400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұзындықты қалай өлшейміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, салыстыру жолдарымен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Ұзындықты қалай өлшейміз?

Математика №30

Күні: 22.10.19


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1 «Б» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамаларын ажыратады және оларды өлшеу үшін құралдарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді;


1.1.3.2 шамаларды өлшем бірліктерді (см/кг/л) қолданып өлшейді;


ұзындық (см)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық (л)) өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

*оқушылардың әрқайсысына берілетін сызғыш;


*қатты қағаздан жасалған ұзындықтары 1 см және 10 см екі өлшеуіш жолақ;


*қалыңқағаздың 1 парағы;


*қайшы.

Тірек сөздер

өлшеуіш;


сантиметр.

Сабақтың мақсаты:

  1. Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, салыстыру жолдарымен таныстыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, салыстыру жолдарымен таныстыру.



Сабақта ұзындықтың өлшем бірлігі — сантиметр ұғымы енгізіледі. Практикалық іс-әрекеттер негізінде оқушылардың кесінділерді сызғышпен өлшеу дағдысы қалыптасады, сонымен қатар ұзындықты өлшеудің нәтижесін сантиметр арқылы көрсете білетін болады. Ұзындықтың стандарт өлшем бірлігі стандартты емес өлшем бірлік — өлшеуіш арқылы түсіндіріледі. Өлшеуіш — бұл қандай да бір заттың ұзындығын табу үшін алынған белгілі бір ұзындыққа ие, заттың ұзындығын, көлемін және массасын өлшеуге арналған құрал.


Өлшеуіш ұғымын, айталық, адамның бойын оның табанының ұзындығымен өлшеу арқылы түсіндіруге болады.


Бұл жағдайда табанның ізі — бой өлшеуіш ретінде алынады. Оқушыларға адамдар ерте кезден бастап-ақ ортақ өлшем бірліктерді енгізгенін түсіндіріңіз. Бүгін ұзындықтың стандартты өлшем бірлігі — сантиметрмен танысатынын хабарлаңыз. Екі түрлі жолақты көрсетіңіз: олардың біреуінің ұзындығы 1 см, ал екіншісінікі — 10 см және оларды “кішкентай өлшеуіш” және “қалыңқағаздан жасалған жолақ” деп атаңыз. Жолақтың үстіне кішкентай өлшеуіш жолақты салып, жұппен өлшеуді ұсыныңыз. Оқушылар жолақтың ұзындығының 10 өлшеуіш екенін анықтаулары тиіс. Содан кейін кішкентай өлшеуіштің те ұзындығы болатынын айтыңыз және оның ұзындығы — 1 см екенін хабарлаңыз. Сонымен “Қалыңқағаздан жасалған жолақтың ұзындығы 10 см” деп айтуға болатынын ескертіңіз. Содан кейін ұзындықты өлшейтін құралдың болатынын және оның біреуін сызғыш деп атайтынын айтыңыз да, сызғыштың өзін көрсетіңіз.

Осыдан кейін оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Сызғыш неге ұқсас? (Оқушылардың жауабы.)

— Онда нелер бейнеленген? (Цифрлар мен кішкентай бөлік сызықтар.)

— Сызғыш сандық сәулеге ұқсай ма? (Сызғыштағы үлкен бөліктердің арасы бірдей.)

Бір бөлік пен екінші бөліктің арасы 1 см екенін айтыңыз. Сонымен қатар “1 сантиметр” деген сөзді қысқаша “1 см” деп жазуға болатынын ескертіңіз. Оқушыларға кесінділерді сызғыштың көмегімен қалай өлшеуге болатынын көрсетіңіз. Олардың назарын өлшеу кезінде кесіндінің бір ұшын 0 санына дәл келтірудің маңызды екенін және екінші ұшы сол кесіндінің ұзындығын сантиметрмен көрсететін санға дәл келетінін айтып пысықтаңыз.

Оқулықтағы өлшеуіш құралдардың суретімен танысуды ұсыныңыз. Егер осы өлшеуіш құралдармен таныс балалар болса, ол жайында айтып беруін сұраңыз.

Орындап көр. Бұл айдардағы тапсырманы сабақтың басында “өлшеуіш” ұғымын енгізу үшін орындату керек. Ол үшін жұппен жұмыс ұйымдас-тырыңыз.

Шығарып көр. Тапсырманы орындамас бұрын кесінділерді өлшеу кезіндегі сызғышты пайдалану ережесін қайталатыңыз. Өлшейтін заттың шеті сызғыштағы 0 санымен сәйкес келуіне оқушылардың назарын аударыңыз.

Жауабы:

Қасықтың ұзындығы — 10 см; ұштағыштың биіктігі — 3 см.

Ойлан. Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Олар тапсырманы орындауда қиналса, жұпқа біріктіріп, тапсырманы талқылап орындауды ұсыныңыз.

Жауабы:

қызыл жіп жасыл жіптен ұзын.


Есіңе сақта! Оқушылардың назарын кестеге аударыңыз. Кесте бойынша қайталау:

Ұзындық сантиметр және дециметрмен өлшенеді;

“Сантиметр” қысқаша “см” деп жазылады.

“Дециметр” қысқаша “дм” деп жазылады. Ұзындықтың өлшем бірліктерін есте сақтауды

ескертіңіз.


  • Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар

Оқушыларға ұзындықты өлшеу барысында және өлшеу нәтижелерін айтқанда математикалық терминдерді дұрыс қолдануға көмектесіңіз.

Қалам мен қойындәптердің ұзындығын өлше. Тапсырма ұзындықты стандартты емес өлшеуіштермен өлшеу дағдысын бекітуге берілген.


ҚПрямая соединительная линия 1 Прямая соединительная линия 2 Прямая соединительная линия 3 ай үстел ұзын? Бұл тапсырма оқушылардың логикалық қабілеттерін дамытады.

Жауабы:

оң жақтағы үстел ұзын.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

сызғыштың көмегімен ұзындықты өлшеуді;

өлшеу нәтижелерін сантиметрмен өрнектеуді меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:

— Сызғыштың көмегімен ұзындықты қалай дұрыс өлшеуге болады?

— Ұзындықтың өлшем бірліктері қалай аталады? Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз.





өлшеуіш



сантиметр

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі