Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Үздік педагог – 2024 сценарий
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ұстазым» әні орындалады
Байқаудың Мақсаты мен міндеттері
1. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын пән мұғалімдерін анықтау және оларға қолдау көрсету;
2. Мұғалім мәртебесін көтеру;
3. Үздік педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, насихаттау және тарату
4. Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін ынталандыру.
1 жүрг:Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі мектебімізде өткелі отырған «Үздік мұғалімі – 2024» байқауына хош келдіңіздер.
2 жүрг: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев :
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі жастарр,
ұстаз оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға
жүктелетін міндет ауыр. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің
бірінің қолынан келе бермейді»- деп нұсқағандықтан , бұгінгі байқау
шығармашылық тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.
Байқау кезеңдері:
1. Педагогтың портфолиосы. Мәліметте педагогтың кәсіби жетістіктері (педагогикалық, шығармашылық, ғылыми т.б. жинақтап, сайыстан 1апта бұрын тапсырады)
1. Үй тапсырмасы: «Табысты ұстаз» бейнеролигі (Таныстыру: мұғалімнің, оқушының жетістіктері) – 1 минуттан аспайтын.
2. Шығармашылық жұмыс: «Сабақ үлгісін құру» (қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру) – 15 минут.
3. Педагогикалық шеберлік минуты: «Менің - ең үздік сабағым» (презентация, бейнефрагмент, ресурстарды қолдану)- 10 минут
4. «Ситуациялық сұрақтарға жауап» -2 минут
1 жүрг:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
2 жүрг:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп байқауға қатысушы ұстаздарды сахына төріне шақырамыз.
1 жүрг:
1. Денешынықтыру пәні мұғалімі-
2. Технология және бейнелеу пәні мұғалімі
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2 жүрг:
Енді ұстаздардан өзінің реттік нөмірін анықтау үшін жребе алуын өтінеміз және сол нөмір бойынша шығасыздар.
1 жүрг: Кез келген байқау- ол шығармашылық жұмыс. Байқау шабыт
пен әділеттілікті талап етері анық.
2 жүрг:Біздің байқауға әділ баға беретін білікті қазылар алқасымен танысайық!
Бағалау анықтауыштары:
-Мұғалімнің (оқушыларының) 3 жылдық жетістіктері;
-сабақ жоспарының № 399 бұйырығына сәйкес сабақ мақсаттары, №472 бұйрығы бойынша ҚМЖ құрылымы және шығармашылық түрде орындалуы;
-көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті;
-педагогикалық әрекетті қорғау шеберлігі;
-уақытты тиімді пайдалануы;
-ситуациялық сұрақтарға ұтымды, шапшаң, нақты жауап беруі.
- байқау кезеңдері 10 балдық жүйемен бағаланады.
1 жүрг:
«Үздік педагог» байқауының әділқазылар алқасы
№ |
Аты-жөні |
қызметі |
1 |
Садвакасова Р.Е |
Мектеп директоры, әділқазылар алқасының төрағасы |
2 |
Жақсыбаева Б.Б |
Тәжірибелі ұстаз, әділқазылар алқасының мүшесі |
2 жүрг: Құрметті қатысушылар сіздерді орындарыңызға жайғасуларыңызды сұраймыз!!
1 жүрг: «Үздік жас педагог - 2024» байқауының алғашқы кезеңін
бастаймыз.
2 жүрг:
Сайыста қаймықпайды, тайынбайды,
Қиыннан ешқашанда мойымайды.
Сайыстың бұл кезеңін бастайық біз
Әр ұстаз айта кетсін өзі жайлы.
ІІ-кезең
1-бөлім. Үй тапсырмасы: «Табысты ұстаз» бейнеролигі (Таныстыру: мұғалімнің, оқушының жетістіктері) – 1 минуттан аспайтын.
Ең жоғары ұпай – 10.
1 жүрг: :Мектептің
жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді
болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең
әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта
білетін мұғалім. –деген екен Ахмет Байтұрсынов. Ендеше сайысымыздың
2- бөлімі Шығармашылық жұмыс: «Сабақ үлгісін құру» (қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру) – 15 минут.
Ең жоғары ұпай – 15.
2 жүрг: Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.-деген екен атақты К.Д.Ушинский
ендеше, үнемі ізденісте жүретін ұстаздар қауымы үшін
3-бөлім Педагогикалық шеберлік минуты: «Менің - ең үздік сабағым» (презентация, бейнефрагмент, ресурстарды қолдану)- 10 минут
Ең жоғары ұпай – 10.
1 жүрг:Міне, соңғы айналымға да келіп жеттік.
4-бөлім «Ситуациялық сұрақтарға жауап» -2 минут . Жоғарғы балл-10
2 жүрг:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
1 жүрг:
Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.
(марапаттау рәсімі)
«Үздік педагог» байқауының
жеңімпаздарын марапаттау.
«Ізденімпаз педагог»
«Жаңашыл педагог»
«Іскер педагог»
1 жүрг:Ұстаз – бұл ұлы адам ел таныған,
Шәкіртін үйретуден жалықпаған.
Кішкентайдан қолынан жетектеп ап,
Сырлы әлемге өзіңді алып барған.
ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді
еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл – қыздарына саналы
тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің
жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн
нұрлы болсын! – дейміз.
2 жүрг:Мәңгілік еліміздің ұстаздары білікті
Жастары білімді болсын!!
Келесі кездескенші сау болыңыздар!