"Үздік сынып жетекші" - сайысы бағадарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үздік сынып жетекші" - сайысы бағадарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Үздік сынып жетекші" сайысының сценарийі жас завучтерге үлгі ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  «ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ» БАЙҚАУЫ

Мақсаты: қазіргі қоғамдағы тәрбиенің  рөлін арттыру, тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту.


Қайырлы күн, ұстаздар,оқушылар және ата-аналар!

Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас сынып жетекшілеріміз сайысқа түскелі отыр. Сынып жетекші дегеніміз кім? Сынып жетекшісі — сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог.Ендеше, құрмет пен қошемет көрсетіп, байқауға қатысушы сынып жетекшілерімізді ортаға шақырайық.

Жас болса да ұстаздықты қалаған,

Міне,бүгін топқа түспек аламан.

Келсін төрге құрметпен жетекшілер,

Қошеметтеп қарсы алайық, бар адам.


«Үздік сынып жетекшісі-2022» байқауына қатысушы ұстаздарды ортаға шақырамыз.

1.Уразова Айкөркем Зинуллиевна – 5 «б» сыныбы жетекшісі. Ағылшын тілі пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 7 жыл.

2. Никифрова Алина Олеговна – 8 сынып жетекшісі. Математика пәні мұғалімі. Еңбек өтілі – 5 жыл.

3. Еслямова Айсұлу Жиенбаевна - 9 «б» сыныбы жетекшісі. Еңбек өтілі – 9 жыл.

4. Жубангалиева Марина Исатаевна – 10 «а» сыныбы жетекшісі. Химия пәні мұғалімі.

Еңбек өтілі - 13 жыл.

  1. Есенгалиева Лаззат Асылбековна – 11 «б» сыныбы жетекшісі. Химия пәні мұғалімі.

  2. Еңбек өтілі – 7 жыл.

  Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшысы, кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты іс. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, соншалықты қызықты нәрсе.

Мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу - сынып жетекшісінің негізгі міндеті болып саналады.

Келесі кезекте осындай үлкен міндетті атқарып жүрген сынып жетекшілерінің қызметінен мына бір бейнебаянды хабыл алыңыздар!

(видеоролик)

Мектепішілік «Үздік сынып жетекшісі» байқауының ашылу құрметінің алғы сөзін  мектеп директорының міндетін атқарушы Турсинова Жадыра Берковнаға береміз.


Кім жеңеді байқауда үміт алда,

Қобалжу бар, жүректе күдік барда.

Қазы алқасы атыңды ақта бүгін,

Жүйріктерге арман мен бақыт жолда.

Байқаудың қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Мектеп директорының оқу ісі орынбасары - Жадыра Берковна.

  2. Мектеп директорының тәрбие ісі орынбастары – Актолкин Габбасовна.

  3. Мектеп психологы – Зинегүл Шаяхметовна.

  4. Тәжірибелі сынып жетекші– Самал Зинуллиевна.

  5. Ата-аналар комитетінің төрайымы – Болған Меңдібайқызы.



Бүгінгі сайыс  кезеңдерімен таныс болыңыздар:

1-ші тур – ашық сынып сағаты

2-ші тур: 4 тапсырмадан тұрады:

  • «Менің сыныбым өзгеше» таныстырылым, сынып жетекшілері өз сыныптары және сынып жетекшілігі қызметі туралы бөліседі.

  • «Жағдаяттар жәрмеңкесі» - берілген жағдаятқа шешім айтады.

  • «Ойлайық та, ойнайық» - залмен ойын.

  • «Өнерліге өріс кең» - кез келген өнерін ораға салады.


1-ші тур – ашық сынып сағаты 16,17 қараша күндері оздырылыған болатын.

5 «б» сыныбында «Кітап – рухани қазына» тақырыбында, 8 сыныпта «Ұлылардың ұлысы - Абай» тақырыбында, 9 «б» сыныбында «Дұрыс таңдалған мамандық – болашақтың жарқын кепілі» тақырыбында,10 «а» сыныбында «ЖИТС – ғасыр дерті» тақырыбында,

11 «б» сыныбында «Өмір, мен сені сүйемін!» тақырыбында сынып сағағаттары оздырылды.

Ашық сынып сағаттарынан жинаған орташа ұпайларымен таныс болыңыздар:

  • Айкөркем Зинуллиевна - 2,92 балл.

  • Алина Олеговна – 2,62 балл.

  • Айсұлу Жиенбаевна – 2,71 балл.

  • Марина Исатаевна – 2,62 балл.

  • Ләззат Асылбековна – 2,94 балл жинақтады. Қол соғып, қошеметтеп қояйық.

Мұғалім деген ерекше қауым, дара шың,

Ол жаңашыл, ғажайып іздеп табатын.

Әр сайыскер жетекшілік қызметін,

Уақыты келді ортамызға салатын.

Кезекті сайысымыздың 1-ші тапсырмасына береміз. Бұл кезең «Менің сыныбым өзгеше» деп аталады. Сынып жетекшілері өздері мен сыныптары туралы мәліметпен бөлісіп, жетекшілік қызметінің қыр-сыры туралы баяндайтын болады. Тапсырма талаптары:

- жүйеліллік;

- өзіндік ерекшелік;

- мұғалімнің жеткізу шеберлігі.

Уақыты – 5-7 минут.

Сахнаға кішкентай шәкірттерімізді шақырамыз. сынып жетекшілеріне мәнерлеп өлең оқитын болады. Қабыл алыңыздар!


Сайыста қаймықпайды, тайынбайды,

Қиыннан ешқашанда мойымайды.

Бөліссін бұл кезеңде сайыскерлер

Жағдаяттан шығатын ойы жайлы.

Келесі кезең «Жағдаяттар жәрмеңкесі» деп аталады. Әр сайыскер өзіне берілген жағдаяттың ширатылған шумағын тарақатып, амалдарын қарастырып, шешім қабылдайтын болады.

Кез-келген жағдаяттардың соңындағы логикалық ойлауға негізделіп берілген сұрақтар жас маманның педагогикалық тұжырымы мен нақты шешім қабылдауын жетілдіруге, түсініктер мен ережелерді зерделей білуге бағытталған. Ескеріледі:

  • Амалдардың ұтқырлығы;

  • Оқушының жас-ерекшелік психологиясы мен физиологиясының ескерілуі;

  • Қарым-қатынас сипаты.

  • Уақыты – 2-3 минут.

Сайыскерлерге ортаға келіп, сұрақтарды алуын сұраймыз.

Өнерпаздар жарысып, сан – салалы,

Жиын десе, той десе жан салады.

Кешіміздің ашылу құрметіне,

Әуеленген әсем ән арналады.

Сахнаға «...» әнімен Бибігүл Төлегенованы шақырамыз.


Әр жолы мұғалім сыныпқа кіргенде оның алдынан ұлы ұстаз болудың мүмкіндіктері ашылады. Сондай мүмкіндіктердің бірі – ойын.

Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі. Ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қарастыруға болады. Ойын барысында оқушының ой өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, оқушы жалықпайды, көңіл-күйі көтеріледі. Келесі кезекте сайыскерлердің ойын технологиясын меңгеру шеберлігі сыналады.

Ескеріледі:

  • Ойынның дидақтикалық құрылымы;

  • Аудиторияны меңгеру шеберлігі;

  • Уақыты – 3-5 минут

Ойы озық өзге жаннан шарықтаған,

Өнері көкке қарай қалықтаған.

Көкірегі ояу, парасатты ой иесі,

Білім беру жолында жалықпаған -

сынып жетекшілерін өз өнерін көрсету үшін 4-ші кезеңге шақырамыз.

Ескеріледі:

  • Сахна мәдениеті;

  • Орындау шеберлігі;

  • Өнер түрі шектелмейді.

  • Уақыты – 5 минут.

Сынып жетекші - мектеп, қоғамдық орта, обасы, солармен ынтымақты байланыста, жоспарлы бағытта баламен жұмыс істейтін негізгі адам.Сынып жетекшісінің міндеттерінің көлемі өте ауқымды, әрі қуаныш-жеңіспен қатар, қобалжу мен қиындықтарға толы. Дегенмен де, мектепте сынып ұжымының іс-әрекетін басқаратын одан қызық, одан жемісті жұмыс жоқ деуге болады.

Сынып жетекшісі болу - бұл өз балаларының ортасындағы қарым-қатынас қуанышына кенелу. Сынып жетекшісі болу - бұл ата-анамен педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Сынып жетекші әр оқушының неге қабілетті екенін айқындап, оны болашаққа қарай дамытуға жол ашады.

Сынып жетекші күн болса, күннің шуағы шәкіртері емеспе?! Ол шауақ мәңгі баланың жанында жылу беріп, ақыл беріп тұрғандай сезіледі...

Жетекшімін сыныпқа, жауаптымын,

Бағын ашам талайдың, талаптының.

Күн нұрындай шәкіртке шуақ шашқан

Білемін Ұстаздықтың ғажаптығын.

Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің сынып жетекшілеріне мың алғыс. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңізге бас иеміз. Бүгінгі кештің құрметті қонағы сіздерсіздер! Ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар!

(Оқушылар сынып жетекшілеріне гүл ұсынады)


Қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша назарларыңызға әдемі ән ұсынамыз. Қабыл алыңыздар.

Бүгінгі сайыстың қорытынды сөзін қазылар алқасына береміз.

Алтын уақыттарыңызды бөліп бүгінгі кешке келгендеріңізге көп рахмет. Көріскенше күн нұрлы болсын!

Құрастырған:

Аралбаева Актолкин Габбасовна

Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ

Сарыөмір аулы

Теректі ауданы

БҚО

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі