«Ұялы телефонның пайдасы мен зияны»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұялы телефонның пайдасы мен зияны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы № 5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі болып қызмет атқарамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 16.02.2018ж.

Тобы: «Ұлан»

Тәрбиеші: Нәлібаева Мақпал

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны»

Мақсаты: Ұялы телефонды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу, ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру; Баланың денсаулығына өз жауапкершілігі туралы ой салу, ұялы телефонмен сөйлесу әдебіне дағдыландыру; Ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу.


Әдісі: Түсіндіру

Түрі: Сыныптан тыс жұмыс


Көрнекілігі: Ұялы телефон түрлері, нақыл сөздер, слайд.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау арқылы сыныптан тыс жұмысын бастаймын.

Кіріспе.

Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды?


Негізгі бөлім.

Өткен ғасырда байланыстың басты құралдары - дауысы көрші үйге естілетін қарапайым телефон, телеграмма немесе хат жазу еді. Техника дамығалы, бұл қызметтің бәрін бір ғана ұялы телефон атқаратын болды. Қазір алақандай ғана осы құралды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ұстайды. Бар шаруа бір тетікті басумен шешіледі. Ұялы телефон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса, қазір екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефоннның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды. Ұялы телефон біреумен кезігерде оңай тауып алуға, бір нәрсе жайында сұрай салуға, алыстағы ағайынның жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал. Кішкентайлардың көпшілігіне қалта телефоны тек ойын ойнауға, әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге т.б. керек. Ал көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін телефон алып береді. Бұл да бір жағынан дұрыс нәрсе. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын (будильник), еске салғышын (заметка), сағатын және т.б. пайдаланады. Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп. Осыдан бірер жыл бұрын ұялы телефон бардың ғана қолында еді. Қазір екінің бірі үшін қолжетімді байланыс құралына айналды. Қайда? Кімге? Қарамаңыз, қала, мейлі, дала болсын, бала мейлі қарт болсын «соткасыз» жүре алмайды.    

Ұялы телефонның шығу тарихы

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шетелдік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірбиелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.


Ұялы телефонның артықшылығы

1) Әр адам және кез келген уақытында пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда

адаммен хабарласа алады.

2) Ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзіңізбен ұстай аласыз

3)Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде "отырамыз

4)Оқыс жагдайға ұшырасақ (көлік апаты , ұрлық , кездесуге уақытылы улгере

алмаған жағдайда, өз өміріңе- жақындарыңа қауіп төнген жагдайда, өз

денсаулығыңа қауіп төнген жагдайда) бірінші қолға ұстайынымыз ұялы телефон

5)Біреудің өліміне куәгер болсаңыз дәлел сіздің қолыңыздағы ұялы телефонның

бейнекамерасы

6)Адам ұрланған жағдайда оның ұялы телефонының чипы арқылы орналасуын

тауып алуға болады

7) Оқыс жағдайға өз сөзіңіздің растығын дәлелдейтін бірден –бір айғақ ұялы

телефонның камерасы

8)Дүкендердегі киім, әшекей бұйымдар,ойыншықтар, үй жиғаздары , кітаптар, т б

заттар ұнап жатса ұялы телефонының интернеті арқылы тапсырыс беруга болады.

Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бір- бірін

көріп сөйлесуге болады


Ұялы телефонның кемшілігі

1 )Ұялы телефон радиация тарататыны үшін өте зиянды. Бір сәттік үшін зияны аңғарылмауы мүмкін. Бірақ ұзақ уақыт қолданылғанда зияны өте көп.

2)Ми, көз, құлақ, кеуде, жүрек және басқа да мүшелерде дегенерация пайда болады.

3)АҚШ дәрігері Девра Давис былай деген: «Ұялы телефонымен сөйлескен кезде ми жасушаларының бір бөлігі өле бастайды...»

4) Жас балаларға және егде жастағы кісілерге өте зиянды.

5) Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.

6.Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады; 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайладанған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Болашақта адамды мидықатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін

7.Шетелдік ғалымдар телефонды көп қолдану адамды Альцгеймер және

Паркинсон ауруына шалдықтырады деп шешті.

8) Шетелдік ғалымдар Сәуленің әсері кейінгі ұрпаққа беріледі деген. 1 ай бойы

түрлі телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірбиесін жасады. Екі

аптадан соң олардың иммундық жүйесі өзгерді. Сәулеленген атжалмандар қанын

басқа атжалман тышқандарға екті. Кейін өліп қалды.


Ұялы телефонның зиянды әсерінен қорғану тәсілдері

1. Оны көйлекте емес, сумкада алып жүру керек

2 Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз

Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз.

Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз


Қорытынды:

Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

Егерде ұялы телефонды қолданғанда өз ережесіне сай қолданса, айтарлықтай зияны жоқ, бірақ сол ережені сақтамаудың кесірінен көптеген ауруларды адам өз қолымен тауып отыр.

« Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - деп қазақ халқымыз айтқандай, ұялы телефонды қорғану ережесін сақтап қолдансақ, нұр үстіне нұр болар еді.



Тексерілді: _________________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі