"Үзілген жапырақтар" мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үзілген жапырақтар" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға тәрбие беретін, ойландыратын мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үзілген жапырақтар

Күз мезгілі. Дала сары бояуға боялғандай, әп-әдемі. Маған күз мезгілі өте қатты ұнайды. Сондықтан мен күз мезгілінде уақытымды құр босқа жібергім келмейді. Көбіне, саябаққа шығып серуендегенді жақсы көремін.

Сондай бір күні мен саябақта серуендеп келе жаттым. Көңіл-күйім өте керемет болды. Кенет үлкен ағаштың жанында тұрған баланы көрдім. Бала ағашқа бар жан-тәнімен қарап тұр. Қолында кішкене қуыршақ бар екен. Ағашқа қарасам діңгегі өте қалың, жапырақтары көп, әрі сап-сары екен. Бірақ, бір мұңайтатыны жапырақтары әр минут, секунд өткен сайын үзіліп түсіп жатыр. Мен әлгі баланың қасына жақындап бардым. Жанарына қарасам өте қатты ренжулі, бір мұңы бар адам секілді. Мен оны сөзге тартқым келіп:

-Балақай, бұл жерде неге тұрсың? Неге бұл ағашқа сонша тесіліп қарап тұрсың? Я, мен саған сұрақ қойып тұрмын, бірақ сол сұрақтың жауабын өзімде білемін ғой. Ағаш өте әдемі, я. Күз мезгілі сағанда ұнай ма? Маған да өте қатты ұнайды, - деп көңілді дауыспен әңгімемді жалғастырып жатырмын. Бала маған:

-Жоқ, әпкетай, маған күз мүлдем ұнамайды. Бұл ағашта, оның жапырақтары да ұнамайды, - деді. Мен таңқалған күйде:

-Неге? - деген сұрақ қойдым. Ол:

-Себебі, бұл ағаштың жапырақтары үзіліп түскен сайын менің ең жақын адамдарым менің жанымнан басқа жаққа кетіп жатыр. Бірінші төсек тартып жатқан анам, одан соң кішкентай қарындасым. Ал әкемнің маған бөлер уақыты жоқ. Өйткені, оның үлкен ғимараты бар. Сол ғимаратта көптеген жұмыстар істейді. Жұмысшылар мен болмасам жұмыстарын дұрыс атқармайды –дейді әкем. Ал мен күнде осы ағаштың жанына келіп, жапырақтарынан үзіліп түспеуін сұраймын. Жалғыз әкемнен айырылғым келмейді және бұл ағаштан мені анам мен қарындасымның жанына апаруын сұраймын. Қарындасым қуыршақпен ойнағанды жақсы көреді. Ал ол кетерде қуыршағын ұмытып кетіпті, әрі оларды қатты сағындым, - деп мені қалай құшақтап жылағанын сезбей қалдым.Өзімнің де көзімнен жас шығып кетті.

Осы күннен бастап күз келгенде жапырақтар тек қана жақсылық үшін үзілсе екен деп тілеймін.

Бастауыш сынып мұғалімі

Өмірзақова Махаббат Мұхтарқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
836
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі