершілікпен қарап, салғырттық танытпай мейірім мен ізгіліктен тұратын көмек қолымызды созуымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектептегі психология №4, (22), 2010 жыл.
2. Л.К. Көмекбаева «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру» Алматы – 2003 жыл.
3. Қызықты психология №5 2006 жыл.
4. Жантану мәселелері №3 (15 ) 2011 жыл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген