жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұялы телефонның адам өміріне әсерін зерттеу
Ақтөбе облысы
Қобда ауданы
Қобда гимназиясы
«Ұмтылыс» оқушылар ғылыми қоғамы.
Авторы: Каирова Інкар
9 класс оқушысы
Тақырыбы:
Ұялы телефонның адам өміріне әсерін
зерттеу
Секция: физика
Жетекшісі: Казбекова Жансая Сарсеновна
физика пәнінің мұғалімі
Ақтөбе, 2015 жыл
Мазмұны
-
Кіріспе................................................................................................3 бет
-
Негізгі бөлім
2.1.Ұялы телефонның шығу тари.........................................................4-5 бет
2.2.Ұялы телефонның пайдаланылуы......................................................6 бет
2.3.Қалай қолданамыз бұл телефонды? ................................................7-8 бет
ІІІ.Зерттеу бөлімі
3.1.Электромагниттік толқындар.........................................................9 бет
3.2. «Maіl.ru» қызметінің әсері............................................................10-11 бет
3.3. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны .................................12-13бет
-
Қорытынды.......................................................................................14 бет
-
Ұсыныс..............................................................................................15 бет
-
Пайдаланылаған ресурстар........................ ...................................16 бет
Аннотация
Зерттеу жұмысында оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз істерін тиянақты жеткізген. Жобада электромагниттік толқындардың зияндылығы, оның адам өміріне ұялы байланыс арқылы енуі, тұрмыс –тіршілікте, әсіресе жасөспірімдердің өміріне терең және зиянды із қалдырылуы туралы айтылған. Оқушы ұялы телефонға тәуелді болу жолдарын азайтып, оның адам өміріндегі кері әсері туралы ойларды жетілдіру мақсатында бақылау, тәжірибе жасап, анкета алып өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорытынды шығарған.
*** *** ***
Данный научный проект посвящен исследованию электромагнитных волн, мобильному телефону, её возможностям, использованию в быту в качестве информацинного, связного прибора между людьми, и в том числе молодежи как зависимый предмет. В ходе исследования ученики использовал следующие методы: наблюдение, сбор информации, проведение опытов, анализирование. Результаты работы прилагаются.
*** *** ***
This scientifie prozject is devoted to to research the electro magnetic waves of mobile phone. Its possibili files, using if in the household as informatine, connecting device by people including young people. During research pupils used the next methods: watching, daing experiments, making analysis. The results of works are added.
*** *** ***
Мақсаты:
-
ұялы телефоннан шығатын электромагниттік толқындардың денсаулыққа әсерін түсіндіру;
-
ұялы телефонды дұрыс пайдалану жолдарын түсіндіру;
Міндеттері:
-
Электромагниттік толқындар болған жағдайда, оларды реттеу.
-
Салауатты өмір сүру жолдарын білу.
-
Ұялы телефондның әсерін түсіндіру.
Болжам:
-
Электромагнттік толқындары бар техникалық құралдарды дұрыс пайдалана білеміз.
-
Электромагниттік толқындардың адам денсаулығына тигізетін зиянын білеміз.
Зерттеу кезеңдері:
-
Ұялы телефон туралы мәліметтер жинақтау
-
Ұялы телефонды пайдалану жолдарының тиімділігін анықтау.
-
Ұялы телефоннан шығатын электромагниттік толқындардың әсерін дәлелдеу мақсатында
-
тәжірибелер жасау.
-
Өзіндік пікір, тұжырым жасау.
Ғылыми жобаның зерттеу әдістері: деректер жинақтау, талдау, бақылау, жүйелеу, тәжірибелер, практикалық жұмыстар орындау, ой қорыту.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Ұялы телефонды пайдаланудың тиімді жолдарын анықталады, ең негізгісі адам денсаулығына кері әсерін тигізбейді.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
Пайдасымен қатар зияны да бар ұялы телефонды бізді қоршаған ортадағы жасөспірімдер, достарымыз, сыныптастарымыздың зияндылығын түсіну барысында қолдану ережелерін сақтауы, өздерінің денсаулықтарына кері әсерін тигізбеудің жолдарын ізденуі, білуі. Ұялы телефонмен сөйлесу әдебін үйренеді. Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін зиянын біледі.
Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Күнделікті тұрмыста, адамдардың, соның ішінде жасөспірімдердің, кішкентай балалардың ережелерді сақтап ұялы телефонды қолдану уақытын азайтады.
Кіріспе
Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, электромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.
Ультракүлгін сәулелер көзге ғана емес, ағзадағы басқа да мүшелерге зиянын тигізеді. Ол енді қалыптасып келе жатқан ағзадағы кейбір процесті өзгертіп жібереді. Оның салдары кейін, уақыт өте келе сезіледі.
Сондай-ақ әр адамда обыр жасушалары сияқты басқа да жасушалар көп. Бірақ иммунитет төмендемейінше ол клеткалар жарыққа шықпайды. Ал ұялы телефоннан бөлінетін ультракүлгін сәулелер иммунитеттің төмендеуіне әсер етіп, әртүрлі ауруларға, мысалы, қатерлі ісік, эндокринологиялық дерттер сияқты ауыр сырқаттарға соқтыруы ықтимал.
Мысалы, электромагниттік өріс толқынының үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, көру, есте сақтау қабілетін төмендетумен де теріс ықпалын тигізеді. Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пайдаланған дұрыс
3
Негізгі бөлім
-
Ұялы телефонның шығу тарихы.
Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
1973 жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының әріптесі Мартин Купер өзінің бәсекелесі Джоэло Энгелоға қоңырау шалады. Бұл ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың ең алғашқысы болатын. Жоғарыда айтқан ұялы телефонның өлшемдері 22,5×12,5×3,75 см болса, салмағы 1,15 кг болған екен. Ал қазір мүлде басқаша.
Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. «Сотка» балалардың денсаулығына кері әсер етеді, соның ішінде есте сақтау қабілеті нашарлайды, танымдық қабілеті төмендейді.Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні «соткаға» жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр.
4
Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.
Кішкентайлардың көпшілігіне қалта телефоны тек ойын ойнауға, әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге т.б. керек. Ал көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін телефон алып береді. Бұл да бір жағынан дұрыс. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын (будильник), еске салғышын (заметка), сағатын және т.б. пайдаланады. Айта берсең кішкене ғана телефонның мүмкіндіктері көп. Бірақ әлем ғалымдары ұялы телефонның адам ағзасына зияны көп деп дабыл қағуда. Ғалымдардың айтуынша, 10 жыл бойы күніне жарты сағат ұялы телефонмен сөйлескен адамдардың глиома дертіне шалдығу қаупі 40 пайызға дейін ұлғаятын көрінеді. Ұялы телефондардың электромагниттік сәулелері жүйке, эндокриндік аурулардың асқынуына әсер етеді. Эпилепсия, жүйке аурулары, ақ қан сияқты дерттің де асқынуының негізгі себепкері де осы сымсыз телефон екен.
Ұялы телефондар күрделі медициналық аппараттардың бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан да оны ауруханаларға алып кіруге болмайды немесе өшіріп кіру қажет.
5
-
Ұялы телефонның пайдаланылуы.
Ұялы телефонның зиянына келетін болсақ, ондағы радиотолқындар тікелей миға әсер етеді. Мида қан айналымының нашарлауы, мидағы бездердің функциялары бұзылуы мүмкін. Қазір телефондарда жарты сағат сөйлесетін тарифтер көбейген. Соған қызығатын жастар телефонда ұзақ сөйлесуді әдетке айналдырып алды. Ұзақ сөйлескен сайын радиотолқындар ағзаға теріс әсер береді. Бірте-бірте адамның есту қабілеті нашарлайды. Телефонда «агент» қосулы тұрғаннан кейін оған үздіксіз радиотолқындар келіп тұрады. Жастар бір-біріне ақпарат «лақтырып», қабылдап отырғанда сол толқынның күші көбейеді. Ал оның ағзаға кері әсер ететіні ғылымда әлдеқашан дәлелденген.
Ұялы телефонның адам ағзасына
қаншалықты зиянды әсер ететіні туралы әрбір қолданушы сенеді, бірақ
мән бермейді. Телефонның қосулы қалпында жай жатқанда зияны
тимейді. Алайда аппараттың құрамдас, айырылмас мүшесі "Transmitter"
("таратқыш",передатчик) іске қосылған кездері ғана адам ағзасына
зиян әкеледі. Әсіресе, телефондағы sim-картаны оператормен
байланыстыру мақсатында аппарат антеннасында өндірілетін
электромагнитті энергия зиян.
Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таратылып
қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға
жұтқызылады. Өйткені энергия ешқайда
жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге
айналады.
Ол клетка миға құтқару
сигналын жібереді, алайда ол сигналдың қуатын телефоннан шығып
жатқан сигнал қуаты басып кетеді.
Ұялы байланыс құралымен сөйлесу ұзақтығын 3 минуттан артық қолдану
өте зиян. Құлақ тыңдағыш арқылы 70%-дай азаяды. Зиян тигізілетін
уақыт сигналды
қабылдағаннан кейінгі 20-30 секунд. Одан ары зиян күші күрт азаяды.
Сондықтан ұялы телефонды дұрыс пайдаланған
жөн.
6
-
Қалай қолданамыз бұл телефонды?
Ұялы телефонды қалай қолдануды бәрі де біледі десек артық айтқандық емес. Біздің айтпағымыз бұл да емес. Біз телефонды қолдану кезінде ескеретін жағдайларды айтқымыз келіп отыр. Мобильді телефоны бар адамдар үнемі телефонын қасында алып жүруі керек. Себебі, бір танысыңыз маңызды шаруалармен қоңырау шалса, сіз алмасаңыз, біріншіден ол кісінің ашуын келтіресіз, екіншіден, дер кезінде тұтқаны көтермесеңіз кейіннен кеш болып қалуы мүмкін. Қоғамдық орындарда да сөйлесуге болмайды. Өзгелерге кедергі келтірмес үшін тасалау жерге немесе адамдар аз орындарда мүмкіндігіне қарай сөйлесерсіз. Қандай да біреу қоғамдық көлікте немесе көпшілік орында жүргенде қоңырау шалса, жұмысын қаншалықты маңыздылығын біліп алып, сәлден кейін қоңырау шалсам бола ма деген секілді өтініш жасап көрген абзал. Не болмаса мынанша уақыттан кейін қайта хабарласа аласыз ба деген өтініш те айтып көріңіз. Ең бастысы көпшілікке зияныңыз тимесе болды.
Ұялы телефонның зиянды жағы көп айтылып жүр. Ұлдар оны бел тұсына қояды. Жасөспірімдер қалтасына салып жүреді. Ал зерттеушілер оның уақыт өте келе ұрық әлсіздігіне, белсіздікке соқтыратынын дәлелдеді. Бірақ біздің жастар бұл кеңеске құлақ салар емес.
Жасырын емес, қазір уақытты білгіміз келсе ұялы телефонға қараймыз, таңертең соның шырылымен оянамыз. Былайша айтқанда, біз телефонға тәуелді болып барамыз. Бұл психологиялық дерттің белгісі, ол есірткіге тәуелділікпен бірдей дерт. Мысалы, маскүнемдердің арақсыз тұра алмайтыны сияқты, қазір телефонсыз жүре алмайтын жастар бар. Солардың көпшілігін бас сақинасы мазалайды. Бұл «агенттің» арқасы. «Агент» арқылы ұзақ сөйлесетіндердің оқуға, жұмысқа ынтасы жоғалады, онда ешқандай да негізсіз, бос ойлар, ұйқысыздық, тіпті ұйқыдан бас тарту пайда болады.
7
Ғалымдар, әсіресе, «3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды» дейді. Өйткені, электромагнитті өріс, өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп, кейін баланың есте сақтау қабілетін нашарлатады. Сондықтан, мамандар радиотехникалық нысандардан бөлінетін зиянды толқындарды тығыздық ағымын өлшейтін аспаптармен ұдайы тексеріп отырады. Айтуларынша, антенналар мен ұялы телефондардың шегі 10 микроватт шаршы сантиметрден аспау керек.
Күнделікті тұрмыста көптеген адамдардың хат, электронды хабарлама, телефон қоңырауы келмесе, тағатсызданатынын байқаған. Әр жарты сағатта шырылдамаса, қарағыштап, қуатын тексеріп, алаңдап отыратынын зерттеген. Хат, қоңырау шалу, ғаламторда ұялы телефонмен ену, жолдаумен әуреге түсетін адамдардың қабілеті төмендейтінін зерттеді. Ғалымдар бұны «Ақпарат Құмарлығы» деп атады.
8
Зерттеу бөлімі
3.1. Электромагниттік толқындар.
Бұл зерттеуді бастауымыздың себебі, ұялы телефонның зиянды электромагниттік қасиеттері бар екенінін дәледегіміз келді, себебі қазіргі таңда барлық адамдар ұялы телефонға тәуелді, ұялы телефонсыз көп нәрсеге қол жеткізе алмайтындай болып жүреді. Жұмысты орындау барысында көптеген тәжірибелер жасап көрдім, алғашында жәндіктерді зерттедім, ұялы телефонның электромагнитік әсерінен олардың қашатынын бақыладым, яғни қаладағы әртүрлі жәндіктердің кету себебі осы электромагниттік өрістерге тікелей байланысты, келесі тәжірибелік жұмысымды тышқанмен орындап көрдім, тірі тышқанды қақпағы бар ыдысқа салып, ішіне екі ұялы телефонды салып, сол телефондарға қоңырау соға бастадым, 15-20 минутта тышқан мықты жыбырлады, содан соң 30-40 минут өткеннен соң әлсіреп, біраздан соң сол ұялы телефонның әсерінен оның қозғалысы тіптен баяулап қалды, тағы да электромагниттік толқындардың әсерінен болды, ең соңғы тәжірибелік дәлелдемемді бақамен орындадым, бақаға да 2-3 ұялы телефонды жаң жағынан қойып, телефон салсақ алғашында қашатын болса, 30-40 минут өткен соң ол да әлсірей бастағанын байқадым.
9
3.2. «Maіl.ru» қызметінің әсері.
Бүгінде «maіl.ru» қызметіне жүгінбейтін адам аз. Әсіресе жастар арасында «агентшілердің» қатары күн санап көбейіп келеді. «Maіl.ru» компаниясының деректеріне жүгінсек, «м-агент» қызметін айына 9 миллион адам пайдаланады, ал оған бір уақытта 2 миллионнан аса адам қосылады екен. Компьютерді былай қойып, енді қалта телефонына еніп алған бұл байланыс желісінің тиімділігі айтпаса да түсінікті. Бірақ оның зияны жоқ деп айта аламыз ба? «Агентте» сағаттап отыратын адамдардың денсаулығында қандай өзгерістер болуы мүмкін?
Ми бездерінің қызметін бұзады. Күніне бір сағат осылай әріп теріп шұқшиған адам көп ұзамай-ақ алыстан көрмейтін болады. Ал адамда көз ауруларының тұқым қуалайтын түрі болса, ол тез қоза бастайды.
Бос уақытын компьютер алдында өткізетін, ұялы телефонға жармасатын адам уақыт өте келе сөз көтере алмайтын, ашуланшақ болады. Өйткені ондағы зиянды толқындар адам психикасына әсер етеді. Ал әлі толық жетіліп болмаған ағза оны тез қабылдайды.
Ультракүлгін сәулелер тек көзге ғана емес, ағзадағы басқа да мүшелерге зиянын тигізеді. Ол енді қалыптасып келе жатқан ағзадағы кейбір процесті өзгертіп жібереді. Оның салдары кейін, уақыт өте келе сезіледі.
Сондай-ақ әр адамда обыр жасушалары сияқты басқа да жасушалар көп. Бірақ иммунитет төмендемейінше ол клеткалар жарыққа шықпайды. Ал компьютер мен ұялы телефоннан бөлінетін ультракүлгін сәулелер иммунитеттің төмендеуіне әсер етіп, әртүрлі ауруларға, мысалы, қатерлі ісік, эндокринологиялық дерттер сияқты ауыр сырқаттарға соқтыруы ықтимал.
Ұялы телефоннан шығатын электромагниттік толқындардың зияндылығы соншалықты,ондағы радиотолқындар тікелей миға әсер етеді. Мида қан айналымының нашарлауы, мидағы бездердің функциялары бұзылуы мүмкін. Қазір телефондарда жарты сағат сөйлесетін тарифтер көбейген. Соған қызығатын жастар телефонда ұзақ сөйлесуді әдетке айналдырып алды.
10
Ұзақ сөйлескен сайын радиотолқындар ағзаға теріс әсер береді. Бірте-бірте адамның есту қабілеті нашарлайды. Телефонда «агент» қосулы тұрғаннан кейін оған үздіксіз радиотолқындар келіп тұрады. Жастар бір-біріне ақпарат «лақтырып», қабылдап отырғанда сол толқынның күші көбейеді. Ал оның ағзаға кері әсер ететіні ғылымда әлдеқашан дәлелденген. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының 90%-ы «агентке» тәуелді десем артық айтпағаным болар. Мұның нәтижесі оқушылардың күнделікті сабаққа деген қызығушылығы мен үлгерімі, ынтасының төмендеуіне әкелетінін көріп жүрмін.
11
3.3. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны.
Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.
Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер, жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін қалтафонды есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады, жалайды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.
Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтафонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.
Қалта телефонының және бір еліктіргіш тұсы — ұялы агент. Онымен қазір бәрі шұғылданады. Бұл агентке компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады. Осы турасында танысымнан естігенімдей, бір сыныпта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады екен. Сондағы бар жазатындары — бір-бірімен танысу.
12
Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, оқушы бала партаның астынан ұялы телефон арқылы агентте отырады. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді. Міне, көрдіңіз бе, титімдей телефонның қаншама нәрсеге залалын тигізіп отырғанын.
Байғұс ата-ана бар жиған-тергенін баласының аузына тосып, одан қалса телефонды несиеге әпереді. Онымен қоймай, ай сайын ішіне ақшасын да салып отырады. Сонда бұл кімге пайда, кімге зиян? Біздіңше, баршылыққа салынып, жас баланы қымбат заттарға әуес етпеу керек. Біріншіден, ол баланың мінезін өзгертеді, екіншіден, сабақтан қалдырады, үшіншіден, менмендікке әкеледі.
13
Қорытынды
Қазір шет мемлекеттердің кейбірінде 16 жасқа дейінгі балаларға ұялы телефонды ұстауға тиым салынған. Және «әр адам ұялы телефонды өзінен кем дегенде 1 метр қашықтықта ұстауы керек» деген тәртіп енгізуде. Олар ұялы телефонды алыстан басқару тетіктері немесе құлаққап (наушник) арқылы пайдалануға көшіп жатыр. Ал бізде телефонын басына жастап ұйықтап, таңертең соның шырылымен оянатындар аз емес. Бұл баста ісік тудыруға «көмектесетінін» ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген, яғни электромагнитті ұялы телефонннан шығатын электромагиниттік өрістер ол адам ағзасына біраз жиналып барып, 5-10 жылдан кейін бірақ пайда болады. Ол мүмкін ісік ауруы, жүйке ауруы, қан ауруы болуы мүмкін. Сондықтан, ұялы телефонды қолданғанда өте сақ болу керек.
Шведтік ғалымдар
пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60
ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін
анықтаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адам денсаулығының 50%-ы өмір сүру сипатынан, 17-20%- әлеуметтік және табиғи жағдайдан, 17-20%- тұқымқуалаушылық ерекшеліктерінен, 8-9%-ы денсаулық сақтау ұйымдарының тиімді жұмыстануынан тәуелді екен. Бұдан, адам өмірінің зиянды әсерден қашық болуы өз денсаулығына немқұрайлы қарауынан, салауатты өмір салтын ұстануынан, сауаттылығынан байланысты екені шығады. Адам өркениеттің жетістіктерін өз денсаулығына зиян келтіруіне жол бермеуі тиіс.
14
Ұсыныс
– мүмкіндігінше телефонмен қысқа сөйлеуге тырысыңыз (ол тәулігіне 3-5 минуттан аспауы керек);
-найзағай ойнауы, күн
күркіреуі кезінде электромагниттік толқындардың әсері артады,
сондықтан ұялы телефонды пайдаланбау керек.
-автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған
дұрыс.
-ұялы телефон арқылы қысқа сөйлесу әдетке айналу керек, қысқаша мағлұмат берілетін кезде SMS қолданылуы керек.
-ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жихазды құлаққа жақындату ең сенімдісі.
15
Пайдаланылған ресурстар :
-
http://kyzdaralemi.kz/adistemelik-burish/173-azrg-yaly-telefonny-adam-mrne-ser.html
-
http://massaget.kz/tehno/bilesiz-be/514
-
http://szh.kz/54743/
-
http://dinislam.kz/news/2009-01-07-667
-
http://dinikozkaras.kz
-
www.45minut.kz
-
News.kz «www.bnews.kz».
-
http://kaztrk.kz
16

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген