жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұзын құлақ, ақ қоян
Білім беру саласы: Шығармашылық, қатынас
Бөлімі: Жапсыру, сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ұзын құлақ ақ қоян»
Мақсаты: Қоян туралы түсініктерді нақтылау. Қоянның дене бөліктерін айта білуге, үйрету.
Қоянның дене бөліктерін дұрыс орналастыра білуге, жапсыруға, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Жұмбақ шешу, қоянның дене бөліктерін жапсыру.
Сөздік жұмыс: «Ұзын құлақ ақ қоян»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
I.Ынталандыру кезеңі
Шаттық шеңбер:
Балалар ,қонақтармен амандасамыз!
Бәріміз енді тұрайық,
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы, жақсы сөздерді
Қонақтарға сыйлайық!
Тәрбиеші: -Балалар, кәзір жылдың қай мезгілі ?
-Балалар қыс мезгілінің неше айы бар? Атап беру.
-Қыс мезгілінде ауа райы қалай болады?
-Қысты күні қояндар қайда мекендейді?
Ал, балалар орманда тағы қандай жануарлар мекендейді ?
(Балалардың жауабы)
-Балалар сендер білесіңдер ме, бұрын ата-әжеміз ауа райын қалай болжағанын?
- Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады екен.
-Түйе пысқырса боран болады.
-Жыл құстары қайтқанда төмен ұшса, қыс қатты болады.
II. Негізгі кезең.
Жұмбақ шешу: Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
Д/о: «Қай аңның ізі»
Шарты: қай аңның ізі екенін және жасырынған аңды табады.
- Енді сендер мына суретке қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл қоянның суреті екен.
-Не себептен қоян түсін өзгертеді ?
-Иә, балалар қоян қорқақ,сондықтан да қыста түсін ақ түске өзгертеді екен.
-Қоян қыста үйілген маялардың түбінде ,не ағаш қуыстарында қыстайды. Қорегі –түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Қыста ақ тон киіп, ал жазда қоңыр тонын киеді.
Ғажайып сәт
(музыкамен қоян кіреді)
Қоян: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар мен орманда келе жатып өзімнің сүйікті асымды жоғалтып алдым (көңіл күйі түсіп кетеді.)
Тәрбиеші: Қоян сен мұңайма қазыр біздің балалар саған сүйікті асыңды тауып береді.
Д/о: «Қоянның сүйікті асы»
Шарты: Қоянның сүйікті асын табу.
Қоян- сәбіз.
Қоян: -Рахмет, балалар! (тағыда мұңайып тұрады)
Тәрбиеші: Қоян сенің көңілің көтерілмедіғой?
-Мен орманда серуендеп жүріп айнамды жоғалтып алдым. Енді міне, өз түрімді көре алмай жүрмін.
Тәрбиеші: - Сен уайымдама қазыр біздің ақылды балалар сенің бейнеңді қағазға жапсырып береді (үстелге отыру)
Саусақ жаттығуы: Қолымызды ашуға дайындаймыз. Тыңда саусақ қимылдарын орында.
-Сәбізді алып, тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
-Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
-Тұз сеуіп дәмдейміз (саусаұтардың ұшымен тұз себеді)
- Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді)
-Балалар, сендер бүгін кішентай көжектерсіндер ал, көжектің анасы кім?
Қоян. Олай болса балалар көжектің анасы қоянның дене бөліктерін жапсырамыз және оны дұрыс орналастырамыз.
Балаларға қоянның жапсыру технологиясын түсіндіру.
- Ал енді денесіне қараңдаршы, денесі қандай пішінді?
- Басында несі бар?
- Құлағы қандай балалар?
Қоянның дене мүшелерін: басын шаршыдан дөңгелек, денесін үлкен сопақша, аяқтарын кіші сопақша жасап қиып алуға болатынын көрсете отырып түсіндіреді.
Сергіту сәті): Ұзын құлақ,сұр қоян,
(Музыкамен) Естіп ,қалды сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып –ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Қортындылау:
– Балалар,бүгін сендер кімдер болдыңдар?
-Қысқы орманда қандай аңдар өмір сүреді екен?
-Қоян қандай аң?
- Сендерге оқу қызметі ұнады ма?
-Топта қандай аңның бейнесін жапсырдыңдар?
Балалардың оқу қызметін қаншалықты ұнағаны:
Қызыл саусақ-қатты ұнады
Жасыл саусақ- ұнады
Сары саусақ- қанағаттанарлық
Тәрбиешінің балаларды мадақтауы: Балаларға оқу қызметіне жақсы қатысқандары үшін смайликтермен мадақтау.
Қоштасу:
Бұл қуаныш себебін Бізге қарап ұғарсың. Ер жетті деп бөбегің, Апайлары қуансың! Сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген