жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үздік Жас маман-2018
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ақтау есептік- технологиялық колледжі
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Чилимбаева Г.
_____________________
«____» ___________ 2018 ж.
Колледжішілік жас мамандар сайысы:
“Үздік жас маман-2018”

Ақтау-2018
«Үздік жас маман- 2018» колледжішілік байқауының сценариі.
Тақырыбы: « Үздік жас маман-2018 »
Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Уақыты: 15-18 мамыр, 2018 ж
Орны : Ақтау есептік - технологиялық колледжі, Акт залы
Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас
мамандар!
«Үздік жас маман-2018 » жас мамандар сайысына қош
келдіңіздер!
Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман.
Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас
ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші -
ұстаздардың қолында.
Жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын
ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап
жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын
деген тілек білдіреміз.
Жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға
шақырамыз.
Уан, ту, сри деп
үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Жадыра Мұхтарқызы ортамызда
Бақытын тауып жүр еңбектен.
Мұхамбедиева Жадыра
Мұхтарқызы ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
Тәлімгері: Шаяхметова Құралай
Ниязбековна
Жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Айнұр біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
Жүргізуші:
Сарбас Айнұр
Мәлікқызы- Физика пәні
мұғалімі
Ұстанымы «Білсе білім - күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Ерманова Роза
Ноғайхановна
Жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Гүлшаттай бар қызыңыз
Танысыңыз, біліңіз.
Лекерова Гүлшат
Әлиқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Ұстанымы: Еңбек- бәрін де
жеңбек
Тәлімгері: Өтесинова Дәмегүл Мұналбайқызы
Жүргізуші:
Сабырлы, әрі салмақты,
Айнұржан біздің жан -
жақты.
Өзі сондай байсалды
Математиканың ұстазы.
Мелис Айнұр – Математика
пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: : «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол
жаңадан жаңаны табатын өнер»
Тәлімгері: Кенебаева Алтынгул
Турмуханбетовна
Жүргізуші:
Өнеге мол сөзінде,
Өнері көп өзінде.
Ақ ниетті кең пейіл,
Загиражанның өзінде3,
Чолтанова Загира
Исатайқызы - информатика пәнінің мұғалімі
Ұстанымы : «Болашақ бүгіннен басталады.»
Тәлімгері: Көкекбаева
Ақмарал Рахметтуллаевна
«Баталы жан арымас...»
дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған
сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілекпен ортаға колледж директоры
Балтаева Гүлшат Рүстембекқызын шақырамыз.
Жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді
сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға
шақырамыз.
Ән: «Ұстазым » Орындайтын Текебай Мөлдір
Жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы
мүшелерімен таныс
болыңыздар.
1.Балтаева Г.Р. – колледж директоры
2.Отесинова Д.М. - әдіскер
3.Фейзова М.П - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқаудың кезеңдерімен таныстырып кетейік.
Бірінші кезең - Таныстыру сайысы
Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өз мамандығы туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін дәйекті негіздермен дәлелдейді. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т.б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.
Екінші «Өнерлінің өрісі кең»
Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 5 минут).
Үшінші «Білікті маман – ел тірегі»
Бұл сайыс қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді. Ситуациялық тапсырмалар беріледі.
Төртінші «Тәрбие – даналық бастауы » кәсіби сайысы
Бұл сайыста жеребе бойынша тақырыпқа сай әр қатысушы өздерінің топтарында ашық тәрбие сағаттарын өткізеді. (ұзақтығы – 30 минут)
Жүргізуші: Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп , жетпеген жеңісіне, орындай
алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім
білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес,
іспен көрсетсін
жастарымыз енді.
Жүргізуші: «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек берейік.
Ескеріледі:- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы
Таныстыру
кезеңі
Жүргізуші: Жас мұраты білім,
тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын екінші шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың
өнерін тамашалайық.
Жүргізуші: Өнер көкке
жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
Жүргізуші:
Келесі кезекте өнер сайысы:
Ескеріледі: - Орындау шеберлігі
- Образдылығы
- Шынайылығы
- Көрерменді баурап алуы
«Өнерлінің
өрісі кең»
(өнер көрсетіп болғасын)
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері
ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын
айту)
Жүргізуші: Осындай
тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым! Сынға түскелі
отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп
қоялық.
Жүргізуші:
«Білікті маман –ел тірегі» демекші,
«Талпынған
бала, талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып
айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі
мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт
шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім
нәрін беруші – ҰСТАЗ.
Ендеше келесі бөлімде қатысушы жас ұстаздарға топ ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын, артистік қабілетін сынайтын сәт те келіп жетті.
Ескеріледі: - Жағдайды шешу
шеберлігі
- Педагогикалық - психологиялық
сауаттылығы
- Түсінікті баяндауы
- Жедел әрі нақты жауап беруі
- Өзіне, жауабына сенімділігі
Қане достар
пікірлесіп қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.
Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі
кезеңін бастайық. Ойлануға 2
минут.)
Жүргізуші:
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып,
жеңімпазды анықтайық.
Жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз
шешімдерін шығарғанша «ән - шашуға» кезек
берейік.
Жүргізуші: Ән “ ”
Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін
бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін
береміз.
Жүргізуші: ХХІ ғасыр – Білім
ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді
еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына
саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп,
еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен
қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! –
дейміз.
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген