400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

В. А. Сухомлинский. Қатқан нан

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ жоспар, жас маманға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы:

В. А. Сухомлинский. Қатқан нан

Мектеп:

Күні:3

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан:

Қатыспағандар:

Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

Орыс жазушысы В. Сухомлинскийдің «Қатқан нан» мәтінінің негізгі мазмұнын ашу.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Тақырып мазмұнын түсінеді

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Автордың өзге де шығармаларын.

Бұрыннан бар білімдері

Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі.

Жоспар

Жоспарланған

Уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар)

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .

Қызығушылықты ояту

Тақырып аясындағы жұмбақтарды шешу


Танытыры

лым.

Ортасы


Жаңа сабақ

Негізгі ойды анықта, түйін. (Көрініс қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
Балалар далада ойнап жүр. Үйден қолында наны бар Нұржігіт шықты. Ол нанын жеп тауыспай лақтыра сап балалармен ойнауға жүгірді.
Оны көріп қалған Жасұлан:
- Нұржігіт, нанды лақтыруға болмайды.
- Біздің үйде нан көп, қаласам басқасын жеймін.
- Сен олай деме, сен өзің нанның дастарханға қалай келетінін білесің бе?
- Нұржігіт үндемей тұрып қалды.
Айқындық сұрақтар
- Балалар, осы көріністе көргендеріңіз шындық деп ойлайсыз ба?
- Нұржігіттің осы істеген ісі дұрыс па?
- Ал, балалар Нұржігітке қандай ақыл кеңес берер едіңдер?
1. Нанды жерге лақтырма.
2. Нанды баспа, обал болады
3. Нансыз — өмір жоқ
Ал, балалар, қолымдағы мына нанға қарайықшы.
Ендеше осы нан қайдан келеді екен?
Нан туралы жырламаған ақын да, жазушылар да көп.
Нан туралы қандай өлең жолдарын білеміз?
Ей, балалар, балалар,
Бар қасиет нанда бар.
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
(Ө. Тұрманжанов).
- Бұл өлеңде не туралы айтылып тұр?
- Бұл тақпақта нанды қастерлеу қоқымын шашпау, жерде жатса баспау және теріп алып торғайларға тастау туралы айтылады.
- Дұрыс, балалар. Нан оңай келмейді. Ол көп еңбектің жемісі. Сондықтан нанды қадіреу керек, жерге тастамау керек.
Байланыстылық сұрақ.
- Біздің тамашалаған көрінісіміз, нан туралы айтқан өлең жолдарымыздың бүгінгі сабаққа қатысы қандай?
- Біз бүгін осы нан туралы орыстың ұлы ғалымы В. Сухомлинскийдің «Қатқан нан» мәтінімен танысқалы отырмыз.

Автор портреті, дәптерлер. Электронды оқулықты тыңдап,тақырып қою.





Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді топта бөліктер бойынша тізбектей оқыту.
- Мәтін үзіндісінен түйінді ой айту және тақырып қою
- Мәтіннің соңғы азат жолын қайталап оқытып, балалардың іс - әрекетіне баға бергізу.

Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

Сергіту жаттығуы жазылған парақша

Аяқталуы

Ойлау қалпақтары (Жұптық жұмыс)
Қызыл қалпақ – «Қатқан нан» мәтінінен қандай сезімдесіз?
Сары қалпақ – осы мәтіннен маған ұнаған жағымды тұстары
Жасыл қалпақ – осы тақырып төңірегінде қандай қызықты идея ұсынар едің?
Қара қалпақ – әзілмен ғана осы мәтіннен маған ұнамаған тұстары
Көк қалпақ – осы алты қалпақтың бағыттарын бақылай отырып, қорытынды жасау

Топтық жұмыс. В. Сухомлинскийдің «Қатқан нан» мәтініндегі түйін оқушылар көзқарасымен.
1 топ – Нансыз өмір жоқ» туралы эссе жазу.
2 топ – Авторға хат жазу

Берілген тапсырма барысында оқушылар өз белсенділіктерін көрсетеді.


Үйге тапсырма: оқу.

Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалайша түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалайша

жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс –

Денсаулық пен қауіпсіздікті

тексеру, АКТ

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу міндеттері

анық па?

Бүгін оқушылар не

үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?



Бүгінгі сабақ кызықты болды ма?


Не ұнады?

Неліктен?








Дифференциялау

жоспарым жүзеге

асты ма?

Тапсырмалары

сәйкес болды ма?

Уақыт дәлдігі қалай

болды? Жоспарыма

қандай өзгерістер

енгіздім?

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі