400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіліерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайысы

Мақсаты:  Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.пшаңдыққа, ептілікке баулу. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

- Армысыздар, бармысыздар! Қош келдіңіздер, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым.

 Бүгін мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндері және ата-аналар арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен өткізгелі отырған «Толағай» отбасылық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысқа 7 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны үшеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

«Спорт-денсаулық кепілі» десек, « Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.

Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған жанұяларды ортаға шақырайық.

Қызыл түсті жиекке  « ------------ » отбасы тобы орналасады.

Жасыл түсті жиекке  «-----------« отбасы тобы орналасады.

Көк түсті жиекке  « ------------ » отбасы тобы орналасады.

Ақ түсті жиекке  « ------------ » отбасы тобы орналасады.

Қара түсті жиекке  « ------------ » отбасы тобы орналасады.

Сары түсті жиекке  « ------------ » отбасы тобы орналасады.

Қызғылт сары түсті жиекке  « ------------ » отбасы тобы орналасады.


Олай болса сайысымызды бастамас бұрын мемлекеттік ән ұранымызды айтайық.

Ән ұран


Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім.

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсы алайық топтарды қошеметпен.

Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған жанұялар тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:

1.    

2.

3.   

Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады. Ал әділ қазылар алқасы әр бөлімнен кейін бағасын беріп, сараптама жасап отырады.

(таңдау жасап кім бастайтындарын анықтап алады)

Бәйгені ат жаратып шапқан алар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар,- деп сайысқа қатысушы отбасы топтарына «Ақ жол!» тілейік.

Ал ендеше алдымен сайысымызды бастамас бұрын танысып алайық. «Менің жанұям»
Командалар өз ұрандарын айтып қарсылас командамен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.

Сайысымыздың бірінші бөлімі   «Арба» 

Ойынның шарты:

Әр команда мүшесі шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.

Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

Сайыстың тұсаукесер ойынына беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер.

Ойыншылардың кемшілігі мен қателіктерін айтып, ұпайларға сараптама жасап кетсеңіздер біреуіңіз.


Келесі екінші бөліміміз Көпсайыс

Шарты: Ойынды аналар скакалкамен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалар да бақа сияқты секіріп анасының қасына барады, ал әкелер өрмекші жүрісі бойынша анамен баланың жанына барып, әке мен шеше баланы қолдарына отырғызып өз орнына қайтып оралуы қажет.

 Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!


Сайысымыздың үшінші бөлімі «Қояндар»
Ойын шарты: Анасы құрсау ішіндегі сәбіздерді жинап жүгіріп барып сәбіздерді әкесіне береді, әкесі  қаппен секіріп барып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбіздерді команда қоржынына барып салады.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

 Қазылар алқасы бағалап жіберсек. Бағаларға түсініктеме беріп кетсеңіздер.

Ал, келесі сайысымыздың төртінші бөлімі «Сарбаз» 

Ойынның шарты:

Әр командадан әкелеріміз сайысқа түседі.Олар берілген белгіден кейін противогазды киіп кедергілерден өтіп допты соғып жүгіреді.

Нетижесі допты жоғалтпау және ойын тәртібін сақтау.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сараптама жасап кетсеңіздер.

Сайысымыздың бесінші бөлімі «Секірмек»

Ойын шарты:

    Бірінші ойыншы анасы допты аяқ ортасына қысып секіріп келу. Екінші ойыншы баласы құрсаумен секіреді, ал үшінші ойыншы әкесі  ат құсап шауып келеді.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сараптама жасап кетсеңіздер.


Сайысымыздың алтыншы бөлімі «Тәтті жұп» 

Ойынның шарты:

Әр командадан шеңбердің ішіне екі адамнан жүгіру.

Бала анасымен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Анасы әкесімен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Нетижесі шеңбермен кедергілерден өту және жылдамдық.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сараптама жасап кетсеңіздер.


Қыздарымыздың гимнастика өнерін тамашалайық.

- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.


Қорытынды:

Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз.(Марапаттау)

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен Толағай сайысы аяқталды.

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі