Материалдар / Үздік аудармашы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үздік аудармашы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2018
524
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Үздік аудармашы – 2017» атты аудандық байқауының

СЦЕНАРИЙІ


Өтетін күні: 14.09.2017ж

Өтетін жері: Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығы

Өткізілу формасы: байқау


Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

1.Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау;

2.Аудармашылардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау;

3.Қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау;

4.Аударма мен мемлекеттік тілде дайындалатын іс қағаздарының сапасын арттыру.


Жүргізуші: Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құрметті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өзі ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ. «Халықтың мәңгі ғұмыры - оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы – ұлы»,- деген Шыңғыс Айтматов, айтқандай
әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті. Ана тілі -әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған аудандық «Үздік аудармашы-2017» байқауына қош келдіңіздер!



Ендеше, байқау қатысушыларымен таныс болыңыздар:

1.Жеңісова Мадина Мұхтарқызы-Ижев селолық окуруг әкімінің аппаратының іс жүргізуші жөніндегі аудармашысы;

2.Ищанова Нургуль Каримовна-Ақбұлақ селолық округі әкімінің аппаратының іс жүргізуші жөніндегі аудармашысы;

3.Андинова Гаухар Мұхтарқанқызы -Михайлов селолық округі әкімінің аппаратының іс жүргізуші жөніндегі аудармашысы;

4.Аханова Динара Сейсенбайқызы -Бірсуат селолық округі әкімінің аппаратының іс жүргізуші жөніндегі аудармашысы;

5.Досмағанбетова Самал Бейсенбайқызы -Волгодонов селолық округі әкімінің аппаратының іс жүргізуші жөніндегі аудармашысы;



6.Нұрхан Кенжегүл-Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімінің іс жүргізуші жөніндегі аудармашысы;

7.Давлатова Оглис Чупанқызы- №4Агротехникалық коллледжінің аудармашысы;

8.Нұрхан Риза-Аршалы аудандық мәслихатының іс жүргізуші жөніндегі аудармашысы;

Байқаудың шарттары:

  1. «Өзін-өзі таныстыру»

  2. «Ресми құжаттарды аудару» (күнделікті жұмыс барысында қолданылатын құжаттарды аудару сапасын анықтау)

  3. «Көркем аударма» (мәтіннің сапасына, көркемдігіне, мазмұнына көңіл бөлу)

  4. «Жаңа терминдер әлемі» (мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді білу деңгейі)



Бүгінгі байқаудың төрелігін беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  1. Ауданымыздың ардагерлер кеңесінің төрайымы, ардагер-ұстаз-Ұзахбаева Шырынкүл Маханбетиярқызы;

  2. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы -Қуандық Нұрхан;

  3. Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры-Маханов Руслан Жалғасбайұлы;

Олай болса, кезек тізгінін байқау қатысушыларына берейік.


Жүргізуші: М.Жұмабаев атамыз «Тіл-адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның кем болғаны » деген екен. Тіл - тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Мемлекетіміздің тарихи тағдыры, мақсаты тіл арқылы баянды болмақ. Тіл - байлығымыз, тіл - тарихымыз, тіл - мәдениетіміз, тіл-әдебиетіміз.Тіл - біздің ұлттық намысымыз, арымыз. Ана тілімізді қастерлеп, құрметтей білу - біздің қасиетті борышымыз.Байқауымыз өз мәресіне жетті. Кездескенше күн жақсы болсын!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!