Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұзын -қысқа (ұйымдастырылған оқу қызметі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

14 «Айбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі: Джаманбаева Динара Сериковна

Талдықорған қаласы

Тақырыбы : «Ұзын-қысқа»

Мақсаты: «Ұзын-қысқа» ұғымдарымен таныстыру, беттестіру бетіне қою әдісі арқылы ұзындықты салыстыруды үйрету, сондай-ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімді қолдана білуге үйрету,қашықтықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды, көз мөлшерді дамыту, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, әр түрлі суреттер ұзын-қысқаға байланысты.

Қажетті құрал-жабдықтар: ұзындықты беттестіріп салыстыруға арналған жолақша жолдар, ұзыны-жасыл және қысқасы-көк, әр балаға әр түрлі ұзындықтағы ленталар, әр балаға жолдардың түсіндей үйдің суреті бейнеленген ә данадан карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,қайталау, сұрақ-жауап,ойын.

Сөздік-жұмыс: Ұзын,қысқа,үй-дом, жол-дорого.

Балалар, қараңдаршы, бізге бүгін қонақтар келіпті, кәне барлығымыз орнымыздан тұрып, ортаға шаттық шеңберіне шығайық.

Шаттық шеңбері: Күн болып жанайық,

Мөлдір су болып ашылайық,

Терең-терең демалып,

Бір тынығып алайық.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күн жылиды, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, гүлдер гүлдейді, адамдар жеңіл киінеді.

Тосын сәт: Есік қағылып, музыка әуенімен түлкі келеді, қолында қорапшасы болады.Түлкі балалармен амандасады.Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Сәлеметсіз бе!

Түлкі: Балалар мен түлкімін! Мен сендерге құр қол келгенім жоқ.Мына қолымдағы қорапшаның ішінде, сендерге алып келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар мен сендерге сыйлық беремін.

Тәрбиеші: Кәне, балалар,түлкінің тапсырмаларын орындамас бұрын қорапшаның ішіндегі бізге көрсетіп тұрған жолақшаның түстерін атайық.

-Қызыл,жасыл, сары.

- Барлығы қанша жолақша болды?

- Бір,екі, үш.Дұрыс айтасыңдар балалар!

Түлкі: Бірінші жолақшаның тапсырмасын көрейік. Барлығымыз теледидарға қарайықшы.

-Мынау кімдердің суреті?

-Балалардың суреті.

-Мына суретте қай баланың бойы ұзын, қай баланың бойы қысқа?

-Кәне кім айтады?

-Ұзын бала

-Ал мына баланың бойы ше?

-Қысқа

Енді екінші жолақшаның тапсырмаларын қарайық?Балалар мына суретке назар аударайықшы.Мынау нелер?

-Қоян кірпі.

-Қоянның неше құлағы бар?

-Қоянның екі құлағы бар?

-Ал кірпінің неше құлағы бар?

-Кірпіде екі құлақ бар.

-Кірпінің құлағы ұзын ба, әлде қоянның құлағы ұзын ба?

-Қоянның құлағы ұзын.

Дұрыс айтасыңдар, балалар қоянның құлағы ұзын екен.Жарайсыңдар, балалар.

-Балалар шаршап қалған шығарсыңдар, кәне орнымыздан тұрып бір сергіп алайық:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату боламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

-Жарайсыңдар, енді орнымызға отырып үшінші жолақшаны көрейік.Бұл жолақшаның ішінде түлкі сендерге ойын дайындапты.

Ойын: «Кім жылдам»

Қорытындылау: Балаларды мадақтап, оларға жұлдызша таратылып берілді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2020
845
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12