400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіліерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы

Тәрбиеші:Құспанова.М.Қ.

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: Табиғат сиқыры.

Мақсаты:Балалардың сөздік қорын байытып,дыбыстарды дұрыс айтып,сөздерді буынға бөліп байланыстырып сөйлей білуге,дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге,жұмбақтар шешу арқылы ойлау қабілетін дамытуға,сурет бойынша әңгімелеп,сөйлем құрай білуге үйрету.

Көрнекіліктер:Компьютер, Саяхатшы Дара, Орман көрінісі. Құстар, жәндіктер, аңдар, гүлдер,суреттері.Үлестірмелі материалдар.

Билингвизм:көктем-весна,жылан-змея,құстар-птицы,гүлдер-цветы,жәндік-насеко.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Балаларға « Табиғаттың тылсым әлеміне» саяхатқа баратынымыз туралы айтып жеткізу.Бүгін бізге қонаққа Саяхатшы Дара келіп отыр.Дарамен бірге табиғатқа шығып,өсімдіктер,гүлдер,құстар,жануарлар әлемнің сырымен танысамыз.Балалар,саяхатқа дайынсыңдар ма? Дараға көмектесеміз бе?

Балалар саяхатқа шығуға қызығушылық білдірді.Саяхатшы Дараны көріп,қуанып,көмек беруге дайын екендерін жеткізеді.

Іздену-ұйымдастырушы


Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем

Көктем туралы не білесіңдер?

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атаңдар?

Ендеше сіздермен «Бұл қай кезде болады ?» ойынын ойнап жіберейік.

Қар ,мұз еріп,су көбейіп,

Сай салаға ағады.

Бүршік шашып,жапырақ ашып,

Гүл,бәйшешек тағады.

Балаларым,айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктемде)

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттен көктем мезгілін тауып,сипаттама беру.Орман ішімен келе жатқанда,құстардың дауысы естіледі.(Орман,құстарды,олардың дыбысын компьютерден көрсету).

Жұмбақтар.

Қонып алып талға,

Қарқылдайды қарға.(қар-қар-қар)

Өзінің атын төтеп,

Шақырады көкек.(ку-ку,ку-ку)

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады.(Қарлығаш)

Отыра алмай тыншып,

Шиқылдайды шымшық.(шиқ-шиқ)

Дара келе жатып,қалың шөптің арасынан ысылдаған дыбысты естиді.Жылан оған басын көтеріп,айбат шегеді.Жылан қалай дыбыстайды? Жылан ысылдайды.

Ендеше балалар,Дараны жыланнан құтқаруға көмектесейік пе? Жыланның тапсырмасы. «Егер мен сиқыршы болсам!» тақырыбына байланысты ,сурет бойынша әңгіме құрастыру.Саяхатымызды одан жалғастырайық.Орман ішімен келе жатып,өміп тұрған әдемі гүлдерді көреді.Оларды иіскеп көрейікші.Иісі қандай екен?

Құлағымызға дыбыс естіледі.Қане, балалар тыңдап көрейікші.Гүлден гүлге қонып,шырынын жинап жүрген аралар екен .Ара қалай дыбыстайды? Ж-ж-ж. З,дыбыстарымен ойын ойнап жіберейік.
Д/ ойын. Кім тапқыр?»

Осы дыбыстарға байланысты жаңылтпаштар білесіңдер ме?

Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс.

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

Жағажай,Жағажай

Жағажайда –Қамажай.

Жағажайды жағалай ,

Жүгіреді –Қамажай.

Зауза ұшады зыңылдап,

Зымыранша зырылдап.

Зәулім зәу зыңғырлар,

Зәру ме зәу зыңғырлар.

Сергіту сәті.

Балалар,гүлдермен ойын ойнап жіберейік.

Д/ойын.\Гүл шоғын құрастырайық» Дыбыстармен ойын. Сөзді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасату.Орман ішімен әрі келе жатқанда күннің көзін бұлт басы,қатты жел соғады.Ағаштар қозғалып,шулай бастайды.Жел қалай дыбыстайды? У-у-у-у.-деп уілдейді.

Балалар,орманда тағы да нелер болады деп ойлайсыңдар? Аңдардың суреттерін көрсету. Аңдарға не жатады?


Балалар көктем туралы жасырылған жұмбақтың шешуін тауып,көктем туралы сурет бойынша әңгімелеп берді.






Құстардың дауысын тыңдап,олардың қалай дыбысталатыны туралы білді.












«Егер мен сиқыршы болсам!»тақырыбына байланысты сурет бойынша әңгіме құрастырып,З,Ж

дыбыстарына байланысты жаңылтпаштар айтты.


Дауысты және дауыссыз дыбыстарға байланысты ойынды қызығушылықпен ойнады.



Рефлексивті корррекциялаушы


Алып батыр балпаңмын,

Ақ ниетті дарханмын.

Барлық аңға тимеймін,

Балпаң-балпаң билеймін.

Мен ақ қоян,үркек қоян,

Сақ қоян.

Қасқырдан мен қорқамын,

Орманға зытамын.

Халық қу деп,

Қылған күлкі.

Айласы көп ,ол мен түлкі.

Түсім сұрқай,тым суық,

Орманда жүрем аң қуып.

Жарайсыңдар,балалар.Бүгін тапсырмаларды орындап,саяхатшы Дараға көмектестіңдер.Сіздерге көп-көп рахмет! .Сонымен Саяхатшы Дарамен біз қайда бардық? Саяхат кезінде нелер кездесті?




Ормандағы аңдарға арнап,тақпақтар айтты.Саяхатшы Дара балаларға ризашылық білдіріп,әкелген сыйлығын ұсынды.Балалар Дарамен қоштасып,ҰОІәрекетін қорытындылады.

Нәтижелер:

Білу:дауысты және дауыссыз дыбыстырда ажыратуды,жұмбақтарды шешуді,сурет бойынша әңгіме құрастыруды,дыбыстық талдау жасауды. Игеру:құстар,гүлдер,жануарлар,жәндіктер ,олардың дыбысталуы туралы ,олардың адам өміріндегі алатын орны туралы,қорғау керетігі туралы игерді.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы

Тәрбиеші:Құспанова.М.Қ.

Білім беру саласы Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: « Әже ауылына қонаққа барамыз

Мақсаты: үй жануарлары, төлдері туралы түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелей білуге, олардың пайдасы туралы күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға үйрету.

Көрнекіліктер: Ауыл және қала көрінісін бейнеленген суреттер. Киіз үй. Үй жануарларының және төлдерінің суреттері дидактикалық, үлестірмелі ойындар.

Билингвизм:қой-овца; сиыр-корова; түйе-верблюд; ешкі-коза.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Қайырлы күн! Біздің орталыққа қош келдіңіздер! Біз сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз. Бүгін сіздер өздеріңізді кішкентай бүлдіршендей сезініп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқалы отырсыздар. Ол үшін сіздердің көмектеріңіз өте қажет. Сіздер көмектеседі деп сенемін. Сонымен біз қайда тұрамыз: Ауылда және қалада. Ауыл мен қандай айырмашылығы бар: Қалада көпқабатты үйлер, адамдар көп. Қалада барлық жағдай жасалған.

Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі. Күздің соңғы айы қараша. Күздің белгілерін атап беріңдерші. Күзде күн салқындайды, жаңбыр жиі жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Көкөністер мен жеміс-жидектер жиналады. Сонымен балалар ауыл да, қала да қысқа дайындалады екен. Ауылда жайлаудан қыстауға көшеді. Бүгін біздер әженің ауылына қонаққа барамыз.


Балалар саяхатқа шығуға қызығушылық білдірді.Саяхатшы Дараны көріп,қуанып,көмек беруге дайын екендерін жеткізеді.

Іздену-ұйымдастырушы


І.Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Ауылда нелер бар? Ауылда адамдар тұрады. Үй жануарлары: сиыр, қой, ешкі. Олардың адамдарға пайдасы зор.

Қалада нелер бар?

Қалада адамдар көп. Көпқабатты үйлер, көптеген көліктер, үлкен ғимараттар, әдемі ескерткіштер бар. Неліктен үй жануарлары деп атайды? Оларды адамдар күтіп-баптайды. Оларға арнап жылы қоралар дайындайды. Шөп беріп, су береді. Жазда жайлауға, қыста қыстауға жібереді.

«Үй жануарларын атайық» дидактикалық ойыны

Мен сіздермен ойын ойнап жіберейін. Жұмбақ жасырамын, сіздер шешуін тауып алдарыңыздағы суретті көрсетесіңдер.

1.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар

(қой)

2.Екі айнасы бар

Екі айыры бар

(сиыр)

3.Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар

(түйе)

4.Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар

Иегінде сақалы бар

Бір сыпырғышы бар

(ешкі)

Әр үй жануарының пайдасы туралы әңгімелеп береді. Сиырдың етін жейміз, сүтінен түрлі сүт тағамдарын жасайды. Олар айран, құрт, ірімшік, май дайындалады. Түйенің сүтін-шұбат деп атайды. Түйенің жүнінен түрлі тоқыма бұйымдарын жасайды. Жылқының етін жейміз, сүті-қымыз денсаулыққа өте пайдалы.

Төрт түлік туралы өлеңдер

«Түйе»

Маң-маң басқан, маң басқан

Шудаларын шаң басқан

Екі өркешін қом басқан

Төрт аяғын тең басқан

«Жылқы»

Ер қанаты – өзің деп,

Ел қуанып айдаған

Қуғандарға жеткізбей

Қашқанға жетпей қоймаған.

«Сиыр»

Әукім, әукім сиырым!

Мүйізіңнен сүйірін!

Шүйгін жерге келгелі

Шығып қапты бүйірің

(Қ.Мырза Әли)

«Қой»

Жайылады аңғарда

Маңырайды албарда

Тістемейтін

Теппейтін

Қойдан жуас мал бар ма?

(Қ.Мырза Әли)

«Ешкі»

Ешкі деген жануар

Лақ кезден шылығар

Жапырағы жайқалған

Ағаш көрсе жаны бар

(Қ.Мырза Әли)

Төрт түліктің бабаларын білесіздер ме? Ендеше әр түліктің өз бабалары болады екен.

Қой атасы – Шопан ата

Жылқы атасы – Қамбар ата

Сиыр атасы – Зеңгі баба

Түйе атасы – Ойсыл қара

ешкі атасы – Сексек ата

«Төлін тап» дидактикалық ойыны

Үй жануарларының төлдерін тауып, өз енелеріне сызық арқылы қосу.

Сиыр төлі –бұзау

Түйе төлі – ботақан

Қойдың төлі – қошақан

Ешкі төлі – лақ,

Жылқы төлі – құлыншақ деп аталады.

Сергіту сәті «Ізде-ізде» ойыны

«Не қалай дыбыстайды?» ойыны

Жылқы төлі – құлыншақ

Тұяғы жерге – ұрыншақ и-га-го

Сиыр төлі – бұзау

Сүйкімді, әрі асау мө-мө-мө

Қойдың төлі қошақан

Өріске қашқан қорадан бө-бө-бө

Қойдың төлі қошақан

Өріске қашқан қорадан мә-мә-мә

Ешкі төлі – лақ

Тыныш тұрмайды ол бірақ

Балалар сіздерді ата-аналарың жақсы көргенде қандай сөздер айтады. Ботақаным, қошақаным, бөбегім деп атай ма? Ендеше осы төрт түліктің төлдері туралы тақпақтар айтып жіберейік.

Шөре, шөре, лағым

Тентек болма шырағым

Секеңдемей деміңді ал

Селтеңдемей құлағың

Ботақаным бөбегім

Қара көзің мөлдіреп

Қызықтырмай қоймайды

Жібек жүнің үлбіреп

Қарасам, көз тоймайды

Әукім-әукім әукешім!

Қасиыншы әукесін

Екен әне келеді

Ақ мамасын береді.

Кіп-кішкене момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам «қозым» деп

«Қошақаным» өзің деп!

«Үй жануарлары не береді?» ойыны

Алдарыңыздағы тапсырмада әр үй жануарларының не беретіні сурет арқылы әңгімелеп беру. Сиыр – сүт, түйе – шұбат, жылқы – қымыз, қой-ет, ешкі – түбіт береді. Бәрінің де етін жейміз. Ендеше бүгін әжеге арнап жент, құрт жасаймыз. Женттің құрамы: әр түрлі бидайдың немесе тары талқандарын пайдалануға болады. Оған бал, секер, ертілген май қосып, мейіз, жаңғақтар қосып тәтті етіп жасап тоңазытқышқа жарты сағаттай қатырып, сосын шаймен ішуге болады. Құртты сүттен ұйытып жасайды. Балалар өздері жасаған дәмдерін әжеге апарып береді.

Балалар көктем туралы жасырылған жұмбақтың шешуін тауып,көктем туралы сурет бойынша әңгімелеп берді.






Құстардың дауысын тыңдап,олардың қалай дыбысталатыны туралы білді.












«Егер мен сиқыршы болсам!»тақырыбына байланысты сурет бойынша әңгіме құрастырып,З,Ж

дыбыстарына байланысты жаңылтпаштар айтты.


Дауысты және дауыссыз дыбыстарға байланысты ойынды қызығушылықпен ойнады.



Рефлексивті корррекциялаушы


Әжеге арнап

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне, - деп тақпақ айтып ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылау. Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер айту.

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір


Жылқы – малдың патшасы


Түйе малдың қасқасы

Малды баға біл

Бабын таба біл!




Ормандағы аңдарға арнап,тақпақтар айтты.Саяхатшы Дара балаларға ризашылық білдіріп,әкелген сыйлығын ұсынды.Балалар Дарамен қоштасып,ҰОІәрекетін қорытындылады.

Нәтижелер:

Білу: үй жануарларын атап ажырата білуі, олардың төлдері туралы білуі

Игеру: үй жануарларының пайдасы туралы, олар туралы мақал-мәтелдер айтуды және үй жануарларын күтіп баптауды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі