Материалдар / "Ұялы телефонның зияны мен пайдасы"

"Ұялы телефонның зияны мен пайдасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім саласын реформалау мен дамытудың ауқымды міндеттерінің ішінде оқушыларға құқықтық тәрбие беруді жетілдіру, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы сапалық деңгейін көтеру. Қазіргі таңда, біздің басты міндеттеріміздің бірі қазақстандық отансүйгіштікті, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрмет ететін азаматын тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
502
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облыстық білім басқармасы

«Болашақ» университетінің жоғары колледжі







Бекітемін

Колледж директорының тәрбие

жұмыстары жөніндегі орынбасары

Бақберді Ә.Б._________________

«_____» _____________ 2020 жыл









Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

(пікір-талас)


Ұйымдастырушылар: Ескуниева М.Е., Серкебаев Д.Ж.




«Қызмет көрсету, құқық және өнер

мамандықтарының пәндері» циклдік

комиссиясында талқыланып, мақұлданды

Хаттама №____ «____» _______________

Цикл жетекшісі _________Ж.Ж.Тажикова














Қызылорда қаласы

Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

(пікір-талас)


Мақсаты:

Білімділік: Ұялы телефонды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу, ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру.

Дамытушылық: Баланың денсаулығына өз жауапкершілігі туралы ой салу, ұялы телефонмен сөйлесу әдебіне дағдыландыру.


Тәрбиелік: Ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу


Әдісі: Дебат ойыны.  Пікір таластыру.      


             Сабақтың көрнекілігі:  Ұялы телефон макеті, истаграмм желісі макеті, видеороликтер

Жүргізуші: Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты пайдалы немесе зиянды? Осы сұрақтардың жауабын табу үшін біз бүгінгі «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» туралы ток шоуымызды бастаймыз. Ол үшін ортаға бүгінгі күні ұялы телефонды ең көп пайдаланатын қонақтарымызды шақырамыз. Ендеше қарсы алыңыздар, «Әр күнім бір ертегі» хиштегімен әлеуметтік желілердің белсенді жүргізушісі «Болашақ» университетінің жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Смайлова Аида Есенгелдіқызын қарсы алыңыздар! Сондай-ақ, көптеген мәселелерді телефонмен-ақ шешіп, жұмыстарын жүргізіп отырған «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің әдіскері Серібаева Жұлдызай Мүсілімқызын және ұялы телефонды көп пайдаланушылардың бірі «Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтар пәндері» циклдік комиссиясы бірлестігінің құқық пәнінің оқытушысы Сарбалаева Айгүл Шакиқызын ортаға шақырамыз!

Телефонның адамдарға тигізер психологиялық әсері туралы айту үшін осы колледждің психолыгы Пирмантаева Гүлназ Өмірсерікқызын, қазіргі кезде адамдардың газет-журналдар, кітаптарды қалай пайдаланатыны жөнінде пікірін білу үшін университетіміздің кітапханашысы Алдабергенова Жанар Байшорақызын және телефонның адам ағзасына тигізер әсерлері жайлы колледж медбикелері Оразбекова Салтанат Мейірбекқызы мен Тілектес Жұлдызай ханымдарды Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз! Пікір таласымызды бастамас бұрын осы телефондардың шығу тарихымен танысу үшін экранға назар аударайық!

Ұялы телефонның шығу тарихы

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шетелдік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірбиелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:

  1. Жай ұялы телефон

  2. Ұялы бейнетелефон/смартфон

Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.

Смартфон (ағылш. smart — білімді, ақылды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.

Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бір- бірін көріп, сөйлесуге болады.

(видеоролик көрсетіледі)

Өткен ғасырда байланыстың басты құралдары - дауысы көрші үйге естілетін қарапайым телефон, телеграмма немесе хат жазу еді. Техника дамығалы, бұл қызметтің бәрін бір ғана ұялы телефон атқаратын болды. Қазір алақандай ғана осы құралды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ұстайды. Бар шаруа бір тетікті басумен шешіледі.

Ұялы телефон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса, қазір екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефоннның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды. Ұялы телефон біреумен кезігерде оңай тауып алуға, бір нәрсе жайында сұрай салуға, алыстағы ағайынның жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал. Кішкентайлардың көпшілігіне қалта телефоны тек ойын ойнауға, әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге т.б. керек. Ал көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін телефон алып береді. Бұл да бір жағынан дұрыс нәрсе. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын (будильник), еске салғышын (заметка), сағатын және т.б. пайдаланады. Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп.

Осыдан бірер жыл бұрын ұялы телефон бардың ғана қолында еді. Қазір екінің бірі үшін қолжетімді байланыс құралына айналды. Қайда? Кімге? Қарамағыңыз, қала, мейлі, дала болсын, бала мейлі қарт болсын «соткасыз» жүре алмайды.    


Енді, келген қонақтарға мына сұрақтар төңірегінде сөз берелік:

1.Ұялы телефонның адам денсаулығына зияндылығын білесіз бе?
2. 
Адам қанша уақыт ұялы телефонмен сөйлесе алады?
3. Ұялы телефон қандай ауруларға душар етуі ықтимал?
4. Ұялы телефон қандай дене мүшелеріне зиянды әсер етеді?
5. Ұялы телефонның зияндылығын қалай білуге болады?


Ұялы телефонның артықшылығы:

  1. Әр адам және кез келген уақытында пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда

адаммен хабарласа алады.

2) Ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзіңізбен ұстай аласыз

3) Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде отырамыз

4) Оқыс жагдайға ұшырасақ (көлік апаты, ұрлық , кездесуге уақытылы үлгере

алмаған жағдайда, өз өміріңе-жақындарыңа қауіп төнген жагдайда, өз денсаулығыңа қауіп төнген жагдайда) бірінші қолға ұстайынымыз ұялы телефон

5) Біреудің өліміне куәгер болсаңыз дәлел сіздің қолыңыздағы ұялы телефонның

бейнекамерасы

6) Адам ұрланған жағдайда оның ұялы телефонының чипы арқылы орналасуын

тауып алуға болады

7) Оқыс жағдайға өз сөзіңіздің растығын дәлелдейтін бірден-бір айғақ ұялы

телефонның камерасы

8) Дүкендердегі киім, әшекей бұйымдар, ойыншықтар, үй жиғаздары, кітаптар, т б

заттар ұнап жатса ұялы телефонының интернеті арқылы тапсырыс беруга болады.

9) Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бір- бірін көріп сөйлесуге болады



Ұялы телефонның кемшілігі:


1) Ұялы телефон радиация тарататыны үшін өте зиянды. Бір сәттік үшін зияны аңғарылмауы мүмкін. Бірақ ұзақ уақыт қолданылғанда зияны өте көп.

2) Ми, көз, құлақ, кеуде, жүрек және басқа да мүшелерде дегенерация пайда болады.

3) АҚШ дәрігері Девра Давис былай деген: «Ұялы телефонымен сөйлескен кезде ми жасушаларының бір бөлігі өле бастайды...»

4) Жас балаларға және егде жастағы кісілерге өте зиянды.

5) Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.

6) Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады: 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайладанған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Болашақта адамды миды қатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін.

7) Шетелдік ғалымдар телефонды көп қолдану адамды Альцгеймер және Паркинсон ауруына шалдықтырады деп шешті.

8) Шетелдік ғалымдар Сәуленің әсері кейінгі ұрпаққа беріледі деген. 1 ай бойы түрлі телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірбиесін жасады. Екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі өзгерді. Сәулеленген атжалмандар қанын басқа атжалман тышқандарға екті. Кейін өліп қалды.




Ұялы телефонның зиянды әсерінен қорғану тәсілдері


1. Оны көйлекте емес, сумкада алып жүру керек

2. Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз

3. Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз.

4. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз



Қорытынды


Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. Егерде ұялы телефонды қолданғанда өз ережесіне сай қолданса, айтарлықтай зияны жоқ, бірақ сол ережені сақтамаудың кесірінен көптеген ауруларды адам өз қолымен тауып отыр.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - деп қазақ халқымыз айтқандай, ұялы телефонды қорғану ережесін сақтап қолдансақ, нұр үстіне нұр болар еді.










Ұялы телефонның пайда болған сәтінен бастап, олардың пайдасы және зияны жайлы көптеген даулар басталды. Осы тақырыпта, мобильді телефондардың адам ағзасына қаншалықты қаупі бар екені туралы айтып өтеміз.

Ұялы телефондардың арқасында өмір сүру әлдеқайда жеңілденді. Адамдарда бір-біріне деген алаңдаушылық тумайды, себебі кез-келген уақытта өзара байланысуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, телефонды Интернетке қосып, ғаламтор арқылы жаналықтар көруге немесе поштаны тексеруге болады. Бірақ артықшылықтармен бірге, ұялы телефонның бірқатар елеулі кемшіліктері бар. Ұялы телефонның зияны Иммундық жүйенің зардап шегуі. Норвегия мен Данияның ғалымдары жүргізген зерттеулерге сәйкес, ұялы телефонды пайдаланушылар көбінесе бас ауруларына және ұйқышылдыққа шағымданады. Сонымен қатар, ұялы телефон шығаратын зиянды электромагниттік өрістердің әсерінен дененің иммундық жүйесі зардап шегеді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ағзаның ауруларға және басқа да зиянды сыртқы әсерлерге төзімділігін төмендетуі мүмкін. Америкада 90-шы жылдардың басында ерекше сот процесі өтті. Адвокаттар ми ісігінен зардап шеккен әйелдің өліміне, ұялы телефонның зияны әсер еткенін дәледей алды. Басыңызды байқаңыз. Көру қабілеті нашарлайды. Ресейде егеуқұйрықтарға өткізіліген эксперименттер кезінде, электромагниттік толқындардың әсерінен жануарлардың көру қабілеті төмендеген. Ұйқы қанбайды. Ұйықтау кезінде, тіпті ең қарапайым ұялы телефон ұйқыңыздың қануына кедергі келтіруі мүмкін. Өйткені, ұялы телефонның электромагниттік толқындары орталық жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Ұқсас: Тез ұйықтау үшін не істеу керек? Пайдасы Адамдар арасындағы байланысты кеңейтеді. Ата-аналарға әрқашан баланың қай жерде екенін білуге мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайда полицяға немесе жедел жәрдемге тез қоңырау шалуға болады. Интернеттен қажет ақпарат алуға көмегін тигізеді. Керек кезде калькуляторды, оятқышты, сағатты, шамды, камераны қолдану мүмкіндігі бар. Балаларға зияны Баланының дамуын баяулатады. Ұйқының бұзылуы. Омыртқаға кері әсерін тигізеді. Көру қабілетінін нашарлауы. Ұқсас: Темекі шегудің зияны  Қолдану ережелері аса қажет болмаса, телефонды пайдаланбаңыз; ұялы телефонмен 3-4 минуттан артық үздіксіз сөйлеспеңіз; балалардың қолына бермеңіз; жүктілік кезінде қолданбаңыз; сатып алар кезде, сәулелену қуаты төмен ұялы телефонды таңдаңыз; имплантацияланған кардиостимуляторды қолданатын адамдарға, телефонды пайдалануын шектеу.





Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагнит-тік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникация-ның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.

Shape1

Мазмұны

Зияны[өңдеу]

Электромагниттік өріс толқыны­ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ­за­ның ор­та­лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө­ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эм­брион-ның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр­сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана­ ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек­тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге­ ұрын­дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Қолданылуы[өңдеу]

Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды. Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын. «Сотка» балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні «соткаға» жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісік-тің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градус-қа дейін қыздырады екен.

Сақтық шаралары[өңдеу]

Біріншіден, аталған қондырғыларды тұ­йық­тау жүйесіне міндетті түрде енгізу қа­жет. Екіншіден, компьютер-лер мен ойын автомат-тарының және тағы да бас­қа құралдардың орналастыру талабы мен пайдала­ну уақыты сақталынуы ти­іс. (Күндік тиісті уа­қыты – 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір са­ғат сайын, балалар әр 30 минут са­йын үзі­ліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнын­дағы электро­магниттік өріс дең­гейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұ­руы қажет. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ