15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұзындық.Көлем.Масса
Өткізген: Имамзам Назымгүл Баға:
Пән: Математика |
Мектеп: Б.Момышұлы атындағы жоббм №22 |
|||
Күні: |
|
|||
Сынып: 1 «А» |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|||
Бөлімі: |
Шамалар |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Ұзындық. Масса. Көлем |
|||
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
1.1.3.1 ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу. 1.1.3.2 өлшем бірліктерді (см, дм/ кг/л/сағ) қолданып өлшеу. 1.1.3.3 шамалар мәндерін (см, дм/ кг/ л/ сағ) салыстыру және амалдар орындау. |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: - Шама және ұзындық, сыйымдылық, масса өлшеу бірліктері (см, дм, л, кг) туралы түсініктерін айтады және оларды салыстырады. - Ұзындықты, массаны, сыйымдылықты өлшеу үшін бірлік пен құрал таңдайды, өз әрекеттерін түсіндіреді; ұзындық, сыйымдылық, масса бірліктерін (см, дм, л, кг) айналдырады және атаулы сандармен амалдар орындайды. Көптеген оқушылар: - Заттардың ұзындықтарын, массасын, сыйымдылығын өлшейді және санды атаулы құрама сандар – дм, см, л, кг ретінде өрнектей алады. - Ондық пен бірліктен тұратын санның құрамын ұзындық өлшем бірліктерінің дм және см, масса өлшем бірліктерінің (кг), сыйымдылық өлшем бірліктерінің (л) ондық жүйесімен сәйкестендіреді. Кейбір оқушылар: геометриялық фигуралар мен заттардың қабырғаларын дм және см-мен, заттардың көлемін литр бірлігімен, заттардың массасын кг-мен өлшейді. |
|||
Бағалау критерилері |
Ұзындық/масса/көлем өлшем бірліктерін ажыратады. Шамаларды өлшеу құралдарын анықтайды.
|
|||
Тілдік қор |
Оқушылар сөйлеу барысында математикалық тілді қолданады: • нақты мысалдарға сүйене отырып ұзындық өлшем бірліктерін, масса өлшем бірлігін, сыйымдылық өлшем бірлігін айналдыру ережесін тұжырымдай алады: егер ұзындық см-мен берілсе, мысалы 13 см, санды атаулы құрама сандар ретінде жазуға болады: 1 дм 3 см және керісінше, егер ұзындық дм және см-мен берілсе, оны см-мен жазуға болады. Ұзындық өлшем бірліктерін айналдыру санды бірліктер мен ондықтарға бөлу немесе ондықтар мен бірліктерден екі таңбалы сан құрау тәрізді іске асады. Бір шелекке қанша су сыятынын 1 литрлік ыдыстың көлемін қалай жазуға болады. Қарбыздың массасы мен бір қап картоптың массасын салыстыру арқылы іске асады. Пәндік лексика және терминология: «Дециметр» және «сантиметр», «литр», «килограмм» өлшем бірліктері; «ұзындық», «масса», «сыйымдылық»/ «көлем» шамалары. Ұзындық-длина-length Масса-масса-mass Көлем-объем-volume Жазба жұмысына қажетті пайдалы тіркестердің топтамасы Талқылау: 15 см-ді қалай дм мен см-ге айналдыруға болатынын айтып бер. Неліктен 15 см = 10 см + 5 см = 1 дм + 5 см, сондай-ақ 15 = 1 онд. 5 бірл. деп жазатынымызды айтып бере аласың ба? 1 килограмма қанттың массасы арқылы қарбыздың массасын таба аласын ба? Өлшеуіш құрал арқылы құмыраның, қазанның, шелектің көлемін таба аласың ба? Жазба жұмысы: см-мен және см, дм-мен және керісінше берілген ұзындықтың мәнін қалай жазуға болады? Литрмен, кг-мен массаның мәнін қалай жазасың? |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Суды ысырап жасамай үнемдеу арқылы су көзін қорғауға тәрбиелеу, оқушы бойына табиғат көзін аялау құндылығын дарыту. |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек пәні: өлшеуіш құралдарын пайдаланады. Сауат ашу пәні: оқу, жазу әрекеттері жүреді. Дүниетану пәні: адамдардың тұрмысы бейнеленген сюжетті суреттерді пайдаланады, көреді. |
|||
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) |
Суды үнемдеу туралы бейнетаспа көрсету барысында тыңдалым мен айтылым дағдыларын қалыптастыру. |
|||
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Ай – ұзақ уақыт аралығы. Ұзын – аласа, қең – тар, ауыр – жеңіл. |
|||
Сабақ барысы
|
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 0-3 минут |
Ширату жаттығуы: Алдыңғы меңгерілген білімге байланысты жаттығу: «Серпілген сауал» Ұзын – аласа, қең – тар, ауыр – жеңіл. - қайталау Оқушылар туған айлары бойынша тібектеп тұру / қай айлар жетіспейді – анықтау. Суды үнемдеу туралы бейнетаспаны көрсету. Кіріспе тапсырма: Оқушылар білімін жаңғырту үшін сабақ тақырыбы бойынша әңгіме жүргізу, соңында төмендегі ұғымдарды еске түсіру.
Заттардың ұзындықтары қандай? Берілген тапсырманы жалпы сыныппен орындаудан бастау. Оқушылардан суретке анықтап қарап, өшіргіштің, қайшының және сызғыштың ұзындығын анықтауды өтіну. |
Доп
Интербелсенді тақта |
||
4-6 минут
|
(Ж) Жұптардан сурет бойынша жаңа сұрақтар құрап, оның жауабын дайындауды сұрау.
|
А4 форматынан суретті көру.
|
||
Сергіту сәті 7 минут |
Орнымыздан тұрайық, Кесіндіні құрайық. Сәуле болып созылып, Нүкте болып қалайық. |
Дене қозғалысы |
||
Топқа бөлу 8 минут |
Оқушыларға орман жаңғақтарын, жапырақтарын беру арқылы пішін бойынша топқа бөлу. |
Сиқырлы тастар |
||
Сабақ ортасы 9-13 минут
|
(1 топ) Шығарып көр Тапсырманы орындау үшін оқушыларды топқа біріктіру. Олардан суретке мұқият қарап шығып, қарбыз бен бір қап картоптың массасын анықтауды тапсыру. Талқылау барысында оқушылар алдымен бір қорап қанттың (1 кг) массасын есептеп, сосын қарбыздың (4кг) массасын білуге болатынын айтады. Бір қап картоп массасын анықтауда қиындықтар тууы мүмкін. Ондай жағдайда төмендегі сұрақтардың көмегіне сүйену: -Бір қап картоп тұрған таразының қалпы қандай күйде? (Теп-теңдік) -Қандай заттардың массасы тең немесе бірдей? (Бір қап картоп пен 1 қорап қант және қарбызбен 2 қорап қанттың масссасы) -Азық-түліктің массасын алдымен таразының қай жағынан бастап есептей аламыз? (2 қорап қант пен қарбыздан) -Олардың массасы қандай? (6 кг) -Бір қап картоп пен 1 қорап қанттың массасы да сондай (6кг) -Егер бір қап картоп пен 1 қап қанттың массасы 6 кг болса, ал бір қорап қанттың массасы 1 кг болса, онда бір қап картоптың массасы қанша?
|
Оқулық, А4 форматынан суретті көру.
|
||
|
(2 топ) Орындап көр
Б (3 топ) Ойлан Бұл тапсырманы орындау үшін жұптық жұмысты жалғастыру. Шелектің сыйымдылығын анықтауды тапсыру. Тапсырманы орындауды үш кезеңге бөлуге болады.
(2л+2л+1л+1л+1л=7л)
|
А4 форматынан тапсырманы көру. Геометриялық фигуралар
1
литр
3 литр
А4 форматынан суретті көру.
|
||
Ширату жаттығуы 14-15 минут |
«Ақиқат жалған» Ұзындық өлшемін «килограмм» дейміз (жалған) Сызғыштың бойында «литр» өлшемі орналасқан (жалған) Фигураның ұзындығын сантиметрмен өлшейміз. (ақиқат) |
А
|
||
16-20 минут |
Зерттеушілік әдіс І топ. Топтағы оқушылар бір-бірінің бойының ұзындығын өлшейді. ІІ топ. Түрлі көкөністерді таразыға салып өлшейді. ІІІ топ. Су құйылған бөтелкені ыдыстарға құю арқылы неше ыдысқа жеткенін айтады.
|
Өлшеуіш құрал, таразы, көкөністер, бөтелке, шыны ыдыстар
|
||
21-34 минут |
(Ө) Дәптермен жұмыс.
Т Ортаңғы саты: «Қиын, бірақ сабақты игерген сияқтымын» Жоғарғы саты: «Қиын, соған қарамастан тапсырманы орындай алдым» |
Дәптер |
||
35-37 минут |
Бағалау (ҚБ) Тапсырма: Тиісті өлшеу құралдарымен сәйкестендіріп сыз. Бос орынға шама атауын жаз.
Ө -Ұзындық өлшем бірліктері:________________________ -Масса өлшем бірліктер: ___________________________ -Сыйымдылық өлшем бірліктері: ____________________ Дескриптор. Білім алушы -Суреттерді өлшеу құралдарымен сәйкестендіреді және шамаларды жазады; -Ұзындық өлшем бірліктерін жазады; -Масса өлшем бірлігін жазады; -Сыйымдылық өлшем бірлігін жазады. |
Ресурс
|
||
Сабақтың соңы 38-40 минут
|
Рефлексия (қорытындылау) «Ашық микрофон» әдісі: Топтағы 1-2 оқушыға сұрақ қою - Сабақтан қандай әсер алдыңдар? - Бүгінгі сабақта сендер не үйрендіңдер? - Сабақта өзіңе не ұнады? |
Микрофон (жасанды)
|
||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
||
Саралау тапсырмалары бұл сабақта жұптық, топтық, жеке жұмыстарда жүреді. Жұптық жұмыстың жұмысын келесі жұп талдап тексереді. Оқушыларды топқа бөлгенде оқушы деңгейін (дарынды оқушыны) таңдау барысында оқушы байқамайтындай іс-әрекет жасау. Қабілеті жоғары оқушылардың алдына орман жапырақтарын беру арқылы таңдау жұмысын жүргізу. Зерттеушілік әдіс арқылы оқушыларға әртүрлі тапсырмалар беру. Топтар берілген тапсырманы топ болып орындау. Өзіндік жұмыс пен ҚБ тапсырмасын оқушылар жеке орындайды. |
Бас бармақ әдісі арқылы жұптар бір-бірін бағалайды, жетістік баспалдағы арқылы оқушы сабақ соңында өзін-өзі бағалайды, ашық микрофон әдісі арқылы оқушы өзіне-өзі кері байланыс беріп бүгінгі сабақтан не үйренгені айтады. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды дескриптор арқылы бағалаймын. Оқушылардың сабақ материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін сабақтың барысында байқау жүргізу (Бақылау парағы). Жұптық, топтық талқылауға назар аудару. Талқылауға әр оқушының қатысуы керек. Олардың жауаптарын тыңдағанда нені түсінбейтінін анықтау. Қалыптастырушы бағалаудың қорытындысы бойынша оқушыларға қандай көмек көрсету қажеттігін анықтау. |
Интербелсенді тақтаны 15 минуттан артық қосылып қалмауын қадағалау. Таразыны, шыны ыдыстарды қолданғанда қауіпсіздік ережесін сақтау. «Ақиқат-жалған» ширатуын жасату. Сергіту сәтін жасау. |
||
ерілген
тапсырманы топтық жұмыстың барысында
орындату. Жұмыс барысында оқушылар
әрекетінің ретін түсіндіріп, артынша
өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік
беру. Оқушылар аквариум, шыны құмыра
мен тосағанның үлгілерін дайындауы
тиіс. Бұл суреттер немесе геометриялық
фигуралар. Үлгілердің сыртына олардың
көлемін жазуды тапсыру.
өменгі
саты:
лшем
бірліктерін жазу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген