15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұзындық, масса, көлем
Сабақ тақырыбы: |
Ұзындық. Масса. Көлем |
Мектеп: |
||||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
||||
Оқу мақсаты: |
ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық) уақыт шамаларын ажыратып үйренеді; оларды өлшеудiң жолы мен құралдарын таңдай алады, өлшеуді үйренеді. |
|||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
Ресурстар: |
үлгі жасауға арналған қатты қағаз; қайшы; “Сөздер тақтасындағы” тірек сөздер жазылған парақшалар. |
|||||
Тірек сөздер |
ұзындық; масса; көлем |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Заттың ұзындығы, массасы мен көлемін олардың жартылай белгілі мәні бойынша есептеп шығару дағдысының дамуына, осы шамаларды өлшеуге арналған құралдарды таңдау дағдысын бекітуге, шамаларды өлшеу бірлігіне сәйкес білімді қолдану дағдысының дамуына жағдай жасау. |
|||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
|||||
Берілген сабақ бірінші жартыжылдықта өткен материалды қайталауға арналған. Оқушылар ұзындық, масса, көлем жөніндегі білетін түсініктерін бекітуге арналған тапсырмалармен қатар осы түсініктерді кеңейтетін тапсырмаларды да орындайды. Бұл сабақта шамалардың мәнін есептеу мен олардың айырмаларын салыстыруға ерекше көңіл бөлінеді. Кіріспе тапсырма. Төмендегі ұғымдарды еске түсіру: ұзындық, масса, көлем — шамалар; сантиметр мен метр — ұзындықтың өлшем бірлігі; 10 см = 1 дм; килограмм — массаның өлшем бірлігі; литр — көлемнің өлшем бірлігі. Заттардың ұзындықтары қандай? Берілген тапсырманы жалпы сыныппен орындаудан бастау. Оқушылардан суретке анықтап қарап, өшіргіштің, қайшының және сызғыштың ұзындығын анықтау. Оқушылар бұрын да сызғыштың ұзындығын анықтаған болатын. Алайда осы сабақтағы тапсы маның ерекше сипаты мынадай: ұзындықты өлшеу сызғыштағы 0 санынан басталмайды. Сөйтіп, оқушыларға қадамдарды сандық сәуле бойынша (сызғыш бойынша) басындағы сан мен соңындағы санның арасындағы айырманы есептеп шығаруға тура келеді. Әр заттың ұзындығын анықтаған соң оқулықтағы сұрақтар бойынша әңгіме жүргізу. Содан соң жұппен жұмыс ұйымдастыру. Оқушылардан сурет бойынша жаңа сұрақтар құрап, оның жауабын дайындауды сұрау. — Қай зат сызғыштан ұзын? Қанша сантиметр ұзын? — Қайшы қарындаштан қанша сантиметр қысқа? — Қарындаш өшіргіштен қанша сантиметр ұзын? — Өшіргіш пен сызғышты бір-біріне тіркестіріп көр. Екеуінің жалпы ұзындығы қарындаштан ұзын бола ма? Неге? Оны қалай білдің?
Жауабы: өшіргіш — 5 см; қайшы — 11 см; қарындаш — 14 см. |
Шығарып көр. Оқушылардан суретке мұқият қарап шығып, қарбыз бен бір қап картоптың массасын анықтауды тапсыру. Талқылау барысында оқушылар алдымен бір қорап қанттың (1 кг) массасын есептеп, сосын қарбыздың (4 кг) массасын білуге болатынын айтады. Бір қап картоптың массасын анықтауда қиындықтар тууы мүмкін. Ондай жағдайда төмендегі сұрақтардың көмегіне сүйену: — Бір қап картоп тұрған таразының қалпы қандай күйде? (Тепе-теңдік күйде.) — Қандай заттардың массасы тең немесе бірдей? (Бір қап картоп пен 1 қорап қант және қарбыз бен 2 қорап қанттың массасы.) — Азық-түліктің массасын алдымен таразының қай жағынан бастап есептей аламыз? (2 қорап қант пен қарбыздан.) — Олардың массасы қандай? (6 кг.) — Бір қап картоп пен 1 қорап қанттың массасы да сондай. (6 кг.) — Егер бір қап картоп пен 1 қап қанттың массасы 6 кг болса, ал бір қорап қанттың массасы 1 кг болса, онда бір қап картоптың массасы қанша? Жауабы: қарбыз — 4 кг, 1 қап картоп — 5 кг. Ойлан. Шелектің сыйымдылығын анықтауды тапсыру. Тапсырманы орындауды үш кезеңге бөлуге болады:
(2 л + 2 л + 1 л + 1 л + 1 л = 7 л.) Жауабы: 7 л.
Орындап көр. Берілген тапсырманы топтық жұмыстың барысында орындаған жөн. Оқушылар аквариум, шыны құмыра мен тостағанның үлгілерін дайындауы тиіс. Бұл суреттер немесе геометриялық фигуралар болуы мүмкін. Үлгілердің сыртына олардың көлемін жазуды тапсыру. Жауабы: нұсқалары: бір рет 3 л және он жеті рет 1 л; екі рет 3 л және он төрт рет 1л; үш рет 3 л және он бір рет 1 л; төрт рет 3 л және сегіз рет 1 л; бес рет 3 л, бес рет 1 л; алты рет 3 л, екі рет 1 л; жиырма рет 1 л. |
|||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Қосымша тапсырмалар Дәптермен жұмыс 23-24 бет |
|||||
Оқушыларға “Неге?”, “Оны қалай білдің?”, “Неліктен?”, “Сен қалай ойлайсың?” деген сұрақтарды қою. Осындай және осы тәріздес сұрақтар оқушыларды ойлануға, өз әрекетін бағамдауға, қолданған тәсілді түсіндіруге ынталандырады, яғни оқушылардың математикалық тілін дамытады. |
Заттардың ұзындығын анықта. Жауабы: қаламсауыт — 14 см; кілт — 6 см; қалам — 12 см. Заттардың массасын анықта. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау кезінде жұптық жұмыс нәтижесінде қалыптасқан дағдыларын қолданатын болады. Тапсырманы бірнеше кезеңге бөліп орындау керек. Жауабы: кітап — 1 кг; сыйлық — 2 кг; қарбыз — 4 кг. |
|||||
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: шамалар — ұзындық, масса, көлем жөніндегі білімін бекітеді; антиметр мен дециметр — ұзындықтың өлшем бірлігі, килограмм — массаның өлшем бірлігі, литр — көлемнің өлшем бірлігі екенін түсінеді; ұзындықты сызғышпен, салмақты таразымен, кө лемді өлшеуіш ыдыспен өлшейтінін түсінеді; ұзындық, масса, көлемнің мәнін кейбір мәліметтер бойынша анықтауды меңгереді. Қалыптастырушы бағалаудың қорытындысы бойынша оқушыларға қандай көмек көрсету қажеттігін анықтау.
|
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген