Материалдар / "Үздік жас маман" байқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Үздік жас маман" байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2024
133
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жас маман- 2023» мектепішілік байқауының сценарииі.

Тақырыбы:  «Жас маман 2023 »

Мақсаты:  Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.

Уақыты:3 мамыр, 2023 ж

Орны : Г.Бегалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі


Жүргізуші
:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
Жүргізуші:- «Менің әдістемелік жүйем» жас мамандар апталығы аясында мектепішілік жас мамандар арасында ұйымдастырылған «Жас маман-2023» сайысының бірінші кезеңіyде жас мамандарымыз ашық сабақтар өткізген болған болатын, бүгін сайысымыздың екінші бөлімі өткелі отыр, қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.

Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?


Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.

жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Раушан сұлу бар ортамызда
Бақытын тауып жүр еңбектен.
Габбасова Раушан Чаидуллаевна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, Өйткені мұғалім мектептің жүрегі»

жүргізуші:
Оқушының біледі жатқа жай күйін,

Жақсы көріп арнайды тек ақ тілек.
Жүреді әр кез әрбір жанға бақ тілеп.
Айгерім біздің сыпайы, әрі ақ жүрек.
Жиенбаева Айгерім Нұрланқызы- Мектебіміздің әлеуметтік педагогі

Ұстанымы «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар білімің мен еңбегің екі жақтап»
жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Гүлнұрдай сұлу қызыңыз
Танысыңыз, біліңіз.

Қазбек Гүлнұр Айдарбекқызы- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп тәлімгері
Ұстанымы:

жүргізуші:
Әліппені ашқызып
Әріптерді үйреткен
Қалам беріп қолына
Жазуды да үйреткен

Меңгүл құрбым ортада

Айтжанова Меңгүл Радикқызы -бастауыш пәні мұғалімі
Ұстанымы: «Алдыға қарай қандай жылдамдықпен келе жатырғаның маңызды емес, ең бастысы тоқтамау»

жүргізуші:
Қыр-сырын зерттеп ғаламның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнеге, өріс беретін
Барометрі сенсің адамның.

Рахымова Таңжұлдыз Ыбрайқызы - физика пәні мұғалімі.
Ұстанымы: «





»

жүргізуші:
Балаға барлық сабағын
Қызықтырып өткізген
Гүлжанардай маманның
Бар бойынан табасың.
Сапаргалиева Гүлжанар Рамазанқызы - бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы: «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы-мұғалім»
жүргізуші:
Бала – шаға отбасымен бақытты,
Күнделікті шәкірттерге асықты.
Интернаттың тәрбиесшісі Мақпалдай,
Іскерлікпен ісін алға тасытты

Каналиева Мақпал Муратқалиевна – Интернат тәрбиешісі
Ұстанымы: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
жүргізуші:
Кір шалмайтын ешқашанда қабағын,
Насихаттың қадамына қарағын.
Пән ішінде пәндердің бір төресі,
Алып жүрген математика сабағын

Амангелді Гүлсім Мирболатқызы –Математика пәні мұғалімі
Ұстанымы: «Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ»
жүргізуші:
Білімді ұстаз, бейімді шетел тіліне.
Еңбегімен ортасына үлгі – өнеге.
Жұмысының жемісін көрсетеді,
Әсемгүл әркез көңілді жүреді

Фатих Әсемгүл Серікқызы- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Істейтін ісіңді сүюің керек, сонда ғана мейлі тіпті қарапайым болсын, шығармашыл дәрежеге дейін көтеріледі. М.Горький»
жүргізуші:

Good morning children деп бастайды ол сабағын

Бақылайды шәкірт әркез қабағын

Шетел тілін сүю үшін шәкірттер
Назгүлдің сүйіп оқиды сабағын
Назгүл Канатовна - ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ұстанымы: «Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі» В.О.Ключевский
жүргізуші:
Әріптесім, сырласым

Тәтті қыздың анасы,

Шәкіртке есеп үйреткен

Лунара біздің жан-жақты

Чапаева Лунара Дауренқызы математика пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

жүргізуші:

«Баталы жан арымас...» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп директоры Айткалиева Гүлназ Зеинқызын шақырамыз.

жүргізуші:

Жас мамандардың реттілігін біліп алу үшін жеребе суыртайық.


жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

Мектеп директоры Айткалиева Гүлназ Зеинқызы

Орыс тілі пәнінің мұғалімі  Табылдиева Шынар Насекеновна

Тарих пәні мұғалімі Сариева Рима Сабитқызықызы

Бастауыш сынып мұғалімі Темирболатова Кунсулу Батаевна

Қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Айткалиева Дарига Кабдоловна



Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқаудың кезеңдерімен таныстырып кетейік.

Бірінші - Таныстыру сайысы

Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қандай қызмет атқаратын қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т.б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.

Екінші «Білікті маман – Ел тірегі»

Бұл сайыс педагогикалық психологиялық білімдерін сынау негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді.

Үшінші «Өнерлінің өрісі кең»

Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-5 минут).

Төртінші Қорытындылау.





Жүргізуші: Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін –   деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымызға сәттілік.

Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен Оразбаев Нұртайды ортаға шақырамыз.
Ән: « »


«Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек берейік.

Ескеріледі:- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы

Таныстыру кезеңі



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11



Жүргізуші:

«Білікті маман – Ел тірегі» демекші, Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді.



«Талпынған бала, талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Ендеше келесі бөлімде қатысушы жас ұстаздар

Жедел сұрақтарға жауап береді

Жүргізуші:

Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.


Келесі кезекте өнер сайысы:
Ескеріледі: - Орындау шеберлігі
- Образдылығы
- Шынайылығы
- Көрерменді баурап алуы

Жас мұраты білім, тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысымыздың үшінші кезеңі өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.

«Өнерлінің өрісі кең»

(өнер көосетіп болғасын)

Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)


Жүргізуші: Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым! Сынға түскелі отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп қоялық.


Жүргізуші:

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасына кезек беріп, жеңімпазды анықтайық.



Жүргізуші:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша «ән - шашуға» кезек берейік.

Жүргізуші: Ән “ ” орындайтын музыка пәнінің мұғалімі Оразбаев Нұртай

Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші: ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.

.


































Shape2 Shape1

2





1











Shape3 Shape4

4

3





















Shape5 Shape6

6

5





















Shape8 Shape7

8

7





















Shape9 Shape10

10

9



















Shape11

11


























Билет №1

1.Толық жауап беруге,өз ойларын анық білдіруге,өз идеяларын дамытуға көмектесетін және тапсырманы орындау барысында бағдар беретін сұрақ? Сынақтан өткізу

2. Оқушының оқудағы шынайы жетісігінің көрсеткіші? Оқу танымдық іс -әрекетті меңгеруі

3. Білім беру саласындағы пратик-маман сөзсіз қабылдайтын, мінсіз қоғамның бейнесін іске асыруға бағытталған праксис нысаны? Педагогикалық нысаны



Билет №2

1.Оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын фактор?Балалардың қалай оқитынын мұғалімнің түсінуі

2..Белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушінің сезіміне,мінез-құлқына ықпал ету амалдары?Тәрбие әдісі

3.Ұжым тәрбие субьектісі ретінде?Тұлғаның дамуына бағытталады



Билет №3

1. Оқушылардың анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге,идеяларын дамытуға көмектесетін,тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отыратын сұрақ қою тәсілі ?

Сынақтан өткізу

2. Педагогиканы оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны?Педагогиканың үдерісі

3. Блум таксономиясы бойынша оқушыны сыни ойлауға жетелейтін сұрақ саны? 6



Билет №4

1.Баланың білім-дағды,білік және өз бетінше әрекет ету мүмкіндіктерін дамуына қарай орнатылатын,нығайтылатын,бөлшектенетін уақытша құрал?Көпіршелер

2.Оқушылардың анағұрлым толық жауап беруіне, өз идеяларын дамытуына көмектесетін сұрақ тәсілі?Сынақтан өткізу сұрағы

3. Жинақтау, бағалау деңгейіндегі тапсырмаларға бағытталған сұрақ? Жоғары дәрежелі



Билет №5

1. Бәсекелестікке құрылғандықтан, топ ортақ шешімге келе алмайтын әңгіме түрі? Әңгіме-дебат

2. Сұрақ қою? Сапаны арттыру

3. Қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу? Экологиялық тәрбие



Билет №6

1. Адамгершілік, ақыл-ой, дене тәрбиесі және еңбекке баулу? Тәрбие бағыттары

2. Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланысы? Заңдылық

3. Педагогиканың жалпы негіздері бөлімінің мақсаты? Педагогикалық білімді қалыптастыру


Билет №7

1.Оқушы жауап берген соң кідіріс жасау қажеттігі? оқушы өз жауабын түзетуге, нақтылауға мүмкіндік алады

2. Оқушылардың анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге,идеяларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою тәсілі ?Сынақтан өткізу

3. Оқытудың сөздік әдісі ? түсіндіру, оқулықпен жұмыс


Билет №8

1.Тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына,сезіміне,әдет-қылығына,мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету?Адамгершілік тәрбиесі

2. Ғылыми-танымдық іс-әрекет амалдары, формалары, тәсілдері? Әдіснама

3. Кіші жастағы балалар дәл өзін қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттесу кезінде оқу және даму жүзеге асады деп қарастырған оқу тәсілі? Танымдық



Билет №9

1. Педагогикалық процесті басқаруда мұғалім үстемдік ететін қарым-қатынас стилі? Авторитарлы

2. Оқушылардың алғашқы жауабын алу үшін және олардың жауабын түзетуге сұрақ түрі? Түрткі болу

3. Педагогиканың ғылым ретіндегі қызметі ? Зерттеу



Билет №10

1.Жаңа материалды өткен материалмен байланыстыруды талап ететін дидактикалық принципі? Бірізділік

2.Сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелейтін сұрақ түрі? Түрткі болу

3. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуды, алған білімдерін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ететін оқыту? Сындарлы оқыту



Билет №11

1. Оқушылардың білім алуын қолдау үшін пайдаланатын сынақтан өткізуге қойылатын сұрақ түрі? Айтқаныңызға дәлел келтіре аласыз ба?

2. Жабық сұрақтардың балама атауы? Төмен дәрежелі

3. Тақырыпты оқуға уақыттың жалпы мөлшерін көрсетумен білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат? Оқу бағдарламасы














Билет №1

1.Толық жауап беруге,өз ойларын анық білдіруге,өз идеяларын дамытуға көмектесетін және тапсырманы орындау барысында бағдар беретін сұрақ?

2. Оқушының оқудағы шынайы жетісігінің көрсеткіші?

3. Білім беру саласындағы пратик-маман сөзсіз қабылдайтын, мінсіз қоғамның бейнесін іске асыруға бағытталған праксис нысаны?



Билет №2

1.Оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын фактор? 2..Белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушінің сезіміне,мінез-құлқына ықпал ету амалдары?

3.Ұжым тәрбие субьектісі ретінде?



Билет №3

1. Оқушылардың анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге,идеяларын дамытуға көмектесетін,тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отыратын сұрақ қою тәсілі ?

2. Педагогиканы оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны?

3. Блум таксономиясы бойынша оқушыны сыни ойлауға жетелейтін сұрақ саны?



Билет №4

1.Баланың білім-дағды,білік және өз бетінше әрекет ету мүмкіндіктерін дамуына қарай орнатылатын,нығайтылатын,бөлшектенетін уақытша құрал?

2.Оқушылардың анағұрлым толық жауап беруіне, өз идеяларын дамытуына көмектесетін сұрақ тәсілі?

3. Жинақтау, бағалау деңгейіндегі тапсырмаларға бағытталған сұрақ?



Билет №5

1. Бәсекелестікке құрылғандықтан, топ ортақ шешімге келе алмайтын әңгіме түрі?

2. Сұрақ қою?

3. Қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу?



Билет №6

1. Адамгершілік, ақыл-ой, дене тәрбиесі және еңбекке баулу?

2. Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланысы?

3. Педагогиканың жалпы негіздері бөлімінің мақсаты?



Билет №7

1.Оқушы жауап берген соң кідіріс жасау қажеттігі?

2. Оқушылардың анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге,идеяларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою тәсілі ?

3. Оқытудың сөздік әдісі ?


Билет №8

1.Тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына,сезіміне,әдет-қылығына,мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету?

2. Ғылыми-танымдық іс-әрекет амалдары, формалары, тәсілдері?

3. Кіші жастағы балалар дәл өзін қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттесу кезінде оқу және даму жүзеге асады деп қарастырған оқу тәсілі?



Билет №9

1. Педагогикалық процесті басқаруда мұғалім үстемдік ететін қарым-қатынас стилі?

2. Оқушылардың алғашқы жауабын алу үшін және олардың жауабын түзетуге сұрақ түрі?

3. Педагогиканың ғылым ретіндегі қызметі ?



Билет №10

1.Жаңа материалды өткен материалмен байланыстыруды талап ететін дидактикалық принципі?

2.Сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелейтін сұрақ түрі?

3. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуды, алған білімдерін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ететін оқыту?



Билет №11

1. Оқушылардың білім алуын қолдау үшін пайдаланатын сынақтан өткізуге қойылатын сұрақ түрі?

2. Жабық сұрақтардың балама атауы?

3. Тақырыпты оқуға уақыттың жалпы мөлшерін көрсетумен білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат?



























«Жас маман-2023» байқауын бағалау

Аты-жөні

Ашық сабақ

Таныстыру

Сұрақ-жауап

Өнер көрсету

Қорытынды балл

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!