400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үздік жас мұғалім- 2019

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге байқауға қатысты мәліметтер бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аналитикалық анықтама

Мен Манашева Гулмира Сырлыбайқызы 1992 жылдың 6 наурызында Ордабасы ауданы Қараспан ауылында дүниеге келдім.2010 жылы Шымкент университетінде білім алып,2014 жылы оқу орнын аяқтадым.2015 жылы«Мисс Ақжарқын» курста,2017 жылы «АВИмед» көпсалалы колеждінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым.2018 жылдан бастап «Достық» жалпы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет етемін.


Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер,өзіне-өзі сенімді,интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.Біздің міндетіміз жеке тұлғаны дамытып,білімге деген сенімін нығайту,оқуға деген қызығушылығын оятып,ынтасын арттыру.

«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ендігі алға қойған мақсатым — білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу иенің алға қойған мақсаттарымның бірі.Мұғалім — мектеп жүрегі болса, оның беделі мектептің беделі. Ал, мектеп — мемлекеттің басты тірегі. Олай болса, қазіргі таңда мұғалім білікті әрі шебер, ұшқыр ойлы, қабілетті, өз пәнін жетік меңгерген болуы керек. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жaс ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Сондықтан әрбір мұғалім бұл жауапкершілікті сезінсе, біздің мемлекетіміздің қорғаны нығая түспек.

Түсінік бар жерде ғана қызығушылық болатыны бәрімізге мәлім. Ал егер оқушы мұғалімді түсінбесе, онда мұғалімнің оқытатын пәнге де қызығушылығы болмайды. Сондықтан, мен өз тәжірибемде оқушыларды ынталандыруға көп көңіл бөлемін. Өзімді оқытқан мұғалімдердің ұстанымын есте сақтай отырып, оқушыларға математика пәнін барынша түсінікті, сонымен қатар өмірмен байланысты мысалдар арқылы түсінуіне жағдай жасауға тырысамын, өйткені заманауи педагогиканың мақсаты – алған білімдерін өмірде табысты қолдануына үйрету болып табылады.

«Нашар оқушылар жоқ , нашар оқытатын мұғалімдер бар» деп бекер айтылмаған. Демек, кез келген оқушыны үйретуге болады. Осы ұстанымды ұстана отырып, сыныптағы барлық оқушыларға бірдей көзқараспен қарауға тырысамын. Және оқушыларға да олардың оқиалатынын , түсіне алатынын жеткізуге тырысамын. Үнемі іздену, шығармашылық қасиет, теориялық білім – менің серігіме айналды.

Мен өзімді бақыттымын деп санаймын, өйткені менің ізімді жалғастырған оқушыларым бар. «Жақсы ұстаздың шәкірті озар» дегендей сол оқушыларымның жетістіктерін көріп, менің еңбегімнің зая кетпегінін, өз міндетімді табысты орындап келгенімді көріп, өмірімде дұрыс таңдау жасағанымды түсіндім. Менің мамандығын – менің дұрыс таңдауым!

Мен шәкірттердің бойын білім нәрін толтырып, елін сүйер азамат тәрбиелеу  жолында аянбай еңбек етуге даярмын.

Математика сабағында оқытудың əртүрлі əдіс-тəсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде мұғалімдердің математикалық білімдері терең болуы қажет. Түсінік бар жерде ғана қызығушылық болатыны бәрімізге мәлім. Ал егер оқушы мұғалімді түсінбесе, онда мұғалімнің оқытатын пәнге де қызығушылығы болмайды. Сондықтан, мен өз тәжірибемде оқушыларды ынталандыруға көп көңіл бөлемін. Өзімді оқытқан мұғалімдердің ұстанымын есте сақтай отырып, оқушыларға математика пәнін барынша түсінікті, сонымен қатар өмірмен байланысты мысалдар арқылы түсінуіне жағдай жасауға тырысамын, өйткені заманауи педагогиканың мақсаты – алған білімдерін өмірде табысты қолдануына үйрету болып табылады.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер жүктейді.Жас ұрпақты жан-жақты жетілген,ақыл парасатты,ой-өрісі биік,бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең озекті мәселесі.Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіс пен жаңаша істеуін қажет етеді.Оқушыларға сапалы білім беруде«Жаңартылған білім беру» бағдарламасын бойынша жұмыс

атқарып жүрмін.

Күні:12.09.2019ж Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: 6.1А Қатынастар және пропорциялар

Сабақтың мақсаты: 1. Екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну, екі санның қатынасын оқу және жазу тапсырмалар орындауда көрсету

2.Тура пропорционал шамалар анықтамасын білу, тура пропорционалдыққа мысалдар келтіру, есептер шығару;

3.Тура пропорционалдықты дәлелдеу, қасиетін талдау; математикалық тілде тұжырымдау

Ең алдымен ұйымдастыру бөлімінде оқушылармен амандасып,түгелдеп,3-топқа бөліп алдым.Таңдап алған асықтың түсі арқылы оқушылар өз топтарына барып отырды. Сабақ барысында «Кубизм» әдісі, «Детектив» әдісі, . «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі, «Сұрақтар жаңбыры» әдісі,«Серпілген сауал» «Паб куиз» әдісі«ТӨДК» тәсілі, «Өрмекші торы» әдісі тәсілдерді қолдандым.Тапсырмаларды орындау барысында ,оқулықпен жұмыс кезінде оқушылар өздерінің теориялық білімдерінің терең екендігін,оны практикада ұштастыра білетіндіктерін дәлелдеді.Сонымен қатар барлық оқушылар қатыстырылып,сұрақтар мен тапсырмаларға белсенді жауап беріп отырды.Оқулық бойынша деңгейлік тапсырмалар берілді.Алған білімдерін жинақтап,қортындылау мақсатында 3-топқа түрлі тапсырмалар берілді.Әсіресе «Қатынас» тобы мүшелері өздерінің 5-сыныптағы алған білімдерін бүгінгі сабақпен ұштастыра отырып арындап берді.Қалған екі топ берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады.Әр топ басшысы қортынды бөлімде топ мүшелерін бағалады,өз пікірлерін айтып өтті.Кері байланыс кезінде сабақтың оқушыларға ұнағандығын,әліде бұл тақырып бойынша білімдерін тереңдеткісі келетіндіктерін байқадым.Сабақ мақсатына жетті,жоспарланған міндеттер орындалды.

Жаңа әдіс тәсілдерді қолдануда сабақ беру кезіндегі өз тәжірибемнің нәтежесіннен түйгенім,сабақтарымда топтық тәсілді тиімді қолданудың оқушының өзіндік білім алудағы табыстылығы көрінді.Көшбасшылық қасиетерін айқындауда,кейбір бұйығы отыратын оқушыларға қозғау салып, «өзіндік менін» оятуда тиімділігі болады.

Қазіргі біздің қоғамға жоғары білікті,кәсиби дайындалған,шығармашылықпен ойлайтын оқушылар қажет.Заманауи білім берудің стратегиясы әрбір адамда табиғаттан берілген шығармашылық тума талантты жан-жақты дамыту болып табылады.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру ,Танымдық ойындарын ұйымдастыру,пән аралық байланысты тудыру,оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру,білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру барысында жұмыс жасаудамын.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,шығармашылық қабілеттерін дамытып, математика пәніне қызығушылықтарын аттыру мақсатында түрлі олимпиадаларға nio.kz tio.kz BILGE Түркістан математигі oқушыларды қатыстырып білімдері шыңдалуда.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қыркүйек
815
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі