Материалдар / «Ұзындықты қалай өлшейміз?» Сабақ жоспары 2 сынып Математика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұзындықты қалай өлшейміз?» Сабақ жоспары 2 сынып Математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтың сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2024
523
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: 29.01.2021

Сыныбы: 2ә – сынып

Пәні: Математика

Оқушылар саны: 2 Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: «Ұзындықты қалай өлшейміз?»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «ұзындық» түсінігін қалыптастыру, әртүрлі өлшемдердің көмегімен ұзындықты өлшеуді үйрету; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, салыстыру жолдарымен таныстыру.

Түзету-дамытушылық: есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту. Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: мұғалімді мұқият тыңдауға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқушылардың әрқайсысына берілетін сызғыш; қатты қағаздан жасалған ұзындықтары 1 см және 10 см екі өлшеуіш жолақ; қалың қағаздың 1 парағы; қайшы.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, көрсету, түсіндіру, ойын.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

Сіздердің парталарыңның үстінде қызғылт, жасыл және сары жұлдызшалар жатыр.

Жасыл – көңіл –күйіңіз тамаша екенін білдіреді.

Қызғылт- көңіл күйіңіз жақсы екенін білдіреді.

Сары- көңіл-күйіңіз жоқтығын білдіреді.



ІІ. Негізгі бөлім.

Бүгін біздер заттарды өлшеуді және өлшем бірліктерді ажыратамыз. Оны есептеулер кезінде қолданамыз.

- Сіздер менің қолымнан не көріп тұрсыздар?

- Сызғышты не үшін пайдаланамыз?

- Ендеше, менің қолымдағы сызғыштарды бір-бірлеп алайық.

- Не байқадыңыздар? Қандай айырмашылық бар? (Оқушылар қолдарындағы сызғыштардың «ұзын», «қысқа» екенін айтады).

Алдарыңыздағы фигураларға назар аударыңыздар!

Осы фигураларды атаңдар. (Түзу, қисық сызық, кесінді, тіктөртбұрыш).

- Қандай фигураларды өлшеуге болмайды?

Жауап: Түзу, қисық сызықты- өлшеуге болмайды, өйткені олар шексіз; ал кесінді мен тіктөрт бұрыштың ұзындығы бар, сондықтан өлшеуге болады.

– Қандай құралдардың көмегімен ұзындықты өлшеуге болады?



Жауап: ұзындықты сызғышпен, рулеткамен өлшеуге болады.

Сабақта ұзындықтың өлшем бірлігі — сантиметр ұғымы енгізіледі. Практикалық іс-әрекеттер негізінде оқушылардың кесінділерді сызғышпен өлшеу дағ-дысы қалыптасады, сонымен қатар ұзындықты өлшеудің нәтижесін сантиметр арқылы көрсете білетін болады. Ұзындықтың стандарт өлшем бірлігі стандартты емес өлшем бірлік — өлшеуіш арқылы түсіндіріледі. Өлшеуіш — бұл қандай да бір заттың ұзындығын табу үшін алынған белгілі бір ұзындыққа ие, заттың ұзындығын, көлемін және массасын өлшеуге арналған құрал.

Өлшеуіш ұғымын, айталық, адамның бойын оның табанының ұзындығымен өлшеу арқылы түсіндіруге болады.

Есіңе сақта! Оқушылардың назарын кестеге аударыңыз. Кесте бойынша қайталау:

Ұзындық сантиметр және дециметрмен өлшенеді; “Сантиметр” қысқаша “см” деп жазылады.

Дециметр” қысқаша “дм” деп жазылады. Ұзындықтың өлшем бірліктерін есте сақтауды

ескертіңіз.



1-тапсырма

Екі түрлі жолақты көрсетіңіз: олардың біреуінің ұзындығы 1 см, ал екіншісінікі — 10 см және оларды «кішкентай өлшеуіш» және «қалың қағаздан жасалған жолақ» деп атаңыз. Жолақтың үстіне кішкентай өлшеуіш жолақты салып, жұппен өлшеуді ұсыныңыз. Оқушылар жолақтың ұзындығының 10 өлшеуіш екенін анықтаулары тиіс. Содан кейін кішкентай өлшеуіштің те ұзындығы болатынын айтыңыз және оның ұзындығы — 1 см екенін хабарлаңыз. Сонымен «Қалың қағаздан жасалған жолақтың ұзындығы 10 см» деп айтуға болатынын ескертіңіз. Содан кейін ұзындықты өлшейтін құралдың болатынын және оның біреуін сызғыш деп атайтынын айтыңыз да, сызғыштың өзін көрсетіңіз.

Осыдан кейін оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Сызғыш неге ұқсас? (Оқушылардың жауабы.)

Онда нелер бейнеленген? (Цифрлар мен кішкентай бөлік сызықтар.)

Сызғыш сандық сәулеге ұқсай ма? (Сызғыштағы үлкен бөліктердің арасы бірдей.)

Бір бөлік пен екінші бөліктің арасы 1 см екенін айтыңыз. Сонымен қатар “1 сантиметр” деген сөзді қысқаша “1 см” деп жазуға болатынын ескертіңіз. Оқушыларға кесінділерді сызғыштың көмегімен қа-лай өлшеуге болатынын көрсетіңіз. Олардың на-зарын өлшеу кезінде кесіндінің бір ұшын 0 санына дәл келтірудің маңызды екенін және екінші ұшы сол кесіндінің ұзындығын сантиметрмен көрсететін санға дәл келетінін айтып пысықтаңыз.



2-тапсырма

Ойлан. Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Олар тапсырманы орындауда қиналса, тапсырманы талқылап орындауды ұсыныңыз.

Сызғыштың көмегімен жолақтардың ұзындығын өлшеп, оларды сыз.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Кесіндіні құрайық.

Сәуле болып созылып,

Нүкте болып қалайық.



3-тапсырма

Сызғышпен заттарды өлшеу және ауызша айту.







































4-тапсырма

Таспалардың ұзындықтарын сызғыштың көмегімен өлше. Ұзындықтары бірдей таспаларды бір түспен боя.

Picture 1



Қорытынды

- Сабақ ұнады ма, балалар?

- Қиын тапсырмалар кездесті ме?

- Заттардың ұзындығын өлшеуге арналған құрал қалай аталады?

- Қандай ұзындықтың өлшем бірліктерді білесің?

- Ұзындықты өлшеу үшін қандай құралдарды пайдаланамыз?

- Өлшем бірлікті қысқаша қалай жазамыз?

- Дәптердің, кітаптың ұзындығын немен өлшейміз?

- Адамның бойының ұзындығын өлшеуде қандай өлшеу құралын пайдаланасың?

Бүгінгі сабағымыз аяқталды! Сау болыңдар!





Жетекшісі: Дефектолог: Ғиниятова Н. Т.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!