Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үздік сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика пәні

Қысқа мерзімді сабақ жоспары:

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні:

Бегбутаева Айнур Тиллабаевна

Күні:








Сынып:

7







Сабақ тақырыбы:

Файлдардың көлемі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.3 – бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішіндегі файлдардың көлемін салыстыру


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Файл анықтамасын, қызметін, түрлерін біледі, пайдаланады

Оқушылардың басым бөлігі:

Файлдарды сақтау, қалай сақтау тәсілдерін біледі

Кейбір оқушылар:

Файлдық жүйе қызметін біледі, иерархиялық файл жүйесін жасай алады.

Бағалау критерийлері

Файл ұғымын және анықтамасын біледі;

Файл типі мен кеңейтілуі ұғымдарын біледі;

Файлдармен жасалынатын әрекеттерді (сақтау, бір тақырыпқа біріктірілген файлдарды бір жерде сақтау) білу;

Файлдармен қандай әрекеттерді орындалатынын және орындалмайтынын білу;

Файлдық жүйе ұғымын біледі;



Тілдік мақсаттар

Файлды басқа форматта сақтау үшін … қажет

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Файл, файл кеңейтілуі, файлдық жүйе, бума, бір деңгейлі, көп деңгейлі, иерархиялық, дефрагментация, кластер, файл форматы

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Файл дегеніміз не?

Файл кеңейтілуі дегеніміз не?

Файлдық жүйе дегеніміз не?

Файлдардың қандай түрлерін білесіңдер?

Файлмен қандай әрекеттер орындауға болады?

Файлмен қандай әрекеттер орындауға болмайды?

Талқылауға арналған тармақтар:

Файлдармен қандай әрекеттер орындауға болмайды?

Құндылықтарға баулу

Өзін-өзі бағалау, сыныптастарын бағалай отырып, бойына адамгершілік қасиеттер: ұқыптылық, жауапкершілік, сыйластық қалыптасады.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Оқушылардың білімін саралау мақсатында оларға интерактивті деңгейлік тапсырмалар беремін. Тапсырмаларға құрылған дескрипторлар арқылы оқушының түсіну деңгейін анықтап оған кері байланыс беремін


Алдыңғы білім

Компьютер негізгі құрылғыларының қызметін, компьютердің жады түрлерінің қызметін (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш-жады) сипаттау, ақпараттың өлшемін біледі

Пәнаралық байланыс

математика, физика

Ресурстар

Проектор, компьютер, бейнеролик


Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығулар түрлері


Сабақтың басы

Ұйымдастыру

2 минут













Миға шабуыл

8 мин


Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын реттеу.

Оқушылардың зейінін аудару үшін:

Қане (оқушының есімі) бүгін достарыңа қандай тілек айтасын? –дей отырып, 2-3 оқушының тілегін тыңдаймыз. Бұл іс-әрекетім, ынтымақтастық ахуал қалыптастыру үшін де, балалардың зейінін аудару үшін де жақсы көмектеседі.


Миға шабуыл:

1. Файл кеңейтілуі не үшін қажет?

2.Файл өлшемі қандай бірліктермен өлшенеді?

3.Дискінің дефрагментациясы дегенді қалай түсінесің? Процессор не себептен дискінің дефрагментациясын

жасауға бұйрық бере алмайды. Ол бұйрықты кім бере алады?

4.Файл атын жазуға байланысты қандай нұсқаулар айта аласыздар?

5. Процессор қосымша қандай ақпарат берді?

6.Файлдар дискіде қалай сақталады? Дискідеге файлдың басы мен аяғы қалай ажыратылады? Кластер дегеніміз не?

7.Мазмұнда қандай ақпарат сақталады? Ол кез келген қолданушы үшін қол жетімді ме? Файлды оқу қалай жүзеге асады?

Әр жауап үшін бір ұпай беріледі.

Сабақтың ортасы



10 минут




























































































Сергіту сәті

3 минут






Деңгейлік

Тапсырмалар


10 минут




Сабақты қорытындылау


Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтін бөліктерімен жұмыс. Мозаика әдісі.

Бірден төртке дейін санау арқылы оқушыларды төрт шағын топқа бөлемін(шағын топ оқушылардың барлығының жұмысқа ат салысуына мүмкіндік береді). Әр топқа мәтін бөліктері таратылып беріледі. Оқушылар тапсырманы оқып, талдап болғаннан кейін жауапты постерге толтырып, кімнің қай бөлікті айтатындығын топта белгілейді. Дайын болған топ бір мезгілде қол соғу арқылы өздерінің дайын болғандықтарын білдіреді.

Мәтін бөліктері

І топ

Файл (ағылшынша file)-компьютердің сыртқы жадына сақталған ақпараттардың жиыны. Аты бар байттар тізбегі.

Қызметі ақпаратты бөліп сақтауға мүмкіндік береді. Ақпаратты іздеген жағдайда оны сыртқы жадтан тауып, ашуға мүмкіндік береді.

Файл аты және типі бойынша сипатталады. Windows жүйесінде файл атауы 255 символдан аспайды. Файл атауында *, /, *, ?, \, <, >, ! символдарын қолдануға болмайды. Файл кеңейтілуі 3 немесе 4 әріптен тұруы мүмкін. Файлды сақтау кезінде кеңейтілімін операциялық жүйенің өзі қосады.






ІІ топ

Файл типі (ағылшынша «File type») –файл сипаттамасын білдіреді. Файл ашқан кезде оның қай бағдарлама бойынша ашылатынын компьютер осы кеңейтіліміне қарап анықтайды.

ІІІ топ

Файлды сақтау үшін жұмыс жасап жатқан бағдарламаның мәзірінде ФайлСохранить командасын орындаймыз. Нәтижесінде экранда Сохранить как(Word Pad, Windows 7) сұхбат терезесі пайда болады. Сұхбат терезенің Имя файла алаңында құжаттың атын, Тип файла алаңында құжаттың типін (міндетті емес) құжат сақталатын буманы көрсетуге болады.








ІV топ

Операциялық жүйенің жұмыс жасау кезінде оның негізгі нысаны файлдар мен бумалар болып табылады. Себебі барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Компьютермен жұмыс кезінде белгілі бір ережелер арқылы файлдармен әртүрлі әрекеттер орындалады. Бумалар мен файлдардың құрамы төмендегі суретте көрсетілген:








Файлдық жүйе – операциялық жүйенің негізгі бөлігіне жатады. Оның көмегі арқылы файлдар сыртқы жад немесе басқа да тасымалдағыштарда сақталады. Файлдық жүйе бір және көп деңгейлі болып екіге бөлінеді.

Бір типті немесе белгілі тақырыптағы файлдар тобын бір жерге жинақтауға бума құру арқылы жинақтауға болады.

Әр топтың жауабын келесі топ екі жұлдыз бір тілек әдісі бойынша бағалайды және топ өз тапсырмасын сәтті қорғаған жағдайда, топтың әр мүшесіне бір ұпайдан беріледі.

1-тапсырма. А деңгейі (1 ұпай)

1.Жұмыс үстеліндегі «Компьютер» жүйелік бумасының жанама (контекстік ) мәзірінің көмегімен ашыңдар.

2. Жанама мәзірден «СоздатьПапку» командасын орындаңдар;

3.Жұмыс үстелінде пайда болған жаңа бумаға «Өз атыңды бер» деген ат бер;

4. Жұмыс бумаңда ашып, бос жеріне тінтуірдің оң жақ батырмасын шерт;

5. Жанама мәзірден Создать текстовый документ командасын орында.

6. Пайда болған файлды өз атыңмен ата. Кеңейтілімді ОЖ өзі тағайындайтынына назар аудар.

7.Жанама мәзірді ашыңдар. Свойства мәзірі бойынша файл туралы ақпарат ал.


Дескрипторлары

1.Жанама мәзірді аша алады;

2.Бума құра алады;

3.Мәтіндік құжат құра алады;

4.Құжатқа ат беріп, сақтай алады.


2-тапсырма. В деңгейі (2 ұпай)

А-деңгейі. Кеңейтілуі арқылы файлдың қай типке жататынын анықтау








Дескрипторлары:

1.Орындалатын файлдарды біледі; біледі;

2. Графикалық файлдарды біледі;

3.Мәтіндік файлдарды біледі;

4.Дыбыстық файлдарды біледі,

5.Бейне файлдарды біледі;

Жұмыстың нәтижесіне орай оқушыға кері байланыс беріледі

Оқушылар компьютерде тақырыпқа байланысты электронды тест нұсқасын орындайды. Әр сұрақтың бір дұрыс жауабы бар. Тест аяқталғанда оқушының қанша ұпай жинағанын бағдарлама өзі анықтайды.


Тест тапсырмасының сұрақтары:

1.Файл типіне:

  1. Файл өлшемі

  2. Файлдағы ақпарат түрлері: мәтіндік, графиктік, дыбыстық

  3. Файлды құру күні

  4. Файл кеңейтілімі

2.Файл қандай сипаттамаға ие?

  1. Тек аты мен кеңейтілімі

  2. Тек өлшемі мен құру уақыты

  3. Тек аты, кеңейтілімі, өлшемі, құру уақыты мен атрибуты

  4. Тек кеңейтілімі, құру уақыты мен атрибуты

3.Файл-бұл ...

  1. Ақпараттың өлшем бірлігі

  2. Жадтың ат берілген бір бөлігі

  3. Басу құрылғысында басылған мәтін

  4. Мәтінді құруға негізделген бағдарлама

4.Файлдармен орындалатын әрекеттер

  1. Көшіру

  2. Орын ауыстыру

  3. Бөліп алу

  4. Қайта ауыстыру

5.Файл атындағы exe кеңейтілімі нені білдіреді?

  1. Мәтіндік файлды

  2. Орындаушы файлды

  3. Макросты

  4. Қосалқы файлды

Сабақтың соңы

Кері байланыс

1 минут


Үйге тапсырма

1 минут

Мұғалімнің кері байланысы


Оқушыларға кері әсер парағы таратып беремін. Онда оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:

1.Сабақ не туралы болды?; 2.Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

3.Не қиындық тудырды?

Оқу.1.5.Файлдардың форматтары(архивтерін құру және шығару).


Ауызша марапаттау

Үлестірме тапсырмалар, маркерлер.

Оқулық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
2397
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12