жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұзындық өлшем бірлігі- метр
Алматы қаласы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, «ҚР-ның Құрметті қызметкері», «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» төсбелгісінің иегері, п.ғ.м Туткабаева Г.Б
Күні: 18.10.2018ж. |
Пәні: математика
|
Сыныбы: 2 «Г» |
Сабақтың тақырыбы: |
Ұзындық өлшем бірлігі- метр |
|
Жалпы мақсаты: |
Білімділігі:оқушыларға метр жайында толық түсінік бере отырып, ұзындық өлшем бірліктерін ажырата білуге баулу,күнделікті тұрмыста ұзындық өлшем бірліктерін пайдалана білуге жағдай жасау. Дамытушылығы:ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге деген қазағушылығын және белсенділігін арттыру. Тәрбиелілігі: бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. |
|
Сілтеме: |
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Математика оқулығы «Алматыкітап» баспасы 2017ж. 2.Математика оқу әдістемесі |
|
Оқу нәтижесі: |
Ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі – метрді біледі Тақырыпты меңгеріп, алған білімін өмірде пайдаланады
|
|
Қолданылатын материалдар: |
1. Слайдтар, 2. Проектор, экран, |
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Психологиялық дайындық 2 мин
|
Сәлемдесу. Психологиялық ахуал орнату. Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Математика ілімін Лезде қағат санамыз.
|
Сәлемдеседі.
Оқушылар хормен өлең шумағын айтады.
|
|
І.Білу 6мин
Ой қозғау
Тақырыптың атын және мақсатын анықтау ІІ.Мағынаны тану Түсіну 6 мин
ІІІ. Қолдану 8мин
ІҮ. Талдау
Ү.Жинақтау
|
Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар өздерінің жаңа туған кезіндегі салмағы мен қазіргі салмағын және қаншаға өскенін айтады.Әр топтан 2 оқушыдан сұрау. Сендер туылған кездегі салмақтарың мен қазіргі кездегі салмаұтарыңды біледі екенсіңдер. Енді туылған кездегі бойларыңның ұзындығы қанша екенін білесіңдер ме? Қазіргі қанша болғандарыңды өлшеп көрейік.1-2 оқушының бойын өлшеу. Әкежан-49 см болған,... Қанай -51 см Жалпы сұрақ: -Адам бойын өлшегенде сантиметрмен өлшеген тиімді ме, алде метрмен өлшеген тиімді ме – Біз бойды қандай шамалармен өлшейміз? (м,см). – Олай болса,бүгін үзындық өлшем бірлігінің бірі-метрмен танысамыз. Ол үшін менің қойған сұрақтарыма жауап берулерің керек. - Ал мынау не? (Қағаз) -Пішіні қандай? (Тік төртбұрыш) -Қағаздың түсі қандай? (Ақ) - Дұрыс айтасыңдар. Балалар ,осы ақ қағаздың сөйлегенін қалайсыңдар ма?Біз осы сабақтың өн бойында осы ақ қағазды сөйлетеміз.. Ол үшін бәріміз сабаққа өте жақсы қатысуымыз керек. Жаңа топ құру: Қазақтың байырғы өлшем бірліктері арқылы оқушыларды топтарға бөлу. (7 оқушыдан 1 топ , 8 оқушыдан 4топ)
Енді бүгін осы ұзындық өлшем бірліктерінің бірі-метрмен танысамыз. 1-топ: Өшіргіш,сіріңке қораптарын өлшеп, өлшеу нәтижесін мм,см-мен ақ қағазға жазу. 2-топ: Кітап мұқабасын, дәптерді өлшеп, өлшеу нәтижесін дециметр, сантиметрмен көрсетіп жаз. 3-топ: Топ оқушылары өздерінің белдерін өлшеп, өлшеу нәтижесін дециметр, сантиметрмен көрсетіп жаз. 4-топ: Бойларын өлшеп, нәтижесін см мен метрмен көрсетіп жаз. 5-топ: Партаның, тақтаның ұзындықтарын өлшеп, нәтижесін дм мен метрмен ақ қағазға жаз. -Ұзындықты метрмен де өлшейді. Яғни ұзындықты өлшегенде 1 сантиметр 100 рет салынса, онда 1 метр болады. Ал 1 дециметр 10 рет салынса 1 метр болады. Есіңе сақта; 1дм = 10см 1м = 10дм 1м = 100см Дәптермен жұмыс: Күннің ретін, көркем жазу жазу. 1 онд.+9онд.=10онд.=1жүзд. 1дм+9дм=10дм=1м 10+90=100 Жұптық тексеру: №3-тапсырманы топқа бөліп беру, жұппен тексеру. 1,2-топ: 3 онд+7 онд=…онд.= ...жүзд 3дм+7дм = ...дм 30+70= 3-топ: 4онд.+6онд = ... онд.= ... жүзд. 4дм+6дм = ....дм 40+60 = 4-топ: 8онд+2онд = ... онд.=... жүзд. 8дм +2 дм = ... дм 80+20 = 5-топ: 5 онд+5 онд = ... онд 5 дм+5дм = ... дм 50+50= Жұптарын тексеріп, бағалаңдар. Оқулықпен жұмыс: 63-бет №4 1-орамда-10м 2-орамда-20м 3-? 1+2 сонша Ш:10+20=30 Ж: 3-орамда 30м мата бар Ә) 1-орамда-12м 2-орамда28м 3-орамда 1+2 сонша Барлығы-?м Ш:1)12+28=40(3) 2)12+28+40=80 Ж: 3-орамда 40м, барлығы 80 м мата бар Сергіту сәті: Қазақтың байырғы өлшем бірліктерін көрсете отырып, жасату. Топтық тапсырмалар: 1-топ: Өлшем бірліктермен өрнекте: 6дм= ... см 1 дм 7 см= см 145см= ...м ... дм ... см 2-топ: Өлшем бірліктермен өрнекте: 80дм= ... м 5 м = ... см 100 см= ... м 3-топ: Есепте: 3 дм 2 см+ 4дм 5см= 7 дм 3 см - 45см= 26 см + 3дм 8см = 4-топ: 8,7,5 сандарын пайдаланып, мүмкін болатын үш таңбалы сандар жаз. Сандар қайталанбауы керек. 5-топ: Қалай тез қосуға болады? 1+2+3+4+5+6+7+8+9=
«Қане кімнің ойы жүйрік» деген ойын ойнаймыз. Мұнда логикалық сұрақтар, логикалық есептерге жауап береміз. Жауап беруге дайынбыз ба? 1.Орамдағы матадан 5 м қиып алғаннан кейін , 16м мата қалды. Бастапқыда орамда неше метр мата болған?(21 м) 2.Қайыңның биіктігі -12 м,ал қарағайдың биіктігі -8 м. Қайыңның биіктігі қарағайға қарағанда қаншаға биік? (4 м ) 3.Көйлекке 8 м мата, ал костюмге оған қарағанда 3 м артық мата кетті. Костюмге неше метр мата кетті? Екеуіне барлығы неше метр мата кетті? (11 м, 8м+3м+11м=22м) 4. Ұлу 12 метрлік ағаштың басына өрмелеп шығу үшін күндіз 2 м жоғары шығады да түнде 1 м төмен түседі. Ұлу неше күнде ағаш басына өрмелеп шығады? (12 күнде, әр күнде 1 метрден шығады) Топтық Жұмыс: 1-топ: Ұзындық өлшем бірліктерін өсу ретімен жаз 2-топ Масса өлшем бірліктерін жаз 3-топ: Уақыт өлшем бірлігін жаз 4-топ: Сыйымдылық өлшем бірлігін жаз 5-топ:Ұзындық өлшем бірлігін кему ретімен жаз |
Үйге берілген тапсырманы айтады.Басқа оқушылар тыңдап отырады.
Оқушылар қағазға жазылған қазақтың байырғы өлшем бірліктерін алып 5 топқа бөлінеді.
Оқушылар өз жауаптарын ортаға салады.
Топ оқушылары өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, ақ қаағаз бетіне өлшем бірліктерін жазады.
Жұптарын текесеріп,бағалайды.
Есепті талдап,орындайды.
Сергіту сәтін орындайды.
|
|
|
|
|
|
ҮІ.Бағалау 3 мин
|
Топ бір-бірін бағалау |
Топ бір-бірін бағалайды. |
|
V. Үйге тапсырмасын беру 2 мин |
63- бет 5-тапсырма |
Оқушылар күнделіктеріне жазады. |
|
VII. Рефлексия 2 мин
|
Бүгінгі сабақта не үйрендің, не білдің? |
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген