"Үздік информатик" тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Үздік информатик" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты оқушылардың информатика пәніне деген талпынысын ұлғайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамай ауылының негізгі орта мектебі









DrawObject1


атты сайыс


6-9 сыныптар






Информатика пән мұғалімі: Токубаев А.М.









2023-2024 о.ж.

Информатика пәні мұғалімі: Токубаев Аслан Михайлович

«ҮЗДІК ИНФОРМАТИК»

сайысы

6-9 сыныптар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға XXI-ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік:Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық-гигиеналық талаптарын орындату.

Сабақтың түрі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс-сайыс түрінде өтеді.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер.

Жоспары :

  1. Бәйге

  2. Дода көкпар

  3. Тіл-өнер

  4. Жеті жұмбақ

  5. Ғажайып алаң

Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

  • Оқушыларды сайысқа шақыру

II. Сайысты өткізу программасымен таныстыру

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау

Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.

Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық:

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Бәйге» сайысын бастаймыз.Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады.Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

«Бәйге»

  • Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

  • Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

  • Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбинц ойлап тапқан машина (арифмометр)

  • Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)

  • Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

  • Принтердің неше түрі бар? (3)

  • 1012 екілік саны ондық жүйеде қандай сан? (5)

  • Логикалық көбейту амалы қалай аталады? (коньюнкция)

  • Компакт-диск оқу құрылғысы (CD-ROM)

  • Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)

  • Компьютер ауруы (вирус)

  • Windows деген не? (терезе,ОЖ)

  • Alt+F4 пернелер комбинациясының қызметі (терезені жабу)

  • Компьютердің атасы (Ч.Бэббидж)


1-тур қорытындысы бойынша алған ұпайларын санайық.

Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алда жарыссын

Келесі кезең «Дода көкпар»

Әр оқушыға практикалық жұмыс беріледі Paint графикалық редакторынан сурет салу.

2-тур қорытындысы бойынша алған ұпайын білейік.

Ана тілім арым бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» Сендерге жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі.Сұрақты мұқият тыңдаймыз.

«Тіл-өнер»

  • Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)

  • Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук, sound)

  • «Ас-адамның арқауы», ал компьютердің асы...(ток, ток, currend)

  • Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare)

  • Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)

  • Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

  • Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)

  • Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)

  • Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)

  • Кітап ненің бұлағы?(білім, знание, knowledge)

3-тур қорытындысы бойынша алған ұпайын білейік.

Жан достарым, мұны жақсы ұғайық

Информатика, құрметтеуге лайық.

Келесі кезең:

«Жеті жұмбақ»

Экранда «АҚПАРАТ» сөзіне сөзжұмбақ жасырылған, қай оқушы шешсе сол 10 ұпайға ие болады.

  • Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені (кактус)

  • Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)

  • Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

  • Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (сканер)

  • Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

  • Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)

  • Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)

Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (процессор)


Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмай - тын, иә - ні қолдап қайталайтын береген (пернетақта)


Тышқанның ең жақын туысы (трекбол, джойстик)





4-тур қорытындысы бойынша алған ұпайын білейік.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалма

Мәреге таяп қалды бұл жарыста


Келесі кезең «Ғажайып алаң»


Экранда 10,20,30 сандарының астында сұрақ жасырылған сол сұраққа жауап берсеңіздер сол ұпайды аласыңдар.


ҒАЛЫМДАР

10 -Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)

20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Непер)

ТАРИХ

10 –Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян)

20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)

30 –Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы)

ИНФОРМАТИКА

10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).

20 –Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады).

30 –ЭЕМ неше буынға бөлінеді? (Бес буынға)

ӘР ТҮРЛІ

10 –Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)

20 –Компьютердің негізгі құрылғылары. (монитор, жүйелік блок, маус, модем).

30 –Сигнал дегеніміз не? (Оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс).


Қосымша тапсырма.

Әр командаға конверт беріледі. Берілген сөздердің бөліктерінен компьютерге байланысты сөздер құрастыруларыңыз керек. Оған 3 минут уақыт беріледі. Қанша сөз құрастырса, сонша ұпай аласыңдар.

Жауабы: Жү – йе – лі б – лок, с – ка – н – ер , про -це – с – с -

ор , д – рай – в – ер, ви – р – ус, п – рог – ра – м – ма, мо – д – ем


Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21-ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік.

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Өмір деген өнермен үйлеспей ме

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!

Бүгінгі көріп тамашалаған интелектуалды шоу

Үздік информатик” ойыны өз мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.03.2025
338
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі