жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҮЗДІК ПСИХОЛОГ
2016-2017 оқу жылындағы
жазғы сауықтыру лагеріне байланысты
психологтардың I – ауысымда өткізген
іс-шараларының сараптамасы
Мақсаты: Оқушының жеке тұлғалық қасиетін ашу, олардың ізденісіне бейімделуіне көмек беру, психологиялық даму деңгейін анықтау.
Міндеттері:
1)Әрбір жас кезеңінде оқушының тұлғалық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін анықтау және жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру.
2)Оқушының жеке тұлғасын психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттеу.Сонымен қатар оқушылар арасында психологиялық ахуалға және дұрыс қарым-қатынасқа жағдай жасау.
Бірінші күні топтарды аралап оқушылармен танысып, көңіл-күйлерін байқап шықтық. Оқушыларды бір-бірімен және тәрбиешілерімен таныстыру,жақсы көңіл-күй қалыптастыру мақсатында «Танысу», «Салем!»
тақырыбында ойындар өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен және тәрбиешілерімен таныстыру, жақсы көңіл-күй қалыптастыру.
«Танысу» ойыны
Оқушылар шеңбер болып тұрып бір-біріне доп лақтыру арқылы есімдерін айтып, өз жақсы көретін ойыншықтырын және оны неге жақсы көретіндіктерін айтады.
«Сәлем» ойыны
Оқушылар бір-бірімен әр тілде, әр ұлт боп сәлемдеседі.
Лагердің екінші күні барлық сыныптармен «Шапалақты тыңда» тақырыбынды ойын өтілді.
Сабақтың тақырыбы: «Шапалақты тыңда»
Мақсаты: Ойлауды дамыту, жақсы көңіл-күй қалыптастыру.
«Шапалақты тыңдаңдар» ойыны
Оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап, шеңберге тұрады, жетекші ортада болады. Бари қолдарын шапаллақтайды. Жүргізуші қолын төмен, жоғару көтеріп тұрады.Төмен түскенде жай шапалақтайды, жоғары көтергенде қаттырақ шапалақтайды. Жүргізуші қолын жоғарыдан төмен түсіріп, төменнен жоғары көтеріп тұрады. Оқушылар жүргізушінің сілтемелерін дұрыс орындағанға шейін ойын жалғаса береді.
Лагердің үшінші күні барлық топтармен «Көңілді шеңбер», «Орныңды тап» ойындары өтілді.
Сабақтың тақырыбы: «Көңілді шеңбер», «Орныңды тап»
Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынастарын жақсарту, жақсы көңіл-күй қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
«Көңілді шеңбер» ойыны
Оқушылар шеңбер бойында тұрады. Әр оқушы шеңберде отырып өз армандарымен бөліседі. Армандарын айтып біткен соң бари бір-біріне тілек айтды.
«Шырақ» жаттығуы
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, үстелдегі шырақтарды алып , бір-бірлерін отын жағу арқылы тілектер айтады. Психолог оқушыларға болған кездесуге алғысын білдіреді. Оқушыларға осы күнге сәттілік тілейді.
Лагердің төртінші күні «Менің көңіл күйім», «Тырна» тақырыптарында тренинг сабақ өтілді. Мақсаты: оқушылардың қиялын дамыту, ойлау қабілетін дамыту, жақсы көңіл-күй қалыптастыру.
«Менің көңіл күйім» ойынында оқушылар өз көңіл күйлерін бір затқа теңеп оны сипаттайды. Айтылғкан көңіл-күйдің себебін топта анықтауға тырысамыз. Келесі кезекте өз көңіл күйін ым-ишара арқылы көрсетеді. Оны сыныптастары табуға тырысады.
«Тырна» ойыны
Оқушылар шеңбер бойынша тұрады. Беттерін қолдармен жауып терең тыныс алады. Тыныстарын 1-2 секундтар ұстайды. Ауыз, мұрын арқылы «трубка» арқылы демімізді шығарамыз, сонымен қатар бетімізден қолымызды ақырындап аламыз сол кезде мойын, арқамыз, иығымыз босаңсиды. Аяғында демімізді ф-фух-х деп дыбыспен ақырын шығарамыз. Көзімізді 1-2 секунд жауып үзіліс жасаймыз. Қолымызды веермен ашамыз. Өзімізды жеңіл ұстаймыз.
Лагардің бесінші күні барлық топтармен «Гүл», «Заттарды қабылдау» ойындары ойнатылды.
Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынастарын жақсарту, жақсы көңіл-күй қалыптастыру, қиялын дамыту.
«Гүл» ойыны
Балалар жүрелеп тізелерін құшақтап отырады. Олар дәндер жақында әдемі гүлдерге айналады.
Жетекші ойынға қатысушыларға қарап: «Күннің жылы шуағы жерге түсіп, дәндерді жылытты. Дәндер тамырланды. Оал өсті, бой көтерді, бұратылып күнге мойын созды. Күн гүлдің әрбір күлтешесін қыздыра бастады»
Балалар жетекшіні тыңдап нақты қыймылдармен көрсетеді: жүрелей отырады; бастарын, қолдарын көтереді; Бойларын тік ұстап, қолдарын жан-жақты созады-гүл ашылды; Басын сәл артқа шалқайтып, күнге қарайды. Көздерін жартылай жұмып, көктемгі күнге қарап, күлімсірейді.
«Заттардды қабылдау» ойыны
Үстелдің үстіне әр түрлі заттар қойылады.Оқушыларға осы заттарға мұқит қарап қалай тұғандарын есте сақтау ұсынылады. Заттарды есте сақтап алған соң олар арқа қарап отырады, ал заттардың орындары ауыстырылып қойылады. Қай заттын орны ауысқанан табу керек. Тапсырманын бәрін өте жақсы орындаса бөлме ішінде өзгертуге болады.
Лагердің алтыншы күні топтармен «Бар ма, жоқ па?», «Көзімді түйістіріп» ойындары ойнатылды.
Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынастарын жақсарту, жақсы көңіл-күй қалыптастыру, ойлау қабілеттерін жақсарту.
«Бар ма, жоқпа?» ойыны
Оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып, шеңберге тұрады, жетекші ортада болады. Ол тапсырманы түсіндіреді: егер пікірмен келіссе, қолдарын жоғарй көтеріп «Иә» деп дауыстайды. Егер олар пікірмен келіспесе, қолдарын төмен түсіріп «Жоқ» деп дауыстайды.
Көлде балық бола ма?
Бұзауда қанат бола ма?
Торайдың тұмсығы бола ма?
Толқында жота бола ма?
Апанда есік бола ма?
Әтеште құйрық бола ма?
Скрипканың кілті бола ма?
Баста ми бола ма?
Біз бақытты баламыз ба?
«Жаңа ертегі» ойынында оқушылар қиял ғажайып оқиғаларды ойластырады. Бірінші жүргізуші бір оқиға ойлап табады, соны топ жалғастыруы керек.
«Көзімді түйістіріп» ойыны
Барлық балалар бөлме ішінде жылдам музыка екпінімен жүгіріп жүреді. Қол ұстасқан екі бала құрдастарын ұстап алмақ болып былай дейді: «Мен-жабысқақпын-қадалған жерімді жабыстырып алаақпын, сені ұстап алып қалмақпын» Әрбір ұсталған баланы «жабысқақты» өз қатарына қосып алады. Мұнан кейін барлығы «тізбектеріне» өзге балаларды да «жабыстырып» алады. Барлық балалар «жабысып» болған соң бірқалыпты әуенге қол ұстасып билейді.
Лагердің жетінші күні «Мақал-мәтел айту», «Жұмбақ шешу», «Жаңлыпаш айт» ойындары ойнатылды.
Мақсаты: Оқушылардың қабылдауларын, ойлау қабілеттерін дамыту, жақсы көңіл-күй қалыптастыру.
Оқушыларды екі топқа боліп мақал-мәлел, жаңлыпаш айтқызып, жұмбақ шешкізіп жарыстырылды.
Лагардің сегізінші күні барлық топтармен «Гүл», «Заттарды қабылдау» ойындары ойнатылды.
Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынастарын жақсарту, жақсы көңіл-күй қалыптастыру, қиялын дамыту.
«Гүл» ойыны
Балалар жүрелеп тізелерін құшақтап отырады. Олар дәндер жақында әдемі гүлдерге айналады.
Жетекші ойынға қатысушыларға қарап: «Күннің жылы шуағы жерге түсіп, дәндерді жылытты. Дәндер тамырланды. Оал өсті, бой көтерді, бұратылып күнге мойын созды. Күн гүлдің әрбір күлтешесін қыздыра бастады»
Балалар жетекшіні тыңдап нақты қыймылдармен көрсетеді: жүрелей отырады; бастарын, олдарын көтереді; Бойларын тік ұстап, қолдарын жан-жақты созады-гүл ашылды; Басын сәл артқа шалқайтып, күнге қарайды. Көздерін жартылай жұмып, көктемгі күнге қарап, күлімсірейді.
«Заттардды қабылдау» ойыны
Үстелдің үстіне әр түрлі заттар қойылады.Оқушыларға осы заттарға мұқит қарап қалай тұғандарын есте сақтау ұсынылады. Заттарды есте сақтап алған соң олар арқа қарап отырады, ал заттардың орындары ауыстырылып қойылады. Қай заттын орны ауысқанан табу керек. Тапсырманын барин өте жақсы орындаса бөлме ішінде өзгертуге болады.
Лагердің тоғызыншы күні топтармен «Айна», «Қол қыймылдары», «Шапалақ» ойындары ойнатылды. Мақсаты: балалардың зейіндерін тұрақтандыру, жақсы көңіл-күй сыйлау, бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту.
«Айна» ойынында оқушылар айна, тарақ болып екі топқа бөлінеді. Айналар айнаның қызметін атқарып, алдындағы адамның с-әрекетін айнытпай салады, ал тарақтар әр түрлі жануарлардың іс-әрекеттерін көрсетеді. Кейін айналар мен тарақтардың қызметтері ауысады.
«Қол қыймылдары» ойынында оқушылар әр түрлі қол қыймылдарын жасап жарысады. Бұлшық еттерін қозғалтып, тынықтырады. Қолмен ым-ишаралар жасырады.
«Шапалақтар» ойынында оқушылар шапалақ ұрып үйренеді. Оқушылар шеңбер бойымен орналасады. Жүргізуші ортада команда беріп тұрады, сол команда бойынша шапалақтардың даусын өзгертіп отырады.
«Орныңды тап» ойыны
Жүргізуші ортада тұрып, оқушыларға команда беріп тұрады. Жүргізуші фудьболка кигендер орын ауыстырсын дегенде, оқушылар жылдам орын ауыстыру ерек. Жүргізуші «стоп» дегенде тоқтайды, үлгермеген оқушы өз өнерін көрсетеді. Келесі жолы шашын өргендер дегенде шашын өрген қыздар жылдам орындарын ауыстырулары керек.
Лагердің оныншы күні оқушылардан «Лагерде болған 10 күнім» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама 5 сұрақтан тұрады. Сауалнамаға барлығы 143 оқушы қатысты. Сауалнаманың пайыздық көрсеткіші төмендегідей:
1. Сен лагерге қуанышты көңіл күймен келесін ба?
а)Ия 100% ә) Жоқ
2. Лагерге қалғаныма еш өкінбеймін:
А)Ия ә) Жоқ 100% Б)Кейде
3. Лагерде өткізілген әр-түрлі жарыстар, серуендер, ойындар саған ұнады ма?
А) Ия 100% Ә) Жоқ Б)Кейде іш пыстырады
4. Лагердегі тамақтану ұнады ма?
А) Ия 100% Ә) Жоқ
5. Келесі кезеңге келгің келеді ме?
А) Ия 100% Ә) Жоқ
2016-2017 оқу жылындағы жазғы сауықтыру лагеріне
байланысты психологтардың II – ауысымда өткізген
іс-шараларының сараптамасы
Мақсаты: Оқушының жеке тұлғалық қасиетін ашу, олардың ізденісіне бейімделуіне көмек беру,психологиялық даму деңгейін анықтау.
Міндеттері:
1)Әрбір жас кезеңінде оқушының тұлғалық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін анықтау және жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру.
2)Оқушының жеке тұлғасын психологиялық-педагогикалық тұрғыда
зерттеу.Сонымен қатар оқушылар арасында психологиялық ахуалға
және дұрыс қарым-қатынасқа жағдай жасау.
ІІ-ші ауысымның бірінші күні топтармен «Бар ма, жоқ па?», «Жабысқақ» ойындарын ойнадық. Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынасын жақсарту.
«Бар ма, жоқ па?» ойыны
Оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып, шеңберге тұрады, жетекші ортада болады. Ол тапсырманы түсіндіреді: егер пікірмен келіссе, қолдарын жоғарй көтеріп «Иә» деп дауыстайды. Егер олар пікірмен келіспесе, қолдарын төмен түсіріп «Жоқ» деп дауыстайды.
Көлде балық бола ма?
Бұзауда қанат бола ма?
Торайдың тұмсығы бола ма?
Толқында жота бола ма?
Апанда есік бола ма?
Әтеште құйрық бола ма?
Скрипканың кілті бола ма?
Баста ми бола ма?
Біз бақытты баламыз ба?
«Жабысқақ» ойыны
Мақсаты: Ойын баланың құрдастарымен өзара әрекеттестікті жетілдіруге, бұлшық ет қысымын басуға, балалар тобының ұйымшылдығын арттыруға бағытталады.
Мазмұны: Барлық балалалр бөлме ішінде жылдам музыка екпінімен жүргізіп жүреді. Қол ұстасқан екі бала құрдастарын ұстап алмақ болып былай дейді: « Мен-жабысқақпын-қадалған жерімді жабыстырып алмақпын, сені ұстап алып
қалмақпын». Әрбір ұсталған баланы « жабысқақты» өз тқатарына қосып алады. Мұнан кейін барлығы «тізбектеріне» өзге балаларды да «жабыстырып» алады. Барлық балалар « жабысып» болған соң бірқалыпты әуенге қол ұстасып билейді.
«Кейіпкерлер эмоциясы»
Мақсаты: ойын эмпатияның қалыптасуына айналадағы адамдардың мінез-құлқын, жағдаяттарды бағалауға үйретеді.
Мазмұны : тәрбиеші балаларға ертегі оқиды. Балаға алдын ала әртүрлі эмоцианалдық жағдайды бейнелейтін кішкентай үлестірмелі қағаздар таратылады. Оқу барысында бала кейіпкердің эмоционалдық күйін бейнелейтін бірнеше үлестірмелі қағаздарды бөлек қоюға тиіс. Ертегі оқылып болғаннан кейін балалар кейіпкерлердің қай тұста көңілді жабырқаулы, мұңлы болғанының себебін түсіндіруі тиіс. Бұл ойынды ең дұрысы жеке түрде немесе шағын топта өткізген жөн.ертегі мәтіні ұзақ болмау тиіс, топтағы балалардың зейіні мен есінің көлеміне сәйкес келуі шарт.
«Сымсыз телефон» ойыны
Топ жетекшісі қасындағы балаға бир сөз айтады.Осы сөзді топ ішінде соңғы балаға шейін айтып шығады, соңғы бала созді дауыстап айтады. Сөздің мәтіні жиі бұзылады, соңында басқа сөз айтылу мүмкін.
«Сезмнің суретін сал» ойыны
Мақсаты: баланың эмоциалдық әлемін дамыту, психолог тарапынан топ мүшелеріне қажетті эмоциалдық қолдау көрсету.
Жетекші қатысушылардын сұралады: « Сенің көңіл күйің неге ұқсайды?» егер бала жауап беруге қиналса, оған мүмкін болатын жауап нұсқалары ұсынылады, мысалы: күн, бұлт,жылға, бұршақ т.б. келесі кезеңде қатысушыларға өз көңіл-күйлерінің неге ұқсайтынын сипаттап беру ұсынылады. Жауаптар топта талқыланады.
«Дүкенші» ойыны
Мақсаты : есте сақтау қабілетін дамыту.
Балаларға дүнкенші ойынын ойнау ұсынылады. Ол үшін бір сатушы болуы керек және сатып алушылар болуы керек. Сатушы сатып алушыларға дүкендегі заттардың атын, бағасын айтып шығу керек. Ал сатып алушылар керекті заттарының аты мен бағасын жаттап алулары керек.
«Біздің топ» тақырыбынды әңгімелесу
Мақсаты : топтарымен мақтана білуге шақыру.
Топтың ұранымен танысу, топтың әнін тыңдау. Топтың жетістіктерімен танысу. Топтың көшбашысымен танысу,өнерлерін тамашалау. Топтың өзін көрсете білуін бақылау.
«Көршінің суретін аяқта»
Мақсаты: балаларды топта орта іс-әрекет жасауға үйрету.
Жаттығудың жүргізілуі: балаларға дербес сурет ойлап табу ұсынылады. Жетекшінің шапалақ ұрғаннан кейін оң жақтағы көршіге сурет беріледі. Сурет қайтып баланың өзіне келмейінше сурет салу жалғаса береді.
«Сөз ойлап тап»
Мақсаты: ойша әрекет ету қабілетін дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: 6-7 әріптен тұратын негізгі сөз ойлап табылады (мысалы: ойыншық). Келесі ойыншы осы әріптерден қандайда бір сөз ойлап табады. Ол сөз кез-келген әріптер санынан тұрады, бірақ бір әріпті екі рет қайталауға болмайды. Егер ойыншы мұны алса ұпай жинайды, айта алмаса кезегін жібереді.
«Мүмкін емес жағдайлар»
Мақсаты : шығармашылық қабілетін жаттықтыру.
Ойынның жүргізілуі: мүмкін емес жағдай жайлы балаларға сұрақ қойылады.
Мысалы :
Егер төмендегі жағдайлар болса не болар еді:
Ұйқыны және тамақты қажет етпесе;
Мектепке балалардың баруы тоқтатса;
Жерге жарық түспесе және күн жылу беруді тоқтатса;
Тоқтамай жаңбыр жауса;
Сағаттың тілі кері бағытпен жүрсе;
Адам 500 жыл өмір сүрсе.
Егер осындай жағдай болса қандай сезімде болатынын, қалай елестететінін жайлы ойларын айту керек.
«Айна» ойыны
«Айна» ойынында оқушылар айна, тарақ болып екі топқа бөлінеді. Айналар айнаның қызметін атқарып, алдындағы адамның с-әрекетін айнытпай салады, ал тарақтар әр түрлі жануарлардың іс-әрекеттерін көрсетеді. Кейін айналар мен тарақтардың қызметтері ауысады.
«Менің өзгерістерім» тренинг
Мақсаты: Балалардың бир сыныпқа өскендерін сездіру үшін, саналарында ой қалыптастыру, қарым-қатынастарын жақсарту.
Биз үш топқа бөлінген кестемен жұмыс жасаймыз.
Мен істей алдым...
Мен істей аламын...
Мен істегім келеді...
Лагердің оныншы күні оқушылардан «Лагерде болған 10 күнім» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама 5 сұрақтан тұрады. Сауалнамаға барлығы 53 оқушы қатысты. Сауалнаманың пайыздық көрсеткіші төмендегідей:
1. Сен лагерге қуанышты көңіл күймен келесін ба?
а)Ия 100% ә) Жоқ
2. Лагерге қалғаныма еш өкінбеймін:
А)Ия ә) Жоқ 100% Б)Кейде
3. Лагерде өткізілген әр-түрлі жарыстар, серуендер, ойындар саған ұнады ма?
А) Ия 100% Ә) Жоқ Б)Кейде іш пыстырады
4. Лагердегі тамақтану ұнады ма?
А) Ия 100% Ә) Жоқ
5. Келесі кезеңге келгің келеді ме?
А) Ия 100% Ә) Жоқ
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
№53 орта мектеп
2016-2017 оқу жылындағы жазғы
сауықтыру лагеріне байланысты психологтардың II – ауысымда өткізген
іс-шараларының сараптамасы
Мектеп психологтары: Атымтаева Г.А.
Серікова А.С.
Тараз 2017ж
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
№53 орта мектеп
2016-2017 оқу жылындағы жазғы
сауықтыру лагеріне байланысты психологтардың I – ауысымда өткізген
іс-шараларының сараптамасы
Мектеп психологтары: Атымтаева Г.А.
Серікова А.С.
Тараз 2017ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген