400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үздік авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған авторлық бағдарлама
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар


Тіл дамыту ізденімпаздыққа бастайтын жол. «Білім негізі– бастауышта» деп тегін айтылмаған. Бастауыш сатысы – оқушы дамуының іргетасы, оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Осы кезеңдегі түбегейлі мақсат, міндетті түрде жүзеге асатын пәннің бірі – ана тілі.

Баланың тілінің дамуына көркем шығарманы қолданудың тиімділігі – оқушы дүниетанымы кеңейіп, әдеби жанрды тани білуге, оқушының жүйелі ойлау қабілетін тудырып, шығармашылық ізденіске бейімдеушілігін молайтады, тіл байлығын арттырады.

Тіл дамыту бағдарламасы оқушылардың жас ерекшелігіне, даярлығына, қабылдау деңгейіне байланысты оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалынған.

Осы орайда бұл бағдарлама оқушының психологиясын, көркемдік талғамын шығармашылық мүмкіндіктерін арттырып, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді өз бойына сіңіруді мақсат тұтқан.

Оқушы тіл дамыту курсын меңгере отырып, айналадағы дүниені танып білу, жақсы мен жаманды ажырата білуге, ізгілікке үйренеді.































Пікір


Әрбір ұлттың жас ұрпағы ана тілін терең оқып, жете білуге өз елін, туған жерін сүюге тәрбиеленуі тиіс. Егер бала кішкентай күнінен өз халқының ұлттық психологиясында тәрбиеленбесе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бойына сіңірмесе, өз халқының тарихын, өнерін, мәдениетін біліп өспесе, толыққанды өз халқының өкілі бола алмайды.

Баланы тәрбиелей отырып оқыту, халықтық педагогикаға көңіл қою қазіргі өмір талабы.

Қазақ халқы ауыз әдебиеті үлгілеріне өте бай. Онда ананың нәрестеге, әженің немереге аманат етіп қалдырған мол мұрасы бар. Сол ауыз әдебиеті үлгілерін оқи отырып бала тілі ұштала түсетіні анық.

Баланың жеке басының дамуына оның сөйлеу тілінің дамуы ерекше рөл атқарады. Тіл байыған сайын баланың ой - өрісі шарықтап, қиялы ақыл – ойы дамиды.

Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтар, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер бала тілін дамытуда орны ерекше. Осындай мазмұны терең, тілі көркем , оқуға жеңіл, тез жатталатын өлең, шығармалардан үзінділер оқып, үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады, оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіре білуге жаттықтырады.

Бұл бағдарлама 2 сынып оқушыларының талап деңгейіне сай құрастырылған. Сөзі жеңіл, айтылатын ойы түсінікті.

Осы авторлық бағдарламаны әрі қарай тереңдетіп жалғастырса жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады деген ойдамын.





















Оқыту пәнінің мақсат-міндеттері

Мақсаты: Оқушыларға тіл дамыту сабағынан жан – жақты білім бере отырып, мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез жатталатын шығармаларды оқып үйрету, үйренгендерін өз сөздерін де қолдана білуге үйрету.

Міндеттері:

-Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу.

-Сөздің грамматикалық пішінін анықтау.

-Сөздік қорын байыту.

-Байланыстырып сөйлеуін,ойлау, қиялдау, елестету қабілетін дамыту.

-Ел өнері мен мәдениетін құрметтеуге баулу.

































Пәнді оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз ету


1.Оқыту теориялық: журналдар,ертегі кітаптары,жұмбақ,мақалдар жинағы.

2.Оқыту практикалық: тапсырмалар,тесттер,диктант.


3.Оқыту әдістемелік: шығарма,тест,диктант,тіл дамыту жұмыс дәпері.


4.Оқыту көрнекілігі : интерактивті тақта,сюжетті суреттер,кітаптар.














































Түсінік хат


Тіл дамыту негізі бастауыш сыныпта қалыптасады.

Тіл адамның бір – бірімен пікір алмасып, қарым – қатынас жасайтын құралы. Тілдің қоғамдағы тәрбиелік қызметі ерекше. Тіл – ұлттық мәденеиет көрсеткіштерінің бірі.

Таза, мәнерлі тіл – ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениетті қалыптастырады.

Ең басты міндет – дыбысты дауыс ырғағына келтіріп, дұрыс айтуға үйрету. Көбінесе балалар ана тілінде мына дыбыстарды дұрыс айта алмайды: р, ң,с, з, щ, ч, к, ү, ш. Бұл дыбыстарды сөз ішінде балалар дұрыс айтуға қиналып дыбыс екпінін қоя алмайды, айтылуы ұқсас дыбыстарды шатастырады. Сондықтан тіл дамыту сабағында жаңылтпаш, санамақ және әр түрлі дидактикалық сөздік ойындарды пайдалану қажет.

Оқушының таным белсенділігін арттырудың бір жолы – тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асыра аламыз. Тіл дамыту жұмыстарындағы негізгі қойылатын бағыт – бағдар – оқушы ойын жүйелі айтуға үйрету, шағын мәтіндер, өлеңдер арқылы оқушы қызығушылығын ояту, жүйелі мазмұндатуға қалыптастыру.

Тіл дамыту арқылы оқушының ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі қалыптасады. Сонымен қатар – оқушыға шығарма, әңгіме құрастырумен қатар жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер құрастырып үйрету, мақал – мәтелдер, жаңылтпаш, қысқа мәтіндер, әңгімелерді оқып мазмұнын айтуға үйрету.

Тіл дамыту жұмыстарында дамыта оқыту жүйесі іске асып, әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады. Бала жұмысына сын көзбен қарап бағалауға, ойын еркін, дұрыс, ашық айта білуге үйренеді.

Тіл дамытуға арналған бұл бағдарламада мәнеріне келтіріп әңгімелеу, суретке қарап әңгіме құрастыру, өлеңді дауыс ырғағына келтіріп жаттап алу, байланыстырып сөйлеу, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдер берілген.




















Оқу тақырыптық жоспар

Аптасына 1-сағат, жылдық сағат саны -34 сағат

№

Тақырыптар

Сағат саны

Оның ішінде

Мерзімі

Са-бақ-тар

Өзіндік жұмыстар

Бақы-лау жұмыстар


І тоқсан

1

Тіл – халық қазынасы

1

1




2

Мектеп

1

1




3

Астанам – алтын ордам

1

1




4

Мақал – сөздің мәйегі

1


1



5

Төле би мен Түлкі бала

1

1




6

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

1


1



7

Әке мен бала

1

1




8

Егіс пен өсімдіктер өлкесінде

1

1




9

Жаңылтпашты жаттайық!

1



1


ІІ тоқсан

10

Шегіртке мен құмырсқа

1

1




11

Ребус құрастыру, шешу

1


1



12

Жыл мезгілдері

1

1




13

Даламда бар түрлі құс

1

1




14

Мазмұндама

1


1



15

Ұйқасын тап

1

1




16

Тест

1



1


ІІІ тоқсан

17

Ертегілер елінде. Күн, Ай және Әтеш

1

1




18

Түлкі мен тырна

1

1




19

Диктант

1


1



20

Жайлау

1

1




21

Ақылды тентек

1

1




22

Абайла балақай!

1

1




23

Екі соқа

1

1




24

Табиғат құбылыстары

1

1




25

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

1



1


26

Шығарма

1


1



ІҮ тоқсан

27

Төрт түлік туралы жырлар

1

1




28

Әжемнің ұршығы. Жүн бояу

1

1




29

Абай тағылымы

1

1




30

Шығарма

1


1



31

Тест

1


1



32

Оқу құралдары

1

1




33

Мазмұндама

1



1


34

Презентация

1



1



Барлығы

34

21

8

5











































Күні:

Сабақ 1

Пәні : тіл дамыту


Сабақтың тақырыбы: Тіл – халық қазынасы


Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Баланың санасына ана тілінің қадір – қасиетін сіңіру, туған тілді құрметтеуге баулу, туған тіліміздің мәртебесін көтеру, тілдің тазалығы – ұлт болашағы екендігін меңгерту.

Дамытушылық

Тіл баланың таза, инабатты, сыпайы болып өсуіне және ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіруіне ықпал ететінін ұғындыру

Тәрбиелік

Оқушыларды ана тілін сыйлап, таза, мағыналы сөйлеуге тәрбиелеу.



Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, талдау

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар


Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Психологиялық дайындық

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Дәптермен жұмыс

VI. Сабақты бекіту


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару


ІІ Психологиялық дайындық.

  • Сабақта бір – бірімізге сәттілік тілейік

  • Ребусты шешейік


III. Жаңа сабақ:

1. Проблемалық сұрақ:

- Балалар, біз қай ерспубликада тұрамыз?

- Қазақстан Респуликасында.

- Республикамыздың ел ордасы қалай аталады?

- Астана

- Біз қай ұлтпыз?

- Біздің ұлтымыз – қазақ.

- Дұрыс айтасыңдар. Біздің ұлтымыз қазақ, біздің тіліміз – қазақ тілі. Ата бабамыздан мұраға қалған қасиетті тілімізде аналарымыз, әкелеріміз, аталарымыз сөйлеген.

Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Әрбір адам өз ана тілімен бақытты, ана тілімен биік, әрі асқақ. Өз еліңнің, жеріңнің халқыңның мерей – мәртебесін биіктету үшін қазынаң – ана тілін жетік білу қажет.


2. Ойға шақыру

Тіл – рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы. Оның бұлағынан жас бала ана сүтімен ауызданады, алғашқы уілінен бастап сөйлеуді үйреніп, тілі шыға бастайды.


Үш бақытым

Анамның тілі – айбыным менің,

Анамның тілі – ай, күнім менің.

Сүйемін байтақ – елімді туған,

Сүйемін байтақ - өмірді думан.

Әр адамның өз анасынан басқа,

Болу керек құдіретті төрт ана,

Туған жері – түп қазығы – айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт – санасы – тірегі,

Тағдырынаи шуақ шашар үнемі.


- Балалар, осы өлең – тақпақтарда айтылғандай өз тілімізді қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек.

Біз халықтың жан дүниесін ана тіліміз арқылы танып білеміз. Біздің ана тіліміздің байлығы ұрпақтан ұрпаққа жазу жоқ кезеңде шешендік сөздер, ертегілер, аңыздар, ауыз әдебиеті арқылы жеткен. Мысалы эпостық жырлар. Эпостық жырлар деп батырлар туралы жырланған жырларды айтамыз.

- Біз қандай батырларды білеміз?

Балалар:

- Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын батыр, Қамбар батыр.

Біздің тіліміз бай. Той – томалақ, жиындар айтыссыз өтпеген. Айтыс – суырып салма ақындардың сөз таласы. Айтыскерлер орынды әзіл – қалжыңды тапқырлықпен қолдана біледі. Айтыс атадан қалған мұра, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін мына сендер.

Тіл - өте күрделі, көп қырлы, сан - сапалы құбылыс. Ең алдымен, ол - белгілі бір адамдар қауымында қарым -қатынас жасауды жүзеге асыру үшін табиғи жолмен пайда болған өзіндік ерекше көне таңбалар жүйесі.

Ұлттың күретамыры да, қаны да, ең алдымен оның тілі. Сондықтан да тілден айырылып бара жатқан ұлтымызды жақсы жағдайда болып еді деп айтуға ешкімнің аузы бара қоймас.

Тілсіз ой болуы мүмкін емес. Ол дегеніміздің өзі - тек тіл арқылы ғана іске асырылатын, адам баласына Алланың берген сыйы. Сол себептен ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуіміз қажет.

¥лттың тілі - оның жаны, рухы, жүрегін соқтырар қантамыры іспетті, ал адам сол күре тамырдан айрылса, оның күні не болары белгілі.

Ана тілім

Ана тілім – ұраным,

Ана тім – құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр, әнім.

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім болмакса,

Бүтінелмес кемдігім.

Ана тілім – ырысым,

Ана тілім – қылышым.

Ана тілсіз тарылар,

Кең дүниеден тынысым

Ана сүтін ақтаңдар,

Ана тілін сақтаңдар?!

Ана тілмен безеніп,

Ата берсін ақ таңдар!


Мақал – мәтел жаттайық:

Мағынасыз сөз болмайды,

Мақалсыз ел болмайды.

Мақалсыз сөз ауыздықсыз қалған аттай,

Мақалды сөз қағазға жазған хаттай.

  1. Жаксыға сөз ілеседі,

Жаманға шөп ілеседі.

2. Қылыш жарас бітеді,

Тіл жарасы бітпейді.

3. Тіл тас жарады

Тас жармаса, бас жарады.


4. Таяк еттен өтеді,

Сөз сүйектен өтеді.

5. Акыл көркі – тіл,

Тілдің көркі - сөз.

6. Ат аяғы аксауық,

Ақын тілі қақсауық.

7. Айғайласқан ашудан,

Сыпайы айтқан сөз артық

Қанмен сіңген бойымызға қайсарлық,

Билер болған кесіп шешіп айтарлық. Батырлары байтақ елін қорғаған,

Өжет елміз жау бетінен қайтарлық.

Қазақ тілім туған тілім өрлесін.

Қазақ тілі ешқашанда өшпесін,

Барлық казақ өз тілімен сөйлесін.


IV.Сергіту сәті:










Қорытынды:

Өз тілін білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт. Ана тілін білмей тұрып , бөтенше жақсы сөйлеу – күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу – ол сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктеу – зор қате.


VI.Үйге тапсырма

- Ана өлеңін жаттау


VII.Бағалау:

Біліміне қарай бағалау































Күні:

Сабақ 4

Пән тіл дамыту


Сабақтың тақырыбы: Мақал – сөздің мәйегі


Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Оқушыларға мақалдардың, нақыл сөздердің мағынасын жан – жақты түсіндіру

Дамытушылық

Оқушылардың ианым белсенділігін, логикалық ой - өрісін жетілдіру

қиялын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбеккорлыққа, ізгілікке тәрбиелеу.




Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер топтамасы


Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Дәптермен жұмыс

VI. Сабақты бекіту


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Құралдарын алғызу.

Сабаққа зейіндерін аудару.


II.Үй тапсырмасы:

- Астана жайлы сұрау


III. Жаңа сабақ:


Мақал – мәтел, нақыл сөздер – халықтың ұзақ уақыт бойыадамдардың іс - әрекетіне, мінез – құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздері. Ауыз әдебиетіміздегі ең көп таралған осы мағыналы сөздер әлі де жасай бермек. Біз осы өнегелі сөздерден ғибрат аламыз. Жамандықтан жиренеміз, жақсылыққа қуанамыз.

Біздің халқымызда ұлы тұлғалар тудырған нақыл сөздер халықпен бірге біте қайнасып сөздері мақалға айналған.

Мысалы: Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей. Абай

«Ел болам десең – бесігіңді түзе.» М.Әуезов


«Отан үшін отқа түс – күймейсің.» Б. Момышұлы


Туған жердей жер болмас, Туған жердің күні де ыстық,

Туған елдей ел болмас. Түні де ыстық.

Отан оттан да ыстық. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Бірлік болмай тірлік болмас.

Ынтымақ түбі – игілік, Әдептілік, ар – ұят-

Тірлік, тірлік түбі – бірлік. Адамдықтың белгісі.


Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Досыңды бір алдасаң,

Өзіңді мың алдағаның.

Оқу – білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы. Бір адам қазған құдықтан,

Мың адам келіп су ішер.


Күшіңе сенбе, ісіңе сен. Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

Еріншектің ертеңі таусылмас.

Оқы да, біл,

Ойна да күл.

Денсаулық – зор байлық.



IV. Сергіту сәті:

Кел, балалар,

Кел, бері,

Қыздырайық денені,

Орнымызда тұрып-ақ,

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш!

Екпіндей түс!

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп қозғайық.

V. Дәптермен жұмыс:

* Мақал-мәтелдерді жазу

* Мағынасын түсіндіру


VI. Сабақты бекіту:

Қазақ – ақын халық. Ойға көсем, тілге шешен кемел билері мен кемеңгер қармялары көп өткен ел. «Тілі бардың тіріде ақысы кетпейді», «Өнер алды- қызыл тіл» деп ұққан халықпыз. Аталарымыз ердің құнын екі-ақ еуыз сөзбен шешіп отырғанын білеміз. Енді тілімізді айтып тілене бірнеше, шешендікті меңгеріп шіренетін кез келді.


VІІ Үйге тапсырма

  • Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер жаттап келу.


VІІІ Бағалау

* Біліміне қарай бағалау.





Күні

Сабақ 5

Пән тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Төле би мен Түлкі бала

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Оқушыларға шешендік өнердің ауыз әдебиетінің бір саласыекендігін жан – жақты түсіндіру.

Дамытушылық

Тілдің тазалығын сақтай отырып дұрыс сөйлеуге, мәнерлеп оқуға

үйрету, ой ұшқырлығын, қиялын өрістету.

Тәрбиелік

Оқушыларды үлкенді құрметтеуге, кешірімшіл болуға тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Дәптермен жұмыс

VI. Сабақты бекіту

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Құралдарын алғызу.

Сабаққа зейіндерін аудару.

Психологиялық жаттығу:

Қоян қашқын,

Қайда қаштың?

Тоғайға қаштым.

Сенен састым,

Ізімді бастың.

Ендеше қашпа.

Мылтығыңды таста.

Аузыңды аш та,

Он сөз айт тез!

II.Үй тапсырмасы: Өткен сабақты сұрау


III. Жаңа сабақ: Төле би мен Түлкі бала


Төле би Әйтеке биге қонаққа келіпті.

Әйтеке жақсы қарсы алмапты, жатқан орнынан да тұрмапты. Төле өкпелеп қайтып кетіпті. Артынан Әйтеке сұрастырса, іздеп келген атақты Үйсін Төле би екен. Қалай қайыруды білмей:

- Шақырыңдар Түлкіні, бір қайырса сол қайырар, біреу әңгімелесіп отырғанда сол ақырын сөз тыңдап отырушы еді, - депті Әйтеке.

- Рұқсат етсеңіз, барайын, - дейді Түлкі деген бала. Бала салт атқа мініп, Төленің алдынан орағытып шығып, сәлем беріпті де, сөз тыңдап бірге жүріп отырыпты.

Бір кезде Төле:

- Әй, балам, жол болсын! – дейді.

- Әлей болсын, - дейді бала. – Рұқсат етсеңіз, бір сұрағым бар еді. Үш жүз кім?

- Қазақтың үш баласы, үшеуі ағайынды.

- Ағайынды кісі өкпелесе, немен тарқайды?

- Ағайын өкпесі аса зілді болмайды. Бірін – бірі сағынысып көрумен – ақ тарқайды.

- Ағасы інісіне өкпелесе ше?

- «Ініні зордан, ағаны бордан» деген ғой, іні тас, аға бас болады, - деген екен Төле.

- Төрелігіңізге құлдық, ата! Ініңізге өкпелеп елге қайтып бара жатыр екенсіз, райдан қайтып, қонақ болып қайтуыңызды сұрай келдім, - дейді Түлкі бала.

- Бетің қайтпаған бала екенсің, бір ашуымды байладым, - деп, Төле би кейін бұрылған екен сонда.

Сергіту сәті:

«Білемін» - деп мақтанба.

Сенен де білгіш табылар.


Сабақты бекіту: Ребус шешейік


VІІ Үйге тапсырма

  • Төле би туралы мәліметтер жинау


VІІІ Бағалау



* Біліміне қарай бағалау.























Күні:16.10.2018ж

Сабақ: тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. Әке мен бала

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы. Алтынсарин өмірі және оның

шығармашылығы туралы білімдерін қалыптастыру, әңгіме мен ертегіні ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

Тыңдай білу, әңгімелей білу іскерліктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Үлкендерді тыңдауға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің портреті, суреттер.


Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Сабақты бекіту


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару

Құралдарын алғызу.


II.Үй тапсырмасы:

** Суреттер бойынша әңгімелер құрастыру


III.Жаңа сабақ:

1. Қызығушылығын ояту.


  • Балалар, суретте кім бейнеленген?

  • Ыбырай Алтынсарин.

  • Ыбырай атамыздың қандай өлеңдерін, ертегілерін, әңгімелерін білесіңдер?

  • «Кел, балалар, оқылық»

Өлеңді бір – екі оқушыға жатқа оқыту.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей – ақ табылар.


2. Мағынаны тану.


Бүгін Әке мен бала шығармасымен тан ысамыз.

Аттың тағасы жайлы жұмбақ

Әке ме бала


Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың ескі тағасын көріп, баласына:

  • Анау тағаны, балам,ала жүр, - деді.

Бала әкесіне:

- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын дедеі.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны солрға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан сол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір – бірлеп алып жеп баласынақарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң әкесәнің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым – ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені оншақты рет иіліп алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып:

- Көрдің бе, тағаны жамансынып, жерден бір ғана йіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр қаласың, - деді.


IV.Сергіту сәті: Бір - дегенім бірлік,

Бірге ойнадық, күлдік,

Бір үйден көп бала,

Бір көлікке міндік.

V. Қорытытынды

-Балалар, шығарма не жайында?

- Бала.ның істеген ісі дұрыс па?

- Неге дұрыс емес деп ойлайсыңдар?

-Баланың әкесі дұрыс істеді ме?

- Сендер әкелеріңнің тілін аласыңдар ма?

- Бұл әңгіме ме, ертегігі ме?


VІІ Үйге тапсырма

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін жаттау


VІІІ Бағалау

Біліміне қарай бағалау.






16.10.2018ж

тексерілді





























Сабақ 9

Пән: тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпашты жаттайық!

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Жаңылтпаштар кез – келген тақырыпта тіл ұстарту, тілдің дыбысталу нақышын дұрыс, тез, шебер айта білуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушыларға жаңылтпаштар үйрете отырып, сөзді дұрыс айтуға, шапшаң ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбеккорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер топтамасы


Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Дәптермен жұмыс

VI. Сабақты бекіту


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Құралдарын алғызу.

Сабаққа зейіндерін аудару.


II.Үй тапсырмасы:

Өткен сабақты сұрау


III. Жаңа сабақ: Жаңылтпаштар

Ақ мақта ақ қардан аппақ па?

Ақ қар ақ мақтадан аппақ па?.


Ала жаздай бал аралары

Дала аралады, сай аралады.

Шүпілдеп тұрған шаралардағы

Мысқалдап жиған сары ала балы.

Тұмсығы балғаға айналар,

Балғасы қайлаға айналар,

Қайласы қайыңға қайралар

Тоқылдақ тоғайлы сайда бар.


Торы атты да жараттым,

Кер атты да жараттым.

Тынысы кең торы аттың,

Екпіні зор кер аттың.


Ағасы қарындасын іздеп жүр,

Қарындасы қарындашын іздеп жүр.

Ағасына қарындасы керек,

Қарындасына қарындашы керек.


Тана тағып, тай мінген,

Шапан жауып, нар мінген.

Мал жинаған әркімнен

Табыскерге таңмын мен.


Шалбарын тапса,

Байпағы жоқ,

Байпағын тапса,

Қалпағы жоқ.

Салаққа мұндай

Айтарым жоқ.

IV.Сергіту сәті:

V.Сабақты бекіту:

VI.Үйге тапсырма

Жаңылтпаштар жаттау

VII.Бағалау: Біліміне қарай бағалау


































Күні

Сабақ 10

Пән: тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Мысалдың мазмұнымен және кейіпкерлерімен танытыру, балалардың өздері таңдап алған рөлдер бойынша ойнауға жаттықтыру.

Дамытушылық

Оқушылардың таным белсенділігін, логикалық ой - өрісін, қиялын

дамыту.

Тәрбиелік

Шығарма кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз жақтарын ажырата білуге, жамандықтан жиренуге, жақсылыққа үйір болуға, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, талдау

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Дәптермен жұмыс

VI. Сабақты бекіту


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару

Психологиялық дайындық.

- Сабақта бір – бірімізге сәттілік тілейік

II. Үй тапсырмасы:

Жаңылтпаштар сұрау


III. Жаңа сабақ:

1.Мақсат қою

- Әрбір адам қандай іске кіріссе де, ісі сәтті аяқталғанын қалайды. Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме? Бүгінгі сабағымыз сәтті болу үшін мынандай мақсаттар қояйық: тыңдай білу, салыстыру, бір жүйеге келтіру, талдау, қорытындылау.

2.Қызығушылығын ояту

-Балалар, қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? Жаз дегенде көз алдарыңа не елестейді? Күз дегенде ше? Көктем, қыста ше? Енді осы айтылғандардың негізгісінен кластер құрайық.

Мезгілдер

Көктем: табиғат оянады, егін егіледі.

Қыс: аяз, суық, жасыл жоқ.

Жаз: жазғы демалыс, жасыл табиғат, жеміс – жидек..

Күз: егін, жеміс піседі, ағаш, шөп қурауы.

- «Күздің бір күні жаздың бір айын асырайды» дегенді қалай түсінесіңдер?Дұрыс. Жазда, күзде адамдар қысқа дайындалады. Тек адамдар ғана емес жануарлар да дайындалады. Қандай жануарлар және қалай дайындалады? Осы қысқа дайындалмайтын жалқау жануарлар, адамдар болады.

3.Ойға шақыру

Жаңа сабақпен таныспас бұрын мына жұмбақтарды шешіп көрейік:

Ат басты,

Арқар мүйізді.

Бөрі кеуделі,

Бөкен санды. (шегіртке)

Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,

Қара тауды арқалап бара жатыр. (құмырсқа)

-Балалар, адамдар, аңдар, құстар, хайуанаттар, шыбын – шіркейлер тамақсыз өмір

Сүре алмайды.Ол үшін еңбектену қажет. Адамдар мал өсіреді, егін егеді, жеміс – жидек, көкөніс отырғызады, оларды күтіп баптайды, жабайы өсімдіктердің жемістерін жинайды.Жануарлар да жазда қыстық қоректерін әзірлейді. Ақ тиін жаңғақ, саңырауқұлақтарды, аралар гүлдің тәтті шырынын жинап, бал жасайды.

Мақалдар:

Еңбек түбі – береке.

Еңбек етссең ерінбей, тояды қарның тіленбей.


Осы тақырыпқа байланысты И.А. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» деген өлеңін оқиық:


Шегіртке мен құмырсқа

Шырылдауық шегіртке

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүні жапырақтың,

Бірінде тамақ, бірінде үй.

Жапырақ кеттті, жаз кетті,

Күз болған соң кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,

Өкінгеннен не пайда?

Суыққа тоңған қарны ашқан,

Өлең қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,

Қар көрінді, қыс болды.

Сауықшыл сорлы бүкшиді,

Тым – ақ қиын іс болды.

Секіру қайда сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

Сабанда жатып дән жиған,

Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра:

- Қарағым, жылыт, тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра!

- Мұның жаным, сөз емес,

Жаз өтерін білмеп пе ең?

Жаның үшін еш шаруа,

Ала жаздай қылмап па ең?

- Мен өзіңдей шаруашыл,

Жұмсақ илеу үйлі ме?

Көгалды қуып, ән салып,

Өлеңнен қолым тиді ме?

Қайтсін қолы тимепті

Өлеңші, әнші, есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер.

Сөздік жұмысы

- Шегіртке жазды қалай өткізіпті? Ал құмырсқа ше?Шегіртке құмырсқаға неүшін келді? Құмырсқа не деп жауап берді? Мысалды тағы бір оқып идеясын табайық.

Сергіту сәті:


Ойға шабуыл: Венн диаграммасы: Шегіртке – құмырсқа.

Көрініс

Балалар, мысалды әбден талдап, салыстырып, талқылап түсіндік деп ойлаймын. Енді актер болып көрелік.

V.Сабақты бекіту:

Фишбоун (балық қаңқасы) Сонымен, ойымызды жинақтап, бір қорытынды жасайық.



VI.Үйге тапсырма

Шегіртке мен құмырсқа өлеңін мәнерлеп оқу.


VII.Бағалау:



















Күні

Сабақ 12

Пән :тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік

Жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын салыстырып айта білуге үйрету

Дамытушылық

Табиғаттың ерешеліктері туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік

Туған табиғатқа, жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.



Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суреттері.


Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Сабақты бекіту


Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару

Психологиялық дайындық.

- Сабақта бір – бірімізге сәттілік тілейік


II. Үй тапсырмасы: Өткен сабақты сұрау



III. Жаңа сабақ


  • Балалар, бүгін біз жыл мезгілдеріне саяхат жасаймыз. Саяхатта сендер мұқият және байқағыш болыңдар. Енді жылдың қай мезгілдеріне бірінші тоқталатынымызды мына өлең – жұмбақтан білейік:

Бұлттар төніп,

Жерге төгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Ойнай алмай...

Денең мұздап тоңады,

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады? /күзде/


- Күз айларындағы ерекшеліктерді атайықшы?

- Күз айларының қандай кезеңдері бар?

- Ерте күздің ерекшелігі – жапырақтар жаңадан сарғая бастайды, күн салқындайды.

- Алтын күздің ерекшелігі неле?

- Алтын күзде жапырақтар сары күйге еніп, жеміс – жидек, көкөністер піседі.

- Ал, «қара күз» деп неге аталады?

- Бұл кезде ағаштар жапырағынан айырылады, шөптер қурайды, қыстың белгілері біліне бастайды.

-Балалар, біз күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстық, енді күз мезгілінен өтіп қай жыл мезгіліне түсе,тінісізді сендер осы жұмбақ - өлеңнен білесіңдер:

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып,

Ұйтқып боран соғады.

Балаларым, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? /қыста/


- Қыс мезгілінде қандай айлар бар?

- Қыста табиғат қалай өзгереді?

- Қыс мезгілінен күз мезгілінің қандай айырмашылығы бар?

- Қыста терезені аяз қалай торлайды?

- Қыста боран қалай соғады?


Енді балалар, алда қандай мезгіл бар?Келесі өлең шумақтарынан байқаймыз:

Қар тоң еріп,

Су көбейіп.

Сай – салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Гүл , бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? /көктем/


Көктем мезгіліне қандай айлар жатады?

Ерте көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Неліктен ағаштар бүршік жарып, жапырақ ашады?

Көктемнің жалпы ерекшеліктерін қалай суреттеуге болады?

Көктем мен қыстың арасында қандай айырмашылық бар?

Көктем мезгілінің келгенін біз қандай өзгерістен біле,міз?

Балалар, енді біз көктем мезгілінен өтіп, келесі жыл мезгіліне саяхат жасаймыз. Ол қандай жыл мезгілі екенін сендер мына жұмбақты шешсеңдер білесіңдер:

Өрік, алма,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз.

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп,

Орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөкбектерім, айтыңдаршы!

Бұл қай кезде болады? /жазда/


Жазда нелер піседі?

Неліктен қырман дәнге толады?

Жаз бен қыстың қандай айырмашылығы бар?

Жазды сендер қалай суреттер едіңдер?

Жазда сендер не істейсіңдер?


IV.Сергіту сәті:


Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкене ағаштар,

Үп – үлкен боп өседі.


V.Сабақты қорытындылау:


Жыл мезгілдеріне саяхат сендерге ұнады ма?

Саяхаттан сендер не білдіңдер?

Бір жылда неше мезгіл бар?

Бір мезгілде қанша ай болады?


VI.Үйге тапсырма

Жыл мезгілдері туралы ақындардың өлеңдерінен жаттау.


VII.Бағалау:

Біліміне қарай бағалау






































Сабақ 13

Пән тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Даламда бар түрлі құс

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Оқушыларға құстардың сан түрлілігін, олардың табиғаттың бір перзенті екендігін, табиғатқа пайдасы туралы жан – жақты түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушыларға құстар туралы білім бере отырып, ой ұшқырлығын,

қиялын өрістету.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбеккорлыққа, құстарға қамқорлыққа тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреттері, буклеттер.

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Дәптермен жұмыс

VI. Сабақты бекіту


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Құралдарын алғызу.

Сабаққа зейіндерін аудару.


II.Үй тапсырмасы: Өткен сабақты сұрау



III. Жаңа сабақ: Даламда бар түрлі құс


Сені өсірген баптап кім?

Сені өсірген баптап кім?

Аққу неткен аппақсың?

Таза ауада жүремін,

Тұнық суға жүземін.


Аққу

Көлге келіп қонады,

Көлдің көркі болады,

Аңшы бірақ атпайды,

Аққудың бар обалы.


Сауысқан


Сауысқан, сауысқан,

Жауыр атқа жабысқан,

Ойда жауыр көрінсе,

Ойбайлатқан сауысқан!

Қырда жауыр көрінсе,

Қиқаңдатқан сауысқан!


Қарға

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар,

Боран соқса қор болар.

Қысып кетсе сары аяз,

Көзден жас сорғалар.

Қар үстінде жем көрсе,

Қапелімде қолға алар.

Екі шоқып бір қарар,

Деп «жолымды оңғарар!»


Балапан

Мамық жүні қаулаған,

Шығарды қаз балапан.

Табандары аумаған,

Кәдімгі аппақ алақан.

Балбыратқан түн шығы,

Жейді қырқып қияқты.

Титтей сарғыш тұмсығы

Құдды қайшы сияқты.


Қоразға

Оятпа, қораз, сен. Бізді,

Өзім де седім – таң атты.

Сенсіз – ақ білем мезгілді,

Танимын енді сағатты.



Торғай

Торғай, торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Бөтегесі бұлтиып,

Момоқансып отырмақ.

Жұмбақтар

Су бетін сызып,

Ақ құман жүр жүзіп. (аққу)


Мойны сұоақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы? (аққу)


Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап. (қаз)

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты. (қарлығаш)

Түнде жортады,

Жарықтан қорқады. (жарқанат)


Тақылдатып,

Мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті тазалап. (тоқылдақ)


IV.Сергіту сәті.

Торғай, торғай,торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың,

Жем шашайын, тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.


V. Дәптермен жұмыс:

Құстардың суретін салу

Көру диктанты.

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.


VI.Сабақты бекіту:

Ойын «Құстар-біздің досымыз». Тақтаға құстардың суреті ілінеді. Оқушылар өздері таңдаған құс туралы әңгімелейді. ( Түсі, қорегі, пішіні, пайдасы.Жыл құсы ма, отырықшы құс па?) Дарынды оқушыларға таратпалар берілген. Мысалы:

1 Туысы дейді құстардың,

Інісі дейді тышқанның,

Тышқан де емес, құс та емес,

Екеуінен де тыс қалдым.

(Жапалақ)

2.Қызығып әр адам,

Ұстап ап даладан.

Жүнімді жұлып ап,

Бесікке қадаған.

Бұл қай құс?

(Үкі)


VІІ Үйге тапсырма

* Өзіне ұнаған құстың суретін салу.



VІІІ Бағалау

* Оқушылардың білімін салыстыра бағалаймын.
























Күні:

Сабақ 15

Пән :тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Ұйқасын тап

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Оқушыларға өлеңнің , жұмбақтың ұйқасын табуды үйрету, туған тіліміздің мәртебесін көтеру, тілдің тазалығы – ұлт болашағы екендігін меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың ианым белсенділігін, логикалық ой - өрісін жетілдіру қиялын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбеккорлыққа ізгілікке тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер топтамасы

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Дәптермен жұмыс

VI. Сабақты бекіту

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Құралдарын алғызу.

Сабаққа зейіндерін аудару.

II.Үй тапсырмасы:

III. Жаңа сабақ:

Ұйқасын тап

Таңдайыңнан дәмі оның Бұл жұмбағым тағы бар,

Жыл бойына қалмаған. Осал болсаң, ал, мықтан.

Білсең, қане, айта ғой, Білсең, қане, аита ғой,

Не жасайды ...(алмадан) Не жасайды ... (алмұрттан)


Кіп – кішкен болса да, Кіп – кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді. Ағаштың басын иеді.

Жемістерін айырып, Білсең, қане, айта ғой,

Танисың ба ...(шиені) Не жасайды ...(өріктен)


Ұйқас тауып ойнаймы

Зайыр! Адай!

Қозыларды қайыр. Ашық тұр ма сарай?

Жарас! Оңдасын!

Бояуыңнан қарас. Көп пе сенің жолдасың?

Мардан! Ажар!

Асай көрме қардан. Жүрген жері базар.

Абзал! Айбала!

Оң жағында вокзал. Өкпелепткен қай бала?

Мүбәрәк! Айман!

Жүрсің бе ешкі құуалап. Келе қалдың қайдан?

Мирас! Айнагүл!

Үйдің ішін жинас. Айнагүл біздің қайда жүр?

Азаматв! Анар!

Мінгізейін қазанат. Түймесін өзі қадар.


Жұмбақтар

Өзінше ноян,

Қорқақ кім? ...(қоян)


Тастан – тасқа секіріп,

Жем тереді ... (кекілік)

Алмастан тыным,

Шабады ... (құлын)

Жағасында бұлақ,

Жайлып жүр ... (лақ)

Маңайын түгел көріп,

Бикітен қарайды ... (керік)


Дамыл таппай бір мезет,

Жортумен жүр сұр ... (көжек)


Бата алмагс түлкі,

Үсті тікен ... (кірпі)


Аппақ доп тауып,

Шақырады ақ ... (тауық)


Құйрығы он қарас,

Бұл айбатты ... (жолбарыс)


Бәрі бірдей жұмысқа,

Шығатын кім ...(құмырсқа)


Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы ...(арыстан)


Тауда жүрген тарғыл аң,

Ол қайратты ...(қабылан)


Көз алмай күнге алыс,

Қарады ... (күнбағыс)


Өнеші кең таңдайын,

Дәнге тосты ...(комбайн)


Жүгіретін андыздап,

Бала біткен қуанып,

Қандай тәтті ...(балмұздақ)


Сылдыр қағып,

Таудан құлап,

Жатыр ағып,

Мөлдір ... (бұлақ)

VI.Сабақты бекіту:

VІІ Үйге тапсырма

* Өлең құрастыру.



VІІІ Бағалау

* Оқушылардың білімін салыстыра бағалаймын.


























Сабақ 16

Пән тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Оқушыларға оқып үйренген сабақтары бойнша тест жұмысын алу,

Білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық

Оқушылардың білімдерін тинақтай отырып, таным белсенділіктерін,

Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс – тәсілдері сұрақ – жауап,

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Сабақты бекіту

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Құралдарын алғызу.

Сабаққа зейіндерін аудару.

II.Үй тапсырмасы:

Құрап келген өлеңдерін оқыту

III. Жаңа сабақ: Тест парақшаларын тарату.

1. Өмірде болған адамдар туралы мәтін.

а) аңыз б) ертегі

ә) өлең в) жыр


  1. Терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы.

а) аңыз

ә) ертегі

б) өлең

в) шешендік сөз


3. Ертегі жалғасын тап:

а) Сауысқан мен ...

ә) Арыстан мен ...

б) Оқушы мен ...

в) Маймыл мен ...


4. Төмендегі мәтін шығарманың қай түріне жатады?

Бір бала әкесінен өтіп туады.

Бір бала әкесіне жетіп туады.

Бір бала кері кетіп туады.

А) мақал

ә) шешендік сөз

б) толғау

в) жыр


5. Шыншыл ертегіні ата.

а) Байлық пен ақыл

ә) Аңқау арыстан

в) Қонжық пен көжек

б) Ұр, тоқпақ


6. Қиял – ғажайып ертегіні ата.

а) Байлық пен ақыл

ә) Ұр, тоқпақ

б) Түлкі мен қасқыр

в) Аңқау арыстан


7. Жан – жануарлар, аңдар жөніндегі ертегіні ата.

а) Ұр, тоқпақ

ә) Байлық пен ақыл

б) Шибұт, Қылмойын; Қарынбас

в) Аңқау арыстан

8. «Жаңбыр жаумаса – жер жетім» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?

а) Қазбек би

ә) Әйтеке би

б) Төле би

в) Халық

9. «Маң – маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан» не?

а) Жылқы

ә) Сиыр

б) Түйе

в) Қой

10. «Мүйізі айдай иілген

Мұрнын көкке шүйірген» не?

а) Жылқы

ә) Сиыр

б) Түйе

в) Қой

IV. Сергіту сәті:

Кел, балалар,

Кел, бері,

Қыздырайық денені,

Орнымызда тұрып-ақ,

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш!

Екпіндей түс!

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп қозғайық.

V. Сабақты бекіту: Сұрақ - жауап

VІІ Үйге тапсырма

* Өлең құрастыру


VІІІ Бағалау

* Оқушылардың білімін салыстыра бағалаймын





























Сабақ 17

Пән: тіл дамыту


Сабақтың тақырыбы: Күн, Ай және әтеш


Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Оқушыларға ертегі мазмұнын түсіндіре отырып, байланыстырып мазмұнды жеткізе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың таным белсенділігін, логикалық ой - өрісін жетілдіру қиялын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбеккорлыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер топтамасы

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

VI. Сабақты бекіту


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Құралдарын алғызу.

Сабаққа зейіндерін аудару.


II.Үй тапсырмасы:

* Өткен сабақтар бойынша сұрақтар қою


III. Жаңа сабақ:

Күн, Ай және Әтеш


Ерте, ерте, ертеде аспанда ағайынды үш бала өмір сүріпті. Үлкені – Күн, ортаншысы – Ай, кішісі - Әтеш екен. Күн жерде тіршілік ететін адамдарға, өсімдіктер мен жануарларға жарық пен тіршілік таратуға кеткенде, үйдегі інілері Ай мен Әтеш үнемі келіспей қала береді екен. Бір күні әбден ызы болған Ай Әтешті айдарынан ұстап алып, жерге лақтырып жіберіпті. Кешке үйге келген Күн болған жағдайды естіп біледі. Ашуға булығып айға:

  • Туған ініңді көзің қиып, қалай лақтырдың? Сендей рақымсызды көргім келмейді.

Бұдан былай аспанға мен күндіз, сен түнде шығатын боламыз. Ал Әтеш жақын інім болып қала береді. Ол мені ұмытпайды, - дейді.

Сол уақыттан бастап Әтеш таң атысымен, Күнді көргенде «Кукареку!» деп айғай салатын болыпты. Бұл «Амансыз ба Күн – аға!» дегені екен. Ал кеш түссе, қонақтауға кетеді. Өйткені, аспанға шыққан Айды көргісі келмейтін көрінеді.


IV.Сергіту сәті:


Кел, балалар,

Кел, бері,

Қыздырайық денені,

Орнымызда тұрып-ақ,

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш!

Екпіндей түс!

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп қозғайық.


V.Сабақты бекіту:


Ребус шешу



VІІ Үйге тапсырма

* Кейіпкерлердің суретін салу


VІІІ Бағалау

* Оқушылардың білімін салыстыра бағалаймын






























Сабақ 18

Пән тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен тырна

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Оқушыларға ертегі мазмұнын түсіндіре отырып, тілдің тазалығын

сақтай отырып дұрыс сөйлеуге, мәнерлеп оқуға үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың таным белсенділігін, логикалық ой - өрісін жетілдіру

қиялын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, досты сыйлай білуге, адалдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер топтамасы

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

VI. Сабақты бекіту


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Құралдарын алғызу.

Сабаққа зейіндерін аудару.


II.Үй тапсырмасы:

Күн, Ай және әтеш туралы салған суреттерін тексеру.

Мазмұнын сұрау.


III. Жаңа сабақ:

Түлкі мен тырна

Түлкі мен тырна дос болыпты. Бірде түлкі:

  • Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пісіріп қоямын, - деп тырнаны үйіне шақырыпты.

Тырна түлкіге қонаққа келеді. Түлкі ботқа пісіріп, жайпақ табаққа салып, тырнаның алдына қояды.

- Тамақ ал, өзім пісіріп едім, - дейді.

Тырна жайпақ табақты тұмсығымен шоқып – шоқып, ештеңе өндіре алмайды. Ал түлкі болса, ботқаны тілімен жалап өзі – ақ тауысады.

Бәрін жеп болған түлкі:

- Айып етпе, үйімде бұдан өзге тамақ жоқ, - дейді.

Тырна:

  • Осыған да рахмет. Енді сен маған қонаққа кел, - дейді.

Келесі күні түлкі тырнаның үйіне келеді. Тырна салқын көже дайындап, оны мойны тар құмыраға құйып, дастарханға қояды.

Түлкі келгенде тырна:

- Же, қымбаттым, қысылма, - дейді.

Түлкі құмыраны ары айналып, бері айналып, ішіндегісін жей алмайды. Құмыраға басы сыймайды. Ал тырна ұзын тұмсығымен шоқи береді. Сөйтіп бәрін жеп алады да, түлкіге қарап:

- Ренжіме, қымбаттым. Бұдан өзге тамағым жоқ, - дейді.

Бір аптаға тойып қайтқысы келген түлкі ренжіп, үйіне аш қайтыпты...

«Не ексең, соны орасың» деген осы.


IV.Сергіту сәті:

Орнымздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Айналаға қарайық,

Отырайық, тұрайық

Біз тынығып алайық.

V.Сабақты бекіту

«Баспалдақ» ойыны


VІІ Үйге тапсырма

* Кейіпкерлердің суретін салу


VІІІ Бағалау

* Оқушылардың білімін салыстыра бағалаймын



































Күні

Сабақ 20

Пән тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Жайлау Нұрқасым Қазыбеков

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Оқушыларға жайлаудың қызығы жайлы мол мағлұмат беру;

жайлаудың адам үшін де, мал үшін де саялы мекен екендігін

түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың жайлау жайында түсініктерін толықтыру, таным

белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды табиғатты сүюге, ұлттық салт – дәстүрлерімізге

адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі жаңа сабақ

Сабақтың түрі аралас

Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Дәптермен жұмыс

VI. Сабақты бекіту


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару

Психологиялық жаттығу

- Қоян қашқын,

Қайда қаштың?

  • Тоғайға қаштым.

  • Неге қаштың?

  • Сенен састым.

  • Неге састың?

  • Ізімді бастың.

  • Ендеше қашпа.

  • Мылтығыңды таста.

  • Аузыңды аш та!

Он сөз айт тез!


III. Жаңа сабақ: Жайлауй

Жыл он екі ай – көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай, яғни

тоқсан күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.

Наурыз, көкек, мамыр айлырында қыстаудан қозы көш жердегі көктеуге көшіп – қонып мал төлдетеді. Содан соң жайлауға көшіп барып, маусым, шілде, тамыз айларын сонда өткізеді.

Жайлау – қыстаудан алыс, шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс. Оны шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Күзде иен жұртқа қаулап майда көк өседі. Оны «алсын» дейді. Қыста аппақ қар басып жатады. Ал жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле бастайды. Ол кезде жер беті масаты кілемнің түріндей құлпырады. Қыстан әбден арықтап, көтерем болып шыққан мал жайлауға іліккен соң – ақ тойынып, семіреді. Мал ғана емес, адамдар да сергіп, жиын – той өткізіп, аунап – қунап қалады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт жинайды, ірімшік қайнатады. Қысқа арнап азық – түлік жияды.

Бірақ бұл қызықты мезгіл де өте шығады. Шөптің шалғыны басылып, сары сүрлеу тартады. Бұл мезгілді халық «сарыжайлау» дейді.

Жайлаудың бәрі бірдей шұрайлы бола бермейді. Еліміздің әр жерінде жұртқа кең танымал атақты жайлаулар, мәселен, Қарқара, Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы секілді жайлаулар бар.

Қарқара жайлауы үстімен Ұлы Жібек жолы өтетіндіктен осы, жерде ертеде аты шулы жәрмеңке болады екен. Бүгінде малшылардың тойы өтеді. Ат шауып қыз қуады. Балалар гүл теріп, көбелек қуып, суға шомылады. Таулы жайлауларда: қарақат, таңқурай, долана; тау бөктері мен жазық далаларда: қойбүлдірген, сиырбүлдірген секілді жемістер өте көп болады.

IV. Сергіту сәті:

Екі қолды жоғары,

Сәл көтерсек болады.

Енді оны бөгемей,

Түсірейік төменге.

Міне, былай ...

Қарайық,

Құстай қанат қағайық!


V. Сабақты бекіту:

Жайлау деп нені айтамыз?

Мәтінде қандай жайлаудың аттаы берілген?

Сарыжайлау деп қандай жайлауды айтамыз?

Жайлаудың ерекшелігі неде?


VІІ Үйге тапсырма

  • «Жазғы жайлауда» әңгіме құрастыру



VІІІ Бағалау

* Оқушылардың білімін салыстыра бағалаймын




Күні

Сабақ 21

Пән тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Ақылды тентек

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Оқушыларды қайырымдылық іс жасауға, жан – жануарларға

қамқорлық жасауға үйрету;

Дамытушылық

Тілдің тазазлығын сақтай отырып дұрыс сөйлеуге, мәнерлеп

оқуға үйрету,

Тәрбиелік

Үлкендерді тыңдауға, еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі жаңа сабақ

Сабақтың түрі аралас

Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Сабақты бекіту


Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару

Психологиялық дайындық.

- Сабақта бір – бірімізге сәттілік тілейік


II.Үй тапсырмасы:

Жайлау туралы құрастырған әңгімелерін оқыту.

III.Жаңа сабақ:

1. Қызығушылығын ояту:

- Балалар, біз айтқан тілді аламыз ба?

- Тентектік жасап қойсақ кешірім сұраймыз ба?

2. Көрнекілікпен жұмыс:

Сұраққа жауап

Ақылды тентек

Менің інім ептеп сотқарлау. Дұрысын айтқанда, тәртібі - «үш». Мұғалімнің өзі солай бағалаған. Менің тәртібім де, оқуым да – «бес».

Әжем болса, менен гөрі інімді жақсы көреді. Оны ақылды тентек деп атайды. Өзі ақылды, өзі тентек оқушы бола ма екен?

Ойда жоқта әлгі сөздің жұмбағы шешілді.

Көктем шығып, жер көгере бастаған. Інім әдетінше мектептен келе, сөмкесін лақтырып тастады да, қозы – лақтарды өзеннің жағасына бағуға айдап әкетті.

«Ақылыңнан айналайын, қозыларым аш қалды деп, өзінің нәр татпай кеткенін қарашы», - деп әжем соңынан тамақ апарып бермек болды.

Кешке жақын інім келді. Үсті – басы малмандай су. Жанында балалар бар. Шошып кеттік. Сөйтсек, кішкентай ақ қозы өзенге түсіп кетіпті. Алып шығуға ешбір баланың батылы бармапты. Інім өзеннің мұздай суында қорықпай жүзіп, ақ қозыны құтқарып алыпты. Ініме сенбеп едім, балалардың бәрі: «Біз көрдік рас!» - деп шу ете қалды.

Мен таңғалдым. Егер өзім болсам, сол жерде ақ қозыны құтқарып қалар маедім, әлде не істерімді білмей ауылға жүгірер ме едім? «Ақылды тентектер де болады екен ғой», - деп ойладым, үсті – басы малмандай су ініме қызыға қарап.


IV. Сергіту сәті:

Жел уледі у-у-у,

Боран соқты зу-зу,

Қатты, қатты жел соқты гу-гу,

Жапырақтар қол соқты ду-ду,

Шыдай алмай жапырақтар ах-ах,

Билеп кетті қалтырап нах-нах.


V. Қорытынды

  • Інімді әжем неліктен «ақылды тентек» атады?

  • Ол мұздай суға неліктен түсті?

  • Ақ қозыны қалай құтқарды?

  • Тәртібі төмен балалар да жақсы қасиеттері болатынын дәлелде, мысалы біздің сыныпта?


VІІ Үйге тапсырма

  • Әдептілік туралы мақал-мәтел жазу.



VІІІ Бағалау

* Оқушылардың білімін салыстыра бағалаймын














Күні

Сабақ 24

Пән тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстары

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Оқушыларға табиғат құбылыстары, қоршаған орта жайында

жан – жақты түсінік беру.

Дамытушылық

Оқушылардың таным белсенділігін, логикалық ой - өрісін жетілдіру

қиялын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбеккорлыққа ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі жаңа сабақ

Сабақтың түрі аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер топтамасы

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Дәптермен жұмыс

VI. Сабақты бекіту

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Құралдарын алғызу.

Сабаққа зейіндерін аудару.


II.Үй тапсырмасы:

Әдептілік туралы мақал-мәтел жарысын өткізу


III. Жаңа сабақ

Самал Жел


Жай еседі. Екпіні қатты самалдан,

Жұрт деседі: Тұрғанда есіп жел алдан.

Жапнға жайлы, Ағаштар қозғап желегін,

Сипап майда, Иеді басын көк егін.

Тынысыңды ашады,

Күшіңе күш қосады.


Боран Дауыл

Екпіні қатты желден де, Екпіні қатты бораннан,

Тағы да ұйытқып келген бе? Сұр түсті тонға оранған.

Жолындағыны ысырып, Дауылда теңіз аһ ұрып,

Қаңбақтарды ұшырып, Жатады суын сапырып.

Құлатқан кәрі ағашты, Дөңбекшіп көзін ілмейді,

Мінезі неткен оғаш – ты? Болса да күндіз түн мейлі.


Тұман Бұршақ

Тұман бұлттай тұтасқан, Терезені біреу кеп,

Ызғырық есті дай ғана. Қатты – қатты қаққандай,

Көрінбей қалды көк аспан, Бір топ жылқы тасырлатып,

Күңгірт тартты айнала. Шауып бара жатқандай.

Көп тұрмады бірақ та, Сыртқа шықсам бұршақ екен,

Тұман жайлап сейілді. Екпіні тау құлатар.

Тау да, бау да, қырат та- Кейбір жасық балаларды

Бәрі де айқын көрінді. Шертіп қалса жылатар.

Кемпірқосақ

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Суретші екен табиғат,

Бояуларын дайындап,

Түр – түсін дәл тауыпты,

Кемпірқосақ салыпты.

Жұмбақтар

Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп.

(аяз)

Суда қалқиды,

Жылыда балқиды.

(мұз)

Қыста шыны боп қатады,

Жылыда су боп жатады.

(мұз)

Жалтырайды сайда,

Сынбайтын айна.

(мұз айдыны)

IVСергіту сәті:

Жел уледі у – у,

Боран соқты зу – зу,

Қатты, қатты жел соқты гу – гу,

Жапырақтар қол соқты ду – ду,

Шыдай алмай жапырақтар ах – ах,

Билеп кетті қалтырап нах – нах.

V.Сабқты бекіту: Сөзжұмбақты шешейік!



Күні

Сабақ 27

Пән тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Төрт түліктің халқымыз үшін орны бөлек екендігін, оларды неліктен

Қадірлейтіндігімізді жан – жақты түсіндіру.

Дамытушылық

Жануарларды бір – бірімен салыстыра отырып, ерекшеліктерін

ажырата білу қабілеттерін дамыту, үй жануарларын күтіп – баптауға

баулу.

Тәрбиелік

Оқушыларды төрт түлікті бабаларындай сүюге, қамқорлық етуге

тәрбиелеу.

Сабақтың типі жаңа сабақ

Сабақтың түрі аралас

Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: төрт түліктің суреттері

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Дәптермен жұмыс

VI. Сабақты бекіту

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару

Психологиялық дайындық.

Қағаз қалам

Қолға алам.

Елге барам, малшы болам,

Сиыр бағам, отын шабам.


II. Үй тапсырмасы: Өткен сабақты сұрау


III. Жаңа сабақ:

Төлді қалай шақырады?

Қой баласы қоңырым,

Қойдан жуас момыным.

Шопан ата түлегі,

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт,

Пұшайт!

Жауын жауса бақырған,

Ешкі атасын шақырған.

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым, қайдасың?

Шөре,

Шөре!

Жолға шықсам, көлігім,

Жапанда жүрсем, серігім.

Қамбар ата өсірген,

Құлыным, менің қайдасың?

Құрау,

Құрау!

Тілімен мұрнын жалаған,

Тілімен бойын тараған.

Көкке мұрнын шүйіріп,

Көз төңкеріп қараған,

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің, қайдасың?

Аухау,

Аухау!

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай.

Ойсылқара баласы,

Ботақаным, қайдасың?

Көс,

Көс!

Мал қора

Малдың болар қорасы

Әрі таза, әрі кең.

Аула кеңнің арасы

Тазаланар дәрімен.


Қораның мол дауасы –

Төлге берер сергек күш.

Жайсыз болса ауасы,

Жаңартады желдеткіш.


Қора қамын, біл, ағам,

Қалт жібермей отырған.

Барлық малды дін аман,

Қышыма мен қотырдан.




Қымыз

Менің әжем баланы

Өте жақсы көреді.

Қымыз берсе

Шараны

Шып толтырып береді.


Қымызымен бір шара

Күнде мені қинайды.

Жақсы көріп тұрса да,

Сәл ортарақ құймайды.


Шұбат

Атам құмда түйеші,

Көп түйенің иесі.

Жазда талай барғанмын,

Ақ шұбатқа қанғанмын.


Асау ат

Жігіттік іс жасауға

Кірісемін, құп алып.

«Үйретем» деп, асауға

Лақтырамын бұғалық.


Кезіккен соң күштіге,

Бастығады,

Тамаша – ау!

Қарғып мінсем үстіне,

Мөңкісе де сол асау.


Жігіттік іс жасауға

Кірісемін, құп алып.

«Үйретем» деп, асауға

Лақтырамын бұғалық.


IV. Сергіту сәті:

Бір - дегенім бірлік,

Бірге ойнадық, күлдік,

Бір үйден көп бала,

Бір көлікке міндік.

V. Дәптермен жұмыс:

* Үй жануарларының суретін салу


VI. Сабақты қорыту:

Төрт түлікті ата

Төрт түліктің пайдасын айт.

Төрт түліктің пірлерін ата

Төрт түліктің төлдерін қалай атаймыз?


VІІ Үйге тапсырма

  • Төрт түлік туралы мақал мәтелдер жаттау.

VІІІ Бағалау

* Біліміне қарай бағалау.

Күні

Сабақ 28

Пән тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Әжемнің ұршығы. Жүн бояу

Сабақтың мақсаты :

Білімділік

Оқушыларға еңбек құралының бірі – ұршық жайлы мол мағлұмат

беру, оны қалай қолданатынын түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын арттыру,

таным белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұлттық өнерімізге деген құрметке, оны сақтауға

тәрбиелеу.

Сабақтың типі жаңа сабақ

Сабақтың түрі аралас

Сабақтың әдіс – тәсілдері әңгімелеу, сұраққа жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасы

III. Жаңа сабақ

IV. Сергіту сәті

V. Сабақты бекіту

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару

Психологиялық дайындық.

- Сабақта бір – бірімізге сәттілік тілейік

Қағаз,қалам, Отын шабам,

Қолға алам Оны жарам,

Елге барам, Алау жағам.

Малшы болам. Он атта

Сиыр бағам, Оң жаққа

II. Үй тапсырмасы:

Төрт түлік туралы жаттап келген мақал-мәтелдерін сұрау


III. Жаңа сабақ:

1. Проблемалық сұрақ:

  • Балалар, үстіміздегі киімді қайдан аламыз?

  • Киімдер матадан тігіледі.

  • Мата қалай пайда болады?

  • Егіс даласындағы мақтадан.

  • Дұрыс, балалар. Мақтаны егіп, күтіп, баптап одан көп өнім аламыз. Фабрикаларға

апарып өңдеп одан неше түрлі маталар тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар аламыз.

Ал, ұршық дегенді білесіңдер ме?

/Оқушылардың жауабын тыңдау/

Ұршық бұл жіп иіретін құрал. Ол қайыңнан, сәмбі талдыан жасалады. Қазақ қазақ болғалы бірге жасап келе жатқұан көне аспап. Олай дейтін себебіміз, біздің ата бабаларымыз өмір бойы көшпенді тірлік кешкенін білеміз. Яғни, мал шаруашылығымен айналысқан. Кисе киімі, ішсе сусыны, жесе тамағы, мінсе көлігі болған төрт түлікті ерекше қадірлеп құрмет тұтқан.

Міне, осы малдың әсіресе, ешкі, қой, түйе түліктерінің жүндерінен шұлықтан бастап, шекпен, жадағай, орамал, кеудеше тіпті, киіз үйдің барлық жабдығын осы ұршық арқылы жасаған.

Ең алдымен қойдың жүнін қырқады. Одан соң таза сумен әбден тазарғанша жуады. Одан соң кептіреді. Таза жүнді неше түрлі түске бояйды. Тағы да кептіріп, түтеді. Түтілген жүнді шүйкелейді. Шүйкеленген жүнді иіреді. Сонымен түрлі – түсті жіп те дайын болады. Дайын жіптен шебер әжелеріміз бен аналарымыз неше түрлі бұйымдар жасайды. Мәселен, қыздардың жасауын, киіз үйдің жабдықтарын тағы басқа.

Әжемнің ұршығы

Қағып қалса қас шебер,

Үйіріледі ұршығым.

Жіп иіру – басты өнер,

Біле білсең қыр – сырын.


Зыр – зыр етіп, зыр етіп,

Айнала бер, ұршығым.

Ширатады жіп етіп,

Жүннің түбіт қылшығын.


Жіптен енді тоқиды

Кілем, басқұр, алаша.

Көрмелерде не қилы

Бәйге алды ол,

Тамаша!


Әжем барлық іске де

Қолөнермен жетілді.

Ұршық та бір кішкене

Фабрика секілді.


Жүн бояу

Әжем қазан қайнатып,

Жабағы жүн бояды.

Осылайша жайнатып,

Күн көзіне қояды.

Ақ түбітті көбіне

Ашық көкке салады.

Қызыл,

Сары,

Көгі де

Көздің жауын алады.


IV.Сергіту сәті:

Шеге қақсаң терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Жер қопарсаң терлеп,

Мұның да аты – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек!

V. Сабақты бекіту:

Жүннен қандай бұйымдар жасалады?

Киіз үй жабдығына қай малдың жүні пайдаланылады?

Жүнді неге бояды деп ойлайсың?Ұршық неден жасалады?



VІІ Үйге тапсырма

  • «Менің асыл әжем» туралы әңгіме жазу.


VІІІ Бағалау

* Біліміне қарай бағалау.
















Пайдаланылған әдебиеттер


Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


  1. «Балдырғанға 50 жыл». І том 2009 ж


  1. Қазақ ертегілері


  1. Энцеклопедия 7-том


  1. Сөз мәйегі «Қазақ энциклопедиясы» 2007 ж


  1. Үш тілдің патшалығы. 2,3,4 том. Шымкент «Шикула и К» 2006 ж


  1. 777 жұмбақ.


  1. Мөлдір бұлақ журналы 2008 – 2009 ж


  1. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы 1-2 том


  1. Диктанттар жинағы. Авторы: Ш. Сүгірбекова, С. Талғарбаева 2008 ж


  1. Қуырмаш 2008ж – 2009ж №1-5


  1. Тіл дамытудың ғажайып әлемі 2008 ж


























Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


  1. «Қазақтың мақал – мәтелдері» Алматы 2014


2. « Елу ертегі,жетпіс жұмбақ» Алматы Ана тілі ЖШС 2011


3. « Тіл дамыту» 2-сыныпқа арналған оқушының жұмыс дәптері.







































Мазмұны


Титулдық бет.............................................................................................................................1

Пікір.........................................................................................................................2

Пікір........................................................................................................................ 3

Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері.................................................................................. 4

Түйіндеме................................................................................................................ 5

Түсінік хат ............................................................................................................................... 6

Оқу – тақырыптық жоспары................................................................................................................ 7

Тіл – халық қазынасы................................................................................................................. 8

Мақал – сөздің мәйегі.....................................................................................................................12

Төле би мен Түлкі бала........................................................................................................................ 15

Әке мен бала Ы. Алтынсарин............................................................................................................17

Жаңылтпашты жаттайық .................................................................................................................... 19

Шегіртке мен құмырсқа............................................................................................................... 18

Жыл мезгілдері................................................................................................................24

Даламда бар түрлі құс.............................................................................................................. 27

Ұйқпасын тап.......................................................................................................................... 30

Тест тапсырмалары...................................................................................................... 33

Күн,Ай және Әтеш........................................................................................................................35

Түлкі мен тырна...................................................................................................................... 37

Жайлау Н. Қазыбеков............................................................................................................ 39

Ақылды тентек................................................................................................................. 41

Табиғат құбылыстары........................................................................................................ 43

Тышқан мен жылан...................................................................................................................38

Төрт түлік туралы жырлар................................................................................................................. 45

Әжемнің ұршығы. Жүн бояу Е. Ершуов............................................................................................ 48

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................................51


































Бағдарламаның негізгі мақсаты 2 сынып оқушыларына арналған ой және тіл дамыту шараларын ұсыну. Мұнда түрлі шығармаларды оқыту, топтастыру, мінездеме беру, салыстыру, суретке қарап әңгіме құрастыру мәселелері қарастырылады.

Көмекші құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады.




Құрастырған бастауыш сынып мұғалімі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 сәуір
767
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі