400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

үздіксіз әрекетті фризерді жобалау

Материал туралы қысқаша түсінік
үздіксіз әрекетті фризер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріспе

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясының басым бағыттары – жаңа технологиялар базасындағы электр желілерін реконструкциялау және техникалық қайта қаруландыру, қазіргі электрқондырғыларды, басқару жүйелерін, тексерістің және есептің, шетелдік үздік үлгілерге лайықты ету; сенімі аз, ескірген және экономикалық емес электрқондырғыларды ауыстыру; желілік диаграммаларды жетілдіру; электр қондырғыларының сенімділігін арттыру, подстанцияда автоматтандырылған басқару жүйелерін орнату; іске асыру құралдары мен іс-шаралар, беру және тарату үшін технологиялық қуатты тұтынуды қысқартуға бағытталған; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін арттыру.

Біздің елімізде энергетикалық ресурстар бірқалыпты емес орналасқан. Жылу электрстанцияларында электр энергиясын өндіруге қажетті көмір қорлары бұл станциялардың Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және орталық Қазақстанда шоғырлануына ықпал етеді.

Жалпы электрэнергиясымен көбірек қамтамасыз етілген аймақтарға Шығыс, Солтүстік және орталық Қазақстан жатады, ол мемлекеттің аумағында энергоресурстардың орналасуы бірқалыпты емес болғандықтан электрэнергиясын өңдіруде бірқалыпсыздыққа алып келеді.

Электрэнергиясын өндіретін орталықтардағы мұндай теңсіздік электрэнергиясын алыс қашықтықтарға, яғни Қазақстанның оңтүстік және енді дамып келе жатқан батыс аймақтарына жеткізуге қажеттілік тудырады. Себебі ол аймақтар электрэнергиясын өндіретін орталықтардан және өзіне қажетті энергоресурстар көзінен айырылған.

Осындай облыс аралық байланыстарды құру аймақтарды біріккен жүйеге біріктіреді және бірқатар артықшылықтарды тудырады: электрмен жабдықтаудың жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді, орнатылған қуатты толығымен пайдалануға алып келетін энергожүйе бойынша қуаттың қосынды резервін төмендету, жеке энергожүйелерде (энергожүйенің бөліктерінде) ең жоғарғы жүктемені төмендету, қуатты тиімдірек реттеу. Осындай алыс қашықтықтарға жеткізу қажеттілігі жоғары және аса жоғары кернеуді қолдануға алып келеді. Энергожүйенің қазіргі дамуымен байланысты, яғни жаңа ЭБЖ құрылыс жолымен Біріккен энергожүйені құру, жоғарылататын және жоғары, аса жоғары кернеуде энергияны жіберетін, және қабылдап төмендететін, электр энергиясын тұтынушы талап ететін төменірек кернеуде тұтынушыға жеткізетін, сонымен қатар бір уақытта әр түрлі кернеу класстарында жеткізетін қосалқы станциялардың құрылысының қажеттілігі өсіп келеді.

Жоғарыда атап көрсетілгендерден басқа қосалқы станциялар торапқа жалғануы бойынша ерекшеленеді: тұйықталған, тармақталған, өткізгіштік немесе транзиттік және түйіндік. Қосалқы станциялардың түріне байланысты оларға әр түрлі сұлбалар қолданылуы мүмкін.

Қосалқы станцияларға қойылатын талаптардың бірі болып электрмен жабдықтаудың сенімділігі болып табылады. Осы талаптарды қамтамасыз ету үшін жобалауда нақты шешімдер қарастарылады: жабдық, сұлба таңдау, автоматиканы қолдану, қосалқы станцияларды және тұтынушыларды қоректендіретін мүмкін болатын резервтеуді іздеу.

Электр желілерін пайдалану тиімділігін елеулі өсуі арқылы қол жеткізуге болады:

  • өндірістік қызметті, әсіресе ең көп еңбекті қажет ететін, электр желілері мен қосалқы станцияларды механикаландыру;

  • әуе электрберіліс желілерін жөндеу (сөндірусіз);

  • төтенше резерв және әуелік электр желілерінің электр элементтерін оңтайландыру;

  • электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың өрт қауіпсіздігін арттыру.

Өткен ғасырда салынған орташа және жоғары кернеу қосалқы станциялары үнемі қызмет көрсетуші персоналды қажет ететін және орталықтандырылағн басқару жүйесі болмайтын.

Қазіргі кезде көптеген елдердің энергожүйелері басқару процесі автоматтандырылған жолға көшуде, тозған электр жабдықтарды замануи жаңа жабдықтарға ауыстырады.

Тарату жүйелерінің қосалқы станцияларына қайта құрылған жол әлдеқайда тиімді, жаңартылған қосалқы станция барлық заман талабына сай келеді және де оларға кететін шығын мөлшері толық құрылумен немесе қайтадан тұрғызу жұмыстарына қарағанда аз.

Энерго жүйені қайта құрудың тағы бір маңызды тұсы электр станциясына қажетті инфрақұрылымның өндірістік, коммуналдық талаптарға сай болуы. Жаңадан салынатын қосалқы станцияға арнайы территория, әуе желілері, тарату құрылғылары т.б. объектілерді тұрғызу қажет болып табылады.

Жалпы алғанда ХХ ғасырда тұрғызылған трансформаторлы қосалқы станциялардың жұмыс істеу мерзімі 20 жылды құрайды. Уақыт өтуіне қарай қосалқы станциялардың бөлшектері аналогты құрамдас бөліктермен ауыстырылатын.

Шетел энергетиктерінің есептеуінше қосалқы станциялардан таратылатын энергия шығындары 4% дан аспауы қажет, ал шығын мөлшері 10 % - ға жеткен кезде энергияны сақтау шараларын жүргізу қажет.

Жаңа ғасырдағы электр энергиясының тарату желілері сапалы, автоматтандырылған жүйеге көшуі ол заман және мемлекеттік ұстаным талабы. Электрлік жүйелер АСУ ТП негізгі құрамдас бөлігі болуы қажет, олардың қатарына электр энергиясын өндіру, тасымалдау, тарату және тұтыну шаралары кіреді.

Дипломдық жобаның мақсаты қосалқы станция шығындарын азайту және қайта құру іс шараларының техникалық, экономикалық көрсеткіштерін есептеу.

Аталған мақсаттарды орындау үшін келесідей тапсырмалар қойылады:

Қазіргі кездегі қосалқы станцияның жағдайын талдау;

Қосалқы станцияның өзіндік қажеттіліктерін есептеу;

Техника-экономикалық есептеулерді жүргізу.

2. Негізгі бөлім.

2.1. Тартымды қосалқы станциялар туралы жалпы мәлімет

Қосалқы станция дегеніміз электр энергиясын тиімді пайдалану

немесе оны түрлендіруге арналған электр қондырғы.

Мұнда электр желісінің кернеуін төмендетуге арналған төмендеткіш қосалқы станциялар қарастырылады. Мұндай қосалқы станциялар мынадай бөліктерден тұрады:

  1. Бір немесе бірнеше трансформаторлар (автотрансформаторлар).

  2. Жоғары кернеулі таратқыш.

  3. Төмендетілген кернеулі (орташа және төмен) таратқыш.

  4. Қосалқы құрылғы.

Қосалқы станцияның категориясына мыналар жатады:

  1. Ұзын көп тізбекті желілердегі трансформаторсыз электр қон- дырғылары. Бұлар беріктігін арттыратын секциялық желіге, бойлық компенсацияға конденсаторлар орнатуға арналған. Мұндай құрылғыны секциялық қосалқы станция деп атайды.

  2. Қалалық желілер мен өнеркәсіп орындары желілеріндегі транс- форматорсыз электр қондырғылары тұтынушыларға қуатты таратуға (бөлуге) арналған. Мұндай құрылғы таратқыш қосалқы станция деп аталады.

Қосалқы станцияны жобалау қарастырылып отырған жүйенің дамуына немесе ауданды электрмен қамтамасыз ету сұлбасына байланысты. Мүдделі ұйымдардың сұранысы негізінде таяудағы 5-10 жылда энергияны пайдалану мүмкіндігі анықталады. Желі сұлбасы, қосалқы станцияның орны және олардың қуаты белгіленеді. Мұндайда даму келешегі және құрылысты салу кезегі ескеріледі.

Аудандық электрлік төмендеткіш қосалқы станцияларды жобалау, оларды жалғайтын энергожүйенің жобасына тығыз байланысты. Жобалау шешімін дұрыс орындау үшін таяудағы 8-10 жылда энергожүйені дамытудың комплексті перспективалық жобасын, энергия балансын, автоматтандыру мен диспетчерлерді, сондай-ақ энергожүйені және аудандық желілерді пайдалануды ұйымдастыру жобасын, ондағы еңбек өнімділігін арттыруға, күрделі қаржыны кемітуге қоятын қазіргі талабын негізге алады.

Электр қондырғылары құрылысының ережелеріне сәйкес электр қабылдағыштар категорияға бөлінеді (1, 2, 3).

  1. - категория: мұндай электр қабылдағыштарда электрмен жабдықтау кезінде үзіліс болған жағдайда адамдарға қатер төндіруі, өндіріске елеулі нұқсан келуі мүмкін;

  2. - категория: мұндай электр қабылдағыштарда электрмен жабдықтау кезінде үзіліс болған жағдайда өнім едәуір аз алынып, едәуір шығынға ұшырауы мүмкін;

  3. - категория: басқа да электр қабылдағыштары қолданылады.

Электр қабылдағыштар желіге қосылған кездегі сипаттамасына және қосалқы станцияның электр схемасына қосылуына қарай түрліше болады.

Электр желісін жобалаған кезде электр берілісіндегі резервтік желі санын белгілеудің және қосалқы станциядағы электр қосылысының негізгі критерийі

- тұтынатын орындарды электрмен сенімді жабдықтау болып саналады.

Аудандық қосалқы станция электр жүйесінің жауапты элементтері болып саналады. Сондықтанда бұл қосалқы станцияларды жобалағанда және салғанда, оларды пайдаланатын орындардың қалыпты режимде жұмыс істеуін ғана емес, апаттық жағдайда ажыратылғанда да (мәселен, қоректендіруші желі немесе жұмыс істейтін трансформаторлардың біреуі істен шықса) сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Аудандық ірі қосалқы станцияларда қуатты автотрансформаторлар мен трансформаторлар орнатқан тиімді. Өйткені олар электр қосылысының неғұрлым тиімді сұлбасын қабылдауға, таратқыш құрылғыларды және қосалқы станцияның басқа құрылыстарын неғұрлым тиімді құрастыруға мүмкіндік береді. Әдетте, екі трансформаторды немесе автотрансформа-торды орнатқан тиімді, ал кейбір жағдайда одан да көп трансформаторлар орнатылуы мүмкін.

Аудандық қосалқы станцияларға өте жоғары талап қойылады. Соның ең бастылары:

  1. Қосалқы станцияның электр желісінің екінші тізбегінің резервтік қорегі мен электр қондырғыларының аудандық тораппен байланысы болуы тиіс.

  2. Бірінші немесе екінші кернеудегі шиналар зақымданған жағдайда қосалқы станция тұтынатын орындарды қоректендіруді толық немесе жарым-жартылай қысқартуды қамтамасыз етуі тиіс.

Қосалқы станциядағы электр қосылысының сұлбасы арқылы қолданылған жабдықтар мен құрылғылар комплексін белгілеп, оны тұтастай салуға кеткен жұмыс көлемі мен күрделі қаржы шығынын анықтайды.

Қосалқы станция сұлбасы орнатылған жабдықтардың тек түрін және оған кеткен шығынды ғана емес, оның құрастырылуы мен конструкциялық орындалуын да, қосалқы құрылғылардың көлемін де белгілейді.


2.2. Тартымды қосалқы станцияның негізгі түрлері мен жабдықтардың сипаттамасы.

Әдетте, қосалқы станцияның электрлік қосылыс сұлбасы оны пайдаланудың барлық кезеңіндегі режимдік сипаттамасын белгілейді. Қосалқы станцияның сұлбасы желі конфигурациясымен және электр жүйесінің жұмыс режимімен анықталады. Қосалқы станцияның электр қосылысының сұлбасы электрмен сенімді жабдықтауды, автоматтандыруды және үнемділікті, желідегі режимдік ерекшеліктерді қамтамасыз етуі тиіс.Сондықтан да қосалқы станцияның сұлбасын энергия жүйесін дамыту жобасымен бірге таңдау қажет.

Қосалқы станцияларды жобалау деңгейін көтеру, құрылыс-монтаждық жұмыстардың көлемі мен еңбекшығындарын қысқарту мақсатында құрылыс алаңдарында жинақталған трансформаторлық қосалқы станцияларды (ЖТҚС) және жинақталған тарату құрылғыларын (ЖТҚ) қолдану деңгейі өскені абзал.

Кез келген қосалқы станцияны жабдықтағанда оның мекен-жайы мен оның шамалары тек қана осыған арналып, есептеліп жасалған кешенді жобалық сұлбалардан алынуы міндетті түрде. Көрсетілген қосалқы станциялар бір немесе екі орамды трансформаторлар және жоғары кернеу бөлігіндегі бір немесе екі кететін желілермен, АТҚ элементтерінің әртүрлігіне қарай нақты типтік элементтердің шарттарына, орналасатын жеріне қарап таңдалуы тиіс.

Тораптық қосалқы станцияларды классификациясына сай олардың басым бөлігі ықшамдалған сұлбалар бойынша I санатқа жатқызылуы тиіс.

Жабдықтарды құрылыс алаңына бөлшектер күйінде әкеледі. Ірі блокты түйіндерді рационалды түрде өңдеп, зауыттың шарттарына сай барлық бөлшектерді жинап, құрап және ретке келтірген соң оларды іргетасқа орнатып, оның өткізгіштерін аппараттарға жалғайды.

І санатты қосалқы станциялардың зауыттық даярлаудың жинақтары өзімен бірге құрылыстық конструкциялары, жабдықтауы, монтаждауы да дерлік механизациялануы тиіс және өзімен қоса қарапайым құрылыстық, монтаждау жұмыстарының циклі болуы тиіс.

Жобалау және тораптық қосалқы станцияларды жабдықтағанда барлық көрсетілген ережелермен принциптерді ұтымды пайдаланып, оны қатал сақтағанда, салынып жатқан құрылысты аз көлемдегі еңбек шығындарымен, қысқа мерзімде және жоғары сапада аяқтауға болады. Бұл принциптер сонымен бірге ІІ санаттағы құрама қосалқы станцияларды салуда өз пайдасын тигізеді.

Ал енді 110 кВ және оданда жоғары кернедегі тораптық қосалқы станцияға келетін болсақ, олар өте күрделі коммутациялық түйіндерден тұрады. Бұл жерде өте қатал технологиялық тізбекпен және энергожүйелерінің даму жинақты жобалау сұлбасының негізінде жүргізіледі. Бұл санаттағы қосалқы станцияларды толығымен типтеуге және бірыңғайлауға болмайды. Бірақ әртүрлі типтеге қосалқы станциялардың барлық құраушылары типтік шешімдерді, АТҚ ұяшықтары типтік модулді конструкциялар негізінде құралатын, ортақ қосалқы станциялық басқару орнын, трансформаторларды, синхронды компенсаторларды, ЖТҚ-сын, май және ауалық шаруашылықтарды орнатуды иеленеді.

Тораптық қосалқы станциялардың жоғары эксплуатациялық сенімділігін қамтамасыз ету үшін, оларды жабдықтағанда дұрыс шешіш қабылдау, мысалы мына бөліктерде, ең басты сұлба, жабдықтар мен аппараттардың шамасы, сенімді, ұзақ мерзімді трансформаторларды және аппараттарды орнатқанда, сонымен қатар эсплуатациялық жоғары мәдениет қажет.

Берілгені:

Толық қуат, МВт - 115. Ө.М. шығыны % – 3.

ЖКТҚ номиналды кернеуі, кВ – 110 ОКТҚ номиналды кернеуі, кВ – 35

3. ТАРТЫМДЫ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫН ТАҢДАУ

3.1. Тартымды қосалқы станцияның электрлік қосылыстарының сұлбасын жобалау

«РЭС Семей қаласы» 110/35/10 кВ қосалқы станциясы Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігінде орналасқан. Аудандағы климат жеткілікті қоңыржай болып келеді: жаз мезгіліндегі ауаның орташа температурасы шамамен +18...+250С, ал қыс мезгілінде -20...-300С. Жылына найзағайлы күн саны шамамен 12-15 күн. Топырақтың негізгі түрі – тасты саздақтар. Қосалқы станцияның электмен жабдықталуы «Шүлбі» және «Семей» 110/35/10 кВ транформаторлы қосалқы станциясынан қамтамасыз етіледі. Қосалқы станцияда қуаты 10000 кВА ТМН типті бір трансформатор орнатылған. Бұл қосалқы станциядан кернеуі 10 кВ 4 әуе желісі (Ф-1, Ф-2, Ф-3, Ф-4) шығады. Ол әуе желілері арқылы маңайдағы елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз етеді.


1.1 – Сурет. Жабық электр желісінің сұбасы


10 кВ әуе желісінің жалпы ұзындығы шамамен l = 107 км. Орнатылған қуатының соммасы 1872 кВА (1.1 сурет) болатын 10/0,4 кВ 34 трансформаторлы қосалқы станциялары 10 кВ тарату желісінен қоректенеді.

110/35/10 кВ «Семей қаласы» қосалқы станциясы, ЖЭО-1 – ден қоректеніп отырған 220/110/10 кВ «Шүлбі» трансформаторлы қосалқы станциясынан қоректенеді. Кернеуі 110 кВ қоректендіру желісі біртізбекті болып келеді. Желі АС-120 маркалы сыммен темірбетон бағаналармен тартылған.

110/35/10 кВ «Семей қаласы» қосалқы станциясынан қоректеніп отырған елді мекендер мен ауыл шаруашылықтарының электрмен жабдықтау сұлбасының кемшілігі:

  • қолданыстағы қосалқы станцияда бір ғана трансформатор болу салдарынан сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етпейді;

  • кернеуі 10 кВ таратушы желі өткізу қабілеті төмен болғандықтан – коммуналдық және өнеркәсіптік клиенттер ушін электр энергиясын тұтыну желісін арттыру және нормативтік электр ауытқуын қамтамасыз етпейді;

  • 10 кВ ӘЖ жекелеген бағыттар бойынша ешқандай резервтің жоқтығы, АВР, СПН, сонымен қатар релелік қорғаныс және автоматиканың болмауы.


Жоғарыда аталған кемшіліктерді байланысты сенімділігін арттыру және тұтынушылар арасында кернеу деңгейі және сапа деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған:

  • қосымша екінші 110/35/10 кВ күштік трансформаторын орнату;

  • кернеуі 10 кВ тарату желісіне электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыратын құралдарды орнату.


3.2. Жүктеменің қуатын есептеу



Shape1 110кВ L1 L2




P

35

макс


=42 МВт


35кВ


Т1 Т2











P

10

макс


10кВ


=35МВт

1 Сурет – Қосалқы стансаның құрылымдық сұлбасы

    1. 1– кесте. ЖЭО-ның жұмыс режимінің уақыты

Уақыты

0-8

8-16

16-24

Қыс %

90

100

90

Жаз %

70

80

70


  1. 110 кВ келетін қуат, МВт

Қыс Жаз


Shape2 P 08,1624 115 90% 103,5 МВт

100%

P 08,1624 115 70% 80,5 МВт

Shape3 100%


Shape4 P816

115100% 100%


115 МВт


P816

11580%


Shape5

100%


92 МВт


Электр станцияларындағы электр энергияны өндірудің айнымалы графигі кезінде өзіндік мұқтаждықтың қуат шығынын анықтауға болады.

Р (t)

Р1624

(0,4 0,6 i ) Р

P

белг

о.м. max ;


мұндағы

Рi ( t )

- t уақытта станцияның шинаға беретін қуаты, МВт;


Руст Р - өзіндік мұқтаждықтың максималды қуаты,

о.м.max

- станцияның белгіленген қуаты , МВт;

  1. Ө.М. жүктемесі


Қыс

Shape6 P08,1624 (0,4 0,6 103,5)

115



3%


Shape7

100%



115 3,105МВт


Shape8 P816 (0,4 0,6 115)

115

3%


Shape9

100%

Жаз

115 3,45МВт


Shape10 P08,1624 (0,4 0,6 80,5)

115

3%


Shape11

100%

115 2,4МВт


P816 (0,4 0,6


  1. 10 кВ - ғы жүктеме

92 )

Shape12 115

3%


Shape13

100%

115 2,76МВт


Қыс Жаз

P0-8= 35 МВт Р0-8 = 24,5 МВт

Р8-16 =35 МВт Р8-16 = 24,5 МВт

Р16-24 =35 МВт Р16-24 = 24,5 МВт

  1. Т-1 және Т-2 жүктелуі, МВт

Қыс Жаз


T1:T 2

P08,1624 103,5 3,105 35 65,4МВт


T1:T 2

P816 115 3,45 35 76,55МВт

P08,1624 80,55 2,4 24,5 53,6МВт


T1:T 2

T1:T 2

P816 92 2,76 24,5 64,74 МВт


  1. Т-1 және Т-2 трансформаторларының әрбірінің жүктелуі, МВт Қыс Жаз

Shape14 P 08,1624 65,4 2,7 МВт

2

Shape15 P816 76,55 38,275 МВт

2

P 08,1624 53,6 26,8 МВт

Shape16 2

Shape17 P816 64,74 32,37 МВт

2

  1. 35 кВ –қа жүктелуі, МВт

Қыс Жаз


Shape18 P08,1624 42 90% 37,8 МВт

100%


Shape19 P816 42 100% 42 МВт

100%

P08,1624 42 70% 29,4 МВт

Shape20 100%


Shape21 P816 42 80% 33,6 МВт

100%



  1. 110 кВ әрбірінің жүктелуі, МВт

Қыс Жаз


Shape22 P08,1624 65,4 37,8 13,8 МВт

2

Shape23 P816 76,55 42 17,275 МВт

2

  1. Т1,Т2 орамының 35 кВ жүктелуі, МВт

P08,1624 53,6 29,4 12,1 МВт

Shape24 2

Shape25 P816 64,74 33,6 15,57 МВт

2


Қыс Жаз


P08,1624 37,8 18,9МВт P08,1624 29,4 14,7МВт

Shape26 Shape27

T1:T 2 2 T1:T 2 2

P816 42 21МВт P816 33,6 16,8МВт

Shape28 Shape29

T1:T 2 2 T1:T 2 2

    1. – Кесте - Қуат баллансы кестесі, қалыпты режим

Анықталатын параметр

Жылдың кезеңі

Уақыты, сағ

0-8

8-16

16-24

1. 110 кВ келетін қуат, МВт

қыс

жаз

103,5

80,5

115

92

103,5

80,5

2. Ө.М. жүктемесі, МВт

қыс

жаз

3,105

2,4

3,45

2,76

3,105

2,4

3. 10 кВ жүктеме, МВт

қыс

жаз

35

24,5

35

24,5

35

24,5

4. Т-1,Т-2 тр-ң жүктелуі , МВт

қыс

жаз

65,4

53,6

76,55

64,74

65,4

53,6

    1. -кестенің жалғасы

5. Т-1, Т-2 тр-ң әрбірінің жүктелуі, МВт

қыс

жаз

32,7

26,8

38,275

32,37

32,7

26,8

6. 35 кВ-ғы жүктеме, МВт

қыс

жаз

37,8

29,4

42

33,6

37,8

29,4

7. 110 кВ әрбірінің жүктелуі, МВт

қыс

жаз

13,8

12,1

17,275

15,57

13,8

12,1

8. 35 кВ жүктелуі, МВт

қыс

жаз

18,9

14,7

21

16,8

18,9

14,7


    1. Номиналды кернеуіне, өзіндік мұқтаждығына және тарату құрылғыларына жүктеме графиктерін тұрғызамыз






қыс


жаз







































Р,МВт



Shape30 115

103,5



92


80,5



0 8 16 24


t, сағ


Shape31 Shape32


қыс жаз

  1. Сурет – 110 кВ келетін қуат, МВт
















































Р,МВт



Shape33 Shape34 3,45


3,105



2,76


2,4



0 8 16 24



t, сағ



Shape35 Shape36

Қыс Жаз



  1. Сурет – Қосалқы стансаның өзіндік мұқтаждығы графигі



















































Р,МВт



Shape37 Shape38 42


37,8


33,6


29,4




0 8 16 24

t, сағ


Shape39 Shape40



  1. Сурет – Тарату құрылғыларының жүктеме графигі


4


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі