400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Үздік тәрбиеші - 2021"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас әдіскерлерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Үздік тәрбиеші – 2021» байқауы



Мақсаты: Мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту. Ұжымдық қарым - қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу.Өз ісін жетік меңгерген, қазіргі заманғы озық технологияны ұйымдастырылған оқу қызметтерінде қолдана отырып, баланың жан-жақты қабілетін, толыққанды дамуына қолдау көрсете білетін,білікті де, білімді, дарынды, шығармашыл тәрбиешіні анықтау.


Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті әріптестер!Құрметті қонақтар, әріптестер бүгінгі мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында өткелі отырған қалалық «Үздік тәрбиеші - 2021» байқауына қош келдіңіздер!

Бүгін бізде үлкен мереке! Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтарды сүйіспеншілік,мейірімділік,әділдікті сіңіріп тәрбиелеуді көздейді.Рухани тәрбие балалалық шақтан бастау алып,адам өмірінің әр кезеңінде дами отырып,нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны тәрбелеуге өріс алады.Ал,осы құндылыққа жол ашатын - тәрбиеші.

Тәрбиеші....

Осы сөзде қаншама ұлылық бар,

Жүрегінде маздаған жылылық бар.

Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым

Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал.

Жүректен өлең төгіп,қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,

Қошеметтеп кәнекей қол соғыңдар,

Сайысқа қатысушы апайларға!

Бүгінгі сайысымызға қатысушы тәрбиешілерді ортаға шақырамыз.

(Тәрбиешілер ортаға шығады. )


  1. Меруерт Қанатқызы – Сандуғаш Мейрбековна - «Ұлағат» тобы

  2. Қарлығаш Талғатқызы – Жанара Бақытбекқызы – «Жігерлі ханшайымдар» тобы

  3. Қарлығаш Мұратқызы – Лайла Азибаевна – «Күн қыздар» тобы

  4. Мөлдір Нұрланқызы – Гулжанат Амирбековна – «Болашақ» тобы

  5. Бейсен Айкерей – Анар Аширхановна – «Ынтымақ» тобы

  6. Айдана Мұхтарқызы – Гулдана Мұратбайқызы – «Жалын» тобы


(Сөз меңгеруші)

Сайысымызды ашу үшін сөз балабақша меңгерушісі Бейсебекова Гулайм Жумабаевна ханымға беріледі

Өздеріңіздің реттік санын анықтау үшін жабық нөмерлерді алуларыңызды өтінеміз.

Реттік нөмерлерін анықтап,сайыскерлер шығып кетеді.


Тәрбиешілер өнерін салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

(Қазылар алқасы таныстырылады.)

КМҚК «№ 147 бөбекжай – балабақша» меңгерушісі: Бейсебекова Г.Ж.

КМҚК «№ 147 бөбекжай - балабақша» тәрбиешісі: Жақсылықова Р.Қ.

КМҚК «№ 147 бөбекжай - балабақша» тәрбиешісі: Нұрлыбаева Б.Б.

КМҚК «№ 147 бөбекжай - балабақша» тәрбиешісі: Алибекова А.Д.

Байқау 5 бөлімнен тұрады:

1. «Мамандығым – мақтанышым!» – таныстыру – 2 мин

2. «Білікті бірді, білімді мыңды жығады» - сұрақ – жауап

3. «Білім таппай мақтанба» понарамалық оқу қызметі – 2 мин

4. Шығармашылық жұмыс (бір жаңа технология) – 2 мин

5. «Өнерлінің өрісі кең» (Би, ән, көркем сөз) – 3 мин




Жүргізуші:

Кімдер жүйрік,

Өнерпаз білейікші,

Әділқазы алқасына тек әділдікті,

Ал,тәрбиешілерге сәттілік тілейікші!

Ендеше,сайыскерлерімізді таныстыру бөліміне ортаға шақырайық!

1 бөлім: «Мамандығым – мақтанышым!» – таныстыру – 2 мин

(Тәрбиешілер өздерін таныстырады)

Сайысымыздың бірінші шарты бойынша әділқазылар алқасынан бағасын сұраймыз.

2 бөлім: «Білікті бірді, білімді мыңды жығады» - сұрақ – жауап

Ал, тәрбиешілер сайысқа қалайсыздар,

Сіздер өтер әліде көп сын бар.

Асығыңыздар ал қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап айтсаң сұраққа жарайсыздар

(Тәрбиешілер тест сұрақтарына жауап береді)

Әділқазылар алқасынан бағасын сұраймыз.

3. «Білім таппай мақтанба» (понарамалық оқу қызметі) – 2 мин.

(Тәрбиешілер оқу-қызметтерін интерактивті тақта арқылы түсіндіреді)

Әділқазылар бағасы.

4 бөлім. Шығармашылық жұмыс (бір жаңа технология) – 2 мин

Өзіңнің алғырлығын ұғындырып,

Көрсетер көп іздеген мығым қылық.

Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәсекеге шеберлілік

(Тәрбиешілер жұмыстарын көрсетеді.)

Әділқазылар бағасы.

5 бөлім «Өнерлінің өрісі кең »(би,ән,көркем сөз)- 3 мин

Ал,кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп,ал біреуі ән салыпты,

«Өнерлінің өрісі кең»шартында

Қол соғып,барлығы тамсаныпты.

(Тәрбиешілер өз өнерлерін көрсетеді )


Әділқазылар бағасы.

Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді.
Әділ – қазылар алқасы қорытынды шығарғанша әсем әуенге құлақ асайық.

ӘН: «Мен тәрбиеші»

(Жеңімпаздарды анықтап,құттықтап,марапаттау)

І орын

ІІ орын

ІІІ орын

«Жаңашыл тәрбиеші» номинациясы

«Шығармашыл тәрбиеші» номинациясы

«Заманауи тәрбиеші» номинациясы

«Білімді тәрбиеші» номинациясы

«Ең жас тәрбиеші» номинациясы

«Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша тәрбиешілерге орындар беріледі.


Жеңістер мен жеңілістерден тұратын,

Өмір күрес жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңдім деп ренжімеген,

Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын - дей отырып әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңызға нұр жаусын! - деп, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
3950
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі