400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

В. Сухомлинский. Ақ шаш Ғ. Орманов. Ана

Материал туралы қысқаша түсінік
– Сапарғали Бегалинниің «Мейірім» шығармасында кім туралы айтылған? — Шоқан Уалиханов кім? — Шоқанның бойынан қандай қасиеттерді оқып білдік? Осы мәтіннен ұлттық әдеп туралы не білдік? Күн нұрындай шуағын,шапағатын, жылуын беріп мейірімге бөлейтін өмірдегі ең жақсы көретін адам кім? АНА Неге? Не үшін сен анаңды жақсы көресің? — Олай болса балалар, бүгінгі сабақта тағы да мейірімді жан туралы білетін боламыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Әдебиеттік оқу

Күні: 19.01.2018

Ашық сабақтың тақырыбы

В. Сухомлинский. Ақ шаш Ғ. Орманов. Ана

Жалпы мақсаты

Оқушылар мәтінді және «Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйренеді; оқу дағдысын қалыптасып, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыланады; сөздік қоры, тіл байлығын дамып, мейірімділікке, ананы сыйлауға тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже

Топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.

Еркін сөйлейді,сөздік қоры дамиды

Әдіс-тәсілдер

Тапсырма көздері

Міндеттері

Кейінгі тапсырма

Ресурстар

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО әдісі АКТ-ны пайдалану,топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, басқару және көшбасшылық, бағалау
Психологиялық дайындық , «Ой қозғау» әдісі, топтық жұмыс, « Ыстық орындық»,Ойлан, жұптас,талқыла»әдісі,

Дәлелдеу ,Жүректен – жүрекке.

Шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, пікірлесу, топпен жұмыс
Мейрімділікке, ананы сыйлауға тәрбиелеу
Ана туралы өлең, тақпақтар, мақал-мәтелдер

Электронды оқулық, интерактивті тақта, стикерлер, гүлдер,слайдтар, бейнефильм,  сызбалар,авторлар суреттері.


Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті


І. Ұйымдастыру кезеңі


Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба, сабаққа?
Ойымызды айтайық,
Сабағы
мызды бастайық.
Мына отырған ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.

Оқушылар үш тілде сәлемдеседі.


Психологиялық дайындық.


Әрқашан күн сөнбесін

Аспаннан бұлт төнбесін

Қасымда болсын анам,

Болайын бізде аман


Топқа бөлу:

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз және IV топқа бөлінеміз. Топқа бөліну үшін менің алдымдағы түрлі түсті жүрекшелерді пайдаланамыз. Кім қандай түсті алса сол түстің жанына барып отырады. Енді оқушылар топтың атын қоямыз ол үшін біз тақтада түрған күннің бейнесін толықтыруымыз керек.





Сұрақ – жауап

  1. Үйге берілген мәтін қалай аталады? Мейірім

  2. «Мейірім» мәтінін кім жазған? Сапарғали Бегалин

  3. Сапарғали Бегалин қай жылыдары өмір сүрген? 1895- 1983 ж

  4. Күзек сөзінің мағынасы

Оқушылар ІV топқа бөлінеді.

І-топ: «Шуақ»
ІІ-топ: «Жылу»
ІІІ-топ: «Мейірім»
ІҮ-топ: «Шапағат



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырмалар беріледі.

І-топ: «Шуақ» І бөлімін әңгімелейді
ІІ-топ: «Жылу» ІІ бөлімін әңгімелейді
ІІІ-топ: «Мейірім» ІІІ бөлімін әңгімелейді
ІҮ-топ: «Шапағат» С.Бегалиннің «Мейірім» әңгімесі бойынша топтарға сұрақ қояды.

Тапсырмаларды орындайды.


Үй жұмысын бекіту 

« Ыстық орындық» әдісі арқылы жүргізіледі.


– Сапарғали Бегалинниің «Мейірім» шығармасында кім туралы айтылған?

 — Шоқан Уалиханов кім?

 —  Шоқанның  бойынан қандай қасиеттерді оқып білдік?

 Осы мәтіннен ұлттық әдеп туралы не білдік?    

Күн нұрындай шуағын,шапағатын, жылуын беріп мейірімге бөлейтін өмірдегі ең жақсы көретін адам кім? АНА

Неге? Не үшін сен анаңды жақсы көресің?       

— Олай болса балалар, бүгінгі сабақта тағы да мейірімді жан туралы білетін боламыз.

Әр топтан бір оқушы шығып ортада тұрған орындықа отырып

Сұрақтарға жауап береді.



Ой қозғау әдісі.

Жұмбақтың шешуін табамыз.

І-топқа:-Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)
ІІ-топқа:-Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған? (Ана)
ІІІ-топқа:-Егер болсаң жаман,
Кейитін кім саған? (Ана)
ІҮ-топқа:-Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам? (Ана)


-Бұл мақалдарда, жұмбақтарда, ақын сөздерінде жалпы кім туралы айтылған?

Бұл ананың балаға деген мейірімі, алыста жүрсе де көпшілік арасынан өз баласының даусын ажырата алатыны, ананың шексіз мейірімділігі туралы айтылады.

Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?

Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.

«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы – өмір сыйлайды ғой!» — деп тебіренсе Ғ.Мүсірепов.

«Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі» дейді орыс жазушысы М.Горкий.

«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе!

Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!» - дейді Баубек Бұлқышев.

Жұмбақ шешеді.


Жағдаяттық сұрақтар.

І-топ: — Сен сабақтан нашар баға алып келдің. Анаң қандай күйде болады? Қандай жол тауып анаңды көңілдендіресің?
ІІ-топ:-Сен ұрлық жасадың. Анаң қандай күйде болады? Анаңның осы күйін қалай түсінер едің? Не істейсің?
ІІІ-топ: — Марат анасына жаман сөздер айтып, оның жүрегін ауыртты. Баласының осы қылығына анасы басын шайқады да қала берді. Сен орнында болсаң не істер едің?
ІҮ-топ: — Ойнап жүріп бір жеріңді қанатып немесе қатты ауыртып алдың. Сол кезде анаң қандай күйде болады деп ойлайсың? Ана жүрегін ауыртпас үшін сен не істеуің керек еді?


Біздің оқыған мақалымыз, ана туралы айтқан өлең жолдарымыздың бүгінгі сабаққа қатысы қандай?


Топпен жұмыс


Миға шабуыл

Балалар, біз самай шашы ағарған немесе ақ шашты деген сөз тіркестерін кімге арнап айтамыз? Неге шаш ағарады?

Неге кірпік, неге қас ағармайды?Себебін кім айтады?

Ендеше бүгінгі әңгімеміз кім туралы екен?

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.



Жаңа сабақ

Міне, бүгін бәрімізге ортақ Анаға байланысты оқулығымызда тамаша шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің

«Ақ шаш»




Оқулықпен жұмыс

Топтарға тапсырма беру.

І топ: Мәтінді мәнерлеп,тізбектеп оқиды

ІІ топ: Мәтінді рөлге бөліп оқиды

ІІI топ: Мәтінді мазмұндайды

ІV топ: Сұрақ – жауап мәтіннен


Сұрақтар мен тапсырмалар:

Миша қандай?

Анасы қандай?


Байқампаз. Сенгіш, ойы жеңіл, анасын ойламайды, тентек. т.б.

Шашы ақ, Мишаны көп ойлайды, уайымшыл, мейірімді т.б.


«Екі жақты күнделік» стратегиясы

  • Мәтінде басты кейіпкер кім?

  • Мишаның іс-әрекеті дұрыс па?

  • Ананың шашына ақ түсірмеу үшін біз қандай болуымыз керек?

  • Ана неге сендер үшін уайымдайды?

  • Ананың жүрегі қай кезде ауырады? (ренжігенде, уайымдағанда)

  • Ананың жүрегі қай кезде толқиды?(Қуанғанда шаттанғанда)

  • «Ананың көнілі балада. Баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қандай қатысы бар?

Дәлелдеу. Ана үнемі баласын ойлап жүреді, ал балалар кейде анасының ол үшін қиналатынын , оның жүрегі ауыратынын ұмытып кетеді

Сөз анасы не? Су анасы не?

Сөз анасы – құлақ. Су анасы – бұлақ.



Сергіту сәті


Ән : Хор «Анажаным»


Дәптермен жұмыс.

Шығармашылық сәт

Ойлан, «жұптас,талқыла»әдісі арқылы  әр топқа жеке тапсырма таратылады. Топтық тапсырмалар

І-топ Ана туралы шығарма жазу

ІІ- топ Ана туралы өлең жазу немесе ән айту

ІІІ -топ Анаң сені жақсы көргенін қандай сөздермен білдіреді? Сол сөздерді тізіп жазу
ІV- топ Ана туралы мақал – мәтел жазу


Оқулықпен жұмс

Ана махаббаты туралы біз тағы да бір шығармамен танысайық. Ол ақын Ғали Ормановтың «Ана» өлеңі. Ғали Орманов 1907 жылы қазіргі Талдықорған облысының Аксу ауданында Ешкіөлмес ауылының бауырында туған. Онға толар-толмаста әке-шесінен бірдей жетім қалып, туысқандарының қолында тәрбиеленеді. 1978 жылы өмірден өтті

а) Өлеңді мәнерлеп оқу..

ә) Оқушылар жалғастырып оқиды. Өлеңдегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқыту.



Топтастыру стратегиясы

1 топ – Дүниеде не қымбат? (Ана)
Ана неден қымбат? (Бәрінен)
«Бәрі» ұғымына не кіреді? (Ананың аялы алақаны, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін тіпті жалпақ дүниеден де қымбат).
2 топ – Анаға деген махаббат қай күннен басталады? (Құндақта жатқан кезден)
Құндақта сөзін қалай түсінеміз? (Жөргекте жатқанда, нәсертелік шақ)
3-топ. Жылап, уанбай, шырылдағанда кімді іздейсің? (Ананы)
Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар? Жұбанбай
Уанбай жылай беру
Еш нәрсеге көнбеу
4 топ -- Аналарыңды неге теңейсіңдер?

-Аналарыңа қалай еркелейсіңдер?



Жүректен – жүрекке

«Ана өмірдің мәні» Анаға тілек жазу.

Ана дүниеге жарық сыйлаушы ғана емес, бүгінгі таңда ана – жұмысшы, ана — ақын, ана – жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана – мұғалім, ғалым т.б салада қызмет етуде.

Әр топтан бір оқушының анасының суреті көрсетіледі.

Өз аналарын арнап жүрекшелерге тілек жазады.



Анасының суреті слайдтан шығады,соған қарап жазған тілегін арнайды.


Қорытынды

Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында.
Ана – бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді.
Қорыта айтқанда барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы ақ пейілді жандардың бақытты болуын ойлау керекпіз.



Үйге тапсырма беру:

Мәтінді түсініп оқу.

Ана өлеңін жаттау.



Бағалау

3-гүлден жоғары    – 5

2 гүл – 4

1-гүл- 3

Оқушылар өзіне  қоятын бағасын айтады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі