400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Үздік сынып жетекші

Материал туралы қысқаша түсінік
көптеген мәлімет беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

15 жалпы білім беретін мектеп

Койшанова Динара Алиевна

Бастауыш сынып мұғалімі



Жалпы ұлттық Мәңгілік ел идеясын таратудағы сынып жетекшінің алатын орны

Бұл өмірде қызығы махабатпен,

Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.

Арттағыға сөзің мен існің қалса,

Өлсең де өлмегенге боласың тең.

Абай Құнанбайұлы

Жалпы ұлттық құндылықтарды дәріптеуде мұғалімнің орны зор. Өз оқушыларының жүрегіне сіңірер ұлы жоспары мен биік білімі бар ұстаздың қашан да мерейі үстем болмақ. Ұлттық тарихымызға назар аударсақ, қазақ халқының қаншама буын ұрпақ өкілдері елі мен жерін қорғау жолында күресті, сол жолда жанын беріп, қанын төкті. Сол ата-бабаларымыздың арманы азаттық, бостандық болатын. Бірақ олар тәуелсіздіктің сағымында көре алмай кетті. Дегенмен, кейінгі ұрпақтың сол азаттыққа жететініне сеніп кетті. Олардың бар арманы елдің тұтастығы мен бірлігі, тәуелсіздігі болатын. Қазақ елі тәуелсіздік алған уақыттан бері, өзіндік мемлекеттік немесе ұлттық идеясын іздестірумен болды. Түрлі пікірлер, сан алуан ұсыныстар болды. Бірақ, ұзақ уақыт бір ортақ тоқтам жасалған жоқ. Енді, міне халықты ортақ мақсатқа топтастырушы идея өз шешімін тапты. Ол әр қазақстандықтың мақтанышы мен Отанға деген патриоттық сана-сезімін қалыптастыратындығы сөзсіз.

 Мәңгілік ел идеясының тарихи бастамасына көз жүгіртер болсақ, көне түркілердің осы сипаттағы идеясы үш негізден тұрады. Оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел»идеясы. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы Қазақ­стан халқына Жолдауында «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры!» деген болатын. Ғажайып ізденіс қана ғаламат серпіліске негіз бола алатынын Елбасымыз халыққа арнаған «Қа­зақстан жолы – 2050: бір мақ­сат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жол­дауында сарабдалдықпен дәлелдеп, Қазақстан жолының ортақ мақсаты, мүддесі, бола­шағы қандай қорытындымен түйін­делетінін, ең бастысы – қандай ел құрумен тиянақталатынын тү­сіндіріп, жаңа дәуірдің кемел келбетін сомдады. Міне осындай ұлы еңбектің күшімен бой түзеген Мәңгілік ел идеясын жастар санасына тоқып, балалардың болашағына берік байлауымыз керек. Себебі, Ұлы Дала елінің ғаламат тарихы мен қайталанбас құнды­лықтары туралы салиқалы ойлар айтып, ұрпаққа ұлағат болатындай игі істер атқару – бүгінгі ұрпаққа міндет, келешек ұрпаққа – аманат. Әр сабақты өткен сайын, Мәңгілік ел идеясы хақында бес минуттық видеоны көрсетіп, жүректеріне шырақ отын жаға білу керек. Сонда ғана біз, бізге аманаттап берілген дүниеге қиянат жасамаймыз. Мәңгілік Елді мәңгілік қылатын ол – біз тәрбиелеп отырған жас буын.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.05.2021
993
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі