400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

В дыбысы 20-23 жаттығулар.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. В дыбысы қандай дауыссыз дыбыс? 2. В әрпі кездесетін қандай сөздерді білесің? 3. Велосипедтің қандай пайдасы бар? 4. Жолда велосипед тебуде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? 5. Мәтін бойынша пікір білдіретін қандай сұрақ құрастыруға болады?
Материалдың қысқаша нұсқасы

№66 Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді жоспар

  Қазақ тілі 24-сабақ


Бөлім

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен

Педагогтің аты-жөні

Иьясова Г.К.

Күні:

12.10.2026ж

Сынып:3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№24 В дыбысы 20-23 жаттығулар.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.4.1.1* э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу

Сабақтың мақсаты

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап береді

В әріптері бар сөздерді сауатты жазады

Ай құндылығы: тәуелсіздік және отаншылдық айы

Апталық дәйек сөз: «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» (Ы.Алтынсарин)

Құндылықтар: қамқорлық, мейірімділік, жауапкершілік, қоршаған ортаға жанашырлық.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық ахуал

«Тәтті болжам»

Суретті диктант

Пияз,электр,қияр, экскаватор,аэроплан,эблема

Оқу материалын жариялау «Жұмбақ» әдісі арқылы болады.

Вагонда бар,
Ұшақта жоқ.
Васяда бар,
Сашада жоқ. (В)

- Олай болса бүгінгі сабағымызда не істейміз деп ойлайсыңдар?


Жаттығу жасайды.


  1. Жұмбақтың шешуін табады

«Болашақтың көлігі»


Әр жинаған балға көлікпен жылжып отырады.



Жұмбақтың шешуін табады 1 балл

Слайд

Сабақтың ортасы

10 мин



ФС 21- 22 –тапсырма

Ұжымдық жұмыс

ОДД:білу,түсіну,қолдану

«Із кесуші» әдісі

Құндылық: Жауапкершілік: жол ережесін сақтау; бір-бірінің пікірін құрметтеу.

ЖИ: ютуб сайты арқылы тақырыпты меңгерту»

Нұсқау: Мәтінді оқыңдар.

• Мәтін не туралы?

• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

• Мәтіндегі в дыбысы бар сөздерді тауып, бұл дыбыстың айтылу ерекшелігін байқаңдар.

• «Велосипед – пайдалы көлік» тақырыбында өз ойыңмен бөлісіңдер.

  • В әрпі бар сөздерді теріп жазып ,оларға дыбыстық талдау жаса

Анықтамамен жұмыс.

В – ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық

буынында келе береді: вагон, автобус, паровоз, Асқаров.

ЕБҚ тапсырма – Веолсипед сөзіне дыбыстық талдау жасайды

Мәтінді оқып, не туралы екенін айтады.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап береді.

Мәтіндегі в дыбысы бар сөздерді тауып, бұл дыбыстың айтылу ерекшелігін ажыратады. «Велосипед – пайдалы көлік» тақырыбында өз ойымен бөліседі.





Бағалау критерйиі Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады жауап береді

Дескриптор:

-Мәтінді оқып, не туралы екенін айтады. 1 балл

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап береді. 1 балл

Мәтіндегі в дыбысы бар сөздерді тауып, бұл дыбыстың айтылу ерекшелігін ажыратады. 1 балл

-В әрпі бар сөздерді теріп жазып ,оларға дыбыстық талдау жасайды 1 балл


Бейнежазба


10 мин

ҚБ 23 –тапсырма Жұптық жұмыс

ОДД:білу,түсіну,қолдану

«Лупа» әдісі

Құндылық: Ұқыптылық: сауатты жазу; ынтымақтастық: жұпта өзара тексеру.

Нұсқау : Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Мен мектепке автобуспен барамын. 2. Қыздар волейбол ойнады.3. Ұлдар футбол ойнады. 4. Олар вальс биледі.


ЕБҚЕО тапсырма көшіріп жазады

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.

Бағалау критерйиі

В әріптері бар сөздерді сауатты жазады

Дескриптор: Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойады 1 балл сөйлемдерді көшіріп жазады. 2 балл

Оқулық дәптер

5 мин

Сергіту жаттығуы

Ән айтып билейді.




10 мин

24 –тапсырма

Шығармашылық жұмыс ОДД:қолдану

Құндылық: Қауіпсіздік пен жауапкершілік: велосипедті дұрыс пайдалану; шығармашылық.

Нұсқау Ойлан, тап.

• Жоғарыдағы берілген велосипед суретіндегі үшбұрыш пен дөңгелек санын анықта.

• Велосипед суретіндегі тірек сөздермен сипаттау мәтінін құрастыр.

Саралау тапсырмасы – 3 деңгей

А – білу, түсіну: А: В дыбысы бар 4 сөз жаз (вагон, автобус, велосипед, волейбол). Екі сөздегі В әрпінің орнын көрсет.

В – қолдану, талдау: В: «Велосипед – пайдалы көлік» тақырыбына 3 сөйлем жаз. Мәтінге 2 сұрақ құрастыр.

С – жинақтау, бағалау:

С: Велосипедті қауіпсіз пайдалану туралы 5 сөйлемдік нұсқаулық құрастыр. В әрпі бар 3 сөзді қолдан.


Велосипед суретіндегі үшбұрыш пен дөңгелек санын анықтайды.

Дескриптор:

Велосипед суретіндегі үшбұрыш пен дөңгелек санын анықтайды. 1 балл

- Велосипед суретіндегі тірек сөздермен сипаттау мәтінін құрастырып жазады. 1 балл


Жұмыс парағы

Қорытынды

5 мин


Қорытынды сұрақтар

1. В дыбысы қандай дауыссыз дыбыс?

2. В әрпі кездесетін қандай сөздерді білесің?

3. Велосипедтің қандай пайдасы бар?

4. Жолда велосипед тебуде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

5. Мәтін бойынша пікір білдіретін қандай сұрақ құрастыруға болады?

Рефлексия: «Білім еліне саяхат»


Үй жұмысы: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды жаттау

Жинаған балдарына қарай рефлексия жасалады.

Оқу тапсырмасын жазып алады.

ҚБ қойылады.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
88
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі