«Үздік сынып жетекші –
2018» байқауы
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен қадірлі
қонақтар!!!
Жүргізуші:
Бүгінгі сынып жетекшілер арасында
өтетін «Үздік сынып жетекші –
2018» байқауына қош
келдіңіздер!!!
Жүргізуші:
«Үздік сынып жетекші –
2018» байқауында ұстаздарымызға
өзінің жылы лебізін білдіруге мектеп басшысы
Есбосинов Байбол
Сұлтанәліұлын шақырамыз!
Жүргізуші:
Бұл байқауда әр сыныптан 1сынып жетекші
қатысқалы отыр. Байқауда жеңген ең үздік сынып жетекші қалалық
сайысқа қатысады.
Жүргізуші:
Байқаудың
мақсаты:
Байқау қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін
арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру,
тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту мақсатында ұйымдастырылып
отыр. Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және
талантты тұлғаны анықтау, сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару
субьектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық тәжірибесін
айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибесін
анықтау, тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларын
көрсету болып табылады. Яғни, сынып жетекшінің
педагогикалық тәжірибесі осы тұрғыдан
анықталады.
Жүргізуші:
Бүгінгі кеште бала жүрегіне
жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына
тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз
деген атқа лайық сынып жетекшілеріміз сайысқа түскелі отыр. Сынып
жетекші дегеніміз кім? Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие
жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін
педагог.
Жүргізуші:
Олай болса,
осындай
мақтанышпен құрмет пен қошемет көрсетіп, мектепішілік
«Үздік сынып жетекшісі -
2018» байқауына қатысушы
ұстаздарымызды ортаға шақырайық. (хабарлап айтылды,
шықты)
Р/с
|
Қатысушы
ұстаздар
|
Оқытатын
пәні
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
4
|
|
|
5
|
|
|
6
|
|
|
7
|
|
|
8
|
|
|
9
|
|
|
10
|
|
|
11
|
|
|
12
|
|
|
Жүргізуші:
«Үздік сынып жетекшісі -
2018» байқауында әділдігі айтып, төрелігін
танытатын, төрімізден орын алып отырған әділқазылар алқасымен таныс
болыңыздар!!!
-
Қазылар алқасының
төрағасы: Мектеп басшысы
– Есбосинов Байбол
Сұлтанәліұлы
-
Мектебіміздің
әдіскері: Тлеумағамбетова Сара
Мырзабекқызы
-
Мектебіміздің
ОІМ: Жалғасбаева Қарлығаш
Шамқызы
-
Мектептің бейіндік
әдіскері – Таджикова Айгүл
Омірқызы
-
МТЖО: Боранбаева Айткүл
Өтесқызы
Жүргізуші:
Жүректен өлең төгіп, қосқан
жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік
тұлға.
Қошеметтеп, асыл халқым, қол
соғыңдар,
Сайысқа қатысушы
тұлғаларға.
Жүргізуші:
Байқауымыздың шарттарымен таныстырып
өтейін:
Жүргізуші:
Ендеше,
байқау шарттарымен таныс болсақ, сайысқа
қатысушы ұстаздарымызға сәттілік!!!
Жүргізуші:
Сайыста қаймықпайды,
тайынбайды,
Қиыннан ешқашанда
мойымайды.
Сайыстың бұл кезеңін бастайық
біз
Әр ұстаз айта кетсін өзі
жайлы.
Байқауымыздың І кезеңі
(Өзін-өзі таныстыру) кезек
береміз!
Жүргізуші:
І болып өзін таныстыратын
________________________________
Жүргізуші:
Байқауымыздың
І кезеңінің
әділқазы алқасынан ұпайларын сұраймыз.
(айтылды)
Жүргізуші:
Мұғалім деген ерекше қауым,
дара шың,
Ол жаңашыл, жаңалық іздеп
табатын.
Әр ұстаз өзі еткен бар
ісін,
Уақыт келді ортаға
салатын.
Байқауымыздың І І кезеңі
( ) кезек
береміз!
Әділқазылар І І кезеңге
баға
береді.
Жүргізуші:
Ойы озық өзге жаннан
шарықтаған
Өнері көкке қарай
қалықтаған,
Көкірегі ояу, парасатты ой
иесі,
Білім беру жолында жалықпаған
Байқауымыздың
ІІІ кезеңі
( ) кезек
береміз!
Әділқазылар ІІІ кезеңге
баға
береді.
Жүргізуші:
Талас тусын жарқын ойлар
жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай
шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман
шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық
шақ
Байқауымыздың
ІV кезеңі
( ) кезек
береміз!
Әділқазылар ІV кезеңге
баға
береді.
Жүргізуші:
Көк байрығым көк жүзінде
қалқыған,
Әнұраным әуеленген
шалқыған.
Бес құрлыққа елдің атын паш
еткен,
Елбасы да өткен ұстаз
алдынан.
Байқауымыздың
V кезеңі
( ) кезек береміз! Барлық қатысушы
ұстаздарымыз өздерінің жазып келген эсселерін әділқазы алқасына
тапсыруы қажет. Ал әділқазы алқасы
сараптап оқып қорытындысын
шығарады.
Жүргізуші:
Әрқашан сөзі ізгі ірі
асылдар,
Жүрекке үміт сеуіп
тұрасыздар.
Өмірде түрлі-түрлі жағдай
болса,
Тұйықтан қалай сіздер
шығасыздар.
Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екенін
байқадық,
Жүректерде шоқ бар екенін
байқадық.
Әрқашанда осы шоқты
сөндірмей,
Жалындатып шарықтаңдар,
әрдайым. Байқауымыздың қорытындысын әділқазылар алқасы шығарғанша
келесі ән шашуды қабыл алыңыздар!
_________________________________________________________
Жүргізуші:
Сонымен бүгінгі байқауымызда қатысушы
ұстаздарымызды бағалап отырған әділқазы алқасының ұпайлары дайын
болған болса әділқазыларды төрімізге шақырамыз! Қошеметпен, қол
соғып отырайық!
Жүргізуші:
Осымен бүгінгі
«Үздік сынып жетекшісі -
2018» байқауымыздың жеңімпазы яғни
«Ең үздік жетекші» ___________________________
құттықтаймыз!