Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Үздік информатик
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Үздік информатиктер » сайысы
(7-8 сынып оқушылары арасында)
Мақсаты:
-
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау.
-
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылын арттыра отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
-
Оқушыларды шапшандыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке , ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд-шоу, интерактивті тақта,
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан информатика, физика, математика пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 8», 7 сынып оқушылары «Үздік информатиктер» атты сайыста білмдерін сынамақ. Олай болса ойыншыларымызбен таныс болайық!.
Екі топ топтың аты, ұранымен таныстырады.
8 сыныбы: « _________________ ____ » тобы
7 сыныбы: «_____________________» тобы
Сайысты бастамас бұрын, алдымен сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
-
................................................................
-
...............................................................
-
...............................................................
Сайыс 5-кезеңнен тұрады:
-
«Тапқырлық»
-
«Адасқан әріптер» (1 жауап - 5 ұпай)
-
«Мақал сөз мәйегі » (1 жауап -5 ұпай)
-
«7 рет өлшеп, 1 рет кес» (1 жауап - 5 ұпай)
-
«Сұрақтар патшалығы» ( 1 жауап -5 ұпай)
1-кезең. «Тапқырлықу»
Шарты: Әр командаға 5 жұмбақтан қойылады. 5 жұмбақтың жауабы дұрыс жауап берген жағдайда жалпы балл -25
__________________ тобына:
1.Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын. (тышқан, мышка)
2.Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан. (Wi-Fi, интернет)
3.Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор, экран)
4.Егер білсең, айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (сканер)
5.Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ
Ұзын саны жүз жеті ... (пернетақта , клавиатура)
__________________ тобына:
1.Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (кактус)
2.Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді... (принтер)
3.Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)
4.Саусақтарды билететін
Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта, клавиатура)
5.Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын
Қорқақ компьютердің кенже баласы. (тышқан, мышка)
ІІ-кезең: «Адасқан әріптер»
Шарты: Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. (1 жауапқа 5 ұпай)
ЕОДМЕ ИМРКООНФ
ОНТИРМО АКЬЛУКТОЯЛР
РСУИВ ИТНРНЕТЕ
ЫШТАҚН ЕРНПЕАҚТАТ
РИНПРЕТ ОЛОКНАК
ҚАПРАТА МЕАРКА
3-кезең: «Мақал сөз мәйегі »
Шарты: Тақтада берілген информатика тілінде берілген мақал-мәтелдердердің дұрыс айтылуын табу керек.
(1 мақалды тапқан жауапқа -5 ұпай)
1.Жігітті компьютеріне қарап,бағала
(Жігітті досына қарап,бағала)
2.Байт биттен құралады.
(Теңге тиыннан құралады)
3.Вирустан қорыққан,интернетке шықпас.
(Шегіркеден қорыққан,егін екпес)
4.Компьютердің жұмысы,иесіне мәлім
(Аттың сыры,иесіне мәлім)
5.Білмесең, “анықтама”-дан сұра.
(Білмесең білгеннен сұра)
6.Антивирусы күштіні,вирус ала алмайды.
(Досы күштіні-жау алмайды)
7.Күлсең ескірген компьютерлерге күл.
(Күлсең кәріге күл)
8.Компьютерде бес колонка,дауысы жер жарады.
(Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады)
-
4-кезең: «7 рет өлшеп, 1 рет кес» (1 жауап - 5 ұпай)
Шарты Екі топ ақпараттың өлшем бірлігіне байланысты бір-бірімен сесептермен бөліседі.
Әр топтағы 5 оқушы келесі топтағы 5 оқушыға жеке жеке ақ параққа жазылған есептер береді.
-
5-кезең: «Сұрақтар патшалығы»
Шарты: Екі топқа ортақ сұрақ қойылады. . Қол көтеру арқылы әр топ жауап береді. Сұрақтар саны 10 ( дұрыс 1 жауап -5 )
1.Бір байтта қанша бит бар? (сегіз)
2. Ақпараттты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды? Суды
3.Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?
(Суеттерді)
4.Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады? (мәтін)
5.Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан)
6.Терезе командалары орналасқан бөлікті қалай атаймыз?
(мәзір жолағы , меню)
7. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады? (Ірі ұйымдарда )
8.Word бағдарламасында кестені не арқылы жасаймыз?
(қарындаш,pensl)
9. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны?
(Жұмыс үстелі)
10.Microsoft фирмасын құрған адам кім?
Билл Гейтс.
5 кезеңнен құрылаған «Үздік информатиктер » сайысы жюри мүшелерімен қорытындыланып , сайыс аяқталады.
Амангелді ауданы
Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі
( сайыс)
Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі:
Исмагулова С.М.
2023-24 оқу жылы
«Үздік информатиктер » сайысы
Бағалау парағы
Сайыс кезеңдері |
«Жас программмистер» тобы |
«Болашақ» тобы |
Таныстыру Топ аты. Ұраны. |
|
|
1«Тапқырлық» сайысы ( 1 жауап -5 ұпай) |
|
|
2«Адасқан әріптер»
|
|
|
3«Мақал сөз мәйегі »
|
|
|
4.«7 рет өлшеп, 1 рет кес»
|
|
|
5.«Сұрақтар патшалығы» ( 1 жауап -5 ұпай) |
|
|
Жалпы ұпай саны: |
|
|
Бас жүлде «Үздік информатиктер » : _______________________ тобы