400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

В дыбысы мен әрпі даярлық сынып ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілергі, бастауыш сынып мұғаләмдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сауат ашу (1 сынып )

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі


Сабақтың мақсаты:

1. В дыбысы,әрпімен танысу,берілген сөздерді оқу және жазуға,буын оның түрлерін ажырата білуге үйрету


2. Ой - өрісін ,сын тұрғысынан ойлау қабілетін,сөздік қорын тіл байлығын дамыту


3. Сауатты көркем жазуға,үлкенді сыйлап,кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: суреттер,текшелер,кеспе әріптер,слайд.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдатыру.

А) сәлемдесу

Ә) түгендеу

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

В) психологиялық дайындық

ІІ Өткен сабақты пысықтау.


«Бәйге» ойынын ойнату.

Мақсаты:Өткен сабақта алған білімдерін тексеру.

Ойынның шарты:Орналасу ретімен кез-келген бір санды атап,сұрағына жауап беру.


  1. Һ дыбысы қандай дыбыс?

  2. Қаһарман сөзін буынға бөл.

  3. Қазақ қаһармандарын ата

  4. «Қаһарман» мәтінінде не туралы айтылған?

  5. Һ дыбысын қатыстырып сөз ойла

  6. Жұмбақты шеш

Теуіп-теуіп қалдым

Алысқа ұзап бардым. Жауабы: Велосипед



ІІІ Жаңа сабақ


- Велосипед туралы әңгімелеу.Шығу тарихын айту.

Велосипед сөзін буынға бөліп қай дыбыстан басталғанын сұрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.Мақсатын хабарлау.

  • В- ұяң,дауыссыз дыбыс.Орыс тілінен енген дыбыс.

  • Жаңа сөздермен таныстыру.Суреттерін көрсете отырып,мағынасын ашу.

Вагон,трамвай,автобус,аквариум,велосипед,вокзал.

  • Сөздерді буынға бөліп,неше дыбыс,неше әріп бар екенін анықтау

  • В дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.


ІV Оқулықпен жұмыс.


  • Суретке қарап,әңгімелеу.Вокзал туралы білетіндерін сұрау.

  • Мәтінмен жұмыс.

А) Өзім оқимын

Ә) Мәтінді талдау.

Б) Іштей оқу,дауыстап,тізбектеп оқыту.

- «Үлкенге құрмет-балаға міндет» мақалының мағынасын ашу.



V Сергіту сәті

VІ Дәптермен жұмыс.


Ауада жазу.Жазу жолындағы әріптерді жазу. В в әрпін балалардың әдемі,таза,сауатты жазуларын қадағалау.


VІІ Топпен жұмыс


Топпен жұмыс жүргізу мақсатында әр топқа жеке-жеке тапсырмалар үлестіремін.


1-топ «Волейбол» сөзіндегі дыбыстарды қатыстырып сөз құра.

2- топ. Буын ұйқасын тап.


-гон,-гон,-гон рет,-рет,-рет

Келіп қалды......... Мен саламын........


3-топ.Суретке қарап әңгіме құрастыр.


VІІІ Ой-толғаныс.

Топтастыру стратегиясын қолдану.

В дыбысы бойынша не үйрендік,не білдік?



трамвай орыс тілінен енген дыбыс

велосипед В барлық буындарда кездеседі


аквариум ұяң дауыссыз дыбыс




ІХ Сабақты қорытындылау


Сабақта сөз жұмбақ арқылы қорытындылаймын.

1. Түйе сүйіп жейтін шөп. (Жантақ)

2.Бір-бірімен қора үйлер тіркесіп

Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп (Вагон)


3. Табанында жолы бар

Төбесінде қолы бар (трамвай)


4. Поездға қай жерден мінеміз? (Вокзал)


5. Суда жүзетін көлік (Қайық)


6. Ең жақсы баға (Бес)


7. Үй жануары (Мысық)


Сөз жұмбақтың шешімі : Жарайсың


Оқушыларды мадақтау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.01.2019
616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі