400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар, қалың-жұқа.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашықсабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 20.04.2022ж

Тобы: 0 «А»

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым матемтикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар, қалың-жұқа. Тең заттар»

Мақсаты: Көлемдер жайлы білімдерін кеңейту, ұзын-қысқаның, тар-кеңнін, қалың-жұқаның айырмашылықтарын бекіту. Дұрыс, таза дыбыстай білуге үйрету. Балалардың кеңістіктер туралы түсініктерін кеңейту. Оларды сипап сезу қимылы мен көру қимылы арқылы тексеруге үйрету.Балалардың сөздік қорын, суреттер бойынша ойлау қабілеттерін дамыту.Кеңістіктерді дұрыс айыра білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту жаттығулары.

Көрнекіліктер: Сандар, жұмыс дәптері.

Билингвалдық компонент: ұзын-длинный, қысқа-короткий, биік-высокий, аласа-низкий, кең-широкий, тар-узкий,

қалың-толстый, жұқа-тонкий.

Оқу-іс әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Негізгі кезеңі: (Есік қағылады. Қоян кіреді,) Сәлем, балалар! Мен үйіме қайтатын жолды таба алмай қалдым. Маған жолымды табуға және ұзын-ұысқа, биік-аласа, кең-тар, қалың-жұқа заттарды ажыратуға көмектесесіңдер ме?

-Балалар, қоян бізден көмек сұрайды. Көмектесеміз бе?

-Иә.

-Ендеше, қоян, біздің оқу іс-әрекетімізге қатыс!

-Балалар, қай баланың бойы қысқа, қай баланың бойы ұзын?

-Қай үй биік, қай үй аласа?

-Қай шкаф кең, қай шкаф тар?

-Қай кітап қалың , қай кітап жұқа?

-Ал мына суретте күшіктердің үйшігі қандай?

-Балалар, қоян ормандағы үйіне қай жолмен баруы керек?

Балалар, маған сендердің көп көмектерің тиді. Маған жолымды табуға көмектесіңдер және ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар, қалың-жұқа заттарды ажыратуды үйреттіңдер. Сендерге үлкен рақмет! Сау болыңдар!

Дәптермен жұмыс:

Сергіту сәті:

Жоғары қарап, күн көрдім,

Төмен қарап, жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Ойын шарты: Бірнеше суреттерді тақтаға іліп, олардың ішінен кең-тар, ұзын-қысқа, қалың-жұқаны тауып алады, ал артық заттарды алып тастайды.

Рефлексия: -Балалар, бүгін біздер қандай тақырыппен таныстық?

-Бізге қонаққа қандай жануар келді?

-Қандай тапсырмалар қиын болды?

-Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Күтілетін нәтиже:

-заттарды салыстыру үшін ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар, қалың-жұқа сөздерін дұрыс пайдалануды;

-заттардың биіктігі мен қалыңдығы туралы түсінікті;

-заттарды көзбен, бір-біріне қою арқылы салыстыруға.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
21.02.2023
1673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі