"Үздік құқықтануышы" сайыс сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үздік құқықтануышы" сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

«Құқық пен міндет» айлығы аясында «Үздік құқықтануышы» сайыс сабағы.

Мақсаты:

Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, оқушылардың ой- өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, сөздік қорын молайту, оқушылардың бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, құқық туралы нақыл сөздер, кітаптар көрмесі, т.б.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қазақтың ұлан байтақ жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап , кейінгі ұрпағыма «Асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, қанша қиын заман бастарынан өткерсе де тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізіп, бізге осы күнді сыйға тартты. Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан елбасымыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз.

Біздің мемлекетіміз зайырлы құқықтық мемлекет. Оның ең қымбат қазынасы- Адам, адам өмірі. Оның құқықтары мен міндеттері, бостандығы сақталған және қорғалған. Ол біздің Ата заңымызбен қорғалады.

Эпиграф:

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» 

Н.Ә.Назарбаев
Сабақ барысы 5 кезеңнен тұрады:

І кезең. Шынығу іріктеу кезеңі ( 23 барлық сынып оқушылары қатысады. Жоғарғы ұпай жинаған 11оқушы ІІ кезеңге өтеді)

ІІ кезең. « Бәйге» (сұрақтарға жылдам жауап беріп көп ұпай жинауымыз керек. Осы турдағы 11оқушы ІІ кезеңге өтеді).

ІІІ кезең. «Көкпар» (7оқушы жасырын сөздерге анықтама береді, көп ұпай жинаған 3оқушы келесі ІУ кезеңге өтеді).

ІУ кезең. «Аламан» (3оқушы үш тапсырмаға жауап береді, көп ұпай жинаған адам У кезеңге өтеді).

У кезең. «Мәре» (жеңімпаз ретінде бір сұраққа жауап береді).


Мұғалім сөзі:

Құрметті оқушылар! «Өмірдегі ең қуатты күш өзіңнің қожалығың» деп Монтель айтқан екен, ендеше осы заманда біз өзіміздің құқықтарымыз бен міндеттерімізді білеміз бе? Бүгінгі сабақта өздеріңе өздерің қожасыңдар, емін еркін болыңдар. «Ең қорқыныштысы өзіңе деген сенімсіздік »депті Карлейль, сендерде өздеріңе сенімді болыңдар. Іске сәт!

І кезең. Шынығу іріктеу кезеңі ( барлық 9-11 сынып оқушылары қатысады. Жоғарғы ұпай жинағандары ІІ кезеңге өтеді)


1. Қазақстанның Конститутциясы қай жылы қабылданды?   30-тамыз 1995 жыл ﴿

2.Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

3. Құқық немен қорғалады? (Заңмен)
4. Конституция деген не? (лат.тіл ауд. Белгілеу, орналастыру)

5. Қазақстанның рәміздерін ата. (гимн, ту, елтаңба)

6. Бала болып кімдер саналады? (18 жасқа толмағандар )
7. Қазақтың үш биін ата. (Айтеке, Толе, Қызыбек)

8. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ)
9 Қазақтың тұңғыш заңдар топтамасы қалай аталады? (Жеті жарғы)

10 БҰҰ-ның мақсаты не? (Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау)
11.
Республика заңдары қай кезде күшіне енеді (Президент қол қойғаннан кейін)

12. 17-желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні)

13 Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата? (Парламент)

14 Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тіл)

15. Қ.Р. «Баланың құқықтары туралы заң» қай жылы қабылданды? (2002жылы 8-тамыз)

16. Қ.Р-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізді? (1993 жылы 15-қараша)

17. Қ.Р-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заңы қай жылы қабылданды?

(1992 жылы 4-маусым)

18 Қайрат Рысқұлбеков кім? (халық қахарманы, желтоқсаншы)

17 Қ.Р. Конституциясы неше бөліктен және қанша баптан тұрады? (9-бөлім 98-бап)

19 Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Т.Әубәкіров)

20.«Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? (алда отырған, бастаушы)


ІІ кезең. « Бәйге» (сұрақтарға жылдам жауап беріп көп ұпай жинауымыз керек. Осы турдағы жеңімпаздар ІІ кезеңге өтеді).



1. ҚР азаматы бола алады

А. 3 жыл тұрғандар

Б. 5 жыл тұрғандар

В. Барлығы, кез- келген адам

2. ҚР азаматы басқа жерге қуылады, егер

А. Ауыр қылмыс жасаса

Б. Шетел азаматы

В. Егер, ол кісі елдің саясатын қолдамаса

3. Ата- анасының шетелде тұрғылықты жері болып біреуі

ҚР азаматы болса, ҚР- нан тыс туылған бала қай елдің азаматтығын алады?

А. ҚР азаматы

Б. Шетел азаматы

В. Ата- анасының жазбаша келісімі

4. Ата- анасының екеуі де белгісіз баланың азаматтығы

А.ҚР азаматы

Б. Азаматтығы жоқ

В. Асырап алушының азаматтығымен бірдей

5. Азаматтығына дәлел құжат

А. Куәлік, төлқұжат

Б. Студенттік билет

В. Зейнетақы кітапшасы

6.Құқықтық нормалар және ережелер кімдерге арналған?

А. Заңгерлер

Б. Халық

В. Адам

7. Қ.Р. Конституциясы қанша бөлімнен, қанша баптан тұрады?

А. 10 бөлім, 97 бап

Б. 9 бөлім, 98 бап

В. 8 бөлім, 99 бап

8. Сенат депутаты неше жылға сайланады?

А. 7

Б.5

В. 6

9.Парламенттің жоғарғы палатасы:

А. сот

Б. үкімет

В. сенат

10.Мемлекеттік биліктің бірден- бір бастауы

А. Халық

Б.Президент

В.Парламент


ІІІ кезең. «Көкпар» (7оқушы жасырын сөздерге анықтама береді, көп ұпай жинаған 3оқушы келесі ІУ кезеңге өтеді).

Двакато- азаматтар мен ұйымдарға заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсініктемелер, заңдар жөнінде анықтама береді.

Двакато- адвокат

Иваз- әр мемлекеттің аймағына кіруге және шығуға немесе өтуге берілетін рұқсат

Иваз - виза

Инзцялеи-мемлекет құзырлы органның экспорттық не импорттық тауарларды әкелуге немесе әкетуге, сондай- ақ патентке өнертапқыштыққа тауар белгісін пайдалануға беретін арнайы рұқсатнама

Инзцялеи- лицензия

Енцрауз- бұқаралық ақпарат құралдарының және оларда жарияланатын кейбір материалды немесе мәліметтермен деректі шектеу не тыйым салу.

Енцурауз- цензура

Цакия- бағалы қағаз.

Цакия- акция

Аңзегр- арнайы заң оқу- орындарының құқықтану немесе заңтану саласын бітірген маман.

Азңегр-заңгер

ққықұ-мемлкет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Ққыұқ-құқық

АТТӨЛЖҰҚ- азаматты куәландыратын құжат

АТТӨЛЖҰҚ- ТӨЛҚҰЖАТ

ІУ кезең. «Аламан» (3оқушы үш тапсырмаға жауап береді, көп ұпай жинаған адам У кезеңге өтеді).

1. Мақал мәтел сайысы.

1.Тура биде туған жоқ,

Туғанды биде иман жоқ.

2.Дау мұраты шешу

3.Біреуге ор қазба, өзің түсерсің

4.Әділ істің, арты игі

5.Заңның құрығы бәрінен ұзын.

6.Тура биде, туыс жоқ

7.Атаның баласы болма, халықтың баласы бол


2. Сөз шебері (оратор):

1.Президент – лауазымды тұлға

2.Ішімдік ішу-ұлт болашағына зиян

3.Ата- аналардың міндеттері мен құқықтары


3. Жарғы – бұл мектеп құжаты және мектептің негізгі заңы


У кезең. «Мәре» (жеңімпаз ретінде бір сұраққа жауап береді).


«Бұл кім?» фото суретке жауап беру.

Фемида - әділдік сот символы

(заттар арқылы : таразы, семсер, көзбайлауыш және мантиядан Фемиданың бейнесін жасау керек)

Фемиданың маңызды атрибуттары — семсер мен таразы. Олар сот және кұқық қорғау мекемелерінің эмблемасында жиі қолданылады. 
Фемида - мантия киген, келбетті де келісті әйел.Оң қолында таразы, сол қолында семсер, көзі байлаулы. 
Таразы --мөлшер мен әділеттіліктің белгісі. Таразыда жақсы мен жамандық, күнә мен күнәсіздік, әділет пен әділетсіздік таразыланды. Көне мифологияларда о дүниенің патшалары адамдардың жаман және жақсы қылықтарын таразылап тағдырларын шешкен.
Семсер-Рухани күштің, кек алудың символы. Семсер екіжақты ол тек жазалау емес, ескерту мағынасын да білдіреді. 

Көзбайлағыш -әділеттіліктің нышаны. Сот алдына келгенді көрмей, тек фактілер мен шындыққа сүйене отырып Фемида әділетті шешім қабылдайды. 

Қорытынды.


Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аласым да

Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба,-

деп ақын Сұлтанмахмұд Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өмірдің ақ қарасын ажырата алатын, өз өмірлеріңе жауап беретін алаштың азаматтары болайық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
1524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі