жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұялы телефон және оның пайдасы мен зияны
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ғылыми жоба тақырыбы
«Ұялы телефон және оның пайдасы мен зияны»
Орындаған: № 181 жалпы білім беретін мектептің
2 «Ә» сынып оқушысы Ұланқызы Алфия
Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі
Абирова Ж.А
Алматы 2018
Алматы қаласы № 181 жалпы білім беретін мектептің
2 «Ә» сынып оқушысы Ұланқызы Алфияның
«Ұялы телефон және оның пайдасы мен зияны»
тақырыбына жазылған
Пікірі
Ұланқызы Алфияның ғылыми жұмысы «Ұялы телефон және оның пайдасы мен зияны» ұғымын жан-жақты талдауға арналған. Жұмыс «кіріспе» , «негізгі бөлім», «қорытынды» және пайдаланған әдебиеттер бөлімдерінен тұрады. бұл бөлімдердің бір-бірімен логикалық үйлесімі бар.
Қазіргі заманда кеңінен таралған ұялы телефон және оның пайдасы мен зияны туралы тереңірек тоқталып кеткен.
Яғни, Ұланқызы Алфияның «Ұялы телефон және оның пайдасы мен зияны» ату ғылыми жұмысы әрқашанда өзекті, саналы азаматты толғандыратын маңызды мәселелердің бірін зерттеуге арналған. Алфияның әдебиеттерден алынған деректерді сауатты таңдап, өңдей алғандығы ғылыми жұмысты оқу барысында айқын көрінеді. бастауыш сыныпта оқитын бүлдіршіннің осындай күрделі тақырыпты ізденіп, ғылыми жұмыс жазуы өте қуантарлық жай. бұл біздің еліміздің болашағының зор екендігін көрсетеді. Жас балғынға алдағы ізденістеріне ақ жол тілеймін.
Жалпы алғанда жұмыстың көлемі мен орындалу деңгейі оқушылардың ғылыми жобаларына қойылатын талаптарға толық жауап береді және жоғары бағаға лайық деп есептеймін.
№ 181 жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі:
А.Ж.Абирова
Аңдатпа
Мен өмірге келіп, есімді білген кезде ата, анамнан бастап барлық жұрттың қолдарында ұялы телефон бар екен. Бұл телефонды кейбір адамдар қазақшалап қалтафон, немесе қолфон деп айтқан дұрыс деп жүргендерін естідім. Бірақ адамдардың бәрі оны “сотка” дейді екен. Менің өзімде қазір ондай телефон жоқ. Өйткені мен әлі кішкентаймын. Бірақ, мектептен үйге қайтып, үй тапсырмаларын орындап болғаннан кейін, анамның ұялы телефонын сұрап алып, бір мезгіл оның ішіндегі ойындарды ойнағанды ұнатамын. Өйткені телефонның ішінде балаларға арналған өте қызықты ойындар болады екен. Ол ойындарды қалай ойнайтынын мен үш, төрт жасымнан бастап үйреніп алған болатынмын. Мен сол ойындарды ойнағанды ұнатамын. Сол ойындардың қызығына кіріп кететінім сонша, анам:“атаң мен әжең саған тамақ дайындап қойып, күтіп отыр екен, сол кісілерге барып келейік” десе де барғым келмей қалады. Өйткені ойындар бірінен-бірі қызықты. Тастап кеткің келмейді.
Ал енді ұялы телефон адамдардың күнделікті тұрмыстарына өте пайдалы болғандығын көріп жүрмін. Қазір бір адамды іздесең оның ауылына, үйіне іздеп бармайсың. Өз үйіңде отырып алып ұялы телефоннан сол кісінің нөмірін терсең болды, ол кісіні қолма-қол тауып аласың. Ол адам басқа ауылда, басқа қалада тіпті басқа мемлекетте жүрсе де оңай тауып алып, сөйлесе бересің. Мысалы, қазір біздің апайымыз біздің үй тапсырмаларымызды, басқа да қосымша жұмыстарымыздың барлығын біздің ата-аналарымызға ұялы телефон арқылы жолдап бере салады ғой. Бұлар ұялы телефонның пайдалы жақтары болса, ал, оның кейбір зиянды жақтары да бар екен. Әсіресе біз сияқты бастауыш мектептің кішкентай бүлдіршіндеріне ұялы телефонға көп қарауға болмайды екен. Өйткені, ұялы телефонға көп қарау кішкентай балалардың көзінің көру қуатына, есте сақтау қабілетіне өте зиян болады екен. Екіншіден, ұялы телефондағы ойындарды ойнау сенің көптеген уақытыңды босқа кетіреді. Сабағыңды қарауға, үй жұмыстарын жасауға көп кедергі жасайды екен. Сондықтан ұялы телефонмен ойнау біз сияқты бүлдіршіндерге болмайды екен.
Жұмыстың негізгі мақсаты: ұялы телефнның пайдасы мен зиянын оқушыларға айтып беру.
Жұмыс өзімнің күнделікті тұрмысымнан мысалдар ала отырып, айтайын деген ойымды түсіндіруге тырыстым. Сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, бақылау, жүйелеу және оны түсіндіру, тікелей бақылау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының нәтижесі:
Бастауыш сынып оқушыларының күнделікті өмірі мен сабағына ұялы телефонның тигізетін пайдасы мен зиянын айтып түсіндірді.
Аннотация
Наступил момент и осознание того, что многие люди в том числе и мои родители пользуются мобильными телефонами. Я часто слышала что, люди называли этот прибор "калтафоном" или "колфоном". Многие люди называют её просто - сотка. У меня нету такого телефона так как я ещё маленькая. Когда я возвращаюсь домой, и полностью завершив домашнее задание, я беру мамин телефон и играю в игры которые находятся в телефоне. В телефоне есть очень много игр, которые детям играть очень интересно. Мне очень нравится играть в игры. До такой степени я обожаю играть что, когда родители говорят "бабушка и дедушка приготовили тебе покушать и ждут тебя, давай сходим к ним домой" даже после этих слов я не хочу прерывать игру. Потому что, одни игры очень интересны и превосходят других, и не хочу переставать играть в них.
А теперь я вижу как телефон полезен в повседневной жизни людей, если ты ищешь человека, не обязательно ехать в его аул заходить в дом. А просто сидишь дома берешь в руки телефон и набираешь его номер, так ты его сразу находишь. Пусть этот человек находится в другом доме, ауле, городе да хоть в другом государстве можно легко до него дозвониться. К примеру, моя учительница посредством телефона звонит моим родителям и все дополнительные упражнения и задания сообщает через телефон. Если все это считается преимуществом использования телефонов оказывается существует и недостатки. Особенно нельзя пользоваться для тех, кто учится в начальных классах. Так как телефон вредно влияет на зрительные и слуховые способности ребёнка. Во-вторых играя в игры, ты теряешь очень много свободного времени. Оказывает очень негативный эффект для выполнения домашнего задания и упражнений. И по этой причине нам учащимся начальных классов нельзя играть в игры.
Основная цель: передать для учащихся начальных классов преимущества и недостатки сотовых телефонов. Все примеры брались из моей повседневной жизни и через них я старалась передать свои мысли. Признаки, метод сравнения и сборника, наблюдение, анализ и разъяснение, использовались приёмы прямого наблюдения.
Результаты исследования: до учащихся начальных классов уже доведено о пользе и вреде сотовых телефонов в повседневной жизни.
Annotation
The moment came and the realization that many people, including my parents, use mobile phones. I often heard that people called this device a "Kaltaphone " or a "cell". Many people simply call it - Cellphone. I do not have such a phone because I am still small. When I return home, and having completed my homework, I take my mother’s phone and play the games that are on the phone. There are so many games on the phone that children play very interesting. I enjoy playing games. To such an extent, I love to play that when parents say “Grandma and Grandpa have prepared for you to eat and are waiting for you, let's go to their house” even after these words I don’t want to interrupt the game. Because some games are very interesting and superior to others, and do not want to stop playing them.
And now I see how the phone is useful in the everyday life of people, if you are looking for a person, you do not have to go to his village to enter the house. And you just sit at home, pick up the phone and dial its number, so you find it right away. Let this person be in another house, aul, city, and at least in another state you can easily reach him. For example, my teacher calls my parents through the telephone and reports all the additional exercises and tasks through the telephone. If all this is considered an advantage of using phones it turns out there are disadvantages. Especially not to use for those who study in elementary school. Since the phone adversely affects the child's visual and hearing abilities. Secondly, playing games, you lose a lot of free time. It has a very negative effect on homework and exercises. And for this reason, primary school students cannot play games.
Мазмұны
-
Кіріспе……………………………………………………………………1-2 бет
-
Негізгі бөлім
1.1 Ұялы телефон және оның түрлері……………….……………….……3-4 бет
1.2 Ұялы телефонның пайдасы …………………………....………………4-6 бет
1.3 Қолфон нарығындағы тың жаңалықтармен танысу……….…………6-7 бет
1.4 Ұялы телефонның зияны………………….……………….....…..……7-8 бет
1.5 Зерттеулер…………………………………………………….………..8-10 бет
2. Қосымша ақпарат…………………………………………….……..…10-11 бет
-
Қорытынды………………….....…………………………..…….………..12 бет
-
Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………...….13 бет
-
Қосымша суреттер………………………………………………….…14-16 бет
Кіріспе
Телефонды ерте кезде өнертапқыш ғалымдар ойлап тапқан дейді. 1875 жылы тұңғыш рет Бостон университетінің профессоры Грехем Белл деген ғалым жалғанған сымдардың көмегімен өз көмекшісінің дауысын алыстан естіген екен. Міне осы жаңалық телефон деген атпен тарихта қалыпты. Осы жаңалықтан кейін, арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ұялы телефон пайда болған екен. Иллинойс университетінің түлегі Мартен Купер деген өнертапқыш ұялы телефонды тұңғыш рет тапқырлаған екен. Алғаш жасалған ұялы телефонның салмағы 1,5 килограм болған екен. Сол кезде Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған жалғыз нүкте болған екен. Төрт жылдан кейін Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі іске қосылыпты. Ал 1979 жылы бұл жаңалыққа Жапония елі аса зор қызығушылық танытып, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыс қызыметін бастап кетеді.
Қазір ұялы телефон күннен –күнге қолайлы болып жасалуда. Алғашқы кезде телефон соғуға немесе келген телефонды қабылдауға ғана болатын болса, қазіргі ұялы телефондармен сурет түсіруге, ғаламторға шығуға, дыбыстық, бейнелік жазбалар жасауға т.с.болатын болды. Ұялы телефон адамдар өмірінің ажырамас бір бөлегіне айналып отыр. Ол адамдардың өмір тіршілігіне аса зор қолайлылықтар мен жеңілдіктер алып келді. Қазір ұялы телефонсыз адамдар өмірін елестету мүмкін емес деуге болады.
Жоғарыдағы айтқандарымыз ұялы телефонның адамдар өміріне тигізер пайдалы жақтары болса, оның енді бір жақтан зиянды жақтарының бар екендігін айтып мамандар дабыл қағып жатыр. Бұнда екі қабат әйелдер мен жас бүлдіршіндердің ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына зиянын тигізеді дейді ғалымдар. Иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі ғылми мекемелердің пайымдауынша ұялы телефондарды бүлдіршіндер ұзақ уақыт пайдаланатын болса олардың есте сақтау қаблеті де, танымдық қаблеті де төмендейді екен. Ұялы телефонмен ұзақ уақыт сөйлессе немесе ондағы ойындарды ойнаса балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез тозады. Міне сондықтан бүлдіршіндердің қолдарына ұялы телефондарды ұстатып қойып, олардың қалағанынша ойнауына, сөйлесіуіне қатты абай болған жөн! Бұл-ата-аналардың бақылауында болуға тиіс. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуы на әкеп соғады екен
Негізгі бөлім
1.1 Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
-
Жай ұялы телефон/смартфон
-
Ұялы бейнетелефон
Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б.
Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.
Смартфон (ағылш. smart — білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.
Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.
Әлемдегі алғашқы ұялы телефон - Motorola DynaTAC 8000X
Ұялы телефонның арқасында: "Алло, сәлем, қалың қалай?" - деген сөздерді күнделікті пайдаланатын болдық.
Әлемдегі алғашқы ұялы телефонның салмағы 1,15 келі болса, өлшемдері 22,5х12,5х3,75 см-ге тең еді. Жарықдиодты дисплей теріп жатқан телефон нөмірін көрсету функциясын атқарды. Аккумулятордың сыйымдылығы жарты сағат сөйлесуге жетсе, зарядтау процесі 10 сағатты талап ететін. 1983 жылға дейін осындай байланыс құралының 5 данасы шығарылса, кейін осы үлгінің жетілдірілген нұсқасы шықты. Жаңа салмағы 850 грамм болған телефон 3995 долларға бағаланған еді. Бір жылдың ішінде осындай құралдардың 12 мың данасы сатылған.
Ең қымбат ұялы телефон
Ең қымбат ұялы телефонды Аустралиялық бай магнаттың тапсырысы бойынша Goldstriker компаниясы жасаған.Құрылғы шамамен 3 млн.доллар тұрады. Ұялы телефонның корпусын дайындауға 0,27 кг алтын және жалпы массасы 68 карат болатын 136 бриллиант кеткен. Логотиптегі және басқару тетіктеріндегі бриллианттар тағы 7 каратқа тартқан.
Ең үлкен ұялы телефон
Ең үлкен ұялы телефон жергілікті Cricket байланыс операторының қолдауымен Samsung компаниясында жасап шығарылды. Құрылғының өлшемі 3,9×4,5 метрді құрайды және бұл құрылғы қарайым ұялы телефондар секілді өзінің қызметін атқара алады. Бірақ, бұл құрылғыны саусақпен басқару өте қиынға соғады.
Ең кішкентай ұялы телефон
Ең кішкентай ұялы телефонды Willcom атты жапондық компания шығарды. Құрылғының салмағы 33 грамм, ал өлшемі 32×10,5×70 мм. Бұл кішкентай ұялы телефонның камерасы жоқ, бірақ өзіне тән функциональдық қызметтерін ойдағыдай атқарады.
1.2 Ұялы телефонның пайдасы
Заман ағымына қарай бүгінде ұялы телефон бүкіл әлемде кең тараған. Ол біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналы. Онсыз еш шаруамыз бітпейтіндей көрінеді. Бір кішкентай құрылғының ішінде қаншама пайдалы қосымшалар жүктелген.Олар болса өз кезегінде біздің өмірімізге өте пайдалы да қолайлы әсерін тигізуде. Мысалы: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, дыбыстық жазба, қалаған өлеңді жүктеу және тыңдау, фильмдер көру және күннен күнге үлкен маңызға ие болып келе жатқан түрлі қосымшалар. Самсунг және Айфон компаниялары телефондарына алғаш болып енгізген бұл қосышалар қазіргі таңда халықарасында өте таңдаулы. Көптеген мекемелер өз тұтынушыларына арнап қосымшалар ойлап тауып, оны кең көлемде таратуда. Мысалы коммуналдық мекемелердің, зейнетақы қорының, банктердің өз қосымшалары пайда болғалы біраз уақыт болды. Бұл қосымшалар біздің өмірмізді жеңілдете түсті. Тек қана өзіңізге керекті қосымшаны қолфоныңызға жүктеп алсаңыз болды.
Мен функцияларына қарай өз отбасым пайдаланатын қосымшаларды бірнеше топқа бөлдім:
-
Музыка тыңдау, фильдерді көруге, кітаптар оқуға арналған көңіл көтеру мақсатындағы қосымшалар, мысалға I-tunes, I-book сияқты;
-
Карталарды жүктеу арқылы біз іздеген жерімізді тауып бара аламыз, қаладағы кафе, магазин т,б жерлерді керегінше тауып аламыз;
-
Коммуникациялық қосымшалар: wechat, what’s up- тек қана интернетке қосылу арқылы, көп шығынсыз жақындағы болсын шалғайдағы болсын туыс туғандарымызбен үнемі байланыста боламыз, тек қана дауыстарын естіп қоймай, бейнелерін көріп отырып сөйлесе аламыз.Мұғаліммен күнделікті интерактивті байланыс, яғни үйтапсырмасын топқа жіберу, ата аналармен пікір алмасу;
-
Мемлекеттік мекемелердің тұрғындарға қызмет көрсетуге арнап шығарған қосымшалары, мысалы алсеко компаниясының коммуналдық төлемдерді төлеуге арналған қосымшасы, бұл қартайған адамдар мен мүгедек жандарға өте тиімді, олар үйден шықпай ақ төлем жүргізе алады;
-
Банктердің төлем жасауға арналған қосымшалары, мысалы Капии Пэй, ол арқылы да Қазақстан аумағындағы барлық төлемдерді төлеуге болады, интернеттен зат сатып алу, әр түрлі қызметтерді төлеу сияқты, көп балалы аналар үйде отырып-ақ тұрмыстық техникадан бастап киім кешекке дейін интернеттен сатып алуға болады.
-
Қонақ үйлер мен авиабилеттерді брондауға арналған қосымшалар, мысалы Эйр астана компаниясының қосымшасы- өзіңізге керекті бағыт, уақыт және бағадағы билеттерді тауып береді;
-
Қолфонды компьтер ретінде пайдалануға арналған қосымшалар, мысалы мақаладар жазуға арналған Pages және кестелер құрастыруға арналған Numbers қосымшаларымен қолфонды пайдаланып офистік жұмыстар атқара бересіз;
-
Ауарайын көрсететін және болжайтын қосымша да бізге өте керекті, ол арқылы біз ертеңгі қандай киінуіміз керек екендігін біліп отырамыз;
-
Смарт сағаттарға арналған қосымша, балалар қауіпсіздігіне арналған керемет құрылғы, қосымшаны балаңыздың смарт сағатына қосу арқылы баламен сөйлесіп, жүрген жолдарын, кіммен не жайлы сөйлесіп жатқандығын да біліп, бақылап отырасыз.
-
Ақылды үй техникаларын басқаруға арналған қосышалар, Самсунг компаниясының тапқырлаған үй жабдықтарын игеруге арналған қосымша, яғни сіз үйден тыс жерде қолфон қосымшасы арқылы шаң сорғыш, кір жуу машинальны іске қосып, немесе тоқтата аласыз.
-
Түрлі аударма құралдары, мысалы мен шет тіліндегі бейтаныс сөздерді анамның қолфон қосымшасына енгізіп, қазақша аудармасынтауып аламын.
-
Ұялы телефоннан 112 нөмірін терсеңіз, ол дүние жүзі бойынша тарайды. Бұл шұғыл жағдайда көмекке шақыру нөмірі. Ол нөмір сіз байланыс аясынан тыс жерде болсаңыз да, телефоныңыз жабық режимде тұрса да істей береді. Телефоныңыздан 112 нөмірін терген мезетте тиісті орган көмекке келеді.
-
Қазіргі кезде біздің мектеп күнделігіміздің электронды нұсқасы шыққан болатын. Оны ата анамызға берілген пароль мен құпия сөз арқысы Kundelik.kz сайтына қолфонмен кіру арқылы, ата анам біздің күнделікті бағаларымызды, ертеңге берілген үй тапсырмасын, ескертулер, хабарламалар және тоқсандық қорытынды бағаларымызбен таныса алады. Әр баланың өзінің жеке кабинеті болады, барлық сабаққа қатысты жеке мағлұматтарды сол жерден тауып алуға болады.
-
Мұғалім бізге үй тапсырмасына әртүрлі тақырыптағы тақпақ, өлеңдер тауып жаттауға бергенде, менің анам қолфондағы интернет қосымшасы арқылы маған керекті мағлұматтарды тауып, дайындап береді.
-
Денсаулы5ымызды күнделікті бақылауда ұстап отыруға арналған қосымша бар, онда біз күнде қанша қадам жол бастық, қанша шақырым жол жүрдік, қанша баспалдаққа көтерілдік және қанша калория жұмсағанымызды біліп отырамыз.
Кіп-кішкентай қолфонның құдіреті қандай үлкен, барлық қызметтерді бір бойына жинаған. Тұрмысымызды түбегейлі өзгертті, жеңілдетті десек те болады. Бұл тізімнің бұдан былай күннен күнге арта беретіні анық, мен тек өз отбасымдағы жиі қолданатын қолфон қосышаларын жіккке бөлдім. Мен саяхаттап шет елге барғанымда, ол жердегі тұрғындар магазиннен зат сатып алғанда ақшамен емес, қолфондағы Wechat қосымшасы арқылы тауардың штрих кодын сканерлеу арқылы ақша аударады екен, бұл мен үшін таң ғажайып көрініс болды. Мен байланыс техникасының осыншама қарыштап дамығанына тәнті болдым. Байланыс нарығының болашағы әлі де түрлі тың идеялармен толыға түсетініне сенеміз, бұл жаңа идеялар біздің өмірімізді тіпті де ыңғайлы да жайлы етуге бағытталған.
1.3 Қолфон нарығындағы тың жаңалықтармен танысу
Мен осы ғылыми жоба барысында қолфон атты құрылғымен жақын таныса түсу үшін ата анммен бірге Самсунг және Сулпак сату орталықтарына барып қайттым. Барудағы мақсатым, қолфон нарығындағы жаңалықтармен танысу, өзімнің сүйікті Айфон маркалы қолфонның қандай жаңа үлгілері шығып жатқандағын, оның қандай жаңа қосымшалары мен сыртқы бейне дизайнымен танысу еді.
Сату орталығындағы ағай маған өзімді қызықтырған модельдегі қолфонмен егжей тегжейлі таныстырды, және де Apple компаниясының болашақ қолфон жасаудағы жаңалығынан хабардар болдым.
Көпшілік күткен ең негізгі өнім- iPhone 8 моделі бір негізгі камера мен 4,7 дюймді дисплейге ие. Ал iPhone 8 Plus экранының диагоналі 5,8 дюйм, екі камерамен жабдықталған. Екі құрылғы да A11 Bionic жаңа чипімен жұмыс істейді. Ол Apple процессорларының бұған дейінгі нұсқаларынан біршама қуатты. Бұрынғыларынан тағы бір ерекшелігі – смартфондардың сырты әйнек. Ақ, қызғылт, сұр түсте сатылатын жаңа телефондар Qi стандартты қуаттағышпен сымсыз зарядталады. Бұдан бөлек, iPhone 8 бен iPhone 8 Plus экрандары True Tone технологиясын қолдайды. Сол арқылы суреттің температурасы қоршаған ортаға қарай ыңғайлана алады. Таныстырылымда елді елең еткізген өнім – IPhone X (он) смартфоны болды. Бұл өнім Apple компаниясының 10 жылдық мерейтойына арналғандықтан X атауы берілген. Яғни IPhone 10. Мұнда Home батырмасы жоқ. Диагоналі 5,8 дюймді OLED жақтаусыз дисплейге ие. Сонымен қатар екі камера, заманауи A11 процессоры және инновациялық графикалық чип орнатылған. AirPower сымсыз қуаттау құралы бар.
Apple компаниясы алда шығарылатын жаңа iPhone смартфондарын «сұйық металдан» жасайды. Ол компания дайындаған құжатта көрсетілген. Құрылымы бойынша шыныны еске салатын корпус титан, цикрон, мыс, никель және өзге де металдардың ерітіндісінен тұрады. Бұл өте берік, төзімді материал дейді мамандар. Олар жасаған ерітіндіге ұсақ сызаттар мен қайта қалпына келу қасиетіне байланысты «сұйық» деген атау берді. Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында да Apple «сұйық металл» жайлы бірнеше рет айтқан болатын. Бірақ компания бұл жолғы iPhone сыртының дәл осы металдан жасалатынын нақты құжатта көрсетті. Apple бұл технологияны мерзімсіз қолдану лицензиясын калифорниялық Liquidmetal Technologies фирмасынан алды. Себебі «сұйық металл» технологиясын дәл осы ғылыми-технологиялық институттың бұрынғы инженерлері ойлап тапты.
1.4 Ұялы телефонның зияны
Ұялы телефонның пайдасы өте көп, алайда әрқандай нәрсенің екі жағы болады, яғни пайдасымен қоса зияны да бірге жүреді. Қолфонның зиянды жақтары үнемі айтылып жүр, оның зиянды жақтарына келетін болсақ: телефон адам энергиясының 50%өзіне тартады, бұл ғылымда дәлелденген нәрсе. Қолфонды дененің кез келген жеріне тағуға болмайды екен. Белдікке тақсаң бүйрекке зиянды әсері бар дейді. Қолфонмен ұзақ уақыт сөйлесу, түнде ашып қойып басқа жақын немесе жастықтың астына қою мидағы қатерлі ісіккке әкеп соғады деген пікірлер бар.
"Канцерогенді болуы мүмкін" – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас. Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады.
Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз. Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз. Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз. Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз. Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады. Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.
1.5 Зерттеулер
Еуропада жүргізілген зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері үялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқандығын көрсетіпті. Ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамда кейбір ми рагының кездесу жиілігі телефонды қолданбаған адамға қарағанда тым көп екені анықталған. Елімізде 100 мың балаға шаққанда 100-127 бала қатерлі ісік ауруымен ауырады екен. Сарапшылардың айтуыншы, обырды тудыратын факторлар қатарында ұялы телефон алғашқы орынды алы отыр. Телефоннан бөлініп шығатын зиянды заттар баланың әлі қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келтіргендіктен ойын баласына ұзақ уақыт телефонды ұстауға болмайды екен.
Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде ұялы телефон және оның станциясының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылған.
Зерттеулер нәтижесінде телефонды жиі қолданушылар арасында ДНК-дағы, нерв клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысының бұзылулары байқалған.
Электромагниттік сәулелендірудің адам ағзасына тигізер зияны туралы жинақталған білімдер, телефонның сәулеленуі сияқты басқа да электромагниттік сәулеленулер онымен байланысқа түскен адам денсаулығына, физиологиялық жай күйіне әсер етеді. Ұялы телефонмен жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болғандығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мұмкін және оның жұмысына (айталық есте сақтаудың ұзақ және қысқа мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефалиялық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісігіне әкеп соқтырады. Біздің өміріміздегі соқпақтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүскін. Кейбір сарапшыларадамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруына шалдығады деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қоймай, келесі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр. Сондықтан, менің түйген ойым, ұялы телефонның пайдасы мен зиянын ұштастыра отырып, тиімді пайдалану керек, балаға күніне 1 сағаттан артық ұялы телефон ұстатпау керек, ұйықтар алдында міндетті түрде өшіріп, жатын бөлмеден тыс жерге апарып тастау керек.
Мектеп жасындағы балалар мүлдем телефонсыз өмір сүре алмайды, интернетте ұзақ отырады, және ол жерде түрлі жағымсыз бейне роликтерді бала көріп қалуы мүмкін. Сондықтан ата ана жауапкершілікті өз мойнына алып, үнемі бақылауда ұстау керек, баланың не көріп жатқанын және уақытын қатаң қадағалау керек. Кейбір шет елдерде 16 жасқа дейінгі балаларға ұялы телефонды ұстауға тиім салынған. Америкада 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 75%ның қалта телефоны бар екен, алайда балалар сабаққа кірер алдында телефондарын арнайы орындарға тапсырып, сабақтан шыққанда қайтадан алады. 2007 жылы Үндістанда оқушыларға телефон ұстауға тыйым салынды, 2008 жылы жапондар да солай істеді. 2009 тәжістанның жалпы білім беретін мектептерінде оқушылар мен мұғалімдерге ұялы телефонды тағып жүруге және пайдалануға тыйым салынды. Бізде ше?
Мектептерде қалай?
Білім беру мекемелерінің әкімшілікгі өз қушыларына ұялы телефонды пайдалануға тыйым салуға құқығы жоқ, мектептердің, колледждердің 《ішкі тәртіп ережесіне сәйкес》мектеп оқушылары ұялы телефонды барлық сабақтары аяқталғаннан кейін, ал колледж студенттері сабақ арасындағы үзіліс уақыттарында пайдалана алады.
2. Қосымша ақпарат
Ұялы телефонмен сөйлесу әдебі
Телефон арқылы қарым-қатынас жасау мәдениетінің басты талабы – тек ойлауға ғана емес, ойды баяндауда да мейлінше қысқалық, жинақылық, нақтылық әрі айқындылықты сақтау. Телефонмен сөйлесу ұзақ кідірістерсіз, басы артық сөз, оралымдарсыз, сондай-ақ артық эмоцияның қатысынсыз өткені жөн. Телефон арқылы байланысты жұмыс барысында жиі қолданушыларға өзге де бірқатар талаптарды ескеруге тура келеді. Себебі сізбен телефон арқылы сөйлесуші адам осы дидарласу сәтіне толық сипаттама беретіндей сіздің қандай орында, қандай жағдаятта сөйлесіп тұрғаныңызды білуге мүмкіндігі жоқ. Адамның телефон тұтқасын тез көтеруінің де көп мәні бар. Бұл қарсы жақ сөйлеушіңіздің қаншалықты дәрежеде уақытының қат екендігін, қаншалықты дәрежеде өзгенің хабарласуына қызуғышылық танытатындығын аңғартады. Тәжірибеге сүйенсек, телефонмен сөйлесе білу этикасының бірден-бір маңызды қағидалары бар: Олар мынадай: - Егерде қоңырау шалған адамыңыз сізді бұрын білмейтін болса, алдымен өзіңізді таныстыруды және не мәселе төңірегінде білгіңіз келетініңізді айту орынды. - Сіздің телефон соғуыңызды күтіп отырған жағдайда хабарласпай қалу өрескел қателік болып есептеледі. Мүмкіндік туған мезетте-ақ қоңырау шалу керек; - Егер әңгіме ұзаққа созылатын болса, онда дидарласушыларыңыздың асықпай сөйлесе алар уақыт мезгіліне орай өзара хабарласуға келіскен дұрыс; - Аузыңызды тағамға толтырып алып ешқашан сөйлеспеңіз. Әңгіме барысында бір нәрсені сораптау не шайнаңдап тұру орынсыз; - Егер сіз бір телефонмен сөйлесіп жатқан тұста екінші телефон звондап жатса, ең дұрысы алғашқы әңгімені мүмкіндігінше аяғына жеткізіп, содан кейін ғана екінші қоңырау шалушыңызбен хабарласқан дұрыс. Ұялы телефонды қалай қолдану керектігін еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін біледі. Бірақ біздің айтпағымыз бұл емес еді. Біз телефонды қолдану кезінде ескеретін жағдайларды айтқымыз келіп отыр. Қалта телефонын адамдар үнемі қасында алып жүруі керек. Себебі, бір танысыңыз маңызды шаруалармен қоңырау шалса, сіз алмасаңыз, біріншіден ол кісінің ашуын келтіресіз, екіншіден, дер кезінде тұтқаны көтермесеңіз кейіннен кеш болып қалуы мүмкін. Қоғамды орындарда да сөйлесуге болмайды. Өзгелерге кедергі келтірмес үшін тасалау жерге немесе адамдар аз орындарда сөйлесіңіз. Қоғамдық көліктерде немесе көпшілік орындарда жүргенде қоңырау шалса, жұмысын қаншалықты маңыздылығын біліп алып, сәлден кейін қоңырау шалсам бола ма деген өтініш жасғаныңыз абзал. Не болмаса белгілі бір уақыттан кейін қайта хабарласа аласыз ба деген өтініш айтып көріңіз. Ең бастысы көпшілікке зияныңыз тимесе болды. Қазіргі таңда әлем ғалымдары ұялы телефонның адам ағзасына зияны көп деп дабыл қағуда. Ғалымдардың айтуынша, ұялы телефондардың электромагниттік сәулелері жүйке, эндокриндік және жыныстық аурулардың асқынуына әсер етеді. Дей тұрғанмен де ұялы телефон бүгінгі адамдардың ажырамас бөлігіне айналды. Керек десеңіз баз біреулердің жұмысы ұялы телефонсыз бітпейтін жағдай туды. Қысқа қайырғанда ұялы телефон айтарлықтай маңызға ие.
Қорытынды
Менің мұғалімім Жанар апай маған осы ғылыми жобаны сеніп тапсырды, мен оны абыроймен орындап шығамын деп шештім. Осы ғылыми жоба барысында мен күнделікті пайдаланып жүрген қолфонмен қайта танысқандай болдым. Оның қандай түрлері болатындығын, пайдасы мен зиянды жақтарын жікке бөліп, саралап, топтастырып көрдім. Оның пайдалы жақтары өте көп, бірақ сонымен қатар зиянды жақтары да бар екендігін бұрын біле білмесем, енді санама тоқып алдым. Жатар алдында міндетті түрде өшіріп, жатын бөлмеден тыс жерге апарып қоюды жөн санадым. Онымен ойын ойнағанда да бір сағат уақыт шектеуін қойдым. Қолфонның жаңа шығып жатқан нұсқалары және ішіндегі қосымшалар мен жаңа функцияларымен жақын танысу үшін ата анамен бірге Самсунг және Сулпак сату орталықтарына барып, жаңа үлгідегі смартфондармен жақын танысу үшін сату кеңесшілерінің көмегіне жүгіндім. Өзім үшін тың идеялармен таныстым. Көз аям кеңіді деп айтсам да болады.
Болашақта мен біз сияқты бүлдіршіндерге арналған смартфондардың пайда болғанын қалаймын. Онда бізге танымдық, сабаққа қажетті мағлұматтардың барлығы жинақталған қосымшалар болса екен деп тілеймін. Және де ата анамыздың қолфонымен тікелей байланыстырылған болуы керек, ол кісілер біздің не көріп, қанша уақыт көргенімізді өз бақылауында ұстайтын болады. Және де ең маңыздысы ультра сәулелерден қорғалуы шарт, өйткені ол біздерге өте зиянды екенін білдім.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Қуандықова С. Тіл халық мәдениетінің айнасы//Қазақ тілі мен әдебиеті №10. 1995.10 14б
2.Әлімұлы М. Ұялы телефондарды басқару тетіктерін(түймешіктерін)неге қазақшаламаймыз?//Қазақ тілі мен әдебиеті орыс тілінде.№8, 20017 32-36б
3.Баттал Р. Мемлекеттік тіл елдігіміздің басты мәселесі.// Қазақ тілі мен әдебиеті№1, 2007.3-9б
4.Қазақстан Ұлттық энцеклопедиясы 8 том
5.Қазақша орысшы, орысша қазақша сөздік. Алматы: Аруна, 2002-416б.
6. Қасымова К. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны.//Сыныптағы тәрбие.2002-416
№6, 2011.8-10б
7.Интернет көмегі
http://www.on.kz/u37079/blogpost/33004
http://www. infoportal.kz/node/11192

