05.01.2018
ж.
№1
сабақтың 2-сұрағы
Тақырыбы:
Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы
арыздар мен хабарламаларды қабылдау,
есепке алу, тіркеу және олар бойынша
шешім қабылдау тәртібі Қазақстан
Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы
19 қыркүйектегі №89 бұйрығымен бекітілген
«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы
арыздар мен хабарламаларды қабылдау
және тіркеу, сондай-ақ сотқа дейінгі
тергеп тексерудің бірыңғай тізілімін
жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Нұсқаулығы.
Қылмыстық
құқық бұзушылықтар туралы арыздарды
және хабарларды қабылдау және тіркеу
тәртібі
Кезекші
бөлімі бар қылмыстық қудалау органдары
қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы
себептер мен ақпараттарды тәулік бойы
қабылдайды.
Қылмыстық
қудалау органына қылмыстық құқық
бұзушылық туралы арызбен, хабармен
тікелей жүгінген арыз иесіне уәкілетті
адам осы Қағиданың 4-қосымшасына
сәйкес нысан бойынша бірегей нөмірі
бар талон-хабарламаны береді. Талонды
сондай-ақ жедел тергеу тобы да бере
алады.
Прокуратура
органының басшысы, тергеу бөлімінің
немесе анықтау органының жауапты бастығы
ҚР ҚПК-пен белгіленген құзыретке сәйкес
тергеушілерге, анықтаушыларға,
прокурорларға, сонымен қатар өзге де
жауапты адамдарға осы
Қағиданың 12-15-тармақтарының талаптарын
орындау үшін және сотқа дейінгі
тергеп-анықтау өндірісін іске асыру
үшін олардың дереу берілуін қамтамасыз
етуге міндетті.
Жасалған,
дайындалып жатқан немесе жасалынып
жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы
арыз және хабар арыз иесінің тікелей
жүгінуі кезінде осы Қағиданың 5, 6, 7-қосымшаларына
сәйкес үлгілі үлгі бойынша қабылданады.
Кінәсін
мойындап келу осы Қағиданың 5-қосымшасына
сәйкес үлгілі үлгі бойынша қабылданады.
Осы
Қағиданың 9-11-тармақтарында көрсетілген
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау
себептерін олардың құзыреттеріне сәйкес
аталған дерек бойынша сотқа дейінгі
тергеуді жүргізу тапсырылған тергеушілер,
анықтаушылар, прокурорлар, сондай-ақ
қылмыстық қудалау органдарының лауазымды
адамдары СДТБТ-ға дереу тіркеулері
қажет.
Тергеушілер,
анықтаушылар және прокурорлар, сонымен
қатар аталған ақпаратты қарау тапсырылған
өзге лауазымды адамдар осы
Қағиданың 12-тармағында көрсетілген
себептерді қоспағанда қылмыстық құқық
бұзушылық туралы ақпаратты алған кезде
дереу, бірақ 24 сағаттан кешіктірмей осы
Қағиданың 9 және 10-тармақтарының
талаптарын сақтаумен қылмыстық құқық
бұзушылық туралы арызды, хабарламаны
қабылдайды және оларды осы
Қағиданың 12-тармағына сәйкес СДТБТ-ға
тіркейді.
Қылмыстық
қудалау органына келу бойынша лауазымды
адам себепті тіркеген уәкілетті адамнан
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеу
туралы баянатты алады және белгіленген
тәртіпке сәйкес СДТБТ-ға қосымша
мәліметтер енгізеді.
Уәкілетті
адам СДТБТ-ға тіркеу кезінде тіркеуге
негіз болған қағаз құжатқа (арызға,
хабарға, баянатқа және т.б.) осы
Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес тіркеу
мөртаңбасын қояды.
Органның
тіркеу мөртаңбасында атауы, тіркеу
күні, автоматты тіркеу нөмірі, лауазымды
адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты және қолы болады.