400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

В және Ф дыбыстары мен әріптері

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедия сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 09.01.2020ж.

Логопед: Косбармакова М.И.

Тақырыбы: В және Ф дыбыстары мен әріптері

Мақсаты:

а) В, Ф дыбыстары мен әріптерінің таңбасымен таныстыру. Оқушыларға В, Ф әріптерінің жазылуы мен оқылуын меңгерту.

ә) Сауатты жазуға, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой-өрісін дамыту.

Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, айналар.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жапалақпап ала қар

Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар,

Шаналарын арқалап.

Жаңа ұйымдастырылған іс-әрекетті түсіндіру.

Логопед: Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізде В,Ф дыбысымен танысамыз. Алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталып өтейік. Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз. Бүгінгі өтетін дыбысымыз В ұяң дауыссыз дыбыс, Ф қатаң дауыссыз дыбыс. Балалар, осы өтіп жатқан дыбыстармен байланысты жұмбақ жасырамын, сендер шешіңдер.

Бір атым бар,

Құлын болып тумаған,

Құнан болып өспеген. /Велосипед/

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды.

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды? /Телефон./


Артикуляциялық жаттығулар:

«Жымию», «Әткеншек», «Саңырауқұлақ», «Ат шабыс» 3 реттен қайталайды.

Қане, балалар, мына тақтада В,Ф дыбысының баспа және жазба түрі ілініп тұр. Ендеше біз, алдымен ауада жазып көрейік.

Балалар, бүгінгі өтіп жатқан В,Ф әріптерінің бір-бірінен айтылуында да, жазылуында да айырмашылық бар.

Ал, балалар, кім В,Ф дыбысы мен әрпіне байланысты екі-үш буыннан тұратын сөздер тауып айтады?

Ва-гон, Вок-зал,Фон-тан,Фут-бол,Фо-то.

Логопед: Балалар, осы айтылған В,Ф дыбысына айтылған сөздерді суреттерге қарап атап өтейік.

Оқушылар: вагон, вокзал, фонтан, футбол, фото, диван, ферма.

Логопед: Балалар, қазір біз «Жалғасын тап» ойынын ойнайық. В,Ф дыбыстарына байланысты сөздердің алғашқы буынын мен айтамын. Ал сендер жалғасын тауып, сөздерді толықтырасыңдар.

логопед: Фут-

оқушы: бол.

логопед: Вок-

оқушы: зал.

логопед: Теле-

оқушы: фон.

логопед: Ва-

оқушы: гон.

Тыныс алу жаттығулары:

«Көбелекті ұшыр», «Допты қақпаға кіргіз», «Мақтаны үрле» атты дұрыс тыныс алу жаттығуларын орындайды.

Тақтамен жұмыс.

В, в және Ф, ф дыбысын, әрпін жазып көрсету.

Дәптермен жұмыс.

В, Ф әріптерінің жазба түрін жазамыз.

«Менің бөлмем» сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру

Оқушы суреттке қарап, әңгіме құрастырады. Шкаф, диван

Енді, осы дыбыстарға байланысты жұмбақтар шешіп көрейік.

Егіз алма ерігіп,

Шықпақ қазық басына.

Тұрып қалды бірігіп,

Сол қазықтың басына. оқушы: В.

Иілген ұршық,

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? оқушы: Ф.


Енді балалар, жаңағы сөздердің кейбіріне дыбыстық талдау жасайық.

1. Вагон – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын, 2 дауысты дыбыс, 3 дауыссыз дыбыс.

2. Телефон – 7 дыбыс, 5 әріп, 3 буын, 3 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс.

Қорытынды.

Ал, балалар, біз қандай әріптермен таныстық?

В, Ф дыбыстары мен әріптері.

В, Ф дыбыстары қандай дыбыстар қатарына жатады?

Дауыссыз дыбыстар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1076
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі