Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үздік оқырман байқауы "Абай оқулары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Асау-Барақ» атындағы орта мектеп











«Үздік оқырман-Абай оқулары» байқауы









Өткізілген күн:22.11.2024ж

Жүргізуші:

Мамереженова Ажар Надырбековна
















Байқаудың тақырыбы: Үздік оқырман

Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Байқаудың әдіс-тәсілдері: іздестіру, салыстыру, мәтін құрастыру.
Байқаудың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка

Байқаудың барысы


1-Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар ! Бүгін біз осы кішкене залда қазақ сахарасының біртуар ұлы, бүкіл әлем мойындаған қазақтың ұлы ақыны - Абай туралы сыр шертпекпіз. Абайдың сөзі - халқымыздың, ұлтымыздың ұраны іспетті.

2-Жүргізуші: Абай – дана, Абай – ұлы ақын, Абай – қазақтың мақтанышы болған ұлы тұлға. «Абайды білмеген қазақ, қазақ емес » деген қанатты сөз бар. Олай болса, ұлт мақтанышына айналған Абай ақынның шығармаларын насихаттайтын сыр мен сезімге толы «Үздік оқырман» әдеби - жыр сайысына қош келдіңіздер !
1-Жүргізуші: Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыру кезеңін бастайық. Байқауға мектебіміздің директоры Раисова Н.Б.

Мектебіміздің тәрбие бөлімінің орынбасары Таласпаева Г.У.

Қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Раханова Б.М.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәніңі мұғалімі Мамереженова А.Н.

1-Жүргізуші:

Абай – дана, Абай – дара қазақта,
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге
Абай теңдес ақын болмас қазақта,-дей келе  байқауымызды бастаймыз.


2-Жүргізуші:Бұл сайыста мектебіміздің 5-9 сынып оқушылары бақ сынасады. Енді ортаға сайысқа қатысушы жас достарымызды шақырайық.


1-Жүргізуші:5а сынып оқушысы:

2-Жүргізуші:6а сынып оқушысы:

1-Жүргізуші:6а сынып оқушысы:

2-Жүргізуші:7а сынып оқушысы:

1-Жүргізуші:8а сынып оқушысы:

2-Жүргізуші:9а сынып оқушысы:


1-Жүргізуші: Алдымен қатысушыларымыздың реттік номерлерін анықтау үшін әділ-қазы алқаларының алдына барып жеребе таңдап алайық.

2-Жүргізуші:Ендігі кезекте байқау кезеңдерімен таныс болайық:


«Таныстыру» кезеңі

Ортаға сайыскерлерді шақырамыз


1-Жүргізуші:5а сынып оқушысы:

2-Жүргізуші:6а сынып оқушысы:

1-Жүргізуші:6а сынып оқушысы:

2-Жүргізуші:7а сынып оқушысы:

1-Жүргізуші:8а сынып оқушысы:

2-Жүргізуші:9а сынып оқушысы:


1-Жүргізуші:Әділқазы алқаларының ұпай сандарына назар аударайық.

«Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы»

мәнерлеп оқу кезеңі

Ортаға сайыскерлерді шақырамыз


1-Жүргізуші«Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы» - атты сайыста Ақынның бір немесе бірнеше өлеңін жатқа мәнерлеп оқу. (3-4 минут) 1ші номерлі қатысушымызды ортаға шақырайық.

1-Жүргізуші:5а сынып оқушысы:

2-Жүргізуші:6а сынып оқушысы:

1-Жүргізуші:6а сынып оқушысы:

2-Жүргізуші:7а сынып оқушысы:

1-Жүргізуші:8а сынып оқушысы:

2-Жүргізуші:9а сынып оқушысы:

1-Жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты, Абайдың өлеңдерін жатқа айтыпты. Бүгінгі сайыста бәйге алуға, Сайыскерлер аянбай ақ жан салыпты.

1-Жүргізуші:Әділқазы алқаларының ұпай сандарына назар аударайық.


«Сұрақ - жауап» ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайында

Сұрақ - жауап» Оқушылардың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қаншалықты білетіні тексеріледі.Ол үшін әр қатысушы тақтада ілініп тұрған конверттерден карточка таңдап алады және сол карточкадағы сұраққа жауап беруі тиіс. 1ші номерлі қатысушымыздан бастайық. (3-4 минут)

Ортаға сайыскерлерді шақырамыз


1. Абайдың үлкен әкесінің аты (атасының) кім?
а) Өскенбай
ә) Бөкенбай
б) Қарасай
в) Құнанбай

2. Абайдың әке-шешесі?
А) Өскенбай, Зере
ә) Құнанбай, Ұлжан
б) Құдайберді, Айғыз
в) Ибраһим, Ділдә

3. Жеңгелерінің Абайға қойған аты:
а) Желғара
ә) Селғара
б) Телғара
в) Белғара

4. Абайдың шын аты
а) Абай
ә) Ибраһим 
б) Құнанбай 
в) Ахмет Риза 

5. Абайдың руы кім?
а) Арғын 
ә) Шекті 
б) Тобықты 
в) Найман 

6) Абайдың неше қара сөзі бар?
а) 44
ә) 46
б) 45
+
в) 42

7. Абай қай жылы дүниеден өтті?
а) 6 маусым 1904
ә) 16 шілде 1905
б) 6 шілде 1904
в) 6 тамыз 1905

8. Абай «адам болам» деген жасөспірімге ашыла сырласқан өлеңі:
а) «Ғылым таппай мақтанба» +
ә) «Өлең-сөздің патшасы»
Б) «Сегіз аяқ»
В) «Жазғытұры»

9. Ауылдың тамаша табиғатын көркемдеген әні:
А) «Көзімнің қарасы»
ә) «Желсіз түнде жарық ай»
б) «Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Айттым сәлем, қалам қас»

10. Абайдың афоризмін жалғастыр « Пайда ойлама, ….»
А) өзінді ойла
ә) өмірді ойла
б) тамағыңды ойла
в) ар ойла



2-Жүргізуші: Әділқазы алқаларының ұпай сандарына назар аударайық.

Өлең, жырын қазағына арнаған,

Елдің қамын тебірентіп толғаған.

Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан,

Бұл заманда Абай сынды бар ма адам?!


1-Жүргізуші:Әділқазы алқаларының ұпай сандарына назар аударайық.

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән  мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Әділ қазы алқалары ұпай санын есептегенше 5Б сынып оқушыларының өнерін тамашалайық.

Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

2-Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға сол алда.



1-Жүргізуші:Жеңімпаздарды марапаттау үшін Әділқазыларға сөз кезегі беріледі. Сайыскерлерді мараппатау.

2-Жүргізуші: Құрметті қонақтар, сайыскерлер! Біздің бүгінгі «Үздік оқырман-Абай оқулары» атты сайымызға уақыт бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет !

1-Жүргізуші: Келесі кездескенше, хош сау болыңыздар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12