Материалдар / В әрпі мен дыбысы

В әрпі мен дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып Сауат ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
302
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.2.1 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.1.2.2.1 Мәтінде автор кім? (не?) туралы айтқысы келгенін түсіну.1.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау.
Сабақтың мақсаттарыБарлығы: В дыбысы мен әрпі туралы жаңа білім меңгереді.Көбі: тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Кейбіреуі: алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлеріАйтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарытуОқушылардың бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысӨнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдыларыВидеоролик, таныстырылым
Тілдік құзіреттілікВелосипед, a bike, автобус, bus
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекетРесурстар
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру5 минутМен өзіме сәттілік тілеймін!Мен саған сәттілік тілеймін!Біз барлығына сәттілік тілейміз!Оқушыларды асықтың көмегімен топтарға бөлу.Бір-біріне жақсы тілектер тілейді, топқа бөлінеді.Шаттық шеңберіАсық арқылы топқа бөлініп отырады.
Сабақтың басы10 минутАсық ату. Сұрақ-жауап әдісі.-Дыбыс дегеніміз не?-Дыбыстар нешеге бөлінеді?-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?-Сөз неден құралады?-Сөйлем неден құралады?-Хабар сөзіне дыбыстық талдау жаса.-Ана сөзіне сөйлем құра.Қол күресі.Жұмбақ шешу.Теуіп-теуіп қалдым,Алысқа ұзап бардым. (Велосипед)Жұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабағымызды ашып аламыз.Жұмбақтың шешуінен таныс емес дыбысты тапқызу.-Велосипед сөзін буынға бөлгізу.-Велосипед сөзіне дыбыстық талдау жасату.-В дыбысының қай буында екенін ажыратқызу.-В дыбысы қандай дыбыс?-В дыбысының сөздерде алатын орны қандай?-Мына шашылған буындардан сөз құрастырайық.(Диван, вагон, вокзал, Вова)-осы көліктерге байланысты видео көрсету.Аламан бәйге.1.Мәтінді оқу.2.Ат жарысы туралы сипаттап айту.3.Мәтінді әр топ оқып, талдау.4.Дәптермен жұмыс.Бір, екі, үш,Бойға жинап күш.Қолға қалам алайық,Әдемі етіп жазайық.-Балалар в дыбысына қатысты таныс емес сөздер болады. Сол сөздермен қазір танысамыз.Аквариум, паровоз, трамвай, автобус.Оқушылар ақпаратты қорытындылай келе, бүгінгі күннің тақырыбын анықтайды.Таныстырылым, оқулықпен жұмыс.Жұппен жұмыс. Ортақ пікірлерін ортаға салады.Оқулық, жұмыс дәптері.
Сергіту сәті 2 минутҚара жорға биі.Сергіту сәтіне арналған жинақ.
Аяқталуы10 минутТоптық тапсырмаАрқан тартыс.1-топ. «Вагон, диван» сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.2-топ. Көп нүктенің орнына б және в әріптерінің тиістісін қойып, сөз шығарады.3-топ. В дыбысы кездесетін суреттерді бір топқа, кездеспейтін суреттерді бір топқа орналастырады.4-топ. Шашылған буындардан сөз құрайды.(Оқушылар тапсырманы топта талқылап, әр топтан бір оқушыдан шығып берілген тапсырманы қорғайды.Әр топ (Басбармақ( әдісімен бірін-бірі бағалайды.Қалыптастырушы бағалаумен жұмыс.(қалыптастырушы бағалаудағы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың деңгейлерін анықтау)Сөздерді тиісті паровозға орналастыру.Қатаң, ұяң, үнді.Сөзжұмбақты оқып, шешуін тап.1.Түйе сүйіп жейтін шөп. (Жантақ)2.Бір-бірімен қара үйлер тіркесіп,Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп. (Вагон)3.Табанында жолы бар,Төбесінде қолы бар. (Трамвай)4.Пойызға қай жерден мінеміз? (Вокзал)5.Суда жүзетін көлік. (Қайық)6.Ең жақсы баға. (Бес)7.Үй жануары. (Мысық)8.Жабағыны ұшырдым,Жерге моншақ түсірдім. (Жаңбыр)Топтық ереже.1.Бір-бірімізді тыңдаймыз.2.Пікірлерімізді құрметтейміз.3.Кезекпен сөйлейміз.4.Жұмысты ұқыпты, таза орындаймыз.
Сабақтың соңы3 минутРефлексия.Пайыздық әдіс.-Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді пайыздық әдіс арқылы көрсетіңдер? (Сабақтан алған әсерлерін 100%, 50%, 20% арқылы көрсетеді.)Сабақтан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін пайыз арқылы білдіру.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ