Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
вариатив сабағы "Сөз сыры "таңдау курсы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектептің әдістемелік БЕКІТЕМІН:--------------------
кеңес отырысында «Зырян қаласының №9 орта
қаралды. мектебі»КММ директоры:
«--»-------------2023 Тогузова А.З.
Хаттама №-------------- «--»-------------------2024 ж.
СӨЗ СЫРЫ
Факультатив
8 «Б» сынып.
Мұғалім: Советханова Асемгүл Қабдуалиевна.
«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ.
2015-2016 оқу жылы.
«Сөз сыры» таңдау курсы туралы негізгі мәліметтер:
-
Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық.
-
Өзектілігі: Мектептің негізгі деңгейіндегі 8-сынып қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында грамматика бөлімі бойынша курс оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру көзделеді. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі.
-
Бағдарлама: 8-сынып оқушыларына арналған.
-
Жиілігі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
-
Қажеттілігі: Негізгі деңгейдегі оқушы білімі меңгерген сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне қалыптасады. Ана тілінде оқытылатын курстың мақсаты оқушының лексикалық қорын байытады, сөз мағыналарын танытады, тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен қызметін білдіреді, сөздерді топтастырудың белгілерін меңгертеді, сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың тәсілдері мен түрлерін білгізеді, сөйлемнің түрлерін меңгертеді. Оқушыға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі мәні, рөлі жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптастырады.
МАҚСАТЫ:
«Сөз өнері» арнайы курсының негізгі мақсаты-оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша көркем тілін дамыту, олардың қабілет, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Міндеттері:
-
әдеби тіл ,оның даму тарихынан мәлімет беру;
-
қазақ тілінің қоғамымыздағы рөлі;
-
грамматиканың салалары бойынша шығармашылық жұмыс ұйымдастыру:
-
лингвостилистикалық талдау жасауға үйрету:
«Сөз сыры» таңдау курсы көлемінде оқушылар игеруге міндетті білік, дағдылар:
Нені білу керек?
-
әдеби тіл, оның даму тарихынан мәліметтер;
-
қазақ тілінің қоғамымыздағы рөлі;
-
грамматиканың салалары бойынша шығармашылық жұмыстар;
-
лингвостилистикалық талдау жасау:
-
Әдеби көркем тілді жазбаша және ауызша қолдана білу.
Нені игеру қажет?
Оқушылар игеруге тиіс негізгі білім, икем, дағдылар:
-
тіл ұстарту амалдарын дұрыс ажыратып, орынды қолдана алу, функционалдық сауаттылық дағдылары (тұжырымдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, дәлелдеу);
-
тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадыр-қасиетіп түсіне білу;
-
әдеби тілдің даму тарихынан олу, дамуын саналы түрде түсіне білу;
-
стиль түрлерін ажыратып алу;
-
шығармашылық жұмыстардың орындалу техникасын меңгеру;
-
көркем шығармадан автордың стильдік қолданысын түсініп, талдай білу;
-
мәтінді тақырыпқа сай баяндап, суреттей, талдай білу, поэзиялық шығармалардың әсемдігін түсініп, орындай білу;
-
жазбаша жұмыстарға талдау жасай білу, өз көзқарасын, әсерін кірістіріп, қорытындылай алу.
Түсінік хат:
Бұл бағдарлама қазақ тілінің грамматика саласы (синтаксис пен морфология) бойынша терең білім беру үшін құралған. Қазақ тілінің курс бағдарламасы оқу материалдары дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді. Грамматиканы жақсы меңгеру үшін оқушылардың жазу, оқу, сөйлеу сауаттылығын, яғни функционалдық сауаттылығын жетілдіру, өзіндік көзқарасты мен дүниетанымын дамытуға жол аша отырып оқытуды басшылыққа алады. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескерту, оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқытуға негізделген.
«Сөз сыры» курсы оқушының жеке адами қасиеттерін, тілдік қабілеттерін арттыру көзделеді. Бүгінгі заман талабының қажеттілігі: іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге тәрбиелейді. Тіл мен сөйлеу адамның болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші. Оқушының коммуникативтік дағдыларын, жеке тұлғаның мәдениетін дамытады. Сауатты сөйлеу қабілетін практика арқылы дамытуды қажет етеді. Нәтижесінде оқушының қазақ тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі.
Бұл бағдарлама орындалу үшін грамматикалық тұлғаларын айыру қажет. Ол үшін грамматикалық материалдарды таңдау ұстанымын негізге алу шарт:
1. Сөйлем құрастыруға қажеттілігі Қарым-қатынасқа қажетті грамматикалық форма, құрылым пайдалана отырып, сөйлеуге керекті сөйлем түрлерін құрастыру.
2. Жиі қолдану принципі. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылатын грамматикалық құбылыстарды таңдау.
3. Өнімділік ұстанымы. Грамматикалық құбылыс пен лексикалық материал байланысы, өмірде жиі кездесетін лексиканы қалыптастыру. Пәрменді сөз қоры тақырыптық ұстаным арқылы құралады, ол грамматиканың ең қажетті деген формаларын таңдауға әсер етеді.
4. Тіркесу ұстанымы. Сөз тіркестерінде жиі кездесетін грамматикалық формалар таңдау.
5. Түсініктілік ұстанымы Грамматикалық форманы игерудегі қиындықтарды еске алу. Әр кезеңде, әр деңгейде қиын материалды жоғары сатыға көтеру, немесе тереңдету деңгейінде қалдыру.
6. Оқу материалын тереңдету, баптау.
- оқушылардың есінде лексикалық қорын сақтау;
- жаңа сөздердің жасалуын түсіндіруіне дағдыландыру;
- сөздердің жазу және айтылу техниканы меңгеріп алу;
Осылай оқушылар сөздерді – сөз тіркестерді – сөйлемдерді меңгере алады, ауызекі сөйлеу тілінде және жазбаша практикада пайдаланады. Оқу сапалы және нәтижелі болу үшін жаңа технологияға сүйену керек. Педагогикалық технологияның дидактикадан айырмашылығы «нені, қалай, не үшін?» оқытамыз деген сұрақтар туғызады. Теория мен практиканың бірлігін нығайтумен коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашады.
«Сөз өнері» таңдау курсының жоспары.
34 сағат
№ |
Өтілетін тақырып |
Шығармашылық жұмыстар |
Сабақ түрі |
Сағат саны |
Күні |
I бөлім. |
|||||
1. |
Кіріспе. «Қазақ тіл өнерінің құдіреті» |
1.Қазақ тілінің құдіреті туралы дәйексөздерге комментарий жасау 2.Синтаксис сөзіне суретті жұмбақ құрау және шешу. 3.Криптограмма шешу (сөздердің байланысу түрі) |
Топтық сайыс |
1 |
|
2. |
Поэзия тілінің құдіреті. |
1.Ұстаз туралы өлеңдердің көркемдігі бойынша пирамида құрау. 2. «Менің сүйікті ұстазым» эссе жазу. 3. Таңдау өлеңдеріне салыстыру, тілдік талдау, талқылау жазу. |
Шығармашылық сабақ |
1 |
|
3. |
Әдеби тілді қолдану аясы. |
1.«Қазақ тілі- мемлекеттік тіл» тақырыбында өз ойларын жазу. 2. Жұптық талқылау жасау, өзара бағалау. 3.Сыныптық –әңгімеге түсу. |
Әңгіме-сабақ |
1 |
|
4. |
Ойтолғау жазу, сөйлемдерге сатылай-кешенді және лексикалық талдау. |
1.«Менің мектебім» тақырыбына жай және құрмалас сөйлемдер қолданып, мәтін құрау. 2.Мәтін ішінен сөйлемге сатылай-кешенді талдау жасау. 3. Талдауларға топтық талқылау жасау. |
Шығармашылық сабақ |
1 |
|
5. |
Лексикалық , фразалық қолданыстар. |
1.Тұрақты тіркестер шыңын жасау; 2.Тіркестер мағынасын ашу. 3. Тіркеске комментарий жасау. |
Танымдық ойын |
1 |
|
6. |
Морфологиялық қолданыстар құпиясы. |
1.Сөздік құрамға талдау жасап, ерекшелігін талқылау; 2. Сөзжұмбақ құрау; 3. Сөзжұмбақ шешу. 4. ЦОР бөлімінен шығармашылық тапсырмаларды орындау. |
Өзіндік жұмыс сабағы |
1 |
|
7. |
Қазақ әдеби тілі бойынша
ғалымдар пікірі. |
1.Пікірлерді жинастыру; 2.Дәйексөздерге ауызша талдау жасау; 3. «Екі жақты түсініктеме күнделігін құрау» |
Пікірлесу сабағы |
1 |
|
8. |
О.Бөкей шығармалары. |
1. Жерлес жазушы О.Бөкей шығармашылығымен танысу; 2.Шығармаларынан үзінділер оқу; 3. «Менің таңдауым» (шығармасынан сөйлемдер жазу, тілдік талдау) |
Шығармашылық сабақ |
1 |
|
9. |
«Сөздердің қолданылу аясы» |
1.Қолдануы шектеуілі сөздер тізбегін құрау. 2. Диалект және кәсіби сөздерді қолданып, сөйлемдер құрау; келесі топқа жасыру. 3.лексикалық талдау түрін жасау. |
Өзіндік дәріс сабақ. |
1 |
|
10. |
Ақын-жыраулардың сөз қолданысы |
1. Дидактикалық толғаулар, арнау өлеңдер, поэтикалық образ жасау ерекшеліктерін талқылау(тілдік талдау) |
Талқылау |
|
|
II бөлім. |
|||||
11. |
«Синтаксисте қонақта...» |
1.Синтаксис тарауы бойынша сұрақтар әзірлеу, қарсы топ шешу; 2.Шығармашылығ жұмыстар әзірлеу және қарсы топ орындау; 3. «Менің ертегім» синтаксис тарауы бойынша топтық ертегі құрау. |
Сайыс сабақ |
1 |
|
12. |
Синтаксистік құрылымдар |
2.Синтаксис сөзіне суретті жұмбақ құрау және шешу. 3.Криптограмма шешу (сөздердің байланысу түрі) |
Танымдық сабақ |
1 |
|
13. |
«Қызықты байланыстар» |
1.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдеріне арналған сөзжұмбақтар құрау; шешу. 2.Формула бойынша сөз тіркестерін жасау жарысы. |
Топтық жарыс. |
1 |
|
14. |
М.Әуезов шығармаларын дағы сөздер тіркесі. |
М.Әуезеов шығармаларынан сөйлемдердегі сөз тіркестерінің қолдану түрлерін іздестіру. (ауыспалы мағыналы, фразалық) |
Зерттеу сабағы |
1 |
|
15. |
Поэзиялық шығармаларда ғы сөз тіркестерінің қолданылуы. |
Бөлмедегі поэзиялық туындылардан көркем сөз тіркестерін іздестіру, зерттеу жасау. |
Зерттеу сабағы |
1 |
|
16. |
«Сөйлемдер талдау сұрайды...» |
1.О.Бөкей шығармаларындағы сөйлемдердің синтаксистік ерекшелігін қарастыру, талқылау; 2.Сөйлемдерге сатылай-кешенді талдау жасау; |
Шығармашылық сабақ |
1 |
|
17. |
«Қызықты синтаксис» |
1.Синтаксис тарауына орай жасалынған шығармашылық ойын тапсырмалары. |
«Жұлдызды сәт» |
1 |
|
18. |
Білім сараптау |
«Синтаксисті білеміз бе?» тақырыбымен тарауға байланысты сұрақтар шоғырын шешу: бәйге, көкпар, Қасиетті жетілік. |
XXI ғасыр озығы |
1 |
|
19. |
«Менің ертегім» |
Синтаксис тарауынан сөйлем түрлері, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлеріне орай, тіркес түрлерін қатыстыра отырып, ертегі жазу, иллюстрациялау |
Сценарий қою сабағы |
1 |
|
20. |
«Синтаксисті сараптау» |
Жинақтау, салыстыру, дәлелдеу, ерекшеліктерін табу жұмыстарын жасау |
Зерттеу, ізденіс сабағы |
1 |
|
III бөлім. |
|||||
21. |
«Сәлем, морфология» |
1.Морфология тарауын жинақтау. 2. Топтастыру. 3. Модель құрау 4. Кластер жасау |
Шығармашылық сабақ. |
1 |
|
22. |
Қызықты грамматика. |
1.Сөз таптарына орай сөзжұмбақтар құрастыру, топтар шешу. |
Топтық сайыс. |
1 |
|
23. |
«Көріктеуіш сын есімдер» |
1.Синономдік, омонимдік антонимдік қолданыстағы сын есімдер қатарын жасау; 2.Фразалық тіркестегі сын есімдер қолданысын жинақтау |
Ізденіс сабақ |
1 |
|
24. |
«Сандар, сандар...» |
1.Сан есімі бар мақал-мәтелдер жинастыру. 2. «Сан есімдер елінде.» ертегі құрау |
Шығармашылық сабақ |
1 |
|
25. |
«Ғажайып есімдіктер әлемі» |
1.«Менің елім-Қазақстан» есімдіктерді қатыстыра отырып ойтолғау немесе эссе жазу. 2. «Ең таңдаулы жұмыс» анықтау, жалпы сыныпқа жариялау. |
Шығармашылық сабақ |
1 |
|
26. |
«Менің сценарийім» |
1.Үстеулерді қатыстырып, «Менің қалам» тақырыбына сценарий жазу; 2.Үздік сценарийді таңдау; 3.Сценарийді сахналау. |
Сценарий сабақ |
1 |
|
27. |
«Бай тұлға» |
1.Етістік тұлғаларын модельдеу; 2.Суретті жұмбақ жасау; (1топ) 3. Сөзжұмбақ жасау (2топ) 4.Криптограмма жазау (3топ) |
Топтық сайыс |
1 |
|
IV бөлім. |
|||||
28. |
«Сөйлем тыныс белгісін сұрайды..» |
1.«Абай жолы»романынан ұсынылған сөйлемдердің тыныс белгісін қою; 2.»Менің мектебім» мәтіндер құрату, сөйлемдердің тыныс белгілерін жұбына қойғызып, өзара тексеру. |
Ізденіс сабақ |
1 |
|
29. |
«Ең әлсіз топ» |
1.Ойын желісімен сұрақтар шоғырына құрау; 2.Сұрақтар бойынша ең үздік ойыншыны анықтау. |
Танымдық ойын |
1 |
|
30. |
«Біз таңдаған қаламгер» |
1.Топтар таңдаған қаламгер шығармасының тақырыбы мен идеясын анықтау, сыныпқа жариялау; 2.Үзінді ұсыну, тыныс белгісін қойғызу, топ жұмыстарын өзара тексеру. |
Ізденіс сабақ |
1 |
|
31. |
Қызықты пунктуациялық қолданыстар |
1.Қосарлы қолданыстағы тыныс белгілері бар сөйлемдерді іздестіру; 2. Қосарлы тыныс белгілерін қоятын сөйлемдер құрастыру. |
Зерттеу сабағы |
1 |
|
V бөлім. |
|||||
32. |
«Сынып ақындары» |
1.Жазба түрде мектеп, білім тақырыбына өлеңдер жазу; 2.Өлеңдерді сұрыптай отырып, үздік ақынды анықтау. |
Шығармашылық сабақ |
1 |
|
33. |
«Сынып жазушылары» |
1.Еркін тақырыпқа ойтолғау, әңгіме, мәтін, эссе жазу. 2.Үздік жұмыстарды анықтау, марапаттау. |
Шығармашылық сабақ |
1 |
|
34. |
Қорытынды с/қ |
Жылдық қорытынды жасау. |
1 |
|
«Сөз сыры» таңдау курсының мазмұны.
«Сөз сыры» таңдау курсының мазмұны оқушының қазақ тілін оқыту процессінде тілдің қоғамдық – әлеуметтік мәнін түсіну, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру, іскерліктерін жетілдіру мақсатын көздеді. Мазмұны негізгі V бөлімге жіктелді.
I бөлім
Оқушылардың тіл қызметін жүйелі меңгеру үшін, лексика тарауына орай жұмыстар қарастырылды. «Мәңгілік ел» идеясына негізделіп, оқушылардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша білік дағдыларды жетілдіру көзделді. Оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға бағытталған сабақ түрлері қарастырылды. «Қазақ тіл өнерінің құдіреті», «Поэзия тілінің құдіреті, «Әдеби тілдің қолдану аясы» тақырыптары жазбаша мәтіндерді ұғуына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия жасап, олардың мазмұнын меңгеруге бағытталды.
Осы бөлімдегі «Ойтолғау жазу, сөйлемдерге сатылай-кешенді және лексикалық талдау»,«Лексикалық, фразалық қолданыстар», «Морфологиялық қолданыстар құпиясы», «Қазақ әдеби тілі бойынша ғалымдар пікірі.» тақырыптары оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрету мақсатныда алынды. Сондай-ақ, бұл бөлімде «О.Бөкей шығармалары», ««Сөздердің қолданылу аясы», «Ақын-жыраулардың сөз қолданысы» сабақтары аймақтық компонентті қолдана отырып, оқушыларды тіл өнеріне қызықтыру мақсатын қойды.
II бөлім
Бөлімде грамматиканың синтаксис тарауына шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушыларды тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің білімдік, танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту басты назарда болды. Бөлім «Синтаксисте қонақта...» сайыс сабағымен ашылып, тарауға жалпы шолу жасалу көзделді. «Синтаксистік құрылымдар», «Қызықты байланыстар», «Сөйлемдер талдау сұрайды...» сабақтары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру мен әдеби тіл нормаларын меңгертуге бағытталды.
Бөлімде қарастырылған «М.Әуезов шығармаларын дағы сөздер тіркесі.», «Поэзиялық шығармалардағы сөз тіркестерінің қолданылуы» сабақтары аймақтық компонентті қолдана оытрыып, оқушылардың грамматика ерекшеліктерін дұрыс пайдалану арқылы өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауға жұмсалуына мән берілді. Ал, «Менің ертегім», «Синтаксисті сараптау» сабақтары оқушылардың қызығушылығын көтеру, дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін қалыптастыру міндетінде алынды.
III бөлім.
Бөлім қазақ тілінінің морфология тақырыптарын толық меңгерту аясында тілдік қолданыстарды шебер ықпалдастыру мақсатында келесідегідей сабақтар таңдап алынды: «Сәлем, морфология», «Қызықты грамматика.» сабақтары ұйымдастыру жоспарланды. Бөлімдегі «Көріктеуіш сын есімдер», «Сандар, сандар...», «Ғажайып есімдіктер әлемі», «Менің сценарийім», «Бай тұлға» сабақтары морфология тарауын терең меңгере отырып, қазақ тілінің бай қолданыстарын және астарлы ойды түсіну, қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген сөз сазына зер салатын тұлғаны даярлауға бағытталды.
IV бөлім.
Бөлім пунктуация тарауын басшылыққа ала отырып, оқушылардың жазу сауаттылығын арттыруға негізделген. Тараудағы «Сөйлем тыныс белгісін сұрайды..», «Қызықты пунктуациялық қолданыстар» «Ең әлсіз топ» сабақтары пунктуациялық белгілерлерді орынды қолдана білу машықтарын жетілдіруге бағытталды.
Бөлімде өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін, жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленуіне жағдай туғызатын «Біз таңдаған қаламгер» сабағы кіргізілген. Сабақ көркем туындылардағы тереңдікті түсіну; көркем шығармаларға тілдік талдау жасауды жүзеге асыру міндетіне орай көркемдік таным мен әдеби талдау, ғибрат алуға міндетін «Қызықты пунктуациялық қолданыстар»сабағы жоспарланды.
V бөлім.
Бөлім курсқа қорытынды жасау мақсатында жоспарланып, «Сынып ақындары», «Сынып жазушылары» сабақтары енгізілді. Оқушылардың таным көкжиегі кең, сөйлеу мәдениеті жоғары, өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білетін, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделіп тәрбиеленуі қажет. Осы мақсатта бағдарламада оқушылардың ойын, тіл шеберлігін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыратын, тіл шеберлігінің ұшталуын, тіл ұстартуды көздейтін жұмыс түрлері іріктеліп алынған.
Сөз өнері” факультатив курсына құрылған жұмыстың жоспарына сәйкес өтілетін тақырыптарды толық меңгерту астарлы ойды түсіну қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген, сөз сазына зер салатын, өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін, жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленіп шығуына жол ашады.
Мұғалім қолданатын әдебиеттер тізімі:
-
«Қызықты грамматика» Алматы, 2013.
-
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім туралы концепциясы. – Алматы, 1994
-
«Мәдениетті мұра» ұзақ мерзімді бағдарламасы. – Астана, 2002
-
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы. 11.07.1997
-
Қазақ тілін оқыту үшін өрісті кеңейтуінің Қауылы. 14.07.1998
-
«Асыл мұра» - негізгі бағдарлама. 14.09.2001
-
«ТЕХНОЛОГИЯ, ОНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ САБАҚ», «ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ» Бітібаева Қ.О.
Оқушылар қолданатын әдебиеттер:
-
«Қызықты грамматика» Алматы, 2013.
-
О.Бөкей таңдамалы шығармалары. Алматы, 2014.
-
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы.
-
«Бес ғасыр жырлайды» энциклопедия
Интернет және электронды оқулықтар:
-
«Мектепте Абайды оқыту» Бітібаева Қ.О.
-
«Мұхтар Әуезов шығармаларын оқыту» Бітібаева Қ.О.
-
Қазақ тілі 8-сынып. (электронды оқулық.
-
45minut.rz.
-
Ашық сабақтар сайты;
-
Е.еду.кя. е-кітапханадан ЦОР бөлігі.