400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометрия элементтері 4С Нысандардың орналасуы және бағыты

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Геометрия элементтері

4С Нысандардың орналасуы

және бағыты

Ортақ тақырып:

Дені саудың жаны сау

Күні:

Сынып: 1-сынып 4-тоқсан

Мектеп: №11

Мұғалімнің аты-жөні: Молдабекова Рахат Толегеновна

Қатысқандар саны: 4

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі (Кеңістік фигуралар)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш,дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус,пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жазық фигураларды және кеңістік фигураларды тани біледі.

Көптеген оқушылар: Жазық фигураларды және кеңістік фигураларды тани біледі және ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Жазық фигураларды және кеңістік фигураларды қоршаған ортада ажырата алады.

Бағалау критерийлері

  • Жазық фигураларды және кеңістік фигураларды анықтайды;

  • Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады;

  • Жазық және кеңістік фигураларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз: Жазық фигураларды және кеңістік фигураларды таниды және ажыратады.

Пәнге тән лексика мен терминология: жазық фигура, үшбұрыш,дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш және кеңістік фигуралар: куб, шар, цилиндр, конус,пирамида, тікбұрышты параллепипед.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Бұл фигуралардың ортақ қандай белгілері бар?

  • Мұндай фигураларды қайда қолданамыз?

Құндылықтарды дарыту

топтық жұмыс кезінде ынтымақтастық құндылығын орнатылады.

Пәнаралық байланыстар

№ 2 тапсырмада оқушылар сурет салу арқылы еңбек сабағымен тығыз байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Кез - келген пішіндер және фигуралар.


Бастапқы білім

Фигураларды таниды.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ширату жаттығуы: « Сиқырлы сандық » әдісі.

Оқушыларды « Сиқырлы сандықта» жасырылған фигуралардың пішіндерін қолдарымен сипалап анықтауға шақырамын. «Сиқырлы сандық» ретінді әртүрлі қораптардан жасалған сандықтарды қолданамын. Оқушылар сипап сезу арқылы пішіндерді табады.

/ оқушылардың жауаптарын тыңдау/

  • -Бүгінгі сабақ барысында осы пішіндердің сабаққа қандай қатысы бар?

  • -Бүгінгі тақырыпта не айтылады деп ойлайсыңдар?

-дұрыс фигураларды ажыратуды үйренеміз.

Миға шабуыл жасау

Сабақтың ортасы


Мұғалім түсіндірмесі:

оқушылар төмендегі суреттерді байланыстыру арқылы кеңістіктегі фигураларды анықтайды. Тапқан фигуралардың атауы және қосымша мәлімет видеролик арқылы беріледі. (Текше, пирамида, конус, целиндр)

Осы видеороликті негізге ала отырып келесі тапсырмаларды орындайды.




























1-тапсырма (МК) Жазық фигураларды және кеңістік фигураларды анықтау мақсатында «Пішіндер» бейнематериалын көрсету. Бейнематералдан кейін оқушыларға сұрақтар қою арқылы алдынғы білімдерін жинақтау.

Өздеріңе таныс қандай фигураларды көрдіңдер?

-Өздеріңе таныс емес қандай фигураларды байқадыңдар?

-Ол неге ұқсайды екен?

-Бұл фигураларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Тағы қандай фигуралар түрін білесіңдер?

-Жазық фигуралар мен кеңістіктегі фигуралардың айырмашылығы қандай?

Қ.Б. Жазық фигураларды және кеңістік фигураларды анықтау барысында ұйымдастырылған тапсырманы «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

2-тапсырма (ТЖ) «Сәйкестендіру» әдісі.

Жазық фигураларды және кеңістік фигураларды білестіреді;

Топтарғафигураларға байланысты суреттер беріледі, сол суретті ұқсас фигураларды сәйкестендіру арқылы бірлестіреді, атауларын атайды. Мысалы: сағат- дөңгелек, кітап - төртбұрыш т.б

















ҚБ: Жазық және кеңістік фигураларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіруге берілген тапсырманы орындағаннан кейін бағалау барысында «от шашу » әдісін қолданады. Бұл әдіс арқылы бірін-бірі бағалайды.

3-тапсырма (Ж) «Суретші» әдісі.

Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады;

Оқушылардың алдына таратпа метериалдар таратылады, сол материалда жазық және кеңістік фигуралар белгіленген. Сол фигураларды екі жаққа ажыратып орналастырады.


Жазық фигуралар












Кеңістік фигуралар



ҚБ: Жазық және кеңістік фигураларды ажырату мақсатында орындалып отырған тапсырманы «Жапондық» әдіс арқылы бағалайды. Тапсырманың дұрыс жауабы оқушылардың жұмысынан кейін интерактивті тақтаға шығады.


4-тапсырма (ЖЖ) «Пазыл құрастыру» әдісі.

Жазық және кеңістік фигураларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.

Жұптасып отырған оқушыларға әртүрлі кеңістіктегі және жазықтықтағы фигуралардың қиындылары таратылады.Сол фигураларды қолданып, кез – келген заттар немесе жануарлар жасайды.











Нұсқау:



Қ.Б Жазық және кеңістік фигураларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіруге берілген тапсырманы орындау барысында «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінін сәйкестендірген пазылды бағалайды.

Қызыл түс – мен бүгінгі сабақта өткен жазық фигураларға ұқсас заттарды табуда қателестім.

Сары түс –мен жазық фигураларды қоршаған орта заттарымен сәйкестендіруде қателіктер жібердім.

Жасыл түс – жазық фигралар мен кеңістік фигураларға арналған пазылды құрастыра отырып айырмашылықтарын ажыратуға, сәйкестендіруге арналған тапсырмаларды дұрыс орындай алдым.








































https://youtu.be/cjooFcYL1kc

https://www.youtube.com/watch?time_continue=58&v=cjooFcYL1kc&feature=emb_logo




Сабақтың соңы

Рефлексия «Үйшік жаса»

О қушылар сұрақтарға жауап беру арқылы, фигуралардан үйшік құрастырады. 3 сұраққа да толық жауап берсе, үйшік құрастыра алады. Толық жауап бермесе үйшік құрастыра алмайды.

- Кеңістік фигураларына мысал келтір.


- Жазықтық фигураларына мысал келтір


- Бүгінгі сабақ саған несімен ұнады?



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау тәсілдері:

  • Жазық фигураларды және кеңістік фигураларды анықтауға арналған тапсырманы орындау кезінде қиналған оқушыларға уақыт беріліп, қарқын арқылы саралау жүргізіледі;



  • Жазық және кеңістік фигураларды ажыратуға берілген тапсырмаларда оқушылар ақпарат көзімен жұмыс жасау барысында қосымша көмекті қажет ететін жағдайда дереккөздермен жұмыс жасау арқылы саралау жүргізіледі;



Сабақта қолданылатын бағалау әдістері:

  1. «Сәйкестендіру» әдісін от шашу арқылы бағалайды

  2. «Суретші» әдісін жапондық әдіс арқылы бағалайды

  3. «Пазыл құрастыру» әдісін бағдаршам түстері арқылы бағалайды.


Дескриптор:

  1. Жазық фигураларды біледі;

  2. кеңістік фигураларды анықтайды;

  3. Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады;

  4. Жазық және кеңістік фигураларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді;

Жазу барысында партада дұрыс отыруды қадағалау.

Ақпарат көзімен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
962
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі