жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Үздік бірлестік жетекшісі -2017» бірлестік жетекшілер сайысы
«Үздік бірлестік жетекшісі -2017»
«Мақсаты: Кәсіби деңгейі жоғары, жаңашыл сипаттағы, бәсекеге қабілетті шығармашылықпен жұмыс істейтін мектептің талантты пән бірлестігін анықтау.
Жаухартас: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Нұрзат. Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.- дей келе Бақытгүл Үндеуқызының орындауында «Ризамын» әнін қабыл алыңыздар
Ж. Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім- тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, шығармашыл ұстаз деген атқа лайық бірлестік мүшелері сайысқа түскелі отыр.
Н. Армысыздар замандас, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!
Ж. Біздерге тартыс – сайыс басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық.
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды
Н. Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуы мен еңбекті тепе-тең ғып
Еріксіз өзімізге қараталық
Ж. Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер тобы бәріңе жар салайық.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алайық - деп құрмет пен қошемет көрсетіп, бірлестік жетекшілерін ортаға шақырайық.
Ж. Жаратылыстану пән бірлестігінің жетекшісі: Қурманбаева Жаңагүл Қабдуалиевна
Н. Орыс тілі пән бірлестігінің жетекшісі: Мукашева Кульзия Нурдаряновна
Ж. Технология пән бірлестігінің жетекшісі: Сармантаева Алмагүл Қадыровна
Н. Қазақ тілі пән бірлестігінің жетекшісі: Далбина Жанар Қайырбекқызы
Ж. Дене шынықтыру пән бірлестігінің жетекшісі: Орынбеков Дамир Ғалымбекович
Н. Тарих пән бірлестігінің жетекшісі: Жадренова Нұргүл
Ж. Математика пән бірлестігінің жетекшісі: Бахтина Тоғжан
Н.Ағылшын пән бірлестігінің жетекшісі: Газезова Семейгуль Абдировна
Ж. Даярлық тобы және шағын орталық пән бірлестігінің жетекшісі: Батырова Гүлнұр Найманбайқызы
Н. Бастауыш сынып пән бірлестігінің жетекшісі: Тоқажанова Балауса Қобыландықызы.
Сайысқа қатысушы бірлестік жетекшілерін қошеметтеп отырайық
Ж.Еліміздің ұстаздары аман болсын,
Бастықтар жел өтпейтін пана болсын.
Сіздерге тек тілейміз аманшылық,
Болсын тек әрқашанда бейбітшілік – дей келе бүгінгі сайыскерлерге өз изгі тілегін білдіру үшін құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры – Идрисов Ахат Несіпхановичқа береміз.
Н. Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, әріптессіздер.
Тілейміз ізгі тілек сіздерге де!- деп құрметті қауым! Сынға түскелі отырған ұстаздарға тағы да қошемет көрсете отырып, сіздерді өздеріңіздің реттік нөмірлеріңізді алуға ортаға шақырамыз.
(Нөмір алынғаннан кейін нөмір бойынша аты – жөндері айтылып өтеді)
Ж;Әділ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош келіпсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан ұстаздарға,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.
Н: Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділ-қазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. _____________________________
2. _____________________________
3. _____________________________
4. _____________________________
5.______________________________
6. _____________________________
7. _____________________________
8. _____________________________
9. _____________________________
10._____________________________
Ж:Құрметті көрермендер, қазылар алқасы жұмысының қиындығын тек қазылар алқасы құрамында болып көргендер ғана біледі. Біз бүгін «Тура биде туған жоқ» дегенді ұстанып, әділдіктің ақ жолынан таймыңыздар дегім келеді.
Байқаудың турлары:
1. Бірлестіктің шығармашылық көрмесі
2. Таныстыру. (10 мин)
3. Болашақ мектеп моделі (3 мин) (Мектеп - кеше, бүгін, ертең)
4. Өнер (команданың барлық мүшелері қатысуына болады) (3мин)
Н: Құрметті әділ – қазылар алқасы бүгінгі байқауды 5 баллдық жүйемен бағалайсыздар және кешегі өткен шығармашылық көрмеде нормативтік құжаттар, бірлестік папкасы (есеп, хаттама, сапалық құрам), өз бетінше білім беру папкасы, қабілетті оқушылармен жұмыс папкасы, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы, мұғалімдердің портфолиосы, мұғалім мен оқушылардың жетістігі папкасы, ОЖСБ, ҰБТ папкасы, бақылау жұмыстарының сараптамаларының бағасын қосуды да ұмытпаңыздар.
Ж; Көп сөйлеп жөн жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Қанеки, бірлестіктер сайысын бастайық біз.
Н: Адам, ғалам ғажайып жеке дара,
Жан құмарын ізденген мәңгі сана
Өзіңді - өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана,
Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,
Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде
Мұғалімдер өздерін таныстырсын осы жерде – сайысымыздың бірінші шарты, ата салтымыздан қалыптастып қалған «Сәлем- сөздің анасы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін- өзі таныстыруына кезек берейік.
Таныстыру. (10 мин)
1. Оқушыға қатаң тәртіп қоятын
Тобында тәртіпсізді жоятын
Ұмытсаңыз әкелетін құралды
Басқалардан бөлек конспект жазғызып қоятын – дей келе Технология пән бірлестігінің жетекшісі: Сармантаева Алмагүл Қадыровнаны ортаға шақырайық
2. Қандай да болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Балауса
Жауқазын гүлге теңейміз – дей келе Бастауыш сынып пән бірлестігінің жетекшісі: Тоқажанова Балауса Қобыландықызы шақырамыз.
3, Ойы ұшқыр Тоғжан
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді – дей келе Математика пән бірлестігінің жетекшісі: Бахтина Тоғжанды қарсы алайық!
4. Тарих деген түп қазығы тамыры
Тамырды білу әрбір адамның парызы
Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен
Оқушылардың көп қой сізге қарызы! – дей келе Жадренова Нұргүлді ортаға шақырайық.
5. Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Дамир топтың жүрегі.
Қошеметпен Дене шынықтыру пән бірлестігінің жетекшісі: Орынбеков Дамир Ғалымбековичті қарсы алайық
6. «Ұстаз деген ұлағатты естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деп Серке Қожамқұлов ағамыз айтқандай бұл кісілердің алдында біз әрқашада шәкірттей сезінетін, ұстаздардың ұстазынан құралған. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөзді ұстанған орыс тілі бірлестігің жетекшісі Мукашева Кульзия Нурдаряновнаны ортаға шақырайық
7. «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішінімен оқушысына жақсы мағынада әсер етеді» деп М.Ғабдуллин айтпақшы сондай биязы, жинақы, жауапкершілігі мол, «Төртеу түгел болса төбедегі келер» деген ұстанымды ұстанған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан бірлестіктің жетекшісі Қурманбаева Жаңагүл Қабдуалиевнаны ортаға шақырайық
8. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз айтқандай, жандары нәзік, өнерсүйгіш, тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар алып жүретін, «Салауатты өмір салтымыз» деген ұстанымды ұстанған Орыс тілі пән бірлестігінің жетекшісі: Даярлық тобы және шағын орталық пән бірлестігінің жетекшісі: Батырова Гүлнұр Найманбайқызын қарсы алайық
9. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, жүректері елім, жерім, тілім, дінім деп соққан, патриот, жалынды жастардан құралған, «Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс» деген ұстанымды ұстанған бірлестіктің жетекшісі Қазақ тілі пән бірлестігінің жетекшісі: Далбина Жанар Қайырбекқызын қарсы алайық
10. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім» деп Ушинский айтпақшы ізденімпаз, жаңашыл, логикалық ойлары ұшқыр да шапшаң , «Жылдамдық пен дәлдік жаңашыл ұстаздаың сенімді серігі» деген ұстанымды ұстанған ағылшын тілі бірлестігің жетекшісі Газезова Семейгуль Абдировна ны қарсы алайық
Музыкалық номер
Болашақ мектеп моделі
Ж; Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы-қилы ойды ортаға салайық.
Сан-салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық – дей отырып, болашақтағы оқушының , бірлестіктің , мектектептің, болашақ қазақстаның моделін ұстаздарымыз қалай бейнелейді, қалай елестетеді екен, байқап көрейік.
Өнер сайысы
Н:Ерке өсіп, ел жайлаған қазақтанбыз
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді.
Біздерге тарту етіп келіп тұрсыз.- деп сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салсын.
Ж: Шаршауға да қол тимей жүргендейміз,
Бір бақыттың боларын білгендейміз.
Ұмытайық қалайша ізгілікті,
Болсақ дейміз сіздермен біз білікті.
Н: Асау жүрек жабығып алқынбасын,
Бойына біткен өнер сарқылмасын
Шыңға біткен шынардай биіктерде,
Халқымыздың өнері жарқылдасын - дей отырып, әділқазы мүшелері ұпай санын анықтағанша......
Музыкалық номер
Ж:Тәуелсіздік таңы сіздер, білемін,
Болашаққа бар білімін беретін.
Барыс текті ұстаздарсыз білемін,
Жалыңдатып биік шыңда жүретін
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын – дей отырып, бүгінгі білім додасын аяқтамас бұрын, қатысушыларды ортаға шақырайық ,әділ-қазы алқасына сөз берейік, жеңімпаз топты анықтайық.
Сарапшылар ойынға сараптама жасап, жеңімпазды атайды.
Келесі құттықтау сөзі әр бірлестік мүшелеріне беріледі ..........

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген